Құжат мәтініне өту

Об утверждении профессионального стандарта "Организация движения поездов"

Бұйрық · № 953 · қабылданған 28.11.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-77125/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении профессионального стандарта "Организация движения поездов" Күшін жойған Бұйрық ·№ 953 ·28.11.2013
25.02.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении профессионального стандарта "Организация движения поездов"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 953 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении профессионального стандарта "Организация движения поездов"
Атауы (қаз.)
"Поездар қозғалысын ұйымдастыру" кәсіби стандартын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
953
Қабылданған күні
28.11.2013
Көрсетілген редакция
25.02.2016 AI77125_2.kaz
Соңғы өзгеріс
25.02.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008999
ЭКБ идентификаторы
77125
Редакция идентификаторы
AI77125_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:47

0 "Поездар қозғалысын ұйымдастыру" кәсіби стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қоса беріліп отырған «Поездар қозғалысын ұйымдастыру» кәсіби стандарты бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Кадр және әкімшілік жұмыс департаменті (Е.Е. Хасенов):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, бұқаралық ақпараттар құралдарында ресми жариялануын, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік органдарының интранет-порталы орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
міндетін атқарушы
_____________ Қ. Әбсаттаров
2013 жылғы 4 қараша

8 «Поездар қозғалысын ұйымдастыру» кәсіби стандарты

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2013 жылғы 28 қарашадағы
№ 953 бұйрығымен бекітілген
«Поездар қозғалысын ұйымдастыру» кәсіби стандарты

1 1. Жалпы бөлім

1 1. «Поездар қозғалысын ұйымдастыру» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) «Теміржол локомотивтері мен жылжымалы құрам өндірісі» кәсіби қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды және:

1 1) еңбек саласы мен кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеуге;

2 2) даярлау, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу талаптарын регламенттеуге;

3 3) персоналды аттестаттау және сертификаттау кезінде жұмысшылардың құзыреттерін бағалау талаптарын регламенттеуге арналған.

2 2. КС негізгі пайдаланушылары:

1 1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;

2 2) ұйымдардың басшылары, ұйымдардың персоналын басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;

3 3) білім берудің мемлекеттік бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;

4 4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар болып табылады.

3 3. КС негізінде біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтар, ұйымдардың үлгілік оқыту бағдарламалары, үлгілік оқыту жоспарлары, ұжымдық стандарттар әзірленеді.

4 4. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1 1) біліктілік – қызметкердің еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;

2 2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметтерінің стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі параметрлері бойынша жүктелетін қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;

3 3) еңбек заттары – белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталған зат;

4 4) еңбек құралдары – жұмысшының еңбек заттарын бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдар;

5 5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажетті құзыреттіктердің тұтас жиынымен құралған кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі;

6 6) еңбек функциясы – бизнес-үдеріспен анықталатын және оларды орындауға қажетті құзыреттердің болуын болжамайтын еңбек қызметінің біріктірілген және дербес жиынтығын көрсететін еңбек қызметі түрлерінің бір бөлігі;

7 7) кәсіби қызмет саласы – жалпы интеграциялық негізі (міндеті, нысандары, технологиялары, соның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттіліктерінің болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;

8 8) кәсіби стандарттың бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, қатысымды дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасы тұратын кәсіби стандарттың құрылымдық элементі;

9 9) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;

10 10) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі және тәжірибесін қолдану қабілеті;

11 11) лауазым – лауазымдық уәкілеттіктер және лауазымдық міндеттер шеңберін жүктейтін жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;

12 12) міндет – нақты бір еңбек заттары мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;

13 13) сала – өндіретін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс жасаушылардың кәсіби біліктері ортақ ұйымдар жиынтығы;

14 14) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

15 15) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

16 16) функционалдық карта – сол немесе өзге де кәсіби қызмет саласы шеңберінде белгілі бір қызмет түрін орындайтын жұмысшының еңбек функциялары мен міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы.

2 2. КС паспорты

5 5. КС паспорты мынаны анықтайды:

1 1) экономикалық қызмет түрі (кәсіптік қызмет саласы):

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (бұдан әрі - 03-2007 ҚР МЖ) «30.2 Теміржол локомотивтері мен жылжымалы құрам өндірісі»;

2 2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіптік қызмет саласының) негізгі мақсаты:

поездар қозғалысын ұйымдастыру;

3 3) осы КС 1-қосымшасына сәйкес біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері.

3 3. Еңбек қызметі түрлерінің (кәсіптің) карточкалары

1 1-параграф «Поезд диспетчері»

6 6. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:

1 1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5, СБШ бойынша – 5;

2 2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 3146 «Диспетчерлер (авиациялықтан басқа)»;

3 3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: поезд диспетчері;

4 4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - вагон және локомотив паркінде құралдарды тиімді пайдаланып поезд қозғалысының қауіпсіздігін және кесте бойынша орындау;

5

5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Поезд диспетчерінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 1-кестесінде келтірілген.

2 2-параграф «Локомотив диспетчері»

7 7. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:

1 1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5, СБШ бойынша – 5;

2 2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 3146 «Диспетчерлер (авиациялықтан басқа)»;

3 3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: локомотив диспетчері;

4 4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - тағайындалған нормативтер бойынша локомотивтердің үздіксіз жұмысы үшін және жүк поездының орташа салмағы, локомотивтердің орташа тәуліктік жүрісі, орташа тәуліктік өндірімділігі бойынша тапсырмалардың орындалуына жағдай жасау;

5

5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Локомотив диспетчерінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 2-кестесінде келтірілген.

3 3-параграф «Вагон бөлуші диспетчер»

8 8. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:

1 1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5, СБШ бойынша – 5;

2 2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 3146 «Диспетчерлер (авиациялықтан басқа)»;

3 3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: вагон бөлуші диспетчер;

4

4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - поездарды құру жоспары мен қозғалыс сызбасын, станцияның ағымдағы жұмыс жоспарымен сәйкес бос вагондарды жібере отырып реттеу тапсырмаларын орындау, жергілікті вагондарды тазалау және беру, құрамдарды бөлшектеу – жинау арқылы жұмыстарын тікелей басшылық ету және ұйымдастыру, жоспарлау;

5

5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Вагон бөлуші диспетчердің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 3-кестесінде келтірілген.

4 4-параграф «Теміржол бөлімшесі бойынша кезекші»

9 9. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:

1 1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5, СБШ бойынша – 5;

2 2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 3146 «Диспетчерлер (авиациялықтан басқа)»;

3 3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: бөлімше бойынша кезекші;

4 4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - поездық жұмыста пайда болған қиыншылықтарда поезд диспетчерлеріне практикалық көмек көрсету, поездарды жеткізуге қатысушы диспетчерлердің байланысты жұмыстарын біріктіру;

5

5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Бөлімше бойынша кезекшінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 4-кестесінде келтірілген.

5 5-параграф «Бағыт бойынша аға диспетчер»

10 10. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:

1 1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5, СБШ бойынша – 5;

2 2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 3146 «Диспетчерлер (авиациялықтан басқа)»;

3 3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: бағыт бойынша аға диспетчер;

4 4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - поездарды қалыптастыру жоспарын бақылау, орындалған қозғалыстың кестесінде көрінетіндей поездарды өткізу, поезді жағдайды бақылау, вагон ағындардың орнатылған бағыты тәртіп бойынша орындау, жергілікті және транзиттік жүктің берілуін бақылау;

5

5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Бағыт бойынша аға диспетчердің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 5-кестесінде келтірілген.

4 4. КС бірліктерінің тізімі

11 11. КС бірліктерінің тізімі осы КС 3-қосымшасының 1-5-кестелерінде келтірілген және шифр мен КС бірліктері атауларынан тұрады.

5 5. КС бірліктерінің сипаттамасы

12 12. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасының 1-5-кестелерінде келтірілген.

6 6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері

13 13. Осы КС негізінде мамандардың кәсіптік дайындығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен сертификаттар беріледі.

14 14. Осы КС негізінде берілетін сертификаттың түрлері сертификат алу үшін игеру қажет болатын осы КС 3-қосымшасында көзделген КС бірліктерінің тізіміне сәйкес анықталады.

7 7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркелуі

15 15. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі болып табылады.

16 16. КС келісу парағы осы КС 5-қосымшасында келтірілген.

88 Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері

«Поездар қозғалысын ұйымдастыру»
кәсіби стандартына
1-қосымша
Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері
№ р/с
Қыз­мет тү­рі­нің ата­уы
Ең­бек на­ры­ғы­ның үр­ді­сі ес­ке­рі­л­ген кә­сіп ата­уы
ҚР МЖ 01-2005 сәй­кес кә­сіп ата­уы
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гей­ле­рі
БТ­БА бой­ын­ша раз­ря­ды
1
Ва­гон және ло­ко­мо­тив пар­кін­де құ­рал­да­рын ти­ім­ді пай­да­ла­нып по­езд қоз­ға­лы­сы­ның қа­уіп­сіз­ді­гі және кесте бой­ын­ша орын­да­луын қам­та­ма­сыз ету
По­езд дис­пет­че­рі
По­езд дис­пет­че­рі
5
-
2
Та­ғай­ын­дал­ған нор­ма­тив­тер бой­ын­ша ло­ко­мо­тив­тер­дің үз­дік­сіз жұ­мысы үшін және жүк по­е­зі­нің ор­та­ша сал­ма­ғы, ло­ко­мо­тив­тер­дің ор­та­ша тәу­лік­тік жү­рі­сі,ор­та­ша тәу­лік­тік өн­ді­рім­ді­лі­гі бой­ын­ша тап­сыр­ма­лар­дың орын­да­луын қам­та­ма­сыз ету
Ло­ко­мо­тив дис­пет­че­рі
Ло­ко­мо­тив дис­пет­че­рі (аға дис­пет­че­рін қо­са ал­ған­да)
5
-
3
По­ез­дар­ды құ­ру жос­па­ры мен қоз­ға­лыс сыз­ба­сын, стан­ци­я­ның ағым­да­ғы жұ­мыс пла­ны­мен сәй­кес бос ва­гон­дар­ды жі­бе­ре оты­рып рет­теу тап­сыр­ма­ла­рын орын­дау,.жер­гі­лік­ті ва­гон­дар­ды та­за­лау және бе­ру, құ­рам­дар­ды бөл­шек­теу – жи­нау ар­қы­лы жұ­мыста­рын ті­ке­лей бас­шы­лық ету және ұй­ым­да­сты­ру, жос­пар­лау
Ва­гон­бө­лу­ші дис­пет­чер
Ва­гон пар­кін рет­те­у­ші дис­пет­чер
5
-
4
По­ез­дық жұ­мыста пай­да болған қиын­шы­лық­тар­да по­езд дис­пет­чер­ле­ріне прак­ти­ка­лық кө­мек көр­се­ту, по­ез­дар­ды жет­кізу­ге қа­ты­су­шы дис­пет­чер­лер­дің бай­ла­ны­сты жұ­мыста­рын бі­рік­ті­ру
Бө­лім­ше бой­ын­ша ке­зек­ші
Та­сы­мал­дау бө­лі­мі бой­ын­ша ке­зек­ші
5
-
5
По­ез­дар­ды қа­лып­та­сты­ру жос­па­рын ба­қы­лау, орын­дал­ған қоз­ға­лы­стың кесте­сін­де кө­рі­не­т­ін­дей по­ез­дар­ды өт­кі­зу, по­ез­дік жағ­дай­ды ба­қы­лау, ва­гон ағын­дар­дың ор­на­ты­л­ған ба­ғы­ты тәр­тіп бой­ын­ша орын­дау, жер­гі­лік­ті және тран­зит­тік жүк­тің бе­рі­лу­ін ба­қы­лау
Ба­ғыт бой­ын­ша аға дис­пет­чер
Дис­пет­чер
5
-
Ескертпе: БТБА – Қазақстан Республикасы жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы.

89 «Поездар қозғалысын ұйымдастыру»

кәсіби стандартына
2-қосымша
1-кесте

1 1. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Поезд диспетчерінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кә­сі­бі бой­ын­ша ық­ти­мал жұ­мыс орын­да­ры (ұй­ым­дар)
Те­мір­жол стан­ци­я­ла­ры және кір­ме жол­дар
Зи­ян­ды және қа­уіп­ті ең­бек жағ­дай­ла­ры
Мүм­кін зи­ян­ды жағ­дай­лар – шу­дың жо­ға­ры дең­гейі
Жұ­мысқа рұқ­сат бе­ру­дің ерекше жағ­дай­ла­ры
Ме­ди­ци­на­лық шек­те­улер: Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Заң­на­ма­сы бой­ын­ша
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
Кә­сі­би бі­лі­мі мен оқу дең­гейі
Та­лап еті­ле­тін жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі
5
Қо­сым­ша кә­сіп­тік дай­ын­дық­ты тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік бі­лім
По­езд қоз­ға­лы­сы­мен бай­ла­ны­сты ла­у­а­зым­да­ғы жұ­мыс өті­лі 3 жыл­дан кем емес
Жо­ға­ры кә­сіп­тік және тех­ни­ка­лық бі­лім
Жұ­мыс өті­ліне та­лап қой­ыл­май­ды
2-кесте

2 2. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Локомотив диспетчерінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кә­сі­бі бой­ын­ша ық­ти­мал жұ­мыс орын­да­ры (ұй­ым­дар)
Те­мір­жол стан­ци­я­ла­ры, ло­ко­мо­тив­ті де­по­лар
Зи­ян­ды және қа­уіп­ті ең­бек жағ­дай­ла­ры
-
Жұ­мысқа рұқ­сат бе­ру­дің ерекше жағ­дай­ла­ры
Ме­ди­ци­на­лық шек­те­улер: Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Заң­на­ма­сы бой­ын­ша
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
Кә­сі­би бі­лі­мі мен оқу дең­гейі
Та­лап еті­ле­тін жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі
5
Жо­ға­ры кә­сіп­тік тех­ни­ка­лық бі­лім
Те­мір­жол кө­лі­гін­де та­сы­мал-да­уды ұй­ым­да­сты­ру­мен бай­ла­ны­сты ла­у­а­зым­да­ғы жұ­мыс өті­лі 1 жыл­дан кем емес
3-кесте

3 3. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Вагон бөлуші-диспетчердің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кә­сі­бі бой­ын­ша ық­ти­мал жұ­мыс орын­да­ры (ұй­ым­дар)
Те­мір­жол стан­ци­я­ла­ры және кір­ме жол­дар.
Зи­ян­ды және қа­уіп­ті ең­бек жағ­дай­ла­ры
-
Жұ­мысқа рұқ­сат бе­ру­дің ерекше жағ­дай­ла­ры
Ме­ди­ци­на­лық шек­те­улер: Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Заң­на­ма­сы бой­ын­ша
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
Кә­сі­би бі­лі­мі мен оқу дең­гейі
Та­лап еті­ле­тін жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі
5
Қо­сым­ша кә­сіп­тік дай­ын­дық­ты тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік бі­лім, прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе
Те­мір­жол кө­лі­гін­де та­сы­мал-да­уды ұй­ым­да­сты­ру­мен бай­ла­ны­сты ла­у­а­зым­да­ғы жұ­мыс өті­лі ке­мін­де 3 жыл
Жо­ға­ры кә­сіп­тік тех­ни­ка­лық бі­лім
Жұ­мыс өті­ліне та­лап қой­ыл­май­ды
4-кесте

4 4. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Бөлімше бойынша кезекшінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кә­сі­бі бой­ын­ша ық­ти­мал жұ­мыс орын­да­ры (ұй­ым­дар)
Та­сы­мал­дау бө­лім­де­рі
Зи­ян­ды және қа­уіп­ті ең­бек жағ­дай­ла­ры
Мүм­кін зи­ян­ды жағ­дай­лар – шу­дың жо­ға­ры дең­гейі, виб­ра­ци­я­ның жо­ға­ры дең­гейі.
Жұ­мысқа рұқ­сат бе­ру­дің ерекше жағ­дай­ла­ры
Ме­ди­ци­на­лық шек­те­улер: Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Заң­на­ма­сы бой­ын­ша
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
Кә­сі­би бі­лі­мі мен оқу дең­гейі
Та­лап еті­ле­тін жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі
5
Қо­сым­ша кә­сіп­тік дай­ын­дық­ты тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік бі­лім
Те­мір­жол кө­лі­гін­де та­сы­мал-да­уды ұй­ым­да­сты­ру­мен бай­ла­ны­сты ла­у­а­зым­да­ғы жұ­мыс өті­лі 5 жыл­дан кем емес
Жо­ға­ры кә­сіп­тік бі­лім
Жұ­мыс өті­ліне та­лап қой­ыл­май­ды
5-кесте

5 5. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Бағыт бойынша аға диспетчердің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кә­сі­бі бой­ын­ша ық­ти­мал жұ­мыс орын­да­ры (ұй­ым­дар)
Те­мір­жол стан­ци­я­ла­ры
Зи­ян­ды және қа­уіп­ті ең­бек жағ­дай­ла­ры
-
Жұ­мысқа рұқ­сат бе­ру­дің ерекше жағ­дай­ла­ры
Ме­ди­ци­на­лық шек­те­улер: Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Заң­на­ма­сы бой­ын­ша
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
Кә­сі­би бі­лі­мі мен оқу дең­гейі
Та­лап еті­ле­тін жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі
5
Қо­сым­ша кә­сіп­тік дай­ын­дық­ты тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік бі­лім
Ма­ман­дық бой­ын­ша жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі неме­се нақ­ты ла­у­а­зым­да­ғы жұ­мыс өті­лі 3 жыл­дан кем емес
Жұ­мыс өті­ліне та­лап қой­ыл­май­ды
Жұ­мыс өті­ліне та­лап қой­ыл­май­ды

95 КС бірліктерінің тізімі

«Поездар қозғалысын ұйымдастыру»
кәсіби стандартына
3-қосымша
КС бірліктерінің тізімі
1-кесте

1 1. «Поезд диспетчерінің» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі

Шифр
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның (кә­сі­би стан­дарт бір­лі­гі­нің) ата­уы
1 Ф
Дис­пет­чер­лік қыз­мет көр­се­ту бө­лім­ше­сін­де по­ез­дар қоз­ға­лы­сын бас­қа­ру
2 Ф
Дис­пет­чер­лік бө­лім­ше­сін­де­гі бі­рың­ғай ауы­сым­ның жұ­мысын есеп­теу
3 Ф
По­ез­дар қоз­ға­лы­сы­ның сыз­ба­сын жүр­гі­зу және бас­қа да бе­кі­ті­л­ген құ­жат­тар­ды, есеп қи­сап
2-кесте

2 2. «Локомотив диспетчерінің» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі

Шифр
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның (кә­сі­би стан­дарт бір­лі­гі­нің) ата­уы
1 Ф
По­ез­дар­ды уақ­ты­лы ло­ко­мо­тив­тер­мен және ло­ко­мо­тив­ті бри­га­да­лар­мен қам­та­ма­сыз ету үшін ло­ко­мо­тив пар­кі­ле­рін пай­да­ла­ну­ға дай­ын­дық
2 Ф
Бө­лім­ше ше­ка­ра­ла­ры­на жү­гін­ген ло­ко­мо­тив­тер­ді пай­да­ла­нуын тек­се­ру
3 Ф
Есеп қи­сап жүр­гі­зу және ке­зек­ші­лік­ті тап­сы­ру­ға дай­ын­дық
3-кесте

3 3. «Вагон бөлуші-диспетчердің» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі

Шифр
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның (кә­сі­би стан­дарт бір­лі­гі­нің) ата­уы
1 Ф
Ва­гон­дар­дың ти­еу және тү­сі­ру жос­па­ры бой­ын­ша орын­да­луын қам­та­ма­сыз ету
2 Ф
Ба­ғыт­тар­ды қа­лып­та­сты­ру, жүк жұ­мысы бой­ын­ша есеп-қи­сап жүр­гі­зу
4-кесте

4 4. «Бөлімше бойынша кезекшінің» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі

Шифр
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның (кә­сі­би стан­дарт бір­лі­гі­нің) ата­уы
1 Ф
Та­сы­мал­дау бө­лі­мін­де­гі бі­рың­ғай ауы­сым жұ­мысын бас­қа­ру
2 Ф
Бө­лім­де­гі жүк және по­ез­дік жұ­мыстар­ды жос­пар­лау
3 Ф
Бө­лім­де­гі орын­дал­ған жұ­мыс қо­ры­тын­ды­ла­ры­на тал­дау
5-кесте

5 5. «Бағыт бойынша аға диспетчердің» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі

Шифр
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның (кә­сі­би стан­дарт бір­лі­гі­нің) ата­уы
1 Ф
Тәу­лік­тік-ауы­сым­ды жұ­мыс жос­па­ры тап­сыр­ма­ла­ры­ның орын­да­луын ба­қы­лау
2 Ф
По­ез қоз­ға­лы­сы­ның және кесте­ні орын­дау жұ­мыста­рын бас­шы­лық ету
Ескертпе: Ф – функция.

101 КС бірліктерінің сипаттамасы

«Поездар қозғалысын ұйымдастыру»
кәсіби стандартына
4-қосымша
КС бірліктерінің сипаттамасы
1-кесте

1 1. СБШ 5-деңгейіндегі «Поезд диспетчері» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі

Шифр
Ең­бек затта­ры
Ең­бек құ­рал­да­ры
Мін­дет­тер
Ше­бер­лі­гі және дағ­ды­ла­ры
Бі­лі­мі
1 Ф
Жы­л­жы­ма­лы құ­рам, сиг­нал бе­ру, шо­ғыр­лан­ды­ру және бло­ка­да­лау құ­ры­л­ғы­ла­ры, те­мір­жол жол­да­ры
Ра­дио­стан­ция, да­уыс зо­райт­қы­шы бар бай­ла­ныс жүй­е­сі, дис­пет­чер­лік бай­ла­ны­стың құ­ры­л­ғы­ла­ры және СС­БАЖ-нің жағ­дай­ын­да­ғы мик­ро­про­цес­сор­лық ап­па­ра­ту­ра­сы
1-1 М Ва­гон және ло­ко­мо­тив пар­кін­де құ­рал­да­рын ти­ім­ді пай­да­ла­нып по­ез қоз­ға­лы­сы­ның қа­уіп­сіз­ді­гі және кесте бой­ын­ша орын­да­луын қам­та­ма­сыз ету
По­езд қоз­ға­лы­сы кесте­сі­нің орын­да­луын қам­та­ма­сыз ету қыз­ме­тін ба­қы­лау және тү­зе­ту. Дис­пет­чер­лік қыз­мет көр­се­ту бө­лім­ше­де­гі тех­ни­ка­лық құ­ры­л­ғы­лар­ды қол­да­ну­ды тал­дау дағдысы
Те­мір­жол ту­ра­лы қа­улы­сы бой­ын­ша тех­ни­ка­лық те­мір жол­ды пай­да­ла­ну тә­сіл­де­рі, прин­циптер және жа­қын­да­у­лар, сиг­нал бе­ру, жол жұ­мыста­ры ке­зін­де по­ез қоз­ға­лы­сы­ның қа­уіп­сіз­ді­гін қам­та­ма­сыз ету, ма­невр­лік жұ­мыс және по­ез қоз­ға­лы­сы ту­ра­лы та­лап­тар. ту­ра­лы бі­лім
1-2 М Ке­ші­гіп жүр­ген жо­ла­у­шы­лар және бас­қа по­ез­дар­ды кесте­ге кір­гі­зу, по­ез­дар өт­кі­зу­ді ұй­ым­да­сты­ру және жос­пар құ­ру,бө­лім­ше­де­гі ор­нын бо­лжау және ба­ға­лау
По­ез­дар­ды өт­кі­зу ту­ра­лы жос­пар­лау және ұй­ым­да­сты­ру дағ­ды­ла­ры,жо­ла­у­шы­лар және т.б. ке­ші­гіп ке­ле жа­тқан, бас­қа да по­ез­дар­ды кесте­ге жа­зу бой­ын­ша ше­шім қа­был­дау және жағ­дай жа­сау, дағ­ды­лар мен бі­лім же­тіс­пе­у­ші­лі­гін өзін­дік тал­дау нәти­же­сі
Жа­қын­да­у­лар,прин­циптер, және қоз­ға­лыс гра­фик­те­рі-мен жұ­мыс іс­теу тә­сіл­де­рі, по­ез­дар­ды қа­лып­та­сты­ру жос­па­ры, тех­но­ло­ги­я­лық про­цес­спен стан­ция жұ­мысы және тех­ни­ка­лық бө­лін­ген акт ту­ра­лы бі­лім
2 Ф
Жы­л­жы­ма­лы құ­рам, ай­дау, СОБ және бай­ла­ныс құ­ры­л­ғы­ла­ры
По­езд дис­пет­че­рі­нің дис­пет­чер­лік бай­ла­ныс құ­рал­да­ры­мен және ра­дио­бай­ла­ныс ар­қы­лы бар­лық ке­ліс сө­зде­рі, ма­невр­лік және по­ез­дық жұ­мысын орын­да­ған­да құ­жат­тал­ған және тір­кел­ген ке­ліс­сө­здер жүй­е­сі­мен қа­да­ға­ла­ну ке­рек
2-1 М По­ез­дар­дың ара­лық­тар­да­ғы марш­ру­тын ба­қы­лау, по­ез­дар­ды уақ­ты­лы ат­та­ныс, өт­кі­зу және қа­был­дау, әсі­ре­се СОБ және бай­ла­ныс құ­ры­л­ғы­ла­ры­ның тәу­ір жұ­мысын­да бұ­зу­шы­лық­тар болған­да, озу­лар және то­ғы­су­лар­да жо­ла­у­шы­лар, ұзын құ­рам­ды, ауыр сал­мақ­ты, дә­ре­же­лі және өл­шем­ді емес жүк­пен по­ез­дар және бас­қа по­ез­дар
Стан­ци­яда по­ез­дар­ды уа­қы­ты­лы қа­был­дау, жө­нел­ту және өт­кі­зу­дің жү­зе­ге асы­ры­луы­на жағ­дай жа­сау және ше­шім­дер қа­был­дау, қыз­мет нәти­же­сін ба­ға­лау
Жа­қын­да­у­лар, прин­циптер және бө­лім­ше­де­гі стан­ция жұ­мысы­на тех­но­ло­ги­я­лық про­цес­стер­ді қол­да­ну тә­сіл­де­рі, жүк­тер­ді та­сы­мал­дау, схе­ма­лар­ды, жол пі­ші­ні ту­ра­лы бі­лім
2-2 М Дис­пет­чер­лік бө­лім­ше­де­гі бі­рың­ғай ауы­сым­ның жұ­мысын бас­қа­ру
Дис­пет­чер­лік бө­лім­ше­де­гі бі­рың­ғай ауы­сым­ның жұ­мысын бас­қа­ру дағ­ды­ла­ры
Жа­қын­да­у­лар, прин­циптер және бұй­рық­тар­ды қол­да­ну тә­сіл­де­рі, өкім­дер және бас­қа бас­қа­ру нұс­қа­у­ла­рын әді­сте­ме­лік, нор­ма­тив­тік және бас­қа же­тек­ші ма­те­ри­ал­дар ту­ра­лы бі­лім
2-3 М Ма­невр­лік жы­л­жы­ту­лар дис­пет­чер­лік ор­та­лық­пен жаб­дық­тал­ған бө­лім­ше­лер­де­гі және по­ез­дар­дың марш­ру­тын дай­ын­дау, қа­был­дау, ат­тан­ды­ру, өт­кі­зу, опе­ра­ци­я­ла­рын, по­ез­дар­ды қа­лып­та­сты­ру және ке­ту­ін, қа­был­да­уын, ва­гон­дар­ды ти­еу және тү­сі­ру тап­сыр­ма­ла­ры­ның орын­да­луын қа­да­ға­лап, бе­кет­тер­де­гі жұ­мысы­ның есе­бі
Стан­ци­я­ның ба­қы­лау жұ­мысы­ның прак­ти­ка­лық дағ­ды­ла­ры. Қа­был­дау ба­ғыт­та­рын дай­ын­да­у­ға бай­ла­ны­сты тап­сы­ры­л­ған тап­сыр­ма­лар опе­ра­ци­я­сын жү­зе­ге асы­ру, ат­тан­ды­ру, по­ез­дар­дың рұқ­са­ты және қоз­ға­лыс учас­ке­сін­де ма­невр­лік қоз­ға­лыс, жаб­дық­тал­ған дис­пет­чер­лік ор­та­лық­тан­ды­ру жұ­мыста­рын ба­қы­лау және тү­зе­ту
Жа­қын­да­у­лар, прин­циптер және те­мір­жол­дар­ды тех­ни­ка­лық пай­да­ла­ну, по­ез қоз­ға­лы­сы ту­ра­лы нұс­қа­у­лар және ма­невр­лік жұ­мыстар, бө­лім­ше­де­гі стан­ция жұ­мысы­на тех­но­ло­ги­я­лық про­цес­стер, дис­пет­чер­лік ор­та­лық­тан­ды­ру құ­ры­л­ғы­ла­ры­ның жұ­мысы ту­ра­лы бі­лім
3 Ф
Жы­л­жы­ма­лы құ­рам,тех­ни­ка­лық құ­ры­л­ғы­лар және жаб­дық­тар
Дис­пет­чер­лік өкім­дер жур­на­лы
3-1 М Тех­ни­ка­лық құ­ры­л­ғы­лар және жаб­дық­тар­да­ғы ақа­улық­тар­ды уақ­ты­лы жою және апат­ты жөн­деу жұ­мыста­ры ке­зін­де қа­был­дау, уа­қыт бе­ру ша­ра­ла­рын уақ­ты­лы бе­ру­ін қам­та­ма­сыз ету
Уақ­ты­лы «бос уа­қыт­тар­ды» бе­ру­ді қам­та­ма­сыз ету мін­де­тін қою, уақ­ты­лы тех­ни­ка­лық құ­ры­л­ғы­лар­да­ғы және жаб­дық­тар­да­ғы ақа­улық­тар­ды жо­ю­ды жү­зе­ге асы­ру­ға жағ­дай жа­сау және ше­шім­дер қа­был­дау
Жа­қын­да­у­лар, прин­циптер және дис­пет­чер­лік ор­та­лық­тан­ды­ру­мен жаб­дық­тал­ған құ­ры­л­ғы­ның жұ­мыс тә­сіл­де­рі,бас­қа,бас­шы­лық нұс­қа­у­лар және өкім­дер, бұй­рық­тар ту­ра­лы бі­лім
3-2 М По­ез­дар қоз­ға­лы­сы­ның стан­ция бой­ын­ша ке­зек­ші­ге нұс­қау бе­ру, жол­дар­ды жа­бу және ашу ту­ра­лы өкім­дер бе­ру
Алын­ған по­ез­дар қоз­ға­лы­сын ұй­ым­да­сты­ру ту­ра­лы стан­ци­я­лар­да­ғы ке­зек­ші­лер­ге бұй­рық­тар, нұс­қа­у­лар бе­ру­ге жағ­дай жа­сау және ше­шім­дер қа­был­дау, қыз­мет нәти­же­сіне ба­ға бе­ру, бі­лім же­тіс­пе­у­ші­лі­гі мен дағ­ды­лар­ды анық­тау
Жа­қын­да­у­лар, прин­циптер және дис­пет­чер­лік бай­ла­ныс құ­ры­л­ғы­лар­ды пай­да­лан­ған және СС­БАЖ жұ­мысы ке­зін­де­гі мик­ро­про­цес­сор­лық ап­па­ра­ту­ра­ның жұ­мыс тә­сіл­де­рі ту­ра­лы бі­лім
3-3 М Бұй­рық­тар­ды дис­пет­чер­лік өкім­дер жур­на­лы­на тір­кеу, есеп қи­сап жүр­гі­зу
Дис­пет­чер­лік өкім­дер жур­нал­дар, есеп қи­сап жүр­гі­зу­де­гі прак­ти­ка­лық дағ­ды­лар
Жа­қын­да­у­лар, прин­циптер және те­мір­жол стан­ци­я­сын­да пай­да­ла­ну жұ­мыста­ры ке­зін­де­гі мін­дет­ті қою және ше­шу тә­сіл­де­рі ту­ра­лы бі­лім
2-кесте

2 2. СБШ 5-деңгейіндегі «Локомотив диспетчері» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі

Шифр
Ең­бек затта­ры
Ең­бек құ­рал­да­ры
Мін­дет­тер
Ше­бер­лі­гі және дағ­ды­ла­ры
Бі­лі­мі
1 Ф
Ло­ко­мо­тив­тер, жүк по­ез­дар
Пульт-көр­сет­кіш тақ­та, да­уыс зо­райт­қы­шы бар бай­ла­ныс жүй­е­сі, те­ле­фон­ды бай­ла­ныс құ­ры­л­ғы­ла­ры
1-1 М Ло­ко­мо­тив бри­га­да­ла­ры­ның бел­гі­лен­ген нор­ма­тив­тер­мен ұз­ақ­тығы үз­дік­сіз жұ­мыста­ры, ор­та­ша тәу­лік­тік өнім­ді­лі­гі, ло­ко­мо­тив­тің ор­та­ша тәу­лік­тік қа­шық­тығы және жүк по­е­зі­нің ор­та­ша сал­ма­ғы бой­ын­ша мін­дет­тер­дің орын­да­луын қам­та­ма­сыз ету
Ло­ко­мо­тив­ті бри­га­да­лар және ло­ко­мо­тив­пен по­ез­дар­ды қам­та­ма­сыздан­ды­ру, ше­шім­дер қа­был­дау және олар­дың орын­да­лу жағ­дай­ла­рын жа­са­уды тал­дау және ше­шім­дер қа­был­дау дағдысы
Жа­қын­да­у­лар, прин­циптер және те­мір­жол­ды тех­ни­ка­лық пай­да­ла­ну тә­сіл­де­рі, ма­невр­лік жұ­мыс және по­ез­дар қоз­ға­лы­сы бой­ын­ша та­лап­тар, те­мір­жол­да­ғы сиг­нал бе­ру бой­ын­ша, бұй­рық­тар, өкім­дер және ло­ко­мо­тив­ті пай­да­ла­ну бой­ын­ша жо­ға­ры тұр­ған ме­ке­ме­нің бас­қа да құ­жат­та­ры ту­ра­лы бі­лім
1-2 М Ло­ко­мо­тив­тер­ді жөн­де­у­ге ар­нал­ған ті­зім­ге алу үшін де­по­ға ба­ғыт­тау және жос­пар­лы жөн­деу түр­ле­ріне ло­ко­мо­тив­тер­ді қою кесте­сі­мен сәй­кесті тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту­ге ба­ғыт­тау
Ло­ко­мо­тив­тер­дің тех­ни­ка­лық күйі нәти­же­сіне ба­ға бе­ру, ло­ко­мо­тив­тер­ді тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту және әр түр­лі жөн­деу түр­ле­ріне ба­ғыт­тау үшін жағ­дай жа­сау және ше­шім қа­был­да­уды тал­дау дағдысы
Жа­қын­да­у­лар, прин­циптер және по­езд қо­зы­лы­сы­ның кесте­сі­мен жұ­мыс тә­сіл­де­рі, ло­ко­мо­тив­тер­ді де­по­ға қай­та­ру жос­па­ры­мен жөн­де­у­ге ар­нал­ған ті­зім­ге алу және тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту, ло­ко­мо­тив­тер­ді про­фи­лак­ти­ка­лық тек­се­ру­лер­ді шы­ға­ру мер­зім­де­рі ту­ра­лы бас­қа­ру ше­шім­де­рін қа­был­дау ту­ра­лы бі­лім
2 Ф
Жы­л­жы­ма­лы құ­рам, стан­ци­я­лық және де­по­лық жол­дар
Да­уыс зо­райт­қы­шы бар бай­ла­ныс жүй­е­сі, те­ле­фон­ды бай­ла­ныс құ­ры­л­ғы­ла­ры
2-1 М По­езд қоз­ға­лы­сы ор­на­ты­л­ған кесте бой­ын­ша ло­ко­мо­тив­тер­ді жү­гін­ген бө­лім­ше ше­ка­ра­ла­рын­да пай­да­ла­ну
По­ез­дар қоз­ға­лы­сы­ның кесте­сі бой­ын­ша бел­гі­лен­ген ло­ко­мо­тив­тер­мен қам­та­ма­сыз ету­ді тал­дау және ше­шім­дер қа­был­дау дағдысы
Жа­қын­да­у­лар, прин­циптер және ең­бек қор­ғау тә­сіл­де­рі, қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сы және өн­ді­рі­стік са­ни­та­рия, те­мір­жол кө­лі­гін­де­гі өрт қа­уіп­сіз­ді­гі ту­ра­лы бі­лім
2-2М Де­по­лық және стан­ци­я­лық жол­дар­да­ғы ло­ко­мо­тив­тер­дің бос тұ­руы, ло­ко­мо­тив­тер­дің ай­на­лы­мы және ұстау нор­ма­ла­ры­ның орын­да­луы
Де­по­лық және стан­ци­я­лық жол­дар­да­ғы ло­ко­мо­тив­тер­дің бос тұ­руы, ло­ко­мо­тив­тер­дің ай­на­лы­мы және кү­ту бой­ын­ша қыз­мет­ті ба­қы­лау және тү­зе­ту
Жа­қын­да­у­лар, прин­циптер және қоз­ға­лыс мөл­шер­ле­рі­нің өзге­ру ке­зін­де ло­ко­мо­тив­ті бри­га­да­лар­дың са­нын жыл­дам рет­теу жүй­е­ле­рін қол­да­ну тә­сіл­де­рі, по­езд қоз­ға­лы­сы­ның кесте­сі ту­ра­лы бі­лім
3 Ф
Ло­ко­мо­тив пар­кі­ле­рі, ло­ко­мо­тив­тер, бри­га­да­лар
По­ез­дар қоз­ға­лы­сы­ның кесте­сі, ло­ко­мо­тив­тер­ді де­по­ға қай­та­ру жос­па­ры
3-1 М Ло­ко­мо­тив пар­кі­нің жағ­дайы жө­нін­де және бар бо­луы ту­ра­лы ақ­па­рат­тық анық­та­ма­лық дай­ын­дау және олар­дың жұ­мысы­мен бай­ла­ны­сты көр­сет­кіш­тер­ді орын­дау
Ло­ко­мо­тив пар­кі­нің күйі жай­ын­да анық­та­ма­лық ақ­па­рат­ты дай­ын­да­уды өзін­дік тал­дау дағдысы. Ло­ко­мо­тив жұ­мысы­мен бай­ла­ны­сты көр­сет­кіш­тер­дің орын­да­луын тал­дау және ше­шім­дер қа­был­дау дағдысы
Жа­қын­да­у­лар, прин­циптер және ПЭЕМ-де жұ­мыс іс­теу тә­сіл­де­рі, ло­ко­ма­тив­тік бри­га­да­лар­дың са­нын жыл­дам рет­теу жүй­е­ле­рін қол­да­ну ту­ра­лы бі­лім
3-2 М Ло­ко­мо­тив­тер­дің және ло­ко­мо­тив­ті бри­га­да­лар­дың орын­да­ған жұ­мысы ту­ра­лы кесте жүр­гі­зу және де өз мін­дет­тер шең­бе­рін­де­гі бас­қа құ­жат­тар­ды жүр­гі­зу
Есеп қи­сап жүр­гі­зу дағдысы
Жа­қын­да­у­лар, прин­циптер және ло­ко­мо­тив­ті пай­да­ла­ну ке­зін­де­гі мін­дет­тің ше­ші­мі және қою тә­сіл­де­рі, есеп қи­сап жүр­гі­зу ту­ра­лы бі­лім. Эко­но­ми­ка негіз­де­рі және өн­ді­рі­сті бас­шы­лық ету, жұ­мыс­кер­лер­дің ең­бек және де­ма­лыс ре­жи­мі ту­ра­лы бі­лім
3-кесте

3 3. СБШ 5-деңгейіндегі «Вагон реттеуші диспетчері» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі

Шифр
Ең­бек затта­ры
Ең­бек құ­рал­да­ры
Мін­дет­тер
Ше­бер­лі­гі және дағ­ды­ла­ры
Бі­лі­мі
1 Ф
Ва­гон пар­кі
По­ез­дар қоз­ға­лы­сы­ның кесте­сі, ва­гон­дар­ды ти­еу және тү­сі­ру жос­па­ры
1-1 М Ва­гон­дар­ды ти­еу және тү­сі­ру тәу­лік­тік жос­па­ры бой­ын­ша орын­да­уды қам­та­ма­сыз ету
Ва­гон­дар­ды ти­еу және тү­сі­ру тәу­лік­тік жос­па­рын орын­да­уды ба­қы­лау және тү­зе­ту. Өзін­дік тал­дау дағдысы
Жа­қын­да­у­лар, прин­циптер және те­мір­жол­дар­ды тех­ни­ка­лық пай­да­ла­ну тә­сіл­де­рі,ма­невр­лік жұ­мыс және по­ез­дар қоз­ға­лы­сын бой­ын­ша та­лап­тар, жүк та­сы­мал­дау, бұй­рық­тар­ды, өкім­дер­ді және ма­невр­лік және жүк, по­ез­дік жұ­мыс бой­ын­ша бас­қа бас­қа­ру­шы­лық нұс­қа­у­лар ту­ра­лы бі­лім
1-2 М Жер­гі­лік­ті жүк­ті та­сып та­ра­ту және бос ва­гон­дар­ды бе­ру бой­ын­ша рет­теу тап­сыр­ма­сы­ның орын­да­луын ба­қы­лау
Жер­гі­лік­ті жүк­ті та­сып та­ра­ту­ды орын­дау, бос ва­гон­дар­ды бө­лу ке­зін­де­гі қыз­мет­тер­ді ба­қы­лау және тү­зе­ту
Жа­қын­да­у­лар, прин­циптер және по­ез­дар­ды қа­лып­та­сты­ру жос­па­ры және қоз­ға­лыс кесте­сі­мен жұ­мыс тә­сіл­де­рі ту­ра­лы бі­лім. Жы­л­жы­ма­лы құ­рам­ның тех­ни­ка­лық си­патта­ма­ла­ры және бел­гі­ле­уле­рі, стан­ци­я­лар­да ти­еу, тү­сі­ру ке­зін­де қол­да­ны­ла­тын ме­ха­низмдер және жаб­дық­тар ту­ра­лы бі­лім
1-3 М Та­ғай­ын­дал­ған стан­ци­яда жер­гі­лік­ті жүк­тің қар­қын­ды тү­суі ке­зін­де қо­сым­ша жи­най­тын, та­сы­ла­тын және ауы­сты­ры­ла­тын по­ез­дар
Стан­ци­я­лар­ға жер­гі­лік­ті жүк­тер­дің ин­тен­сив­ті тү­суі ке­зін­де­гі нәти­же­ні тал­дау және ше­шім қа­был­дау дағдысы. Та­быст­а­у­шы және шы­ға­ру­шы, қо­сым­ша жи­на­у­шы по­ез­дар­ды та­ғай­ын­дау дағ­ды­ла­ры
Жа­қын­да­у­лар, прин­циптер және те­мір­жол­дар­ды тех­ни­ка­лық пай­да­ла­ну тә­сіл­де­рі, ма­невр­лік жұ­мыс және по­езд қоз­ға­лы­сы бой­ын­ша та­лап­тар, жүк та­сы­мал­дау, стан­ция жұ­мысы­ның тех­но­ло­ги­я­лық про­цес­сте­рі және тех­ни­ка­лық рет­теу ак­ті­ле­рі ту­ра­лы бі­лім
2 Ф
Ва­гон пар­кі, Ва­гон­дар
Ра­дио­стан­ция, да­уыс зо­райт­қы­шы бар бай­ла­ныс жүй­е­сі, те­ле­фон­дық бай­ла­ныс құ­ры­л­ғы­ла­ры. Қоз­ға­лыс кесте­сі және жүк жұ­мыста­ры­ның кесте­сі. Нор­ма­тив­тік және ба­за­лық құ­жат­тар
2-1 М Ба­ғыт­ты қа­лып­та­сты­ру және ти­еу жұ­мыста­ры­ның ұй­ым­да­сты­ру­ла­рын тек­се­ру
Стан­ция жұ­мысын ба­қы­ла­уды тал­дау дағ­ды­ла­ры.Ба­ғыт­ты қа­лып­та­сты­ру­мен бай­ла­ны­сты ба­ғы­ны­шты­лар қыз­ме­тін ба­қы­лау және тү­зе­ту
Жа­қын­да­у­лар, прин­циптер және стан­ция жұ­мысы­ның тех­но­ло­ги­я­лық про­цес­сте­рі және тех­ни­ка­лық рет­теу ак­ті­ле­рін қол­да­ну тә­сіл­де­рі ту­ра­лы бі­лім
2-2 М Жүк жұ­мыста­ры­на кесте жүр­гі­зу, жүк жұ­мыста­ры орын­да­лу нәти­же­сі ту­ра­лы анық­та­ма­лық ақ­па­рат­тар­ды бе­ру және дай­ын­дау
Жүк жұ­мыста­ры­ның кесте­сін орын­дау ке­зін­де тал­дау және ше­шім қа­был­дау дағдысы. Жүк жұ­мыста­рын орын­дау нәти­же­ле­рі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты анық­та­ма­лық­ты дай­ын­дау және жі­бе­ру­ді ба­қы­лау және тү­зе­ту
Жа­қын­да­у­лар, прин­циптер және бұй­рық­тар­ды қол­да­ну тә­сіл­де­рі, өкім­дер және ма­невр­лік және жүк, по­ез­дік жұ­мысы бой­ын­ша бас­қа да бас­қа­ру­шы нұс­қа­у­лар, жүк жұ­мысы­ның жос­пар­лау тәр­ті­бі
4-кесте

4 4. СБШ 5-деңгейіндегі «Бөлім бойынша кезекші» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі

Шифр
Ең­бек затта­ры
Ең­бек құ­рал­да­ры
Мін­дет­тер
Ше­бер­лі­гі және дағ­ды­ла­ры
Бі­лі­мі
1 Ф
Дис­пет­чер­лік учас­ке­лер, та­сы­мал­да­у­лар бө­лі­мі
Ра­дио­стан­ция, да­уыс зо­райт­қы­шы бар жүйе, те­мір­жол­да­ғы ма­невр­лік жұ­мысы және по­езд қоз­ға­лы­сы бой­ын­ша нұс­қау
1-1 М Пай­да­ла­ны­ла­тын ло­ко­мо­тив­тер пар­кіне және ло­ко­мо­тив­тік бри­га­да­лар­дың жұ­мыс тәр­ті­біне бас­шы­лық
Пай­да­ла­ны­ла­тын ло­ко­мо­тив пар­кін бас­қа­ру және ло­ко­мо­тив­тік бри­га­да­лар жұ­мысы ре­жи­мін ба­қы­лау және тү­зе­ту
Жа­қын­да­у­лар, прин­циптер және те­мір­жол­ды тех­ни­ка­лық пай­да­ла­ну тә­сіл­де­рі; те­мір­жол­дар­да­ғы ма­невр­лік жұ­мыс және по­езд қоз­ға­лы­сы; те­мір­жол­дар­да­ғы сиг­нал бе­ру ту­ра­лы бі­лім
1-2 М Ір­ге­лес дис­пет­чер­лік учас­ке­лер­ге по­ез­дар­ды жет­кі­зіп са­лу жұ­мысын бас­қа­ру, по­ез­дық жұ­мыста қиын­шы­лық­тар туын­да­ған­да по­ез­дік дис­пет­чер­лер­ге прак­ти­ка­лық кө­мек көр­се­ту
Дис­пет­чер­лер­ге прак­ти­ка­лық кө­мек көр­се­ту­ге жағ­дай жа­сау және жұ­мыста­рын бас­қа­ру дағдысы
Жа­қын­да­у­лар, прин­циптер және те­мір­жол­дар­да­ғы ма­невр­лік жұ­мыс және по­ез­дар қоз­ға­лы­сы бой­ын­ша та­лап­тар­ды қол­да­ну тә­сіл­де­рі, те­мір­жол­да­ғы сиг­нал бе­ру,жол жұ­мыста­ры жүр­гі­зуі ке­зін­де по­езд қоз­ға­лы­сы­ның қа­уіп­сіз­ді­гін қам­та­ма­сыз ету ту­ра­лы бі­лім
2 Ф
Та­сы­мал­да­у­лар бө­лі­мі, дис­пет­чер­лік учас­ке­лер
Орг­тех­ни­ка, өн­ді­ріс ке­зін­де­гі по­ез­дар қоз­ға­лы­сы бой­ын­ша нұс­қа­у­мен қам­та­ма­сыз ету, те­мір­жол бой­ы­мен қа­уіп­ті жүк та­сы­мал­дау ке­зін­де апат­ты жағ­дай­лар­ды жою тәр­ті­бі және қа­уіп­сіз­дік ере­же­ле­рі
2-1 М По­ез­дар қоз­ға­лы­сы­ның кесте­сін орын­дау, жо­ла­у­шы­лар­ды та­сы­мал­дау, ти­еу-тү­сі­ру бой­ын­ша тап­сыр­ма­лар, жер­гі­лік­ті жүк­ті та­сып та­ра­ту, ке­ші­гіп ке­ле жа­тқан жо­ла­у­шы­лар по­ез­да­рын кесте­ге жа­зу бой­ын­ша ша­ра­лар қол­да­ну іс­те­рі­мен қам­та­ма­сыз ету
По­ез­дар қоз­ға­лы­сы­ның кесте­сін орын­дау, жо­ла­у­шы­лар­ды та­сы­мал­дау, ва­гон­дар­ды ти­еу-тү­сі­ру, ке­ші­гіп ке­ле жа­тқан жо­ла­у­шы­лар по­ез­да­рын кесте­ге жа­зу бой­ын­ша ша­ра­лар қол­да­ну жұ­мыста­рын тал­дау және ше­шім­дер қа­был­дау
Жа­қын­да­у­лар, прин­циптер және жол жұ­мыста­ры жүр­гі­зуі ке­зін­де по­езд қоз­ға­лы­сы­ның қа­уіп­сіз­ді­гін қам­та­ма­сыз ету қол­да­ну тә­сіл­де­рі, ва­гон­дар­ды ти­еу, тү­сі­ру бой­ын­ша ту­ра­лы бі­лім
2-2 М Бос ва­гон­дар­ды өт­кі­зу бой­ын­ша рет­теу тап­сыр­ма­лар­дың орын­да­луын, көр­ші­лес та­сы­мал­дау бө­лім­де­ріне жер­гі­лік­ті жүк­ті бе­ру жұ­мысын ұй­ым­да­сты­ру
Бос ва­гон­дар­ды өт­кі­зу бой­ын­ша рет­теу,көр­ші­лес та­сы­мал­дау бө­лім­де­ріне жер­гі­лік­ті жүк­ті бе­ру жұ­мыста­рын тал­дау және ше­шім­дер қа­был­дау
Жа­қын­да­у­лар, прин­циптер және по­ез­дар­ды қа­лып­та­сты­ру жос­па­ры және қоз­ға­лыс кесте­сін қол­да­ну тә­сіл­де­рі, стан­ци­я­ның тех­ни­ка­лық-рет­те­у­ші ак­ті­лер, жүк та­сы­мал­дау ту­ра­лы бі­лім
2-3 М Уақ­ты­лы «үзі­ліс» бе­ру, тех­ни­ка­лық құ­ры­л­ғы­лар­дың және жаб­дық­тар­дың ақа­у­ла­рын жою және апат­ты-қал­пы­на кел­ті­ру жұ­мыста­рын ұй­ым­да­сты­ру
апат­ты-қал­пы­на кел­ті­ру жұ­мыста­рын ұй­ым­да­сты­ру және тех­ни­ка­лық құ­ры­л­ғы­лар­да­ғы және жаб­дық­тар­да­ғы ақа­улық­тар­ды жою жұ­мыста­рын тал­дау және ше­шім­дер қа­был­дау
Жа­қын­да­у­лар, прин­циптер және СОБ бой­ын­ша жаб­дық­тар­ды жөн­деу және по­ез­дар­дың қоз­ға­лы­сы­ның жүр­гі­зу жұ­мысы ке­зін­де­гі тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту­мен қам­та­ма­сыз ету та­лап­тар­ды қол­да­ну тә­сіл­де­рі, те­мір­жол­мен та­сы­мал­дау ке­зін­де­гі қа­уіп­ті жүк­пен апат­ты жағ­дай­ла­рын жою тәр­ті­бі және қа­уіп­сіз­дік ту­ра­лы бі­лім
3 Ф
Та­сы­мал­да­у­лар бө­лі­мі, дис­пет­чер­лік учас­ке­лер
Өкім­дер, та­сы­мал­дау бө­лі­мін бас­қа­ру, нор­ма­тив­тік, по­ез­дар қоз­ға­лы­сын ұй­ым­да­сты­ру бой­ын­ша же­тек­ші құ­жат­тар
3-1 М Бұй­рық­тар­ды, өкім­дер және та­сы­мал­дау бө­лі­мі, жо­ға­ры дә­ре­же­де тұр­ған ор­ган­дар­дың тап­сыр­ма­ла­рын, орын­дау
Жо­ға­ры дә­ре­же­де тұр­ған ор­ган­дар бұй­рық­та­ры мен өкім­де­рі­нің орын­да­лу жұ­мыста­рын тал­дау және ше­шім­дер қа­был­дау
Жа­қын­да­у­лар, прин­циптер және жо­ға­ры дә­ре­же­де тұр­ған бас­қа­ру ор­ган­дар­дың өкім­де­рі және нұс­қа­у­ла­ры, бұй­рық­та­ры орын­да­удың қол­да­ну тә­сіл­де­рі, та­сы­мал­дау бө­лі­мі,жо­ла­у­шы­лар та­сы­мал­дау және по­езд қоз­ға­лы­сын ұй­ым­да­сты­ру бой­ын­ша нор­ма­тив­тік, әді­сте­ме­лік және бас­қа бас­қа­ру құ­жат­та­ры ту­ра­лы бі­лім.
3-2 М Та­сы­мал­дау бө­лі­мі­нің негіз­гі көр­сет­кіш­те­рі­нің жұ­мыс қо­ры­тындыс­ы­на тал­дау жа­сау. Та­сы­мал­дау бө­лі­мі­нің дис­пет­чер­лер ауы­су жұ­мысын бас­қа­ру
Ке­ле­сі есеп қи­сап­ты дай­ын­да­уы­мен та­сы­мал­дау бө­лі­мі­нің жұ­мыс қо­ры­тын­ды­лау жұ­мыста­рын ба­қы­лау және тү­зе­ту
Жа­қын­да­у­лар, прин­циптер және жо­ға­ры дә­ре­же­де тұр­ған бас­қа­ру ор­ган­дар­дың өкім­де­рі және нұс­қа­у­ла­ры, бұй­рық­та­ры орын­да­удың қол­да­ну тә­сіл­де­рі, та­сы­мал­дау бө­лі­мі,жо­ла­у­шы­лар та­сы­мал­дау және по­езд қоз­ға­лы­сын ұй­ым­да­сты­ру бой­ын­ша нор­ма­тив­тік, әді­сте­ме­лік және бас­қа бас­қа­ру құ­жат­та­ры ту­ра­лы, те­мір­жол стан­ци­я­ла­рын­да және та­сы­мал­дау бө­лі­мі­нің тех­но­ло­ги­я­лық про­цес­стер жұ­мысы ту­ра­лы бі­лім
5-кесте

5 5. СБШ 5-деңгейіндегі «Бағыт бойынша аға диспетчері» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі

Шифр
Ең­бек затта­ры
Ең­бек құ­рал­да­ры
Мін­дет­тер
Ше­бер­лі­гі және дағ­ды­ла­ры
Бі­лі­мі
1 Ф
Жо­ла­у­шы­лар, жүк по­ез­дар
Нор­ма­тив­тік құ­жат­тар, тәу­лік­тік ауы­сым жос­пар
1-1 М Ва­гон ағын­дар ба­ғы­ты­ның ор­на­ты­л­ған тәр­ті­бі, по­ез­дық тәу­лік­тік-ауы­сым жос­па­ры­ның тап­сыр­ма­ла­рын және жүк жұ­мыста­рын орын­дау
По­езд және жүк жұ­мыста­ры­ның тәу­лік­тік-ауы­сым жос­па­ры бой­ын­ша тап­сыр­ма­ла­ры­ның орын­да­лу қыз­ме­тін ба­қы­лау және тү­зе­ту
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның те­мір жол кө­лі­гі са­ла­сын­да­ғы нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді бі­лу
1-2 М Жер­гі­лік­ті және тран­зит­тік жүк­ті іш­кі то­рап­тар­ға бе­рі­лу­ін ұста­ну, және де жер­гі­лік­ті жүк­ті та­сып та­ра­ту
Тран­зит­тік және жер­гі­лік­ті жүк­ті іш­кі то­рап­тар­ға та­сып та­ра­ту жұ­мыста­рын өзін­дік тал­дау дағдысы
1-3 М Іш­кі және сырт­қы то­рап­тар­да­ғы по­ез­дар­ға ло­ко­мо­тив­тер­ді асып бай­ла­у­ын ба­қы­лау, жи­на­ла­тын по­ез­дар­дың жұ­мысы, жа­қын ара­да бұ­зы­ла­тын жүк­те­рі бар по­ез­дар­ды өт­кі­зу
Іш­кі және сырт­қы то­рап­тар­да­ғы по­ез­дар­ға ло­ко­мо­тив­тер­ді асып бай­ла­у­ын ба­қы­лау ке­зін­де тал­дау және ше­шім­дер қа­был­дау, жи­нақ­та­ла­тын по­ез­дар­дың жұ­мысы бой­ын­ша өзін­дік анық­тау дағ­ды­ла­ры
2 Ф
Ұзын құ­рам­ды, ауыр­сал­мақ­ты, жо­ла­у­шы­лар және жүк по­ез­да­ры
По­ез­дар қоз­ға­лы­сы­ның кесте­сі
2-1 М Жүк және жо­ла­у­шы­лар по­ез­да­рын бө­гет­сіз өт­кі­зу жө­нін­де­гі кесте­сін орын­дау бой­ын­ша ша­ра­лар қа­был­дау, және де ке­ші­гіп ке­ле жа­тқан жо­ла­у­шы­лар по­ез­да­рын кесте­ге ен­гі­зу
По­езд қоз­ға­лы­сы кесте­сін орын­дау қыз­ме­тін ба­қы­лау және тү­зе­ту, ке­ші­гіп ке­ле жа­тқан жо­ла­у­шы­лар по­ез­да­рын кесте­ге ен­гі­зу бой­ын­ша ша­ра­лар қол­да­ну ке­зін­де өзін­дік тал­дау дағдысы
2-2 М По­ез­дар­ды қа­лып­та­сты­ру жос­па­ры­ның орын­да­луы, іс­тел­ген қоз­ға­лы­сы кесте­де бей­не­лен­ген ауыр­сал­мақ­ты және ұзын-құ­рам­ды по­ез­да­рын өт­кі­зу
Іс­тел­ген қоз­ға­лы­сы кесте­де бей­не­лен­ген ауыр сал­мақ­ты және ұзын-құ­рам­ды по­ез­да­рын өт­кі­зу ке­зін­де тал­дау және ше­шім­дер қа­был­дау дағдысы
2-3 М Рей­стік мо­де­лі бой­ын­ша жүк по­ез­да­ры­ның қоз­ға­лыс кесте­сі­нің орын­да­луы­на тал­дау
Рей­стік мо­де­лі бой­ын­ша жүк по­ез­да­ры­ның қоз­ға­лыс кесте­сі­нің орын­да­луын өзін­дік тал­дау дағ­ды­ла­ры
2-4 М Жөн­деу және құ­ры­лыс жұ­мыста­ры үшін тех­но­ло­ги­я­лық «бос уа­қыт­ты» ұсы­ну ке­зін­де тек­се­ру, по­ез­дар­ды өт­кі­зу бой­ын­ша нұс­қа­лық кесте­нің бо­луы, бос уа­қыт­ты жү­зе­ге асы­ру ке­зін­де және кей­ін де по­ез­дар­ды жет­кі­зіп са­лу тәр­ті­бі
По­ез­дар­ды өт­кі­зу бой­ын­ша нұс­қа­лық кесте­нің бо­луы, бос уа­қыт­ты жү­зе­ге асы­ру ке­зін­де және кей­ін де по­ез­дар­ды жет­кі­зіп са­лу тәр­ті­бі қыз­мет­те­рін ба­қы­лау және тү­зе­ту
Ескертпе: М – мақсат;
ССБАЖ – сұрыптау станцияларын басқарудың автоматтандырылған жүйесі;
СОБ – сигналдау, орталықтандыру, блокадалау.

107 Келісу парағы

«Поездар қозғалысын ұйымдастыру»
кәсіби стандартына
5-қосымша
Келісу парағы
Ұй­ым ата­уы
Ке­лі­су кү­ні
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стр­лі­гі
Осы КС ____________________________________________________ тіркелді.
Кәсіби стандарттардың реестріне № _________________________ тіркелді.
Хат (хаттама) № ___________                    Күні _________________

Қолданыстағы