О мерах по обеспечению безопасности при перевозке пассажиров
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О мерах по обеспечению безопасности при перевозке пассажиров
- Атауы (қаз.)
- Жолаушыларды тасымалдау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 197
- Қабылданған күні
- 17.11.2000
- Көрсетілген редакция
- 17.11.2000 7710_258797.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.11.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V00Z0000629
- ЭКБ идентификаторы
- 7710
- Редакция идентификаторы
- 7710_258797
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:10
0 Жолаушыларды тасымалдау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы
📌 Ескерту. Күші
жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 09.03.2004 № 11 шешімімен.
Газ отынымен жұмыс істеуге жабдықталған автокөлікпен жолаушыларды тасымалдау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында және Қазақстан Республикасының "Жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы" 1996 жылғы 15 шілдедегі N 29 және "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегі N 15 Заңдарына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма (Федотов), төтенше жағдайларды ескерту және жою жөніндегі облыстық мемлекеттік инспекция (Ғұсманов):
- көлік құралдарына газбаллон жабдықтарын қалдыру қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындарға талапты күшейтсін;
- 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін көлік құралдарына газ жабдықтарын қондыруға лицензиясы жоқ немесе оны облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың сараптама қорытындысынсыз алған кәсіпорындардың жұмысын тексеріп, оларға тыйым салсын және лицензияларды қайтарып алу жөнінде Қазақстан Республикасының энергетика, индустрия және сауда министрлігіне ұсыныс енгізсін;
- белгіленген мерзімде көлік құралдарындағы газ баллондарын техникалық жағынан қайта куәландыруға бақылау орнатсын;
- жүргізушілерге газ баллон қондырғыларын пайдалануды оқытатын оқу пункттерінің жұмысын оқтын-оқтын тексеруді ұйымдастырсын.
2. Облыстық тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығы және көлік басқармасы (Котов) ведомстволық бағыныштылығына қарамастан газ отынымен жұмыс істеуге жабдықталған көлік құралдарының техникалық жағдайына бақылауды күшейтсін және жолаушы тасымалдаушылардан автокөлік құралдарын техникалық жағынан ақаусыз ұстауды талап етсін.
3. Облыстық ішкі істер басқармасының жол полициясы басқармасы (Сұлтанбаев) 2000 жылдың 1 желтоқсанынан бастап:
- газ отынымен жұмыс істеу үшін өз беттерімен қайта жабдықтаған;
- мұндай қызмет түрлеріне лицензиясы және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жол полициясы департаменті беретін жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бөлігіне қатысты көлік құралдары конструкциясының қиысуы туралы куәлігі жоқ кәсіпорындарда қайта жабдықталған;
- көлік құралдарын жасаушы заводтардың талабын бұза отырып қайта жабдықталған;
- жол полициясында белгіленген тәртіппен тіркелмеген көлік құралдарын пайдалануға тыйым салсын.
4. "Сараптау және сертификаттау ұлттық орталығы" ашық акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан филиалына (Графкин) мыналар ұсынылсын:
- нормативтік құжаттарға сәйкес көлік құралдарын газ баллон отынымен жұмыс істеу үшін қайта жабдықтаумен айналысатын кәсіпорындардың қызметін сертификаттау жөнінде шаралар алсын;
- қазіргі ережелерге сәйкес "Көлік ғылыми зерттеу институты" жабық акционерлік қоғамы әзірлеген техникалық шараларды тіркеуді жүргізсін.