Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Акжаикского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Акжаикского района
- Атауы (қаз.)
- Ақжайық ауданының әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидасын бекiту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 16-2
- Қабылданған күні
- 27.12.2013
- Көрсетілген редакция
- 28.02.2020 77111_447658.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13ZB003419
- ЭКБ идентификаторы
- 77111
- Редакция идентификаторы
- 77111_447658
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:16
0 Ақжайық ауданының әлеуметтiк
көмек көрсету, оның мөлшерлерiн
белгiлеу және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тiзбесiн
айқындау қағидасын бекiту туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы
№ 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Ақжайық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қоса берiлiп отырған Ақжайық ауданының әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидасы бекiтiлсiн.
2 2. Алушылардың жекелеген санаттары үшiн атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмектiң мөлшерi облыстық жергiлiктi атқарушы органының келiсiмi бойынша бiрыңғай мөлшерде белгiленсiн.
3 3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
"КЕЛIСIЛГEH"
Батыс Қазақстан облысы
әкiмiнiң орынбасары
_____________Б. Мәкен
06.01.2014 ж.
4 2013 жылғы 27 желтоқсандағы №16-2
Ақжайық аудандық мәслихатының
шешiмiмен
бекiтiлген
Ақжайық ауданының әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн
белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн
айқындау қағидасы
1 1. Осы Ақжайық ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Үлгілік қағида) қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
1 1. Жалпы ережелер
2 2. Осы Қағидада пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:
1 1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
2 2) арнайы комиссия – өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек көрсетуге үмiткер адамның (отбасының) өтiнiшiн қарау бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;
3 3) ең төмен күнкөрiс деңгейi – облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы статистикалық органдар есептейтiн мөлшерi бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс;
4 4) мереке күндерi – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттiк мереке күндерi;
5 5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбiр мүшесiне келетiн үлесi;
6 6) өмiрлiк қиын жағдай – азаматтың тыныс-тiршiлiгiн объективтi түрде бұзатын, ол оны өз бетiнше еңсере алмайтын ахуал;
7 7) уәкiлеттi орган – жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылатын, әлеуметтiк көмек көрсетудi жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы атқарушы органы;
8
9 9) учаскелiк комиссия – әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш бiлдiрген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмдерiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;
10 10) шектi шама – әлеуметтiк көмектiң бекiтiлген ең жоғары мөлшерi;
11
12
13
14
3
3. Осы Қағиданың мақсаттары үшiн әлеуметтiк көмек ретiнде жергiлiктi атқарушы органдар (бұдан әрi - ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрi – алушылар) өмiрлiк қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндерiне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететiн көмек түсiнiледi.
4
4. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңының 20 бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңының 16 бабында көрсетiлген адамдарға әлеуметтiк көмек осы Қағидасында көзделген тәртiппен көрсетiледi.
5 5. Әлеуметтiк көмек бiр рет және (немесе) мерзiмдi (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетiледi.
6 6. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн атаулы күндер мен мереке күндерiнiң тiзбелерi, сондай-ақ әлеуметтiк көмек көрсетудiң еселiгi ЖАО ұсынымы бойынша осы Қағиданың 1 қосымшасына сәйкес белгiлендi.
7 7. Учаскелiк және арнайы комиссиялар өз қызметiн облыстың ЖАО бекiтетiн ережелердiң негiзiнде жүзеге асырады.
2 2. Әлеуметтiк көмек алушылар санаттарының тiзбесi және әлеуметтiк көмектiң мөлшерлерi
8 8. Ай сайынғы әлеуметтiк көмек табыстарын есепке алмай:
1 1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне коммуналдық қызметтердiң шығындарын өтеу үшiн 5 АЕК мөлшерiнде және жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерiне теңестiрiлген адамдарға 2 АЕК мөлшерiнде;
2 2) бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына 3 АЕК мөлшерiнде;
3
3) "Капустин Яр" және "Азғыр" ядролық сынақ полигондарының әсерiнен зардап шеккен және аудан аумағында тұратын бiрiншi топтағы мүгедектерге, бала жасынан мүгедектерге және мүгедек балаларға 2 АЕК мөлшерiнде, екiншi топтағы мүгедектерге 1,5 АЕК мөлшерiнде, үшiншi топтағы мүгедектерге 1 АЕК мөлшерiнде көрсетiледi;
4
5
9 9. Бiр реттiк әлеуметтiк көмек:
1 1) қатерлі ісікпен ауыратындарға, емделудің сүйемелдеу кезіндегі туберкулезбен ауыратындарға, аурулығын дәлелдейтін анықтама негізінде табыстарын есепке алмай 15 АЕК мөлшерінде;
2 2) аз қамтамасыз етiлген азаматтарды (отбасыларды) жерлеу рәсiмдерiне 15 АЕК мөлшерiнде;
3 3) облыстан тыс жерлерге емделуге мұқтаж науқастарға дәрiгерлiк консультативтiк комиссияның қорытындысы негiзiнде жолға байланысты шығындарын өтеу үшiн, табыстарын есепке алмай 15 АЕК мөлшерiнде;
4 4) жан басына шаққанда орташа табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен аз қамтамасыз етiлген азаматтарға (отбасыларға) 7 АЕК мөлшерiнде;
5 5) 90 жасқа толған және асқан адамдарға, табыстарын есепке алмай 15 АЕК мөлшерiнде;
6 6) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдарға, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945
жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы енбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға, Ауғанстанда әскери қызмет өткерген әскери қызметшілерге, 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға, Чернобыль АЭС-iндегi апаттың салдарынан мүгедек болған адамдарға және Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдарға санаторлық-курорттық емделуді алу үшін 31 АЕК мөлшерінде;
7 7) гемодиализ аппаратын қабылдайтын бірінші топ мүгедектеріне, табыстарын есепке алмай 50 АЕК мөлшерінде көрсетіледі;
8 8) жеке оңалту бағдарламасына сәйкес, санаторлық-курорттық емделуге облыс аумағынан басқа жаққа жолданған мүгедектерге және мүгедек
балаларға жол жүру құжаттарын (билеттер) ұсынған кезде, шығу пунктінен межелі орынға дейін және қайтуға дейін плацкарттық вагон орны бағасы мөлшерінде төлем жүргізіледі.
9 9) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға бейімделу үшін табыстарын есепке алмай 10 АЕК мөлшерінде көрсетіледі.
10 10. Осы Қағиданың 2 қосымшасына сәйкес, алушылар санатының тiзбесi, әлеуметтiк көмектiң шектi мөлшерлерi, табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмекке өтiнiш бiлдiру мерзiмдерi ЖАО белгiленген.
Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргiзу үшiн негiздемелердiң түпкiлiктi тiзбесi мыналар болып табылады:
1 1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздемелер;
2 2) табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкiне зиян келтiру не әлеуметтiк мәнi бар аурулардың болуы;
3 3) ең төмен күнкөрiс деңгейiне бiр еселiк шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысының болуы;
4
11 11. Алушылардың жекелеген санаттары үшiн атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмектiң бiрыңғай мөлшерлердi облыстың ЖАО келiсiмi бойынша осы Қағиданың 3 қосымшасына сәйкес белгiленген.
12 12. Әрбiр жекелеген жағдайда көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мөлшерiн арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындыда көрсетедi.
3 3. Әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi
13 13. Атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмек алушылардан өтiнiштер талап етiлмей уәкiлеттi ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекiтетiн тiзiм бойынша көрсетiледi.
14 14. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек алу үшiн өтiнiш берушi өзiнiң немесе отбасының атынан уәкiлеттi органға немесе ауылдық округтың әкiмiне өтiнiшке қоса мынадай құжаттарды:
1 1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2 2) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты;
3 3) Үлгiлiк қағидаларының 1 қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәлiметтердi;
4 4) адамның (отбасы мүшелерiнiң) табыстары туралы мәлiметтердi;
5 5) өмiрлiк қиын жағдайдың туындағанын растайтын актiнi және/немесе құжатты ұсынады.
15 15. Құжаттар салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаларда және көшiрмелерде ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.
16 16. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш келiп түскен кезде уәкiлеттi орган немесе ауылдық округтiң әкiмi бiр жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу үшiн учаскелiк комиссияға жiбередi.
17
17. Учаскелiк комиссия құжаттарды алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiге тексеру жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша Үлгiлiк қағидаларының 2, 3 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы актi жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтiк көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкiлеттi органға немесе ауылдық округ әкiмiне жiбередi.
Ауылдық округ әкiмi учаскелiк комиссияның актiсi мен қорытындысын алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде оларды қоса берiлген құжаттармен уәкiлеттi органға жiбередi.
18 18. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.
19 19. Өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.
20
20. Уәкiлеттi орган учаскелiк комиссиядан немесе ауылдық округ әкiмiнен құжаттар келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеудi жүргiзедi және құжаттардың толық пакетiн арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
21 21. Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.
22
22. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң әлеуметтiк көмек алуға қажеттi құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
Осы Қағиданың 18 және 19 тармақтарында көрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе ауылдық округтiң әкiмiнен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
23 23. Уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қабылданған шешiм туралы (бас тартқан жағдайда – негiздемесiн көрсете отырып) өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.
24
24-1
25 25. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту:
1 1) өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған;
2 2) өтiнiш берушi адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас тартқан, жалтарған;
3 3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн осы Қағиданың 10 тармағының 3) тармақшасында белгiленген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
26 26. Әлеуметтiк көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетiнде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегiнде жүзеге асыралады.
4 4. Көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздемелер
27 27. Әлеуметтiк көмек:
1 1) алушы қайтыс болған;
2 2) алушы тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiнен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3 3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;
4 4) алушы ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
28 28. Артық төленген сомалар ерiктi немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзгеше тәртiппен қайтаруға жатады.
5 5. Қорытынды ереже
29 29. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорын пайдалана отырып жүргiзедi.
84 Ақжайық ауданының әлеуметтiк көмек көрсету,
оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының
тiзбесiн айқындау қағидасына
1 қосымша
Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн атаулы күндер мен мереке күндерiнiң
тiзбелерi, сондай-ақ әлеуметтiк көмек көрсетудiң еселiгi
№
Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн
атаулы күндер мен мереке күндерiнiң
тiзбелерi
Әлеуметтiк көмек
көрсетудiң
еселiгi
1.
9 мамыр – Жеңiс күнi
бiр реттiк
2.
15 ақпан – Ауғанстан аумағынан совет әскерлерiн шығару күнi
бiр реттiк
3.
26 сәуiр - Чернобыль АЭС-iнде апатқа ұшырағандарды еске алу күнi
бiр реттiк
4.
29 тамыз - Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы iс-қимыл күнi
бiр реттiк
5.
Қыркүйектің екінші жексенбісі – Отбасы күні
бiр реттiк
85 Ақжайық ауданының әлеуметтiк көмек көрсету,
оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының
тiзбесiн айқындау қағидасына
2 қосымша
Алушылар санатының тiзбесi, әлеуметтiк көмектiң шектi мөлшерлерi,
табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан өмiрлiк қиын жағдай
туындаған кезде әлеуметтiк көмекке өтiнiш бiлдiру мерзiмдерi
№
Алушылар санатының тiзбесi
Әлеуметтiк көмектiң шектi мөлшерлерi
Табиғи зiлзаланың
немесе өрттiң
салдарынан өмiрлiк
қиын жағдай
туындаған кезде
әлеуметтiк көмекке
өтiнiш бiлдiру
мерзiмдерi
1.
Табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан өмiрлiк қиын жағдайда қалған азамат (отбасы)
30 АЕК
бiр ай iшiнде
86 Ақжайық ауданының әлеуметтiк көмек көрсету,
оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының
тiзбесiн айқындау қағидасына
3 қосымша
Алушылардың жекелеген санаттары үшiн атаулы күндер мен мереке күндерiне
әлеуметтiк көмектiң бiрыңғай мөлшерi
№
Алушылардың жекелеген санаттарының
тiзбесi
Әлеуметтiк көмектiң бiрыңғай мөлшерлерi (теңге)
1.
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері
300 000
2.
Жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан
соғысына қатысушыларға теңестiрiлген адамдар:
1) Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы
армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде,
штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет
атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз
Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер
және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен
органдарының ерiктi жалдама құрамаларының
адамдары, яки сол кездерде қорғанысына
қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң
әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген
жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау
үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1
қаңтарға дейiн есептеледi қалаларда болған
адамдар
10 000
2) қоршаудағы кезеңiнде Ленинград
қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен
ұйымдарында жұмыс iстеген және
«Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен әрi
«Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен
наградталған азаматтар
20 000
3) екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде
фашистер мен олардың одақтастары құрған
концлагерлердiң, геттолардың және басқа
да ерiксiз ұстау орындарының жасы
кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары
20 000
4) бұрынғы КСР Одағы үкімет органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан – Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, бұрынғы КСР Одағы Ішкі істер министрлігінің қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер; ұрыс қимылдары жүріп жатқан осы елге жүк жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілері; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшілері; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған жұмысшылар мен қызметшілер
50 000
5) 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi
апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери
мақсаттағы объектiлердегi басқа да
радиациялық апаттар мен авариялардың
зардаптарын жоюға қатысқандар адамдар
30 000
3.
Жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан
соғысының мүгедектерiне теңестiрiлген адамдар:
1) бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа уақытта орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер
50 000
2) әскери мiндетiн орындау кезiнде
жаралануы, контузия алуы, зақымдануы
салдарынан, яки майданда болуына немесе
ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде
әскери мiндетiн орындауына байланысты
ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған
бұрынғы КСР Одағының мемлекеттiк
қауiпсiздiк органдарының және iшкi iстер
органдарының басшы және қатардағы
құрамындағы адамдар
10 000
3) басқа елдерде қимыл жасаған әскер
құрамдарына қызмет көрсеткен және ұрыс
қимылдарын жүргiзу кезiнде жаралануы,
контузия алуы, зақымдануы салдарынан
мүгедек болған тиiстi санаттағы жұмысшылар
мен қызметшiлер
10 000
4) Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық
немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi
басқа да радиациялық апаттар мен
авариялардың, ядролық қаруды сынаудың
салдарынан мүгедек болған адамдар,
сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық
сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан
мүгедек болып қалған олардың балалары
30 000
4.
Жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жөнiнен соғысқа
қатысушыларға теңестiрiлген адамдардың басқа да санаттары:
1) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасы
50 000
2) бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру
кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери
қызметшiлердiң отбасы
20 000
3) Чернобыль АЭС-iндегi апаттың,
зардаптарын жою кезiнде қаза тапқан
адамдардың отбасы
20 000
4) Чернобыль АЭС-iндегi апаттың салдарынан
сәуле ауруына шалдығып қайтыс
болғандардың, немесе өлiмi белгiленген
тәртiппен солардың ықпалына байланысты
болған мүгедектердiң, сондай-ақ
азаматтардың отбасы
10 000
5) 1988-1989 жылдардағы Чернобыль
АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға
қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан
Республикасына қоныс аудартқан (өз еркiмен
көшкен) адамдар қоныс аудартқан күнi
анасының құрсағындағы балаларды қоса
алғанда
10 000
6) азаматтық немесе әскери мақсаттағы
объектiлердегi басқа да радиациялық
апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға
қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақ мен
жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар
20 000
7) қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және
соларға теңестiрiлген мүгедектердiң
әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс
болған соғысқа қатысушылардың,
партизандардың, астыртын күрес жүргiзген
адамдардың, «Ленинградты қорғағаны үшiн»
медалiмен және «Қоршаудағы Ленинград
тұрғыны» белгiсiмен наградталған, жалпы
ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым
алуының нәтижесiнде және басқа себептерге
(құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына)
байланысты мүгедек деп танылған
азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған
әйелдерi (күйеулерi)
15 000
8) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы
қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi
үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен
және медальдерiмен наградталған адамдар
15 000
9) 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945
жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде 6 ай
жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы
Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы
еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн
бұрынғы ҚСР Одағының ордендерiмен және
медальдарымен наградталмаған адамдар
10 000
5
18 жасқа дейiнгi мүгедек балаларға
10 000
Ескерту: аббревиатуралардың шешуi:
АЕК – айлық есептiк көрсеткiш;
КСР Одағы – Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағы;
Чернобыль АЭС - Чернобыль атом электр станция.