Об утверждении Правил служебной этики государственных служащих Агентства Республики Казахстан по статистике и его территориальных органов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил служебной этики государственных служащих Агентства Республики Казахстан по статистике и его территориальных органов
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің және оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 283
- Қабылданған күні
- 29.11.2013
- Көрсетілген редакция
- 09.11.2015 AI77054_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.11.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1300009013
- ЭКБ идентификаторы
- 77054
- Редакция идентификаторы
- AI77054_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:46
0 Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің және оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы № 651 Жарлығының 2-тармағын және Республикасы Президентінің Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1460 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) туралы ереженің 20-тармағының 7) тармақшасын орындау тұрғысында, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Агенттіктің және оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидалары бекітілсін.
2 2. Персоналды басқару қызметі Агенттіктің Заң департаментімен бірге заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны 10 күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жолдасын.
3 3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Интернет-ресурсында міндетті жариялауды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттіктің жауапты хатшысына және аумақтық органдардың басшыларына жүктелсін.
4 Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің және оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидалары
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі төрағасының
2013 жылғы 29 қарашадағы
№ 283 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің және оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің және оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидалары (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы № 651 Жарлығының 2-тармағына және жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің және оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілері мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді.
2 2. Осы Қағида Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) және оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілерінің өз қызметтік міндеттерін орындау, әріптестерімен және азаматтармен қарым-қатынас жасау барысындағы мінез-құлқының негізгі нормаларын анықтайды.
3 3. Осы Қағиданың мақсаттары:
1
1) Агенттіктің және оның аумақтық органдарының мемлекеттік қызметшілері өздерінің кәсіби қызметін лайықты орындауы, сондай-ақ мемлекеттік қызметші беделін, азаматтардың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға жәрдемдесу үшін олардың Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының негізгі стандарттарын сақтауы;
2 2) Агенттікте және оның аумақтық органдарында қолайлы
моральдық-психологиялық климатты жасау және қолдау болып табылады.
4 4. Агенттіктің және оның аумақтық органдарының мемлекеттік
қызметшілері: