Құжат мәтініне өту

Об изменении административно-территориального устройства Акмолинской области

Қаулы · № А-11/556 · қабылданған 13.12.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-77014/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об изменении административно-территориального устройства Акмолинской области Қолданыста Қаулы ·№ А-11/556 ·13.12.2013
17.02.2015 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.02.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об изменении административно-территориального устройства Акмолинской области

Қолданыста Қаулы ·№ А-11/556 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об изменении административно-территориального устройства Акмолинской области
Атауы (қаз.)
Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
А-11/556
Қабылданған күні
13.12.2013
Көрсетілген редакция
17.02.2015 77014_303665.kaz
Соңғы өзгеріс
17.02.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13B0003976
ЭКБ идентификаторы
77014
Редакция идентификаторы
77014_303665
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:32

0 Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес, облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру мақсатында, «Ақмола облысы әкімдігі мен мәслихаттың қарауына Ақкөл ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгертулер енгізу туралы ұсыныс енгізу туралы» Ақкөл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 11 наурыздағы № А-3/101 қаулысы мен Ақкөл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 наурыздағы № С 15-6 шешімі, «Аршалы ауданы Волгодонов ауылдық округінің Береке селосын басқа ауылдық санатқа ауыстыру жөніндегі ұсынысты енгізу туралы» Аршалы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 13 ақпандағы № А-67 қаулысы мен Аршалы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 20 ақпандағы № 13/6 шешімі, «Астрахан ауданының әкімшілік-аумақтық орналасуын өзгерту бойынша ұсыныс енгізу туралы» Астрахан ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 173 қаулысы мен Астрахан аудандық мәслихатының 2013 жылғы 31 мамырдағы № 5С-17-3 шешімі, «87-разъезді жабу және оны Атбасар ауданының Тельман ауылдық округінің Тельман селосының құрамына қосу туралы ұсыныстар енгізу туралы» Атбасар ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № а-6/317 қаулысы мен Атбасар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 маусымдағы № 5С 16/4 шешімі, «Есенкелді ауылдық округін, Борисовка, Новосельский, Сепе, Сочинский ауылдық округтерін өзгерту туралы ұсыныстар енгізу туралы» Атбасар ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № а-13/715 қаулысы мен Атбасар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 5С 12/5 шешімі, «Бурабай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту бойынша ұсыныс енгізу туралы» Бурабай ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 13 маусымдағы № а-6/345 қаулысы мен Бурабай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 13 маусымдағы № 5С-16/2 шешімі, «Ақмола облысы Бурабай ауданының «17 разъезд» және «19 разъезд» елді мекендерін басқа қоныстар санатына көшіру туралы» Бурабай ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 13 маусымдағы № а-6/346 қаулысы мен Бурабай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 13 маусымдағы № 5С-16/3 шешімі, «Егіндікөл ауданы Бауман ауылдық округін қайта құрылуы туралы ұсынысты енгізу туралы» Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 5 желтоқсандағы № а-12/275 қаулысы мен Егіндікөл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 5 желтоқсандағы № 5С 21-2 шешімі, «Еңбекшілдер ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту бойынша ұсыныстар енгізу туралы» Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № а-3/134 қаулысы мен Еңбекшілдер аудандық мәслихатының 2013 жылғы 17 мамырдағы № С-16/2 шешімі, «Ерейментау ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы» Ерейментау ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № а-3/155 қаулысы мен Ерейментау аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 наурыздағы № 5С-13/8-13 шешімі, «Есіл ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту жөнінде ұсыныс енгізу туралы» Есіл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 27 қарашадағы № а-11/514 қаулысы мен Есіл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 қарашадағы № 12/2 шешімі, «Есіл ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту жөнінде ұсыныс енгізу туралы» Есіл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № а-4/194 қаулысы мен Есіл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 17/11 шешімі, «Жарқайың ауданының кейбір ауылдық округтерінің қайта құрылуы туралы» Жарқайың ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 31 мамырдағы № А-6/194 қаулысы мен Жарқайың аудандық мәслихатының 2013 жылғы 31 мамырдағы № 5С-21/2 шешімі негізінде Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:

1 1) Ақкөл ауданы бойынша:

Наумовка ауылдық округінің Филипповка ауылы басқа қоныстар санатына ауыстырылсын және есептік көрсеткіштерден шығарылсын;
Наумовка ауылдық округінің Филипповка қонысының тұрғындары Наумовка ауылдық округі Наумовка ауылының құрамына енгізілсін;

2 2) Аршалы ауданы бойынша:

Волгодонов ауылдық округінің Береке ауылы басқа қоныстар санатына ауыстырылсын және есептік көрсеткіштерден шығарылсын;
Волгодонов ауылдық округі Береке қонысының тұрғындары Волгодонов ауылдық округі Қойгелді ауылының құрамына енгізілсін;

3 3) Астрахан ауданы бойынша:

Каменка ауылдық округі Каменка ауылы болып қайта құрылсын;

4 4) Атбасар ауданы бойынша:

Борисовка ауылдық округі Борисовка ауылы болып қайта құрылсын;
Новосельский ауылдық округі Новосельское ауылы болып қайта құрылсын;
Сепе ауылдық округі Сепе ауылы болып қайта құрылсын;
Сочинский ауылдық округі Сочинское ауылы болып қайта құрылсын;
Есенгелді ауылдық округі Есенгелді ауылы болып қайта құрылсын;
Тельман ауылдық округінің 87-разъезд ауылы басқа қоныстар санатына ауыстырылсын және есептік көрсеткіштерден шығарылсын;
Тельман ауылдық округінің 87-разъезд ауылының тұрғындары Тельман ауылдық округі Тельман ауылының құрамына енгізілсін;

5 5) Бурабай ауданы бойынша:

Наурызбай ауылдық округі Наурызбай батыр ауылы болып қайта құрылсын;
Кенесары ауылдық округінің 17-разъезд және 19-разъезд ауылдары басқа қоныстар санатына ауыстырылсын және есептік көрсеткіштерден шығарылсын;
Кенесары ауылдық округің 17-разъезд және 19-разъезд ауылдарының тұрғындары Кенесары ауылдық округі Кенесары ауылының құрамына енгізілсін;

6 6) Егіндікөл ауданы бойынша:

Бауман ауылдық округі Бауман ауылы болып қайта құрылсын;

7 7) Еңбекшілдер ауданы бойынша:

Еңбекшілдер ауылдық округінің Атансор ауылы басқа қоныстар санатына ауыстырылсын және есептік көрсеткіштерден шығарылсын;
Еңбекшілдер ауылдық округінің Атансор ауылының тұрғындары Еңбекшілдер ауылдық округі Еңбекшілдер ауылының құрамына енгізілсін;
Кеңащы ауылдық округі Кеңащы ауылы болып қайта құрылсын;
Заозерный ауылдық округі Заозерное ауылы болып қайта құрылсын;
Краснофлотский ауылдық округі Краснофлотское ауылы болып қайта құрылсын;
Мамай ауылдық округі Мамай ауылы болып қайта құрылсын;

8 8) Ерейментау ауданы бойынша:

Ақсуат ауылдық округі Ақсуат ауылы болып қайта құрылсын;

9 9) Есіл ауданы бойынша:

Красивинский ауылдық округінің Тасоба ауылы басқа қоныстар санатына ауыстырылсын және есептік көрсеткіштерден шығарылсын;
Красивинский ауылдық округі Тасоба ауылының тұрғындары Красивинский ауылдық округі Красивое ауылының құрамына енгізілсін;
Знаменский ауылдық округінің Елтай ауылы басқа қоныстар санатына ауыстырылсын және есептік көрсеткіштерден шығарылсын;
Знаменский ауылдық округі Елтай қонысының тұрғындары Знаменский ауылдық округі Знаменка ауылының құрамына енгізілсін;
Знаменский ауылдық округі Знаменка ауылы болып қайта құрылсын;
Юбилейный ауылдық округі, оның құрамына Біртал ауылдық округінің Ейское ауылы енгізіліп қайта құрылсын;
Интернациональное, Біртал және Алматы ауылдарының шекараларында орталығы Интернациональное ауылы болып Интернациональный ауылдық округі әкімшілік-аумақтық бірлігі құрылсын;
Юбилейный ауылдық округінің шекарасы Интернациональное ауылын Юбилейный ауылдық округінің әкімшілік бағынысынан Интернациональный ауылдық округінің әкімшілік бағынысына беру арқылы өзгертілсін;
Біртал ауылдық округі таратылсын және есептік көрсеткіштерден шығарылсын;

10 10) Жарқайың ауданы бойынша:

Шойындыкөл ауылдық округі Шойындыкөл ауылы болып қайта құрылсын;
Пятигорское ауылдық округі Пятигорское ауылы болып қайта құрылсын;
Гастелло ауылдық округі Гастелло ауылы болып қайта құрылсын;
Құмсуат ауылдық округі Құмсуат ауылы болып қайта құрылсын;
Бірсуат ауылдық округі Бірсуат ауылы болып қайта құрылсын;
Львовское ауылдық округі Львовское ауылы болып қайта құрылсын;
Үшқарасу ауылдық округі Үшқарасу ауылы болып қайта құрылсын;
Пригородное ауылдық округі Пригородное ауылы болып қайта құрылсын;
Тасөткел ауылдық округі Тасөткел ауылы болып қайта құрылсын;
Тассуат ауылдық округі Тассуат ауылы болып қайта құрылсын;
Далабай ауылдық округі Далабай ауылы болып қайта құрылсын.

2 2. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы