Құжат мәтініне өту

Об утверждении профессионального стандарта "Эксплуатация судоходных гидротехнических сооружений"

Бұйрық · № 917 · қабылданған 20.11.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-77127/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении профессионального стандарта "Эксплуатация судоходных гидротехнических сооружений" Күшін жойған Бұйрық ·№ 917 ·20.11.2013
25.02.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении профессионального стандарта "Эксплуатация судоходных гидротехнических сооружений"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 917 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении профессионального стандарта "Эксплуатация судоходных гидротехнических сооружений"
Атауы (қаз.)
"Кеме қатынасын гидротехникалық жабдығын пайдалану" кәсіби стандартын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
917
Қабылданған күні
20.11.2013
Көрсетілген редакция
25.02.2016 AI77127_2.kaz
Соңғы өзгеріс
25.02.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300009001
ЭКБ идентификаторы
77127
Редакция идентификаторы
AI77127_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:51

0 "Кеме қатынасын гидротехникалық жабдығын пайдалану" кәсіби стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Кеме қатынасы гидротехникалық жабдығын пайдалану» кәсіби стандарты бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Кадр және әкімшілік жұмыс департаменті (Е.Е. Хасенов):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, бұқаралық ақпараттар құралдарында ресми жариялануын, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының интранет-порталында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 «Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды пайдалану» кәсіби стандарты

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр                                           А. Жұмағалиев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
міндетін атқарушы
_____________ Қ. Әбсаттаров
2013 жылғы 04 қараша
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2013 жылғы «20» қарашадағы
№ 917 бұйрығымен бекітілген
«Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды пайдалану» кәсіби стандарты

1 1. Жалпы бөлім

1 1. «Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды пайдалану» кәсіби стандарты (бұдан әрі - КС) «Су көлігі саласындағы қызметтер» кәсіби қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды және:

1 1) еңбек саласы мен кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеуге;

2 2) даярлау, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу талаптарын регламенттеуге;

3 3) персоналды аттестаттау және сертификаттау кезінде жұмысшылардың құзыреттерін бағалау талаптарын регламенттеуге арналған.

2 2. КС негізгі пайдаланушылары:

1 1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;

2 2) ұйымдардың басшылары, ұйымдардың персоналын басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;

3 3) білім берудің мемлекеттік бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;

4 4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар болып табылады.

3 3. КС негізінде біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтар, ұйымдардың үлгілік оқыту бағдарламалары, үлгілік оқыту жоспарлары, ұжымдық стандарттар әзірленеді.

4 4. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1 1) біліктілік – қызметкердің еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;

2 2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметтерінің стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі параметрлері бойынша жүктелетін қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;

3 3) еңбек заттары – белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталған зат;

4 4) еңбек құралдары – жұмысшының еңбек заттарын бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдар;

5 5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажетті құзыреттіктердің тұтас жиынымен құралған кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі;

6 6) еңбек функциясы – бизнес-үдеріспен анықталатын және оларды орындауға қажетті құзыреттердің болуын болжамайтын еңбек қызметінің біріктірілген және дербес жиынтығын көрсететін еңбек қызметі түрлерінің бір бөлігі;

7 7) кәсіби қызмет саласы – жалпы интеграциялық негізі (міндеті, нысандары, технологиялары, соның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттіліктерінің болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;

8 8) кәсіби стандарттың бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, қатысымды дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасы тұратын кәсіби стандарттың құрылымдық элементі;

9 9) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;

10 10) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі және тәжірибесін қолдану қабілеті;

11 11) лауазым – лауазымдық уәкілеттіктер және лауазымдық міндеттер шеңберін жүктейтін жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;

12 12) міндет – нақты бір еңбек заттары мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;

13 13) сала – өндіретін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс жасаушылардың кәсіби біліктері ортақ ұйымдар жиынтығы;

14 14) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

15 15) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

16 16) функционалдық карта – сол немесе өзге де кәсіби қызмет саласы шеңберінде белгілі бір қызмет түрін орындайтын жұмысшының еңбек функциялары мен міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы.

2 2. КС паспорты

5 5. КС паспорты мынаны анықтайды:

1 1) экономикалық қызмет түрі (кәсіптік қызмет саласы):

Экономикалық қызмет түрінің жалпы жіктегіші (бұдан әрі – 03-2007 ҚР МЖ) «52.22 Су көлігі саласындағы қызмет»;

2 2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіптік қызмет саласының) негізгі мақсаты:

кемелерді дұрыс және қауіпсіз шлюздеу үшін кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарда вахтаны алып жүру;

3 3) осы КС 1-қосымшасына сәйкес біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері.

3 3. Еңбек қызметі түрлерінің (кәсіптің) карточкалары

1 1-параграф «Кеме өткізуші»

6 6. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:

1 1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 3, СБШ бойынша – 3;

2 2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі – ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: жоқ;

3 3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: 8340 «Кеме өткізуші»;

4 4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы: кеме өткізуші - кемелерді дұрыс және қауіпсіз шлюздеу үшін кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарда вахтаны алып жүру;

5

5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Кеме өткізушінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 1-кестесінде келтірілген.

2 2-параграф «Шлюз вахтасының бастығы»

7 7. Еңбек қызметі түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:

1 1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 4, СБШ бойынша – 4;

2 2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: жоқ;

3 3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: 1226 «Шлюз вахтасының бастығы»;

4 4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - кемелерді дұрыс және қауіпсіз шлюздеу үшін кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарда вахтаны алып жүру;

5

5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Шлюз вахтасы бастығының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» 2-кестесінде келтірілген.

3 3-параграф «Вахтаның аға бастығы»

8 8. Еңбек қызметі түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:

1 1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5, СБШ бойынша – 5;

2 2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: жоқ;

3 3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: 1226 «Вахтаның аға бастығы»;

4 4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - кемелерді дұрыс және қауіпсіз шлюздеу үшін кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарда вахтаны алып жүруді ұйымдастыру және бақылау;

5

5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Вахтаның аға бастығының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» 3-кестесінде келтірілген.

4 4. КС бірліктерінің тізімі

9 9. КС бірліктерінің тізімі осы КС 3-қосымшасының 1-3-кестелерінде келтірілген және шифр мен КС бірліктері атауларынан тұрады.

5 5. КС бірліктерінің сипаттамасы

10 10. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасының 1-3-кестелерінде келтірілген.

6 6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері

11 11. Осы КС негізінде мамандардың кәсіптік дайындығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен сертификаттар беріледі.

12 12. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері сертификат алу үшін игеру қажет болатын осы КС 3-қосымшасында көзделген КС бірліктерінің тізіміне сәйкес анықталады.

7 7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркеуі

13 13. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі болып табылады.

14 Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері

14. КС келісу парағы осы КС 5-қосымшасында келтірілген.
«Кеме қатынайтын гидротехникалық
құрылыстарды пайдалану»
кәсіби стандартына
1-қосымша
Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері

р/с
Қыз­мет тү­рі­нің ата­уы
Ең­бек на­ры­ғы­ның үр­ді­сі ес­ке­рі­л­ген кә­сіп ата­уы
ҚР МЖ 01-2005 сәй­кес кә­сіп ата­уы
СБШ-ның бі­лік­ті­лік дең­гей­ле­рі
БТ­БА бой­ын­ша дә­ре­же­лер
1
Ке­ме­лер­ді дұ­рыс және қа­уіп­сіз шлюз­деу үшін ке­ме қа­ты­най­тын гид­ро­тех­ни­ка­лық құ­ры­лы­стар­да вах­та­ны алып жү­ру
Ке­ме өт­кі­зу­ші
Ке­ме өт­кі­зу­ші (8340)
3
4, 5, 6
2
Ке­ме қа­ты­най­тын гид­ро­тех­ни­ка­лық құ­ры­лы­стар­да вах­та­ны алып жү­ру, ке­ме­лер­ді дұ­рыс және қа­уіп­сіз шлюз­деу
Шлюз вах­та­сы­ның ба­стығы
Шлюз вах­та­сы­ның ба­стығы (1226)
4
-
3
Ке­ме қа­ты­най­тын гид­ро­тех­ни­ка­лық құ­ры­лы­стар­да вах­та­ны алып жү­ру­ді, ке­ме­лер­ді дұ­рыс және қа­уіп­сіз шлюз­де­уді ұй­ым­да­сты­ру және ба­қы­лау
Вах­та­ның аға ба­стығы
-
5
-
Ескертпе: БТБА – Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы («Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын бекіту туралы (52 шығарылым)» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 426-ө-м бұйрығына қосымша (52 шығарылым), (Нормативтік актілерді мемлекеттік тіреу тізілімінде № 8770 болып тіркелген), 4 бөлім: «Теңіз және өзен көліктері»).
«Кеме қатынайтын гидротехникалық
құрылыстарды пайдалану»
кәсіби стандартына
2-қосымша
1-кесте

1 1. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Кеме өткізушінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кә­сі­бі бой­ын­ша ық­ти­мал жұ­мыс орын­да­ры (ұй­ым­дар)
Гид­ро­тех­ни­ка­лық ке­ме қа­ты­на­сы жүй­е­ле­рі мен ғи­ма­рат­тар­ды, олар­дың ме­ха­ни­ка­лық жаб­дық­та­рын жо­ба­ла­уды, пай­да­ла­ну­ды жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар
Зи­ян­ды және қа­уіп­ті ең­бек шар­ты
-
Жұ­мыс іс­те­у­ге рұқ­сат бе­ру­дің ерекше шар­тта­ры
18 жастан жо­ға­ры
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
Кә­сі­би бі­лі­мі мен оқу дең­гейі
Та­лап еті­ле­тін жұ­мыс өті­лі
3 (Ке­ме өт­кі­зу­ші 4 раз­ряд)
Жал­пы ор­та бі­лім, ар­найы бі­лім­нің бар-жоқ­тығ­ы­на та­лап қой­ыл­май­ды
4 раз­ряд - тә­жі­ри­бе­сі­нің бар-жоқ­тығ­ы­на та­лап қой­ыл­май­ды
3 (Ке­ме өт­кі­зу­ші 5 раз­ряд)
Жал­пы ор­та бі­лім, ар­найы бі­лім­нің бар-жоқ­тығ­ы­на та­лап қой­ыл­май­ды
5 раз­ряд – жұ­мыс өті­лі 1 жыл­дан кем емес
3 (Ке­ме өт­кі­зу­ші 6 раз­ряд)
Жал­пы ор­та бі­лім, ар­найы бі­лім­нің бар-жоқ­тығ­ы­на та­лап қой­ыл­май­ды
6 раз­ряд – жұ­мыс өті­лі 2 жыл­дан кем емес
2-кесте

2 2. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Шлюз вахтасы бастығының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кә­сі­бі бой­ын­ша ық­ти­мал жұ­мыс орын­да­ры (ұй­ым­дар)
Гид­ро­тех­ни­ка­лық ке­ме қа­ты­на­сы жүй­е­ле­рі мен ғи­ма­рат­тар­ды, олар­дың ме­ха­ни­ка­лық жаб­дық­та­рын жо­ба­ла­уды, пай­да­ла­ну­ды жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар
Зи­ян­ды және қа­уіп­ті ең­бек шар­ты
-
Жұ­мыс іс­те­у­ге рұқ­сат бе­ру­дің ерекше шар­тта­ры
«Тұ­ты­ну­шы­лар­дың электр қон­дыр­ғы­ла­рын пай­да­ла­ну ке­зін­де­гі қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сы қа­ғи­да­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2012 жы­л­ғы 24 қа­зан­да­ғы № 1353 қа­улы­сы негі­зін­де электр қа­уіп­сіз­ді­гі бой­ын­ша 4 топ­та­ғы рұқ­сат
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
Кә­сі­би бі­лі­мі мен оқу дең­гейі
Та­лап еті­ле­тін жұ­мыс өті­лі
5 (Вах­та­ның аға ба­стығы)
Тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік бі­лі­мі ту­ра­лы ди­плом
Ин­же­нер­лік-тех­ни­ка­лық ла­у­а­зым­дар­да­ғы жұ­мыс өті­лі 5 жыл­дан кем емес, со­ның ішін­де вах­та ба­стығы ла­у­а­зы­мын­да 1 жыл
3-кесте

3 3. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Вахтаның аға бастығының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кә­сі­бі бой­ын­ша ық­ти­мал жұ­мыс орын­да­ры (ұй­ым­дар)
Гид­ро­тех­ни­ка­лық ке­ме қа­ты­на­сы жүй­е­ле­рі мен ғи­ма­рат­тар­ды, олар­дың ме­ха­ни­ка­лық жаб­дық­та­рын жо­ба­ла­уды, пай­да­ла­ну­ды жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар
Зи­ян­ды және қа­уіп­ті ең­бек шар­ты
-
Жұ­мыс іс­те­у­ге рұқ­сат бе­ру­дің ерекше шар­тта­ры
«Тұ­ты­ну­шы­лар­дың электр қон­дыр­ғы­ла­рын пай­да­ла­ну ке­зін­де­гі қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сы қа­ғи­да­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2012 жы­л­ғы 24 қа­зан­да­ғы № 1353 қа­улы­сы негі­зін­де электр қа­уіп­сіз­ді­гі бой­ын­ша 4 топ­та­ғы рұқ­сат
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
Кә­сі­би бі­лі­мі мен оқу дең­гейі
Та­лап еті­ле­тін жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі
5 (Вах­та­ның аға ба­стығы)
Тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік бі­лі­мі ту­ра­лы ди­плом
Ин­же­нер­лік-тех­ни­ка­лық ла­у­а­зым­дар­да­ғы жұ­мыс өті­лі 5 жыл­дан кем емес со­ның ішін­де вах­та ба­стығы ла­у­а­зы­мын­да 1 жыл
«Кеме қатынайтын гидротехникалық
құрылыстарды пайдалану»
кәсіби стандартына
3-қосымша
КС бірліктерінің тізімі
1-кесте

1 1. «Кеме өткізуші» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі

Шиф­рі
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның (кә­сі­би стан­дарт бір­лі­гі­нің) ата­уы
1 Ф
Шлюз ка­ме­ра­сын­да ке­ме­лер­ді шлюз­деу және ор­на­ла­сты­ру ба­ры­сын қа­да­ға­лау
2 Ф
Ке­ме­лер­ді қал­қы­ма­лы рым­дар­ға ар­қан­дап бай­ла­удың дұ­ры­стығ­ын ба­қы­лау
3 Ф
Екі жақ­ты қай­ы­ры­лып ашы­ла­тын қақ­па­ның дұ­рыс жар­ма­ла­нуын және ке­ме­лер­дің шлюз­де­у­ге дай­ынды­ғын ба­қы­лау
4 Ф
Ке­ме­нің жа­қын­да­ту ка­нал­да­рын­да­ғы жай күй­ін ба­қы­лау
5 Ф
Қақ­па­ның шкаф­тық бөл­шек­те­рі мен жұ­мыс қақ­па­ла­рын жүз­ді нәр­се­лер­ден уақ­ты­лы та­за­ла­уды қам­та­ма­сыз ету.
6 Ф
Ка­ме­ра­да­ғы ак­ва­то­ри­я­лар­ды, жа­қын­дау ка­нал­да­рын және шлюз аумақ­та­рын та­за­лау
7 Ф
Шлюз­де­ле­тін ке­ме­лер­мен ке­ме қа­ты­най­тын шлюз­дер ар­қы­лы ке­ме­лер­ді өт­кі­зу қа­ғи­да­сы­ның орын­да­луын ба­қы­лау
8 Ф
Вах­та­лар­дың ба­стық­та­ры­мен шлюз­дың ор­та­лық бас­қа­ру пуль­ті­нен бе­рі­ле­тін, шлюз­де­ле­тін ке­ме ко­ман­да­ла­ры­ның дұ­рыс және уақ­ты­лы орын­да­луын ба­қы­лау
9 Ф
Шлюз­дің тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту және ағым­да­ғы жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге қа­ты­су
10 Ф
Вах­та­ға бе­кі­ті­л­ген аумақ­ты және үй-жай­лар­ды та­зар­ту
2-кесте

2 2. «Шлюз вахтасының бастығы» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі

Шиф­рі
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның (кә­сі­би стан­дарт бір­лі­гі­нің) ата­уы
1 Ф
Ке­ме қа­ты­най­тын гид­ро­тех­ни­ка­лық құ­ры­лы­стар­да вах­та­ны алып жү­ру
2 Ф
Ке­ме­лер­ді дұ­рыс және қа­уіп­сіз шлюз­деу
3-кесте

3 3. «Вахтаның аға бастығы» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі

Шиф­рі
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның (кә­сі­би стан­дарт бір­лі­гі­нің) ата­уы
1 Ф
Ке­ме қа­ты­най­тын гид­ро­тех­ни­ка­лық құ­ры­лы­стар­да вах­та­ны алып жү­ру­ді, ке­ме­лер­ді дұ­рыс және қа­уіп­сіз шлюз­де­уді ұй­ым­да­сты­ру
2 Ф
Ке­ме қа­ты­най­тын гид­ро­тех­ни­ка­лық құ­ры­лы­стар­да вах­та­ны алып жү­ру­ді, ке­ме­лер­ді дұ­рыс және қа­уіп­сіз шлюз­де­уді ба­қы­лау
Ескертпе: Ф - функция.
«Кеме қатынайтын гидротехникалық
құрылыстарды пайдалану»
кәсіби стандартына
4-қосымша
КС бірліктерінің сипаты
1-кесте

1 1. «Кеме өткізуші» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі

Шиф­рі
Ең­бек затта­ры
Ең­бек құ­рал­да­ры
Мін­дет­тер
Ше­бер­лі­гі мен дағ­ды­ла­ры
Бі­лі­мі
1 Ф
З 1-1 Шлюз ка­ме­ра­сын­да ке­ме­лер­ді шлюз­деу және ор­на­ла­сты­ру ба­ры­сын қа­да­ға­лау
КҚГҚ са­ла­сын­да­ғы нор­ма­тив­тік құқық­тық құ­жат­тар
КҚГҚ
Шлюз ка­ме­ра­сын­да ке­ме­лер­ді шлюз­деу және ор­на­ла­сты­ру ба­ры­сын қа­да­ға­лау дағдысы. Ке­ме­лер­ді қал­қы­ма­лы рым­дар­ға ар­қан­дап бай­ла­удың дұ­ры­стығ­ын ба­қы­лау дағдысы. Екі жақ­ты қай­ы­ры­лып ашы­ла­тын қақ­па­ның дұ­рыс жар­ма­ла­нуы­на және ке­ме­лер­ді шлюз­де­у­ге дай­ынды­ғын ба­қы­лау дағдысы.
Ке­ме­нің жа­қын­да­ту ка­нал­да­рын­да­ғы жай күй­ін ба­қы­лау дағдысы. Қақ­па­ның шкаф­тық бөл­шек­те­рі мен жұ­мыс қақ­па­ла­рын жүз­ді нәр­се­лер­ден уақ­ты­лы та­за­ла­уды қам­та­ма­сыз ету дағдысы. Ка­ме­ра­да­ғы ак­ва­то­ри­я­лар­ды, жа­қын­дау ка­нал­да­рын және шлюз аумақ­та­рын та­за­лау дағдысы. Вах­та­лар­дың ба­стық­та­ры­мен шлюз­дың ор­та­лық бас­қа­ру пуль­ті­нен бе­рі­ле­тін, шлюз­де­ле­тін ке­ме ко­ман­да­ла­ры­ның дұ­рыс және уақ­ты­лы орын­да­луын ба­қы­лау дағдысы. Шлюз­дің тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту және ағым­да­ғы жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге қа­ты­су дағдысы. Вах­та­ға бе­кі­ті­л­ген аумақ­ты және үй-жай­лар­ды та­зар­ту дағдысы.
«ҚР Іш­кі су жол­да­ры бой­ын­ша жү­зу ере­же­ле­рін бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2011 жы­л­ғы 22 шіл­де­де­гі № 845 қа­улы­сы.
«Ке­ме­лер­дің ке­ме қа­ты­на­сы шлюз­де­рі ар­қы­лы өту қа­ғи­да­сын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Кө­лік және ком­му­ни­ка­ция ми­ни­стрі­нің 2011 жы­л­ғы 28 ақ­пан­да­ғы № 95 бұй­ры­ғы (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер ті­зі­лі­мін­де № 6843 бо­лып тір­кел­ген ).
«Шлюз­деу ке­зін­де же­ңіл­дік­тер мен тө­мен­де­ту­ді қол­да­ну ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Кө­лік және ком­му­ни­ка­ция ми­ни­стрі­нің 2005 жы­л­ғы 19 қа­зан­да­ғы № 329-І бұй­ры­ғы.
Шлюз­дің негіз­гі эле­мент­те­рі мен оның жаб­дық­та­рын, тех­ни­ка­лық құ­ры­лы­ста­рын ор­на­ту, бел­гі­леу және тех­ни­ка­лық пай­да­ла­ну ере­же­ле­рі, қал­қы­ма­лы рым­дар­дың жұ­мыс қа­ғи­дат­та­ры. Ке­ме­лер­дің ти­е­лу­і­нен және бас­қа да ай­лақ­тық жаб­дық­тар­дан сақ­тан­дыр­ғыш құ­ры­л­ғы­лар­ды, жы­л­жы­ма­лы рам­дар­ды қол­да­ну прин­ци­пі. Шлюз ар­қы­лы өт­кі­зу тәр­ті­бі. Ке­ме­лер­де және шлюз­де қол­да­ны­ла­тын жа­рық және ды­быст­ық сиг­нал бе­ру. Те­ле­фон, да­уыс зо­райт­қыш және бай­ла­ны­стар­дың бас­қа түр­ле­рін пай­да­ла­ну қа­ғи­да­сы. Майн­дар­ды жұ­мыс қақ­па­сын­да және құ­ры­лы­стар­дың же­ке­ле­ген бө­лік­те­рін­де жаб­дық­тау және кү­ту тә­сіл­де­рі. Іш­кі су жол­да­ры ар­қы­лы жү­зу тәр­ті­бі. Ке­ме­ні шлюз­деу ке­зін­де бір ка­ме­ра­дан бас­қа­сы­на өту тәр­ті­бі. Тех­ни­ка­лық пай­да­ла­ну және тех­ни­ка­лық қа­уіп­сіз­дік ере­же­ле­рі. Өрт кесте­сі.
2 Ф
З 2-1 Ке­ме­лер­ді қал­қы­ма­лы рым­дар­ға ар­қан­дап бай­ла­удың дұ­ры­стығ­ын ба­қы­лау
КҚГҚ са­ла­сын­да­ғы нор­ма­тив­тік құқық­тық құ­жат­тар
Шлюз­де­ле­тін ке­ме­лер, КҚГҚ
3 Ф
З 3-1 Екі жақ­ты қай­ы­ры­лып ашы­ла­тын қақ­па­ның дұ­рыс жар­ма­ла­нуын және ке­ме­лер­дің шлюз­де­у­ге дай­ынды­ғын ба­қы­лау
КҚГҚ са­ла­сын­да­ғы нор­ма­тив­тік құқық­тық құ­жат­тар
КҚГҚ
4 Ф
З 4-1 Ке­ме­нің жа­қын­да­ту ка­нал­да­рын­да­ғы жай күй­ін ба­қы­лау
КҚГҚ са­ла­сын­да­ғы нор­ма­тив­тік құқық­тық құ­жат­тар
Шлюз­де­ле­тін ке­ме­лер
5 Ф
З 5-1 Қақ­па­ның шкаф­тық бөл­шек­те­рі мен жұ­мыс қақ­па­ла­рын жүз­ді нәр­се­лер­ден уақ­ты­лы та­за­ла­уды қам­та­ма­сыз ету
Жүз­ді нәр­се­лер­ді та­за­ла­у­ға ар­нал­ған құ­рал­дар
КҚГҚ
6 Ф
З 6-1 Ка­ме­ра­да­ғы ак­ва­то­ри­я­лар­ды, жа­қын­дау ка­нал­да­рын және шлюз аумақ­та­рын та­за­лау
Жүз­ді нәр­се­лер­ді та­за­ла­у­ға ар­нал­ған құ­рал­дар
КҚГҚ
7 Ф
З 7-1 Шлюз­де­ле­тін ке­ме­лер­мен ке­ме қа­ты­най­тын шлюз­дер ар­қы­лы ке­ме­лер­ді өт­кі­зу қа­ғи­да­сы­ның орын­да­луын ба­қы­лау
КҚГҚ са­ла­сын­да­ғы нор­ма­тив­тік құқық­тық құ­жат­тар
Шлюз­де­ле­тін ке­ме­лер
8 Ф
З 8-1 Вах­та­лар­дың ба­стық­та­ры­мен шлюз­дың ор­та­лық бас­қа­ру пуль­ті­нен бе­рі­ле­тін, шлюз­де­ле­тін ке­ме ко­ман­да­ла­ры­ның дұ­рыс және уақ­ты­лы орын­да­луын ба­қы­лау шлю­за
КҚГҚ са­ла­сын­да­ғы нор­ма­тив­тік құқық­тық құ­жат­тар
Шлюз­де­ле­тін ке­ме­лер
9 Ф
З 9-1 Шлюз­дің тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту және ағым­да­ғы жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге қа­ты­су
Шлюз­ге тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту және ағым­да­ғы жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гі­зу бой­ын­ша жұ­мыстар­ға ар­нал­ған құ­рал­дар
КҚГҚ
10 Ф
З 10-1 Вах­та­ға бе­кі­ті­л­ген аумақ­ты және үй-жай­лар­ды та­зар­ту.
Та­за­ла­у­ға ар­нал­ған құ­рал­дар
КҚГҚ
2-кесте

2 2. Еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі «Шлюз вахтасының бастығы»

Шиф­рі
Ең­бек затта­ры
Ең­бек құ­рал­да­ры
Мін­дет­тер
Ше­бер­лі­гі мен дағ­ды­ла­ры
Бі­лі­мі
1 Ф
З 1.1 Ке­ме қа­ты­най­тын гид­ро­тех­ни­ка­лық құ­ры­лы­стар­да вах­та­ны алып жү­ру
КҚГҚ са­ла­сын­да­ғы нор­ма­тив­тік құқық­тық құ­жат­тар. Жос­пар­лар, кесте­лер, жур­нал­дар
Ке­ме қа­ты­най­тын гид­ро­тех­ни­ка­лық құ­ры­лы­стар
Бас­қа­ру­шы­лық жұ­мыс­та­ғы тә­жі­ри­бе­сі. Жұ­мыс про­це­сін бас­қа­ра бі­лу ше­бер­лі­гі. Өн­ді­рі­стік про­цесс ке­зін­де ше­шім қа­был­дай бі­лу ше­бер­лі­гі. Ке­ме қа­ты­най­тын гид­ро­тех­ни­ка­лық құ­ры­лы­стар­да вах­та­ны алып жү­ру дағдысы. Ке­ме­лер­ді дұ­рыс және қа­уіп­сіз шлюз­деу дағдысы
«ҚР Іш­кі су жол­да­ры бой­ын­ша жү­зу ере­же­ле­рін бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2011 жы­л­ғы 22 шіл­де­де­гі № 845 қа­улы­сы.
«Ке­ме­лер­дің ке­ме қа­ты­на­сы шлюз­де­рі ар­қы­лы өту қа­ғи­да­сын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Кө­лік және ком­му­ни­ка­ция ми­ни­стрі­нің 2011 жы­л­ғы 28 Фқ­пан­да­ғы № 95 бұй­ры­ғы (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер ті­зі­лі­мін­де № 6843 бо­лып тір­кел­ген ).
«Шлюз­деу ке­зін­де же­ңіл­дік­тер мен тө­мен­де­ту­ді қол­да­ну ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Кө­лік және ком­му­ни­ка­ция ми­ни­стрі­нің 2005 жы­л­ғы 19 қа­зан­да­ғы № 329-І бұй­ры­ғы.
Гид­ро­тех­ни­ка­лық жүй­е­лер­ді және құ­ры­лы­стар­ды пай­да­ла­ну бой­ын­ша нор­ма­тив­тік-тех­ни­ка­лық ба­за. Гид­ро­тех­ни­ка­лық құ­ры­лы­стар­дың элек­тр­лік-ме­ха­ни­ка­лық жаб­дық­та­ры. Есеп­те­уіш тех­ни­ка­сы­ның құ­рал­да­ры, ком­му­ни­ка­ци­я­лар және бай­ла­ны­стар, іс жүр­гі­зу стан­дарт­та­ры. Қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау­ға қой­ы­ла­тын та­лап­тар, ең­бек заң­на­ма­сы­ның негіз­де­рі, ең­бек­ті қор­ғау, қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­лар, өн­ді­рі­стік та­за­лық және өрт­ке қар­сы қор­ғау қа­ғи­да­ла­ры мен нор­ма­ла­ры
2 Ф
З 2.1 Ке­ме­лер­ді дұ­рыс және қа­уіп­сіз шлюз­деу
КҚГҚ са­ла­сын­да­ғы нор­ма­тив­тік құқық­тық құ­жат­тар. Жос­пар­лар, кесте­лер, жур­нал­дар
Ке­ме қа­ты­най­тын гид­ро­тех­ни­ка­лық құ­ры­лы­стар
3-кесте

3 3. «Вахтаның аға бастығы» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі

Шиф­рі
Ең­бек затта­ры
Ең­бек құ­рал­да­ры
Мін­дет­тер
Ше­бер­лі­гі мен дағ­ды­ла­ры
Бі­лі­мі
1 Ф
З 1-1 Ке­ме қа­ты­най­тын гид­ро­тех­ни­ка­лық құ­ры­лы­стар­да вах­та­ны алып жү­ру­ді, ке­ме­лер­ді дұ­рыс және қа­уіп­сіз шлюз­де­уді ұй­ым­да­сты­ру
КҚГҚ са­ла­сын­да­ғы нор­ма­тив­тік құқық­тық құ­жат­тар. Жос­пар­лар, кесте­лер, жур­нал­дар.
Ке­ме қа­ты­най­тын гид­ро­тех­ни­ка­лық құ­ры­лы­стар
Бас­қа­ру­шы­лық жұ­мыс­та­ғы тә­жі­ри­бе­сі. Жұ­мыс про­це­сін бас­қа­ра бі­лу ше­бер­лі­гі. Өн­ді­рі­стік про­цесс ке­зін­де ше­шім қа­был­дай бі­лу ше­бер­лі­гі. Мақ­сат­тар мен ба­ста­ма­лар­ды нақ қоя бі­лу. Орын­да­у­шы­лық тәр­тіп­ті жүй­е­лі ба­қы­лау. Қыз­мет­кер­лер­дің қа­бі­лет­те­рі мен дағ­ды­ла­рын да­мы­ту. Адам­дар­ды оқы­та бі­лу және нұс­қау бе­ре бі­лу ше­бер­лі­гі. Өкі­лет­тіктер­ді үле­сті­ре бі­лу және сай­лау ше­бер­лі­гі. Ке­ме қа­ты­най­тын гид­ро­тех­ни­ка­лық құ­ры­лы­стар­да вах­та­ны алып жү­ру­ді, ке­ме­лер­ді дұ­рыс және қа­уіп­сіз шлюз­де­уді ұй­ым­да­сты­ру дағдысы. Ке­ме қа­ты­най­тын гид­ро­тех­ни­ка­лық құ­ры­лы­стар­да вах­та­ны алып жү­ру­ді, ке­ме­лер­ді дұ­рыс және қа­уіп­сіз шлюз­де­уді ба­қы­лау дағдысы
«ҚР Іш­кі су жол­да­ры бой­ын­ша жү­зу ере­же­ле­рін бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2011 жы­л­ғы 22 шіл­де­де­гі № 845 қа­улы­сы.
«Ке­ме­лер­дің ке­ме қа­ты­на­сы шлюз­де­рі ар­қы­лы өту қа­ғи­да­сын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Кө­лік және ком­му­ни­ка­ция ми­ни­стрі­нің 2011 жы­л­ғы 28 ақ­пан­да­ғы № 95 бұй­ры­ғы (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер ті­зі­лі­мін­де № 6843 бо­лып тір­кел­ген ).
«Шлюз­деу ке­зін­де же­ңіл­дік­тер мен тө­мен­де­ту­ді қол­да­ну ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Кө­лік және ком­му­ни­ка­ция ми­ни­стрі­нің 2005 жы­л­ғы 19 қа­зан­да­ғы № 329-І бұй­ры­ғы.
Гид­ро­тех­ни­ка­лық жүй­е­лер­ді және құ­ры­лы­стар­ды пай­да­ла­ну бой­ын­ша нор­ма­тив­тік-тех­ни­ка­лық ба­за. Гид­ро­тех­ни­ка­лық құ­ры­лы­стар­дың элек­тр­лік-ме­ха­ни­ка­лық жаб­дық­та­ры. Есеп­те­уіш тех­ни­ка­сы­ның құ­рал­да­ры, ком­му­ни­ка­ци­я­лар және бай­ла­ны­стар, іс жүр­гі­зу стан­дарт­та­ры. Қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау­ға қой­ла­тын та­лап­тар, ең­бек заң­на­ма­сы­ның негіз­де­рі, ең­бек­ті қор­ғау, қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­лар, өн­ді­рі­стік та­за­лық және өрт­ке қар­сы қор­ғау қа­ғи­да­ла­ры мен нор­ма­ла­ры
2 Ф
З 2-1 Ке­ме қа­ты­най­тын гид­ро­тех­ни­ка­лық құ­ры­лы­стар­да вах­та­ны алып жү­ру­ді, ке­ме­лер­ді дұ­рыс және қа­уіп­сіз шлюз­де­уді ба­қы­лау
КҚГҚ са­ла­сын­да­ғы нор­ма­тив­тік құқық­тық құ­жат­тар. Жос­пар­лар, кесте­лер, жур­нал­дар
Ке­ме қа­ты­най­тын гид­ро­тех­ни­ка­лық құ­ры­лы­стар
Ескертпе: М – міндет.
«Кеме қатынайтын гидротехникалық
құрылыстарды пайдалану»
кәсіби стандартына
5-қосымша
Келісу парағы
Ұй­ым ата­уы
Ке­лі­су кү­ні
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стр­лі­гі
Осы КС ____________________________________________________ тіркелді.
Кәсіби стандарттардың реестріне № _________________________ тіркелді.
Хат (хаттама) № ___________ Күні _____________________

Қолданыстағы