Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня, форм, сроков отчетности кастодианов и Правил их представления

Қаулы · № 248 · қабылданған 23.09.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-77058/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об утверждении перечня, форм, сроков отчетности кастодианов и Правил их представления Күшін жойған Қаулы ·№ 248 ·23.09.2013
01.01.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня, форм, сроков отчетности кастодианов и Правил их представления

Күшін жойған Қаулы ·№ 248 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня, форм, сроков отчетности кастодианов и Правил их представления
Атауы (қаз.)
Кастодиан есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
248
Қабылданған күні
23.09.2013
Көрсетілген редакция
01.01.2020 77058_436479.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300009026
ЭКБ идентификаторы
77058
Редакция идентификаторы
77058_436479
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:16

0 Кастодиандар есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы

Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мына:

1 1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Кастодиандар есептілігінің тізбесі;

2 2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кастодианның номиналдық ұстауында тұрған бағалы қағаздар туралы есеп;

3 3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша клиенттердің оқшауланған (орындалмаған) тапсырмалары туралы есеп;

4 4) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кастодиан клиенттерінің саны туралы есеп;

5 5) осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша номиналдық ұстауда тұрған шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған бағалы қағаздар туралы есеп;

6 6) осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес кастодиандардың есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.

2 2. Кастодиан есептілікті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне электрондық нысанда тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.

3 3. Осы қаулының 7-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігінің төрағасы
Ә. Смайлов _____________________
2013 жылғы 25 қараша

1 Кастодиандар есептілігінің тізбесі

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 248 қаулысына
1-қосымша
Кастодиандар есептілігінің тізбесі
Кастодианның есептілігіне мыналар кіреді:

1 1) кастодианның номиналдық ұстауында тұрған бағалы қағаздар туралы есеп;

2 2) клиенттердің оқшауланған (орындалмаған) тапсырмалары туралы есеп;

3 3) кастодиан клиенттерінің саны туралы есеп;

4 4) номиналдық ұстауда тұрған шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған бағалы қағаздар туралы есеп.

2 Кастодианның номиналдық ұстауында тұрған бағалы қағаздар туралы есеп

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 248 қаулысына
2-қосымша
Индекс: 1-CUST_NOM_DER
Кезеңділігі: тоқсан сайын
Кім ұсынады: кастодиан
Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Ұсыну мерзімі – тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей
Нысан

Сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
Эми­тент­тің ата­уы
Но­ми­нал­дық ұста­у­шы­ның ата­уы
Есеп­ті ке­зең со­ңын­да­ғы жағ­дай бой­ын­ша ка­сто­ди­ан кли­ент­те­рі­нің шот­та­рын­да­ғы ба­ға­лы қа­ға­з­дар­дың са­ны және ба­ға­лы қа­ға­з­дар­ды ұста­у­шы­лар­дың са­ны
бар­лы­ғы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ерік­ті жи­нақ­та­у­шы зей­не­та­қы қор­ла­ры­ның (зей­не­та­қы ак­тив­те­рі)
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ин­ве­сти­ци­я­лық қор­ла­ры­ның (ин­ве­сти­ци­я­лық қор­лар­дың ак­тив­те­рі)
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы екін­ші дең­гей­де­гі банк­те­рі­нің (мен­шік ие­ле­рі­нің)
ба­ға­лы қа­ға­з­дар­дың (да­на)
ба­ға­лы қа­ға­з­дар­ды ұста­у­шы­лар­дың

1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12

Жиын­тығы
кестенің жалғасы:
Есеп­ті ке­зең со­ңын­да­ғы жағ­дай бой­ын­ша ка­сто­ди­ан кли­ент­те­рі­нің шот­та­ры­ын­да­ғы ба­ға­лы қа­ға­з­дар­дың са­ны және ба­ға­лы қа­ға­з­дар­ды ұста­у­шы­лар­дың са­ны
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның сақ­тан­ды­ру (қай­та сақ­тан­ды­ру) ұй­ым­да­ры­ның (мен­шік ие­ле­рі­нің)
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бро­кер­ле­рі- ди­лер­ле­рі­нің (екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер бо­лып та­был­май­тын мен­шік ие­ле­рі)
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның қар­жы на­ры­ғы­ның бас­қа да ли­цен­зи­ат­та­ры­ның (мен­шік ие­ле­рі­нің)
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­дент­те­рі- но­ми­нал­дық ұста­у­шы­ла­ры­ның
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент­те­рі -но­ми­нал­дық ұста­у­шы­лар­дың
ба­ға­лы қа­ға­з­дар­дың (да­на)
ба­ға­лы қа­ға­з­дар ұста­у­шы­лар­дың
ба­ға­лы қа­ға­з­дар­дың (да­на)
ба­ға­лы қа­ға­з­дар ұста­у­шы­лар­дың
ба­ға­лы қа­ға­з­дар­дың (да­на)
ба­ға­лы қа­ға­з­дар ұста­у­шы­лар­дың
ба­ға­лы қа­ға­з­дар­дың (да­на)
ба­ға­лы қа­ға­з­дар ұста­у­шы­лар­дың
ба­ға­лы қа­ға­з­дар­дың (да­на)
ба­ға­лы қа­ға­з­дар ұста­у­шы­лар­дың
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22

кестенің жалғасы:
Есеп­ті ке­зең со­ңын­да­ғы жағ­дай бой­ын­ша ка­сто­ди­ан кли­ент­те­рі­нің шот­та­рын­да­ғы ба­ға­лы қа­ға­з­дар­дың са­ны және ба­ға­лы қа­ға­з­дар­ды ұста­у­шы­лар­дың са­ны
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­дент­те­рі - бас­қа да заң­ды тұ­лға­лар­дың
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент­те­рі - бас­қа да заң­ды тұ­лға­лар­дың
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­дент­те­рі - же­ке тұ­лға­лар­дың
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­дент­те­рі - же­ке тұ­лға­лар­дың
ба­ға­лы қа­ға­з­дар­дың (да­на)
ба­ға­лы қа­ға­з­дар ұста­у­шы­лар­дың
ба­ға­лы қа­ға­з­дар­дың (да­на)
ба­ға­лы қа­ға­з­дар ұста­у­шы­лар­дың
ба­ға­лы қа­ға­з­дар­дың (да­на)
ба­ға­лы қа­ға­з­дар ұста­у­шы­лар­дың
ба­ға­лы қа­ға­з­дар­дың (да­на)
ба­ға­лы қа­ға­з­дар ұста­у­шы­лар­дың
23
24
25
26
27
28
29
30

Бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға
___________________________________________ ____________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы
Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға
___________________________________________ ____________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы
Орындаушы _________________________________________ __________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы
Телефон нөмірі:_________________________
Есепке қол қою күні 20_____ жылғы «_____»__________
Ескертпе: Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
Кастодианның номиналдық ұстауында тұрған бағалы қағаздар туралы есеп нысанына
қосымша
Кастодианның номиналдық ұстауында тұрған бағалы қағаздар туралы есеп

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) «Кастодианның номиналдық ұстауында тұрған бағалы қағаздар туралы есеп» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

2 2. Нысан «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді.

3 3. Нысанды кастодиан тоқсан сайын жасайды.

4 4. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлғалар және орындаушы қол қояды.

2 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

5 5. 4-бағанда номиналдық ұстаушының (депозитарийдің, кастодианның, тіркеушінің немесе кастодиан номиналдық ұстауды жүзеге асыратын басқа ұйымның) атауы көрсетіледі.

6 6. 7, 9, 11, 13, 15, 17, 19, 21, 23, 25, 27 және 29-бағандарда заңды тұлғаның қызметіне және резиденттігіне және (немесе) жеке тұлғаның резиденттігіне байланысты кастодиан клиенттерінің шоттарында тұрған бағалы қағаздардың саны көрсетіледі.

7 7. 8, 10, 12, 14, 16, 18, 20, 22, 24, 26, 28 және 30-бағандарда заңды тұлғаның қызметіне және резиденттігіне және (немесе) жеке тұлғаның резиденттігіне байланысты бағалы қағаздар ұстаушылардың саны көрсетіледі.

8 8. Мәліметтер болмаған жағдайда Нысан нөлдік қалдықтармен ұсынылады.

3 Клиенттердің оқшауланған (орындалмаған) тапсырмалары туралы есеп

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 248 қаулысына
3-қосымша
Индекс: 2-CUST_BLOK
Кезеңділігі: тоқсан сайын
Кім ұсынады: кастодиан
Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Ұсыну мерзімі – тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей
Нысан
Кү­ні
Кли­ент­тің ата­уы
Ак­тив­тер­дің тү­рі
Қар­жы құ­ра­лы­ның тү­рі
Эм­ми­тент­тің ата­уы
Ба­ға­лы қа­ға­з­дың ко­ды
Сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
На­рық
Мәмі­ле жа­сау ту­ра­лы оқ­ша­у­лан­ған (орын­дал­ма­ған) тап­сыр­ма тү­рі
Мәмі­ле жа­сау ту­ра­лы оқ­ша­у­лан­ған (орын­дал­ма­ған) тап­сыр­ма­ның кө­ле­мі, тең­ге
Бас тар­ту­ға негіз
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
Бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға
___________________________________________ ____________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы
Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға
___________________________________________ ____________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы
Орындаушы ________________________________________ _________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы
Телефон нөмірі:_________________________
Есепке қол қою күні 20_____ жылғы «_____»__________
Ескертпе: Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
Клиенттердің оқшауланған (орындалмаған) тапсырмалары туралы есеп нысанына
қосымша
Клиенттердің оқшауланған (орындалмаған) тапсырмалары туралы есеп

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) «Клиенттердің оқшауланған (орындалмаған) тапсырмалары туралы есеп» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

2 2. Нысан «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді.

3 3. Нысанды кастодиан тоқсан сайын жасайды. Нысандағы деректер теңгемен толтырылады.

4 4. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлғалар және орындаушы қол қояды.

2 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

5 5. 2-бағанда кастодианның клиенттері болып табылатын инвестициялық портфельді басқарушының, брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның атауы көрсетіледі.

6 6. 3-бағанда кастодиан кастодиандық қызмет көрсететін тұрған ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының меншікті немесе зейнетақы активтері не инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттерінің активтері көрсетіледі.

7 7. 8-бағанда нарық атауы «қор биржасы», «ұйымдастырылмаған нарық», «халықаралық нарық» форматында көрсетіледі. Егер мәміле қор биржасының сауда жүйесінде жүзеге асырылған болса, оның резиденттік елі «қор биржасының/елінің атауы» форматында көрсетіледі.

8 8. 9-бағанда оқшауланған (орындалмаған) мәміленің түрі (сатып алу, сату, репоны ашу және жабу операциялары, банктік салым шартын және басқа мәмілелерді жасау) көрсетіледі. Репо операциялары бойынша репо операциясының түрі де көрсетіледі: тікелей немесе кері репо.

9 9. 11-бағанда кастодиан банктің мәміле жасау туралы тапсырманы оқшаулаған (орындамаған) негіздеме көрсетіледі.

10 10. Мәліметтер болмаған жағдайда Нысан нөлдік қалдықтармен ұсынылады.

4 Кастодиан клиенттерінің саны туралы есеп

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 248 қаулысына
4-қосымша
Индекс: 3-CUST_CLIENT
Кезеңділігі: тоқсан сайын
Кім ұсынады: кастодиан
Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Ұсыну мерзімі – тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей
Нысан

Кли­ент­тің ата­уы
Ре­зи­дент­тік бел­гі­сі
Кли­ент­тер­дің са­ны
Уәкі­лет­ті ор­ган­ның ли­цен­зи­я­сы­на сәй­кес жү­зе­ге асы­ра­ла­тын қыз­мет тү­рін көр­се­те оты­рып қар­жы на­ры­ғы­ның ли­цен­зи­ат­та­ры­ның
Бас­қа заң­ды тұ­лға­лар­дың
Бас­қа же­ке тұ­лға­лар­дың
1
2
3
4
5
6
Жиын­тығы
X
X
Бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға
___________________________________________ ____________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы
Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға
___________________________________________ ____________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы
Орындаушы _________________________________________ __________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы
Телефон нөмірі:_________________________
Есепке қол қою күні 20_____ жылғы «_____»__________
Ескертпе: Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
Кастодиан клиенттерінің саны туралы есеп нысанына
қосымша
Кастодиан клиенттерінің саны туралы есеп

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) «Кастодиан клиенттерінің саны туралы есеп» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды және ұсынымдық сипатта болады.

2 2. Нысан «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді.

3 3. Нысанды кастодиан тоқсан сайын жасайды.

4 4. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлғалар және орындаушы қол қояды.

2 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

5 5. 2-бағанда кастодианның клиенті болып табылатын заңды және жеке тұлғалардың атауы көрсетіледі.

6 6. 3-бағанда кастодиан клиентінің резиденттік белгісі көрсетіледі.

7 7. 4, 5 және 6-бағандарда тиісті баған бойынша «1» деген цифр (немесе сан) көрсетіледі және «Жиынтығы» деген жолда жинақталады.

8 8. Мәліметтер болмаған жағдайда Нысан нөлдік қалдықтармен ұсынылады.

5 Шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, номиналдық ұстауда тұрған бағалы қағаздар туралы есеп

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 248 қаулысына
5-қосымша
Индекс: 4-CUST_NOM_DER_IN
Кезеңділігі: тоқсан сайын
Кім ұсынады: кастодиан
Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Ұсыну мерзімі – тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей
Нысан
Р/с

Ха­лы­қа­ра­лық сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
Эми­тент­тің ата­уы
Ше­тел­дік но­ми­нал­дық ұста­у­шы­ның ата­уы
Шет мем­ле­кет­тің заң­на­ма­сы­на сәй­кес шы­ға­ры­л­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар­ды но­ми­нал­дық ұстау бой­ын­ша қыз­мет көр­се­ті­ле­тін но­ми­нал­дық ұста­у­шы­ның ата­уы
Шет мем­ле­ке­ті­нің заң­на­ма­сы­на сәй­кес шы­ға­ры­л­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар­дың мен­шік ие­сі­нің ата­уы
Шет мем­ле­кет­тің заң­на­ма­сы­на сәй­кес шы­ға­ры­л­ған, есеп­ті ке­зең­нің со­ңын­да­ғы жағ­дай бой­ын­ша но­ми­нал­дық ұста­у­шы бо­лып та­бы­ла­тын бро­ке­рі­нің кли­ент­те­рі­нің шот­та­рын­да тұр­ған ба­ға­лы қа­ға­з­дар­дың са­ны (да­на)
1
2
3
4
5
6
7
1

n
Жиын­тығы
X
Х
X
X
X
Бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға
___________________________________________ ____________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы
Бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлға
___________________________________________ ____________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы
Орындаушы _________________________________________ _________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы
Телефон нөмірі:_________________________
Есепке қол қою күні 20_____ жылғы «_____»__________
Ескертпе: Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
Шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, номиналдық ұстауда тұрған бағалы қағаздар туралы есеп нысанына
қосымша
Шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, номиналдық ұстауда тұрған бағалы қағаздар туралы есеп

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) «Шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған номиналдық ұстауда тұрған бағалы қағаздар туралы есеп» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды және ұсынымдық сипатта болады.

2 2. Нысан «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді.

3 3. Нысанды кастодиан тоқсан сайын жасайды.

4 4. Нысанға бірінші басшы, бас бухгалтер немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлғалар және орындаушы қол қояды.

2 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

5 5. 4-бағанда Қазақстан Республикасының бейрезиденті эмитенттердің бағалы қағаздарын номиналдық ұстау қызметін кастодианға көрсететін шетелдік номиналдық ұстаушының атауы көрсетіледі.

6 6. 5-бағанда номиналдық ұстаушы болып табылатын, оған кастодиан Қазақстан Республикасының бейрезиденті эмитенттерінің бағалы қағаздарының номиналдық ұстаушысы бойынша қызмет көрсететін брокердің атауы көрсетіледі.

7 7. 6-бағанда шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған бағалы қағаздардың түпкілікті меншік иесінің атауы, 4-бағанда көрсетілген шетелдік номиналдық ұстаушы болып табылатын брокер клиентінің жеке тұлға үшін тегі, аты (бар болса – әкесінің аты), заңды тұлға үшін атауы) көрсетіледі.

8 8. Мәліметтер болмаған жағдайда Нысан нөлдік қалдықтармен ұсынылады.

6 Кастодианның есептілікті ұсыну қағидалары

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 248 қаулысына
6-қосымша
Кастодианның есептілікті ұсыну қағидалары

1

1. Кастодианның есептілікті ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының кастодиан-банктері (бұдан әрі – кастодиан-банк) есептілікті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсыну тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидалар уәкілетті органда қолданылмайды.

3 3. Қағаз тасымалдағыштағы есептілікке кастодианның бірінші басшысы, кастодианның бас бухгалтері немесе кастодианның есебіне қол қоюға уәкілетті тұлғалар мен орындаушы қол қояды және кастодианда сақталады.

4 4. Электрондық нысандағы есептілік ұсынылатын деректердің конфиденциалдылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ете отырып криптографиялық қорғау құралдырымен ақпаратты кепілдік бере отырып жеткізудің тасымалдау жүйесін қолдана отырып ұсынылады.

5 5. Электрондық нысанда берілетін деректердің қағаз тасымалдауыштағы деректерге сәйкестігін кастодианның бірінші басшысы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы тұлға) және кастодианның бас бухгалтері қамтамасыз етеді.

6 6. Есептілікке өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу қажет болған жағдайда кастодиан уәкілетті органға пысықталған есептілікті және есептілікке өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу қажеттілігінің себептерін көрсете отырып, жазбаша түсіндірмені ұсынады.

7 7. Есептіліктегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңгемен көрсетіледі.

7 Қазақстан Республикасының күші жойылған нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 248 қаулысына
7-қосымша
Қазақстан Республикасының күші жойылған нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

1 1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының «Кастодианның есеп беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 12 маусымдағы № 155 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2941 тіркелген).

2

2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушыларының есеп беруін реттейтін кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 28 мамырдағы № 164 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3706 тіркелген) 1-тармағының 3) тармақшасы.

3

3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының есеп беруін реттейтін кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 26 қарашадағы № 415 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3988 тіркелген, 2006 жылы «Қаржы жаршысы» журналында, № 1 (25) жарияланған) 1-тармағының 3) тармақшасы.

4

4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 25 маусымдағы № 173 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4848 тіркелген, 2007 жылғы 5 қыркүйекте «Заң газеті» газетінде, № 135 (1338) жарияланған) қосымшасының 4) тармақшасы.

5

5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 1 маусымдағы № 73 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6315 тіркелген) 1-тармағы.

Қолданыстағы