Об утверждении Правил служебной этики государственных служащих Министерства обороны Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил служебной этики государственных служащих Министерства обороны Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мемлекеттiк қызметшілерінің қызмет этикасы қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 557
- Қабылданған күні
- 27.11.2013
- Көрсетілген редакция
- 25.05.2016 77128_480682.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1300009045
- ЭКБ идентификаторы
- 77128
- Редакция идентификаторы
- 77128_480682
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:48
0 Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мемлекеттiк қызметшілерінің қызмет этикасы қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы № 651 Жарлығының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мемлекеттiк қызметшілерінің қызмет этикасы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әкімшілік департаментінің бастығы:
1 1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Әділет министрлігіне жолдасын;
2
2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;
3 3) ресми жарияланғаннан кейін бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің веб-сайтына орналастырсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі департаменттері мен басқармаларының бастықтары мемлекеттік қызметшілерді жұмысқа қабылдау кезінде оларды жоғарыда көрсетілген қағидалармен таныстырсын.
4 4. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Б.Ә. Майкеевке жүктелсін.
5 5. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
6 6. Бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы қағидалары
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2013 жылғы 27 қарашадағы
№ 557 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы қағидалары
1
1. Осы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы № 651 Жарлығының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мемлекеттік қызметшілерінің өз қызметтік міндеттерін атқару барысындағы, әріптестерімен және азаматтармен өзара қарым-қатынас жасау кезіндегі мінез-құлқының негізгі нормаларын белгілейді.