Құжат мәтініне өту

Об утверждении предельных размеров социальной помощи, предоставляемой отдельным категориям нуждающихся граждан, при наступлении трудной жизненной ситуации

Өзге акт · № 103 · қабылданған 25.12.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-77067/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об утверждении предельных размеров социальной помощи, предоставляемой отдельным категориям нуждающихся граждан, при наступлении трудной жизненной ситуации Күшін жойған Өзге акт ·№ 103 ·25.12.2013
10.06.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.06.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении предельных размеров социальной помощи, предоставляемой отдельным категориям нуждающихся граждан, при наступлении трудной жизненной ситуации

Күшін жойған Өзге акт ·№ 103 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении предельных размеров социальной помощи, предоставляемой отдельным категориям нуждающихся граждан, при наступлении трудной жизненной ситуации
Атауы (қаз.)
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдай туындаған кезде көрсететін әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
103
Қабылданған күні
25.12.2013
Көрсетілген редакция
10.06.2015 77067_16320.kaz
Соңғы өзгеріс
10.06.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13CH003746
ЭКБ идентификаторы
77067
Редакция идентификаторы
77067_16320
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:21

0 Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдай туындаған кезде көрсететін әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Мәртөк ауданы аумағында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдай туындаған кезде көрсететін әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 103

Мәртөк аудандық мәслихатының
шешіміне қосымша
Мәртөк ауданы аумағында тұратын мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарына өмірлік қиын жағдай туындаған кезде
көрсететін әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері

1 1. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері:

1 1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 150,0 мың теңгеге дейін;

2 2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген адамдарға – 100,0 мың теңгеге дейін;

3 3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілген адамдарға – 80,0 мың теңгеге дейін;

4 4) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына – 80,0 мың теңгеге дейін;

5 5) зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға – 60,0 мың теңгеге дейін;

6 6) мүгедектерге, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдарға – 60,0 мың теңгеге дейін;

7 7) Саяси қуғын-сүргін құрбандарына, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдарға – 50,0 мың теңгеге дейін;

8 8) көп балалы отбасыларына – 60,0 мың теңгеге дейін;

9 9) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйінің түлектеріне – 60,0 мың теңгеге дейін;

10 10) азқамтылған отбасыларына (азаматтарына) – 60,0 мың теңгеге дейін;

11 11) әлеуметтік маңызы бар аурулармен (онкологиялық ауруы, адамның иммунитет тапшылығы вирусы және туберкулездің түрлі нысандары) ауыратын азаматтарға – 80,0 мың теңгеге дейін.

2 2. Аталған тұлғаларға әлеуметтік көмек көрсетіледі, егер олар толық мемлекеттік қамсыздандыруында болмаған жағдайда,.

3

3. Өмірлік қиын жағдайда жүрген азаматтарға (Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін қоспағанда) әлеуметтік көмек көрсетіледі, егер отбасының (азаматтың) өткен тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы (көмек алу үшін өтініш берген кезеңге) 1 еселік ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспаған жағдайда.
Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне әлеуметтік көмек олардың табысын есепке алмай көрсетіледі.

Қолданыстағы