Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность

Қаулы · № 36/2 · қабылданған 23.12.2013
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-77105/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность Қолданыста Қаулы ·№ 36/2 ·23.12.2013
23.12.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность

Қолданыста Қаулы ·№ 36/2 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность
Атауы (қаз.)
Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
36/2
Қабылданған күні
23.12.2013
Көрсетілген редакция
23.12.2013 77105_127377.kaz
Соңғы өзгеріс
23.12.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13KH002527
ЭКБ идентификаторы
77105
Редакция идентификаторы
77105_127377
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:25

0 Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидасын бекіту туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 2) тармақшасына, "Мемлекеттiк мүлiк туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18 бабының 22) тармақшасына және 31 бабына, "Мемлекеттiк мүлiк туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2011 жылғы 18 сәуiрдегi № 49-ө өкiмiне сәйкес, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қоса берiлiп отырған Коммуналдық меншiкке келiп түскен қараусыз қалған жануарларды келiп түсу және пайдалану қағидасы бекiтiлсiн.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Д.Т. Камеловке жүктелсiн.

3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

4 Шахтинск қаласы әкімдігінің

2013 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 36/2 қаулысымен
бекітілген
Коммуналдық меншiкке келiп түскен
қараусыз қалған жануарларды келiп түсу және пайдалану
қағидасы

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы қағида Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексiне, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк мүлiк туралы" Заңына сәйкес жасақталды және коммуналдық меншiкке келiп түскен қараусыз қалған жануарларды келiп түсу және пайдалану тәртiбiн айқындайды.

2 2. Өзінің бағуында және пайдалануында қараусыз қалған жануарлар болған адам өзінің бағуындағы жануарларды меншігіне алудан бас тартқан кезде олар қалалық коммуналдық меншікке түседі және осы қағиданы басшылыққа алып пайдаланылады.

2 2. Жануарлардың қалалық коммуналдық меншiкке келіп түсу тәртібі

3

3. Жануарлардың қалалық коммуналдық меншiкке келіп түсуi тапсыру-қабылдау актiсi негiзiнде жүзеге асырылады. Тапсыру-қабылдау актiсiнде қалалық коммуналдық меншiкке түсетiн жануарлардың түрі, жынысы, түсі, жасы көрсетiлуi тиiс. Тапсыру-қабылдау актiсi жануарларды тапсырған тұлғаның, "Шахтинск қаласының ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі" мемлекеттiк мекемесі (бұдан әрi – ауыл шаруашылық бөлiмi) және "Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – экономика бөлiмi) жауапты қызметкерлерiнiң қатысуымен жасалады. Тапсыру-қабылдау актiсiн экономика бөлiмiнiң басшысы бекiтедi.

4 4. Бағалау жүзеге асырылғаннан кейiн жануарларды қабылдау-беру актiсi негiзiнде теңгерiмге алу "Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 Бұйрығымен жүзеге асырылады.

3 3. Қалалық коммуналдық меншiкке келіп түскен жануарларды пайдалану тәртібі

5 5. Қалалық коммуналдық меншiкке түскен қараусыз жануарларды мынадай тәсiлдердiң бiреуiмен пайдаланылады:

1 1) мемлекеттiк заңды тұлғалардың балансына өтеусіз беру;

2 2) аукцион арқылы сату;

3 3) сауда ұйымдары арқылы сату;

4 4) жануарларды (ауыл шаруашылығы жануарлары мен үй құстарынан басқа) қорғайтын арнайы орындарға немесе жеке адамдарға өтеусiз беру.

6 6. Аудандық коммуналдық меншiкке түскен жануарларды одан әрi пайдалану тәсiлiн әрбiр нақты жағдайда аудандық әкiмдiктiң қаулысымен құрылған тұрақты комиссия шешеді.

4 4. Жануарларды бұрынғы меншiк иесiне қайтару тәртібі

7

7. Жануарлар қалалық коммуналдық меншiкке өткеннен кейiн олардың бұрынғы меншiк иесi келген жағдайда, осы жануарлардың бұрынғы меншiк иесiне үйiрсектiгi сақталғанын немесе жаңа меншiк иесiнiң оларға қатал не өзгедей мейiрiмсiз қарағанын дәлелдейтiн мән-жайлар болған кезде ауыл шаруашылық бөлiмiмен келiсiм бойынша айқындалатын шарттармен, ал келiсiмге қол жеткiзiлмеген жағдайда - сот тәртібімен оларды өзiне қайтарып берудi талап етуге құқылы.

8 8. Жануарларды қайтару бұрынғы меншiк иесiнiң оларды бағуға байланысты шығынды жергiлiктi бюджет кiрiсiне өтегеннен кейiн жүзеге асырылады.

9 9. Жануарлар бұрынғы меншiк иесiнен оларды қайтару жөнiнде өтiнiш түскенге дейiн сатылып кеткен жағдайда жануарларды сатудан түскен түсiм немесе оның құны жергiлiктi бюджет есебiнен өтеледi. Бұл жағдайда жануарларды бағуға байланысты жұмсалған қаржының мөлшерi шегерiледi.

10 10. Жануарларды қайтару немесе оның құнын өтеу бұрынғы меншiк иесi мен ауыл шаруашылық бөлiмi арасында жасалатын келiсiм-шартпен рәсiмделедi.

Қолданыстағы