Құжат мәтініне өту

Об утверждении профессионального стандарта "Обслуживание воздушного движения"

Бұйрық · № 911 · қабылданған 20.11.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-77121/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении профессионального стандарта "Обслуживание воздушного движения" Күшін жойған Бұйрық ·№ 911 ·20.11.2013
09.12.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.12.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении профессионального стандарта "Обслуживание воздушного движения"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 911 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении профессионального стандарта "Обслуживание воздушного движения"
Атауы (қаз.)
"Әуе қозғалысына қызмет көрсету" кәсіби стандартын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
911
Қабылданған күні
20.11.2013
Көрсетілген редакция
09.12.2016 AI77121_2.kaz
Соңғы өзгеріс
09.12.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008995
ЭКБ идентификаторы
77121
Редакция идентификаторы
AI77121_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:51

0 "Әуе қозғалысына қызмет көрсету" кәсіби стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған "Әуе қозғалысына қызмет көрсету" кәсіби стандарты бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Кадр және әкімшілік жұмыс департаменті (Е.Е. Хасенов):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, бұқаралық ақпараттар құралдарында ресми жариялануын, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының интранет-порталында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы "Әділет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

"КЕ­ЛІ­СІЛ­ДІ"
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның
Ең­бек және ха­лық­ты
әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стрі­нің
мін­де­тін ат­қа­ру­шы­сы
_____________ Қ. Әб­сат­та­ров
2013 жы­л­ғы 4 қа­ра­ша

0 "Әуе қозғалысына қызмет көрсету" кәсіби стандарты

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Кө­лік және ком­му­ни­ка­ция ми­ни­стрі­нің
2013 жы­л­ғы 20 қа­ра­ша­да­ғы
№ 911 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген
"Әуе қозғалысына қызмет көрсету" кәсіби стандарты

1 1. Жалпы бөлім

1 1. "Әуе қозғалысына қызмет көрсету" кәсіби стандарты (бұдан әрі - КС) "Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету" кәсіби қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды және:

1 1) еңбек саласы мен кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеуге;

2 2) даярлау, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу талаптарын регламенттеуге;

3 3) персоналды аттестаттау және сертификаттау кезінде жұмысшылардың құзыреттерін бағалау талаптарын регламенттеуге арналған.

2 2. КС негізгі пайдаланушылары:

1 1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;

2 2) ұйымдардың басшылары, ұйымдардың персоналын басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;

3 3) білім берудің мемлекеттік бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;

4 4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар болып табылады.

3 3. КС негізінде біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтар, ұйымдардың үлгілік оқыту бағдарламалары, үлгілік оқыту жоспарлары, ұжымдық стандарттар әзірленеді.

4 4. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1 1) біліктілік – қызметкердің еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;

2 2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметтерінің стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі параметрлері бойынша жүктелетін қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;

3 3) еңбек заттары – белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталған зат;

4 4) еңбек құралдары – жұмысшының еңбек заттарын бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдар;

5 5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажетті құзыреттіктердің тұтас жиынымен құралған кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі;

6 6) еңбек функциясы – бизнес-үдеріспен анықталатын және оларды орындауға қажетті құзыреттердің болуын болжамайтын еңбек қызметінің біріктірілген және дербес жиынтығын көрсететін еңбек қызметі түрлерінің бір бөлігі;

7 7) кәсіби қызмет саласы – жалпы интеграциялық негізі (міндеті, нысандары, технологиялары, соның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттіліктерінің болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;

8 8) кәсіби стандарттың бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, қатысымды дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасы тұратын кәсіби стандарттың құрылымдық элементі;

9 9) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;

10 10) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі және тәжірибесін қолдану қабілеті;

11 11) лауазым – лауазымдық уәкілеттіктер және лауазымдық міндеттер шеңберін жүктейтін жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;

12 12) міндет – нақты бір еңбек заттары мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;

13 13) сала – өндіретін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс жасаушылардың кәсіби біліктері ортақ ұйымдар жиынтығы;

14 14) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

15 15) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

16 16) функционалдық карта – сол немесе өзге де кәсіби қызмет саласы шеңберінде белгілі бір қызмет түрін орындайтын жұмысшының еңбек функциялары мен міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы.

2 2. КС паспорты

5 5. КС паспорты мынаны анықтайды:

1 1) экономикалық қызмет түрі (кәсіптік қызмет саласы):

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (бұдан әрі – 03-2007 ҚР МЖ) "52.23 Әуе көлігі саласындағы қызметтер";

2 2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіптік қызмет саласының) негізгі мақсаты:

әуе көлігімен тасымалдауға жататын қызметті қамтамасыз ету, әуежайларды және әуе қозғалысын басқаруды қамтамасыз ету;

3 3) осы КС 1-қосымшасына сәйкес біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері.

3 3. Еңбек қызметі түрлерінің (кәсіптің) карточкалары

1 1-параграф "Әуе қозғалысына қызмет көрсету бойынша диспетчер"

6 6. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:

1 1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5, СБШ бойынша – 5;

2 2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптаушы базалық тобы бойынша (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МЖ): 3144 "Әуеайлақ диспетчерлік (авиациялық-диспетчерлік) пунктінің диспетчері;

3 3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: әуеайлақ диспетчерлік (авиациялық-диспетчерлік) пунктінің диспетчері;

4 4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - әуе қозғалысына қызмет көрсету;

5

5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының "Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Әуе қозғалысына қызмет көрсету бойынша диспетчердің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар" деген 1-кестесінде келтірілген.

4 4. КС бірліктерінің тізбесі

7 7. КС бірліктерінің тізбесі осы КС 3-қосымшасының 1-кестесінде келтірілген және шифр мен КС бірліктері атауларынан тұрады.

5 5. КС бірліктерінің сипаттамасы

8 8. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасының 1-кестесінде келтірілген.

6 6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері

9 9. Осы КС негізінде мамандардың кәсіптік дайындығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен сертификаттар беріледі.

10 10. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері сертификат алу үшін игеру қажет болатын осы КС 3-қосымшасында көзделген КС бірліктерінің тізбесіне сәйкес анықталады.

7 7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркелуі

11 11. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі болып табылады.

12 12. КС келісу парағы осы КС 5-қосымшасында келтірілген.

1 Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері

"Әуе қоз­ға­лы­сы­на қыз­мет көр­се­ту"
кә­сі­би стан­дар­ты­на
1-қо­сым­ша
Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері
№ р/с
Қыз­мет тү­рі­нің ата­уы
Ең­бек на­ры­ғы­ның тен­ден­ци­я­ла­рын ес­ке­ру­мен кә­сіп­тің ата­уы
01-2005 ҚР МЖ сәй­кес кә­сіп­тің ата­уы
ҰБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
БТ­БА бой­ын­ша раз­ря­ды
1.
Әуе қоз­ға­лы­сы­на қыз­мет көр­се­ту
Әуе қоз­ға­лы­сы­на қыз­мет көр­се­ту бой­ын­ша дис­пет­чер (бұ­дан әрі – ӘҚҚ дис­пет­че­рі)
3144 Әу­е­ай­лақ дис­пет­чер­лік (авиа­ци­я­лық-дис­пет­чер­лік) пункт дис­пет­че­рі
5
-
Ескертпе: БТБА – жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы.

2 "Әуе қоз­ға­лы­сы­на қыз­мет көр­се­ту"

кә­сі­би стан­дар­ты­на
2-қо­сым­ша
1-кесте

1 1. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Әуе қозғалысына қызмет көрсету бойынша диспетчердің еңбек жағдайларына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кә­сіп­тер бой­ын­ша ық­ти­мал жұ­мыс орын­да­ры (ұй­ым­дар)
Авиа­ци­я­лық са­ла
Зи­ян­ды және қа­уіп­ті ең­бек жағ­дай­ла­ры
Ме­ха­ни­ка­лық және элек­тр­лік эле­мент­тер­дің жұ­мыста­ры­ның, нор­ма­тив­тік құ­жат­тар­мен ор­на­ты­л­ған нор­ма­лар­дан аса­тын түр­лі ре­жим­дер­де­гі авиа­ци­я­лық қоз­ғалт­қы­штар­ды іс­ке қо­су және сы­на­ма жа­сау ба­ры­сын­да­ғы шуыл­дар. Әдет­те­гі және ар­найы авиа­ци­я­лық кө­лік­тің әу­е­ай­лақ ау­ма­ғын­да­ғы қар­қын­ды қоз­ға­лы­сы; Жер үст­ін­де­гі ра­дио­ло­ка­ци­я­лық жаб­дық­та және ұшақ­тық борт­тық жаб­дық­та ор­на­ты­л­ған АЖЖ сәу­ле­лен­ді­ру көз­де­рі­нен қу­ат­та­на­тын элек­тро­маг­нит­ті өрі­стің жо­ға­ры дең­гейі жағ­дай­ла­рын­да жұ­мыс іс­теу. Түн­гі уа­қыт­та­ғы жұ­мыс. ӘК ұшу қа­уіп­сіз­дік­те­рін қо­лай­лы дең­гей­де ұстау бой­ын­ша бір уа­қыт­та­ғы та­лап­тар­мен бір­ге ӘК ұшу кесте­сін орын­да­у­ға қой­ы­ла­тын ком­мер­ци­я­лық қы­сым­да жұ­мыс іс­теу
Жұ­мысқа рұқ­сат бе­ру­дің ерекше жағ­дай­ла­ры
Жа­сы – 21 жастан кі­ші емес;
үшін­ші сы­нып­ты қол­да­ны­с­та­ғы ме­ди­ци­на­лық қо­ры­тын­ды­ның бо­луы;
тө­мен­де­гі­лер­дің бі­рі бой­ын­ша бі­лік­ті­лік бел­гі­сі­нің (рұқ­са­ты­ның) бо­луы:
1) дис­пет­чер­лік бри­финг пунк­ті (үшін­ші сы­нып­ты қол­да­ны­с­та­ғы ме­ди­ци­на­лық қо­ры­тын­ды та­лап етіл­мей­ді);
2) руль­деу дис­пет­чер­лік пунк­ті (бұ­дан әрі - ДРП);
3) старт­тық дис­пет­чер­лік пункт (бұ­дан әрі - СДП);
4) мұ­на­ра дис­пет­чер­лік пунк­ті (бұ­дан әрі - ДМП);
5) ай­на­лу дис­пет­чер­лік пунк­ті (бұ­дан әрі - ДАП);
6) жа­қын­дау дис­пет­чер­лік пунк­ті (бұ­дан әрі - ДЖП);
7) жер­гі­лік­ті дис­пет­чер­лік пункт (бұ­дан әрі - ЖДП);
8) аудан­дық дис­пет­чер­лік пункт (ор­та­лық) (бұ­дан әрі - АДП неме­се АДО)
9) дис­пет­чер - нұс­қа­у­шы;
10) аға дис­пет­чер;
11) ұшу­лар бас­шы­сы;
12) әуе қоз­ға­лы­сын жос­пар­лау, ба­қы­лау және үй­ле­сті­ру дис­пет­че­рі (үшін­ші сы­нып­ты қол­да­ны­с­та­ғы ме­ди­ци­на­лық қо­ры­тын­ды та­лап етіл­мей­ді).
13) Әуе қоз­ға­лы­сын жос­пар­лау бас ор­та­лы­ғы ауы­сы­мы­ның ба­стығы (бұ­ан әрі – ӘҚЖ БО) (үшін­ші сы­нып­ты қол­да­ны­с­та­ғы ме­ди­ци­на­лық қо­ры­тын­ды та­лап етіл­мей­ді)
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
Кә­сі­би бі­лі­мі­нің және оқы­ту дең­гейі
Та­лап еті­ле­тін жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі
5
Жо­ға­ры кә­сі­би бі­лім неме­се
Ат­те­стат­тал­ған ӘҚҚ дис­пет­че­рі­нің ба­қы­ла­у­ын­да әуе қоз­ға­лы­сын прак­ти­ка­лық бас­қа­ру – 3 ай­дан кем емес
Ескертпе: ӘК – әуе кемесі.

3 КС бірліктерінің тізімі

"Әуе қоз­ға­лы­сы­на қыз­мет көр­се­ту"
кә­сі­би стан­дар­ты­на
3-қо­сым­ша
КС бірліктерінің тізімі
1-кесте

1 1. "Әуе қозғалысына қызмет көрсету бойынша диспетчер" еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі

Шиф­рі
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның (кә­сі­би стан­дарт бір­лі­гі­нің) ата­уы
Ф 1
Әуе қоз­ға­лы­сы­на қыз­мет көр­се­ту
Ескертпе: Ф – функция.

4 КС бірліктерінің сипаты

"Әуе қоз­ға­лы­сы­на қыз­мет көр­се­ту"
кә­сі­би стан­дар­ты­на
4-қо­сым­ша
КС бірліктерінің сипаты
1-кесте

1 1. "Әуе қозғалысына қызмет көрсету бойынша диспетчер" еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі

Шифр
Ең­бек затта­ры
Ең­бек құ­рал­да­ры
Мін­дет­тер
Ше­бер­лі­гі және дағ­ды­ла­ры
Бі­лі­мі
Ф1
Аэро­на­ви­га­ци­я­лық ақ­па­рат құ­жат­та­ры;
ме­тео­ақ­па­рат көр­се­ту құ­рал­да­ры, ұшу­лар­ды ме­тео­ро­ло­ги­я­лық қам­та­ма­сыз ету.
На­ви­га­ци­я­лық бай­ла­ныс құ­рал­да­ры, әуе ке­ме­сі­нің на­ви­га­ци­я­лық жүй­е­сі;
Ме­тео­ро­ло­ги­я­лық мә­лі­мет­тер.
М 1-1 Әуе қоз­ға­лы­сы­на қыз­мет көр­се­ту
Жұ­мыс тех­но­ло­ги­я­сы­на сәй­кес әуе қоз­ға­лы­сы­на қыз­мет көр­се­ту ма­шық­та­ры;
Әуе қоз­ға­лы­сы­на қыз­мет көр­се­ту ба­ры­сын­да­ғы ра­дио­ал­ма­су қа­ғи­да­ла­рын және фра­зео­ло­ги­я­сын бі­лу ма­шық­та­ры;
Әуе және ме­тео­ро­ло­ги­я­лық жағ­дай­ды тал­дау ма­шық­та­ры;
Жұ­мыс про­це­сін­де ұшу­ды және бай­ла­ныс жа­са­уды ра­дио­тех­ни­ка­лық қам­та­ма­сыз ету құ­рал­да­рын дұ­рыс пай­да­ла­ну ма­шық­та­ры;
Шек­тес дис­пет­чер­лік пункт­тер­мен, ӘК-де­гі ұшу­ды қам­та­ма­сыз ете­тін және ба­қы­лау жа­сай­тын қыз­мет­тер­мен өза­ра
"Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Әуе ке­ңі­сті­гін пай­да­ла­ну және авиа­ция қыз­ме­ті ту­ра­лы" Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­ның негіз­гі ере­же­ле­рін бі­лу: жал­пы ере­же­ле­рін бі­лу, әуе ке­ңі­сті­гін пай­да­ла­ну, ҚР авиа­ци­я­сы­ның құ­ра­мы, әу­е­ай­лақ­тар­дың жік­те­лі­мі, әуе ке­ме­ле­рі­нің жік­те­лі­мі, әуе қоз­ға­лы­сы; ҚР әуе ке­ңі­сті­гі­нің құ­ры­лы­мын бі­лу; әуе қоз­ға­лы­сы­на қыз­мет көр­се­ту; эше­лон­дау; әуе трас­са­ла­ры, жер­гі­лік­ті әуе же­лі­ле­рі әрі әуе трас­са­ла­ры­нан және жер­гі­лік­ті әуе же­лі­ле­рі­нен тыс марш­рут­тар бой­ын­ша ұшу қа­ғи­да­ла­рын бі­лу;
ҚР мем­ле­кет­тік ше­ка­ра­сы­нан ұшып өту, ше­ка­ра ма­ңын­да­ғы жо­лақ және он­да ұшу­ды орын­дау ерекше­лік­те­рін бі­лу;
ҚР әуе ке­ңі­сті­гін пай­да­ла­ну тәр­ті­бін сақ­та­у­ға ба­қы­лау жа­сау; әуе ке­ңі­сті­гін
әре­кет­те­су ма­шық­та­ры;
Әу­е­ай­лақ­та және(неме­се) жа­у­ап­кер­ші­лік ауда­нын­да апат­қа ұшы­ра­ған ӘК-іне кө­мек көр­се­ту­ге ар­нал­ған ти­іс­ті қыз­мет­тер­ге дер ке­зін­де ақ­па­рат бе­ру ма­шық­та­ры;
Ра­дио­те­ле­фон бай­ла­ны­сын­да қол­да­ны­ла­тын тіл­де ра­дио­бай­ла­ныс жа­сай бі­лу ашық­та­ры;
Ра­дио­те­ле­фон бай­ла­ны­сын­да қол­да­ны­ла­тын тiл­де шы­ға­ры­л­ған аэро­на­ви­га­ци­я­лық ақ­па­рат құ­жат­та­рын қол­да­на бi­лу ма­шық­та­ры.
пай­да­ла­ну­ға ұшу жос­пар­ла­ры мен өті­нім­дер, әуе ке­ме­ле­рі­нің қоз­ға­лы­ста­ры ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­лар бе­ру тәр­ті­бі; әуе ке­ңі­сті­гін пай­да­ла­ну­ға уа­қыт ре­жим­де­рі мен қы­сқа мер­зім­ді шек­те­улер­ді әзір­леу және ор­на­ту тәр­ті­бін бі­лу.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 2012 жыл­дың 18 қаң­тар­да­ғы № 103 "Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы әуе ке­ңі­сті­гін­де­гі ұшу­лар­дың негіз­гі ере­же­ле­рін бе­кі­ту ту­ра­лы" Қа­улы­сын бі­лу; ұшу ере­же­ле­рі: анық­та­уы­штар; жал­пы ере­же­лер; әуе ке­ме­ле­рі­нің ұшуын қам­та­ма­сыз ету; әуе ке­ме­ле­рі­нің ұшу­ла­ры (негіз­гі та­лап­тар, ұшу­ды орын­дау, ерекше жағ­дай­лар­да ұшу­лар, ұшу­да­ғы ерекше жағ­дай­лар); із­де­сті­ру және құт­қа­ру; апат және шұ­ғыл­дық сиг­нал­да­ры­ның тiз­бесi; апат ту­ра­лы сиг­нал­ды және ха­бар­ла­ма­ны бе­ру тәр­ті­бі; аза­мат­тық әуе ке­ме­ле­рін ұстау.
ӘҚҚ-ге бай­ла­ны­сты авиа­ци­я­лық оқи­ға­лар: се­беп сал­да­ры, авиа­ци­я­лық оқи­ға­лар­ды зерт­теу қо­ры­тын­ды­ла­ры бой­ын­ша кем­шiлiк­тер мен ұсы­ным­дар;
авиа­ци­я­лық оқи­ға­лар ту­ра­лы жал­пы ӘҚҚ-ға қа­ты­сты бө­лі­гін­де ұшу­ды ере­же­лер, анық­та­ма­лар, сы­нып­та­ма­лар мен ха­бар­лан­ды­ру­лар. Әуе қоз­ға­лы­сын ұй­ым­да­сты­ру және оған қыз­мет көр­се­ту
Ұшу­ды орын­да­уды рет­тей­тін нор­ма­тив­тiк-құқық­тық ак­тiлер; анық­та­ма­лар мен жал­пы ере­же­лер; әуе қоз­ға­лы­сы­на қыз­мет көр­се­ту қыз­метi және оның жұ­мысын ұй­ым­да­сты­ру; әуе кеңiстi­гiн ұй­ым­да­сты­ру; әуе қоз­ға­лы­сы­на қыз­мет көр­се­тудi ұй­ым­да­сты­ру; әуе қоз­ға­лы­сын жос­пар­лау және ағын­да­рын ұй­ым­да­сты­ру; әуе қоз­ға­лы­сы­на қыз­мет көр­се­ту; ұшу-ақ­па­рат­тық қыз­мет көр­се­ту; ава­ри­я­лық ха­бар­лау қыз­метi; ба­қы­лау негiзiн­де қыз­мет көр­се­ту; әуе қоз­ға­лы­сы­на қыз­мет көр­се­ту дис­пет­черiнiң жұ­мыс тех­но­ло­ги­я­сы (ке­зек­шiлiк­ке дай­ын­да­лу және ке­зек­шiлiк­тi қа­был­дап алу;
әуе қоз­ға­лы­сы­на қыз­мет көр­се­тудi бе­ру ме­же­лерi; ерекше жағ­дай­лар­да және ұшу­да­ғы ерекше оқи­ға­лар­да ұшу ба­ры­сын­да әуе қоз­ға­лы­сы­на қыз­мет көр­се­ту).
Ұшу­ды орын­дау және әуе қоз­ға­лы­сы­на қыз­мет көр­се­ту кезiн­де ра­дио­ал­ма­су фра­зео­ло­ги­я­сы­ның қа­ғи­да­ла­ры: ра­дио­ал­ма­су­дың жал­пы қа­ғи­да­ла­ры;
ра­дио­ха­бар та­ра­ту кезiн­де қол­да­ны­ла­тын ра­дио­ал­ма­су фра­зео­ло­ги­я­сы;
Ава­ри­я­лық және шұ­ғыл бай­ла­ныс қа­ғи­да­ла­ры; әуе қоз­ға­лы­сы­на қыз­мет
Көр­се­ту­дің дис­пет­чер­лік пункт­те­рі ара­сын­да ақ­па­рат­пен ал­ма­су.
Авиа­ци­я­лық ме­тео­ро­ло­гия: авиа­ци­я­лық ме­тео­ро­ло­ги­я­ның негiз­гi тео­ри­я­лық мә­се­ле­лерi; авиа­ци­я­ны ме­тео­ро­ло­ги­я­лық қам­та­ма­сыз етудi ре­гла­мент­тей­тiн құ­жат­тар­дың негiз­гi ере­же­лерi; ме­тео­ро­ло­ги­я­лық бай­қа­у­лар мен жиын­тық­тар; әуе ке­ме­лерiнiң бор­ты­нан бай­қау және ха­бар­лау; ауа райы бо­лжам­да­ры; қа­уiп­тi ме­тео­ро­ло­ги­я­лық жағ­дай­лар мен ауа-райы құ­бы­лы­ста­ры ту­ра­лы ес­кер­ту­лер; ауа рай­ы­ның авиа­ци­я­лық кар­та­ла­ры; әу­еде­гi ӘК эки­паж­да­рын ме­тео­ақ­па­рат­пен қам­та­ма­сыз ету. Қол­да­ны­ла­тын ұшу­ды ра­дио­тех­ни­ка­лық қам­та­ма­сыз ету және авиа­ци­я­лық электр бай­ла­ныс құ­рал­да­ры: ра­дио­ло­ка­ци­я­лық, ра­ди­о­на­ви­га­ци­я­лық жаб­дық­тар­дың және авиа­ци­я­лық электр бай­ла­ныс құ­рал­да­ры­ның так­ти­ка­лық-тех­ни­ка­лық си­патта­ма­ла­ры; ра­дио­ло­ка­ци­я­лық, ра­ди­о­на­ви­га­ци­я­лық жаб­дық­тар­ды ор­на­ла­сты­ру және олар­дың жұ­мыс iстеу прин­ци­пі. Адам­ның әуе қоз­ға­лы­сы­на қыз­мет көр­се­ту­ге қа­ты­сты мүм­кiн­дiк­терi мен шек­те­улерi: адам фак­то­ры­ның ӘҚҚ кезiн­де­гi ық­па­лы
Қа­уіп­тер мен қа­те­лер­ді ба­қы­лау прин­ципте­рі, әуе қоз­ға­лы­сын бас­қа­ру дис­пет­че­рі­нің әсе­рі­нен туын­дай­тын қа­уіп-қа­тер­лер; Кү­ті­ле­тін неме­се ке­нет қа­уіп-қа­тер­лер;
Аэро­ди­на­ми­ка негiз­дерi, ӘК-нiң ұшу-тех­ни­ка­лық си­патта­ма­ла­ры: ӘК-нiң негiз­гi гео­мет­ри­я­лық көр­сет­кi­ш­терi; ӘК-нiң негiз­гi аэро­ди­на­ми­ка­лық си­патта­ма­ла­рын бі­лу; ӘК қа­на­тын ме­ха­ни­ка­лан­ды­ру; ат­мо­сфе­ра­да­ғы жағ­дай­лар­дың ӘК-нiң аэро­ди­на­ми­ка­лық си­патта­ма­ла­ры­на әсерi.
Әу­е­ай­лақ­тың бас жос­па­ры, фи­зи­ка­лық си­патта­ма­ла­ры; әуе кеңiстi­гiнiң құ­ры­лы­мы; қол­да­ны­ла­тын қа­ғи­да­лар, рә­сім­дер және ақ­па­рат көз­дерi;
аэро­на­ви­га­ци­я­лық құ­рал­дар; ұшу­ды ра­дио­тех­ни­ка­лық қам­та­ма­сыз ету және бай­ла­ныс құ­рал­да­ры және олар­ды қол­да­ну; жер­гiлiк­тi жер бе­дерi және жер­де­гi си­патты бағ­дар­лар; әуе қоз­ға­лы­сы­ның си­патты ерекшелiк­терi; ерекше жағ­дай­лар және ұшу­да­ғы жағ­дай­лар; ава­ри­я­лық жағ­дай­да­ғы және iз­де­стi­ру-құт­қа­ру опе­ра­ци­я­ла­рын­да­ғы iс-қи­мыл­дар жос­па­рын бі­лу
Ескертпе: М – міндет.

5 Келісу парағы

"Әуе қоз­ға­лы­сы­на қыз­мет көр­се­ту"
кә­сі­би стан­дар­ты­на
5-қо­сым­ша
Келісу парағы
Ұй­ым ата­уы
Ке­лі­су кү­ні
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стр­лі­гі
Кәсіби стандартты тіркеу парағы
Осы кәсіби стандарт _______________________________________
_______________________________________________________ тіркелді.
Кәсіби стандарттарды тіркеу тізіліміне енгізілді, тіркеу № ______
Хат (хаттама) № ___________ Мерзімі __________________

Қолданыстағы