Құжат мәтініне өту

Об утверждении Инструкции по производству дел об административных правонарушениях в органах внутренних дел Республики Казахстан

Бұйрық · № 713 · қабылданған 13.12.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-77136/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Инструкции по производству дел об административных правонарушениях в органах внутренних дел Республики Казахстан Күшін жойған Бұйрық ·№ 713 ·13.12.2013
30.12.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Инструкции по производству дел об административных правонарушениях в органах внутренних дел Республики Казахстан

Күшін жойған Бұйрық ·№ 713 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Инструкции по производству дел об административных правонарушениях в органах внутренних дел Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер өндірісі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
713
Қабылданған күні
13.12.2013
Көрсетілген редакция
30.12.2019 77136_435293.kaz
Соңғы өзгеріс
30.12.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300009074
ЭКБ идентификаторы
77136
Редакция идентификаторы
77136_435293
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:33

0 Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер өндірісі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер өндірісін жүзеге асырудың бірыңғай тәртібін айқындау мақсатында, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Заңның 6-бабы 2-тармағының 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер өндірісі жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3

3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары, департаментерінің және дербес басқармаларының, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің бастықтары:

1 1) осы бұйрықты ішкі істер органдары жеке құрамының зерделеуі, Нұсқаулықта көзделген қызметтік құжаттаманы дайындауды ұйымдастырсын;

2 2) осы бұйрықтың талаптарына сәйкес ішкі істер органдарының жұмысын ұйымдастырсын.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер өндірісі жөніндегі нұсқаулық

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2013 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 713 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер өндірісі жөніндегі нұсқаулық

1 1. Осы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер өндірісі жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісін жүзеге асыру рәсімін тәртібін нақтылайды.

2

2. Ішкі істер органдары бөліністерінде (бұдан әрі – ІІО) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша өндірісті әкімшілік практика бөлімдері (бөлімшелері, топтары) (бұдан әрі – әкімшілік практика бөліністері), не болмаса көрсетілген функциялар міндеттеріне кіретін қызметкерлер (бұдан әрі – жауапты қызметкерлер) жүргізеді.

3

3. Осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама (бұдан әрі – хаттама), осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қаулы (бұдан әрі – қаулы), осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алынған жүргізуші куәлігінің орнына берілетін уақытша куәлік (бұдан әрі – уақытша куәлік) бланкілері қатаң есептіліктегі құжаттар болып табылады.

4 4. Хаттаманың, уақытша куәліктің бланкілерінде бір облыс шегінде (республикалық маңызы бар қала, астана) бірыңғай нөмірі және осы өңірдің мемлекеттік нөмірлік белгілеріндегі сандық белгілеуге сәйкес сериясы болуы тиіс.

5 5. Қатаң есептіліктегі бланкілердің келіп түсуін және беруді әкімшілік практика бөлінісі не болмаса жауапты қызметкер осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қатаң есептіліктегі бланкілердің келіп түсуі және шығысталуы журналында жүргізеді.

6 6. Бүлінген қатаң есептіліктегі бланкілерді қатаң есептіліктегі бланкілердің бар болуы және дұрыс шығысталуын тексеру кезінде ІІО құрылымдық бөлінісінің басшысы әкімшілік практика бөлінісіне немесе жауапты қызметкерге есепке алу және есептен шығару үшін береді.

7 7. Хаттама және (немесе) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс бойынша қаулы оларға қоса берілген материалдармен бірге әкімшілік істі құрайды.

8

8. Әкімшілік істер толтырылғаннан кейін сегіз сағат ішінде ІІО құрылымдық бөлінісінің басшысына, ал саптық бөліністерде - взвод командиріне тапсырылады, ол олардың толтырылуының, қысқартылған іс жүргізуді қолданудың дұрыстығын және негізділігін, шығарылған қаулының заңдылығын, әкімшілік іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қабылдауды тексереді.
Тексерілгеннен кейін әкімшілік істер ІІО құрылымдық бөлінісі басшысының (взвод командирінің) «Тексерілді. Ескертулер жоқ» деген қолымен расталады, Әкімшілік істерді есепке алу журналына осы Нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеледі және қолхат арқылы әкімшілік практика бөлінісіне немесе жауапты қызметкерге оларды толтырған сәттен бастап он сағаттан кешіктірмей тапсырылады.

9 9. Әкімшілік практика бөлінісінің қызметкері немесе жауапты қызметкер әкімшілік істерді қабылдау кезінде:

1

1) хаттаманың және өзге де іс жүргізу құжаттарының дұрыс толтырылуын, салынған жазалаулардың Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі (бұдан әрі - Кодекс) санкцияларына сәйкестігін, қысқартылған іс жүргізуді қолданудың негізділігін, материалдардың толықтығын тексереді, қажет болған жағдайда қосымша мәліметтерді жинақтауды жүзеге асырады;

2

2) әкімшілік істерді Әкімшілік істерді тіркеу журналына осы Нұсқаулыққа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, әкімшілік істерді есепке алу бойынша ведомстволық автоматтандырылған ақпараттық жүйеге және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің (бұдан әрі – ҚСжАЕАК) «Бірыңғай біріздендірілген статистикалық жүйе» (бұдан әрі - «ББСЖ») есепке алу жүйесіне тіркейді;

3

3) егер әкімшілік істерді қарау мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік соттардың, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың құзыретіне жатқызылған болса, әкімшілік істерді толтырған сәттен бастап үш тәулік ішінде оларды сотқа жолдайды. Құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілік әкімшілік қамауға әкеп соқтыратын әкімшілік істерді толтырғаннан кейін дереу оны толтырған лауазымды адам сотқа жолдайды;

4

4) айыппұлдың көрсетілген сомасының елу пайызы мөлшерінде айыппұл төлеу құқығы пайдаланылмаған әкімшілік істерді, сондай-ақ ІІО құзыретіне жататын, оның ішінде әкімшілік істерді қарау кезінде қатысуы қажет адамдарды шақыру жөніндегі басқа да істерді белгіленген мерзімдерде қарау бойынша шаралар қабылдайды. Адамдарды шақыру фактісін растайтын құжаттар әкімшілік істерге қоса тігіледі;

5 5) әкімшілік істер бойынша енгізілген қаулыларды орындау бойынша шаралар қабылдайды.

10

10. Соттардың қарамағына берілген әкімшілік істер осы Нұсқаулыққа 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Алфавиттік журналға тіркеледі, онда әкімшілік практика бөлінісінің қызметкері не жауапты қызметкер әкімшілік істі сотқа жолдағаннан кейін, тиісті бағанға ілеспе хаттың шығыс нөмірін және жіберілген күнін көрсете отырып, «сотқа жолданды» деген жазба жүргізеді.

11 11. Әкімшілік істердің ведомстволық автоматтандырылған есебі жүзеге асырылатын ішкі істер органдары бөліністерінде журналдарды жүргізу міндетті емес.

12 12. Әкімшілік істерді есепке алу жөніндегі ведомстволық автоматтандырылған ақпараттық жүйе «ББСЖ» есепке алу жүйесімен біріктірілген кезде әкімшілік істерді «ББСЖ» есепке алу жүйесінде тіркеу жүзеге асырылмайды.

Бұл жағдайда әкімшілік істерді тіркеу, есепке алу және беру компьютерден басып шығару (квеста) бойынша жүргізіледі, олар тиісті істерге тігіледі.
Тіркелген әкімшілік істердің компьютерден басып шығарған даналары жеке істерге қалыптастырылады.

13 13. Ұсталған көлік құралдарын тіркеу және есепке алу үшін әкімшілік практика бөлінісі не жауапты қызметкер осы Нұсқаулыққа 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұсталған көлік құралдарын тіркеу журналын жүргізеді.

Ұсталған көлік құралдарын арнайы алаңнан немесе тұрақтардан беру кезінде ұсталған көлік құралын беруге рұқсат беру осы Нұсқаулыққа 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылады, ол көлік құралының иесіне қол қою арқылы беріледі.

14 14. Алынған мемлекеттік нөмірлік тіркеу белгілері (бұдан әрі – МНТБ) осы Нұсқаулыққа 10-қосымшаға сәйкес Алынған МТНБ тіркеу журналына тіркеуге және есепке алуға жатады.

14-1. Көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын кемені ұстау, жеткізу және пайдалануға тыйым салу туралы акті осы Нұсқаулыққа 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылады.

15 15. Басқа ІІО келіп түскен әкімшілік істер осы Нұсқаулыққа

11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Басқа ІІО келіп түскен әкімшілік істерді тіркеу журналына тіркеледі.

16 16. Бөліністің ішінде әкімшілік істер қоса берілген құжаттармен бірге қызметкерден қызметкерге осы Нұсқаулыққа 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тарату кітабы (бұдан әрі – тарату кітабы) бойынша қол қою арқылы беріледі.

17 17. ІІО басқа бөліністеріне әкімшілік істер тапсырыс хат-хабарлармен жіберіледі немесе тарату кітабы бойынша беріледі, бұл туралы тиісті бағанға белгі қойылады.

18 18. Әкімшілік істер, алынған МТНБ сейфтерде (металл шкафтарда) сақталады. Сейфтердің (металл шкафтардың) сенімді құлыптары болуы тиіс және олар мөрленуі қажет, олар рұқсат тек әкімшілік практика бөлінісінің қызметкерлерінде немесе жауапты қызметкерде ғана болуы тиіс.

19 19. Әкімшілік практика бөлінісінің басшысы не жауапты қызметкер:

1 1) мыналарды:

әкімшілік істерді салынған қаулыларды орындау бойынша шаралар қабылдау үшін (Кодексте көзделген жағдайларда – қарау үшін) құқық бұзушының тұрғылықты жері бойынша ІІО-ға;
айыппұлдар салу туралы қаулыларды жұмыс орны немесе жауапкершілікке тартылған адам сыйақы, зейнетақы, стипендия алатын ұйымға оның жалақысынан немесе өзге де кірістерінен мәжбүрлі түрде айыппұл сомасын ұстап қалу үшін;
айыппұлдар салу туралы қаулыларды мәжбүрлеп орындату үшін жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарына, оның ішінде электронды нысанда айыппұлдар төлеу қажеттілігі туралы ұйғарымдарды уақтылы жолдауды;

2 2) мыналарды:

ІІО бөліністерінің қатаң есептіліктегі бланкілердің бар болуы және дұрыс шығысталуын;
ІІО деректерімен медициналық куәландыру мекемелеріне жеткізілген адамдар бойынша;
сотқа жіберілген және келіп түскен әкімшілік істерді;
қамауға алу түріндегі әкімшілік жазалау туралы енгізілген және орындалған соттардың қаулыларын;
жұмыс орны немесе жауапкершілікке тартылған адам сыйақы, зейнатақы, стипендия алатын ұйымға оның жалақысынан немесе өзге де кірістерінен мәжбүрлі түрде айыппұл сомасын ұстап қалу үшін жіберілген қаулыны орындау бойынша;
атқару өндірісі органдарымен жіберілген және мәжбүрлі тәртіпте орындалған қаулыларды, ұйғарымдарды;
ІІО-да тіркелген әкімшілік істерді ҚСжАЕАК деректерімен (тоқсан сайын) ай сайынғы салыстыра тексеру жүргізуді;

3 3) құқық қорғау, арнайы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпараттық алмасу жүйесі арқылы ұсынылған төлем құжаттарына сәйкес төленген әкімшілік айыппұлдар сомаларының бюджетке іс жүзінде түсуі мәніне тексеруді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

20

20. Осы Нұсқаулықтың 19-тармағының 2) тармақшасында көзделген жүргізілген салыстыра тексерудің нәтижелері осы Нұсқаулыққа 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті актімен ресімделеді. Салыстыра тексеру нәтижелері туралы әкімшілік практика бөлінісінің басшысы не болмаса жауапты қызметкер ІІО басшысына баянат арқылы баяндайды, ол заң бұзушылықтар анықталған жағдайда тексеріс тағайындайды.

21 21. Әкімшілік практика бөліністерінде әкімшілік өндірістің заңдылығы мен уақтылығын бақылауды төменгі тұрған органдарға қатысты жоғары тұрған орган жүзеге асырады.

22 22. Аумақтық, көліктегі ішкі істер департаменттерінің және Ішкі істер министрлігінің ( бұдан әрі – ІІМ) Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің бастықтары жылына кемінде бір рет төменгі бөліністердің әкімшілік қызметінің жай-күйіне кешенді тексерісті ұйымдастырады.

23

24 24. Тексеріс нәтижелері бойынша тексеру жүргізген лауазымды адамдар және тексеру жүргізілген ІІО бөліністерінің басшылары қол қоятын анықтама жасалады.

25 25. Олар бойынша іс жүргізу аяқталған әкімшілік істер, сондай-ақ қатаң есептегі бүлінген бланкілер номенклатуралық істерге тігіледі және әкімшілік практика бөліністерінің мұрағаттық үй-жайларында (шкафтарында) немесе ІІО мұрағаттарында сақталады.

26

26. Істердегі парақтар нөмірленеді және соңғы парағында нөмірленген парақтардың саны туралы растау қолы қойылады. Олар бойынша іс жүргізу аяқталған әкімшілік істер бар әрбір номенклатуралық істің мынадай мәліметтерді: құқық бұзушының тегін және аты-жөнін, хаттаманың нөмірін, Кодекстің бабын, әкімшілік жазаның түрін, салынған айыппұлдың сомасын, парақтар нөмірін қамтитын тізімдемесі болуы тиіс.

1 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ___ № ___________ ХАТТАМА

Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдарында
әкімшілік құқық бұзушылықтар
туралы істер өндірісі
жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша
Нысан
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
___ № ___________ ХАТТАМА
20 ___ жылғы «____» _______ сағ. ____ мин. ______________________
(толтырылған жері)
Хаттаманы толтырған адамның лауазымы, атағы, тегі және аты-жөні _____
______________________________________________________________________________________
Оған қатысты іс қозғалған адам туралы мәлімет:
Жеке тұлғалар үшін:
Тегі
Аты
Әкесінің аты
Азаматтығы:____________________Туған күні және жері:__________________________________
Тұрғылықты жері:______________________________________________________________________
Телефонның абоненттік/факстің/ұялы байланыстың нөмірі_________________________________
Электрондық мекенжайы_________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат:_______________________________________________________
(құжаттың атауы, сериясы, нөмірі, берілген күні, кім берді)
ЖСН № ____________________ Жұмыс (оқу) орны/лауазымы: ________________________________
Заңды тұлғалар үшін:
Атауы:________________________________________________________________________________
Заңды мекенжайы:______________________________________________________________________
Мемлекеттік тіркеу нөмірі және күні:_________________________ БСН № __________________
Көлік құралының маркасы: ______________КҚТК___________жылы берілген МТНБ______________
Бұрын жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтары немесе (және)
соттылығының болуы туралы мәліметтер _________________________________________________
______________________________________________________________________________________
(жасалған күні, Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылықтар
туралы кодекстің, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің бабы)
Қаралатын іс бойынша өндірісті жүргізу тілі белгіленсін:_____________
Әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған орны, уақыты және мәні:__________
______________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________
осылайша, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы
кодекс__________бабының___________бөлігінде көзделген әкімшілік құқық
бұзушылық жасалған.
Метрологиялық тексерудің атауы, нөмірі, күні, техникалық құралдың
көрсеткіштері: _______________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өндіріске қатысушылар
туралы мәліметтер: куә, куәгер, жәбірленуші, жеке (заңды) тұлғаның
заңды өкілі, қорғаушы, аудармашы (қажетінің астын сызу керек)
1. ___________________________________________________________________________________
(адамның тегі, аты-жөні және тұрғылықты жерінің мекенжайы)
2. __________________________________________________________________
(адамның тегі, аты-жөні және тұрғылықты жерінің мекенжайы)
Құқықтары мен міндеттері түсіндірілді: 1.___________ 2. ______________
(қолы) (қолы)
Жеке тұлғаның (заңды тұлға өкілінің) түсініктемесі: __________________________________
______________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________
(қолы)
Істі шешу үшін қажетті өзге де мәліметтер:____________________________________________
______________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________
(адамға қатысты қолданылған өндірісті қамтамасыз ету шарасы;
______________________________________________________________________________________
Дербес жалақысы жоқ, 16-дан бастап 18-ге дейінгі жастағы адамға қатысты хаттама
______________________________________________________________________________________
толтырылған жағдайда ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың тегі,
______________________________________________________________________________________
аты-жөні,тұрғылықты жері және жұмыс орны, атқаратын лауазымы; және басқа да мәліметтер)
______________________________________________________________________________________
Хаттамаға қоса беріледі:______________________________________________________________
(хаттамаға қоса берілетін құжаттар мен заттардың тізбесі)
______________________________________________________________________________________
Істі қарау үшін:______________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
_____________________мекенжайы бойынша «___»________20___ж. сағат____ мин. келу қажет.
Қолдары: хаттаманы толтырған адам ____________________________________________________
жәбірленуші (жәбірленушілер) _________________________________________________________
куә __________________________________________________________________________________
куәгерлер 1. ___________________________ 2. ______________________________
Заңгерлік көмек қажет / қажет емес (қажетінің асты сызылады) _________________________
(қолы)
Аудармашы қажет / қажет емес (қажетінің асты сызылады) _______________________________
(қолы)
Хаттамамен таныстым, көшірмесін алдым 20 ___ жылғы «___»_______ _______________
(қолы)
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 744-бабында
көзделген құқықтар мен міндеттер маған түсіндірілді___________________________________
(қолы)
Уақытша куәлік алдым 20 ___ жылғы «___»__________________ ___________
(қолы)

2 Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша ҚАУЛЫ

Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдарында
әкімшілік құқық бұзушылықтар
туралы істер өндірісі
жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша
Нысан
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша
ҚАУЛЫ
20 ____ жылғы "____"____________ _________________________________
(істі қарау орны)
Қаулыны енгізген адамның лауазымы, атағы, тегі, аты-жөні _____________________________
______________________________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы
кодексінің 685,821, 822-баптарына сәйкес,
Жеке тұлға: __________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
Туған күні және жері: ________________________________________________________________
Тұрғылықты жері: _____________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжаты: _____________________________________________________
(құжаттың атауы, сериясы, нөмірі, берілген күні, кім берді)
ЖСН № _____________________________ Жұмыс орны:_________________________________
Заңды тұлға:
Атауы: _______________________________________________________________________________
Заңды мекенжайы: _____________________________________________________________________
Мемлекеттік тіркеу нөмірі және күні:___________ БСН № _______ жасаған
құқық бұзушылық туралы әкімшілік өндірісті қарап,
Қаралатын іс бойынша өндірісті жүргізу тілі белгіленсін:______________________________
______________________________________________________________________________________
(Әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған орны, уақыты және мәні)
______________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________
әкімшілік құқық бұзушылықты жасауда көрінген, Қазақстан Республикасы
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекс _______ бабының ________
бөлігін бұзғаны үшін
ҚАУЛЫ ЕТТІМ
______________________________________________________________________________________
(жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты; заңды тұлға үшін –толық атауы)
сомасы ________________________________ теңге әкімшілік айыппұл салуға.
(сомасы толық жазылады)
______________________________________________________________________________________
(қаулыны енгізген адамның лауазымы, атағы, тегі және аты-жөні, қолы)
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 893-бабына сәйкес
әкімшілік жауапкершілікке тартылған адам айыппұлды қаулының заңды күшіне енген күннен
бастап күннен кешіктірмей төлеуі тиіс.
Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін салынған айыппұлды айыппұл салу туралы қаулыны
енгізген органға (лауазымды адамға) хабарлай отырып, жеке тұлға немесе заңды тұлға
_________________________________ банктің есеп шотына енгізеді немесе аударады.
Айыппұлды белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда, Қазақстан Республикасы Әкімшілік
құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 894, 895-баптарының ережелері қолданылады.
Осы қаулыға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің
45-47-баптарына сәйкес шағымдану мүмкін.
ҚОЛХАТ
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы көшірмесін алдым, айыппұлды төлеу
тәртібі маған түсіндірілді
20___ жылғы «___» ___________. _____________________________
(қолы)
Алынған _________ алдым 20___ жылғы «___» ___________________. _______________________
(алынған заттар мен құжаттар көрсетіледі) (қолы)

3 Алынған жүргізуші куәлігінің орнына берілетін уақытша куәлік

Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдарында
әкімшілік құқық бұзушылықтар
туралы істер өндірісі
жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша
Нысан
Алынған жүргізуші куәлігінің орнына берілетін уақытша куәлік

4 Қатаң есептіліктегі бланкілердің кірісі және шығысталу журналы

Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдарында
әкімшілік құқық бұзушылықтар
туралы істер өндірісі
жөніндегі нұсқаулыққа
4-қосымша
Нысан
Қатаң есептіліктегі бланкілердің кірісі және шығысталу журналы
Басталды: 20 ___ жылғы «___»________
Аяқталды: 20 ___ жылғы «___»________

1 I бөлім. Бланкілердің кірісі (бастапқы 10 парақ)


р/с
Ке­ліп түс­кен кү­ні
Блан­кі­лер қай­дан ке­ліп тү­сті негіз­де­ме (іле­с­пе құ­жат­тың, се­нім­хат­тың және бас­қа­лар­дың нө­мі­рі)
Блан­кі­лер­дің ата­у­ла­ры
Са­ны
Се­ри­я­сы № ___ ба­стап
№ ______ дей­ін
Блан­кі­лер­ді ал­дым (ла­у­а­зы­мы, те­гі, аты-жө­ні, қо­лы)

2 II бөлім. Бланкілердің шығысталуы (11-парақтан бастап және одан әрі)


р/с
Бе­рі­л­ген кү­ні
Блан­кі­лер­дің ата­у­ла­ры
Са­ны
Се­ри­я­сы № ___ ба­стап
№ ______ дей­ін
Блан­кі­лер­ді ал­дым (ла­у­а­зы­мы, те­гі, аты-жө­ні, қо­лы)
Са­лы­сты­ра тек­се­ру нәти­же­ле­рі ту­ра­лы бел­гі

5 Әкімшілік істерді есепке алу журналы

Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдарында
әкімшілік құқық бұзушылықтар
туралы істер өндірісі
жөніндегі нұсқаулыққа
5-қосымша
Нысан
Әкімшілік істерді есепке алу журналы
Басталды: 20 ___ жылғы «___»________
Аяқталды: 20 ___ жылғы «___»________

р/с
Хат­та­ма №
Тол­ты­ры­л­ған кү­ні
Құқық бұ­зу­шы­ның те­гі, аты-жө­ні
Құқық бұ­зу­шы­лық тү­рі (ӘҚ­БтК ба­бы)
Қо­са бе­рі­л­ген құ­жат­тар
Әкім­ші­лік прак­ти­ка бө­лі­ні­сі қыз­мет­ке­рі­нің неме­се жа­у­ап­ты адам­ның әкім­ші­лік іс­ті ал­ға­ны ту­ра­лы қо­лы
Әкім­ші­лік іс­ті ал­ған кү­ні
Ес­керт­пе

6 Әкімшілік істерді тіркеу журналы

Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдарында
әкімшілік құқық бұзушылықтар
туралы істер өндірісі
жөніндегі нұсқаулыққа
6-қосымша
Нысан
Әкімшілік істерді тіркеу журналы
Басталды: 20 ___ жылғы «___»________
Аяқталды: 20 ___ жылғы «___»________

р/с
Хат­та­ма №
Құқық бұ­зу­шы­ның те­гі, аты-жө­ні
Ту­ған кү­ні
Құқық бұ­зу­шы­лық тү­рі (ӘҚ­БтК ба­бы)
Қо­са бе­рі­л­ген құ­жат­тар
Аза­мат­тығы
Жұ­мыс ор­ны
Іс­ті қа­рау кү­ні және іс бой­ын­ша қа­был­дан­ған ше­шім
Іс бой­ын­ша қа­был­дан­ған ше­шім­ді орын­дау кү­ні
Қа­у­лы орын­дал­ған­нан кей­ін іс­ті сақ­тай­тын том­ның нө­мі­рі неме­се іс қай­да жол­дан­ды (ор­ган­ның, бө­лі­ні­стің ата­уы, шығ. №, кү­ні)

7 Алфавиттік журнал (сотқа бағынысты әкімшілік істі тіркеуге арналған)

Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдарында
әкімшілік құқық бұзушылықтар
туралы істер өндірісі
жөніндегі нұсқаулыққа
7-қосымша
Нысан
Алфавиттік журнал (сотқа бағынысты әкімшілік істі тіркеуге арналған)
Басталды: 20 ___ жылғы «___»________
Аяқталды: 20 ___ жылғы «___»________

р/с
№ хат­та­ма
Құқық бұ­зу­шы­ның те­гі, аты-жө­ні
Құқық бұ­зу­шы­лық тү­рі (ӘҚ­БтК ба­бы)
Қа­был­дан­ған ше­шім
Жол­дан­ған кү­ні, шы­ғыс №
Іс­ті жол­да­ған ла­у­а­зым­ды адам­ның те­гі, аты-жө­ні

8 Ұсталған көлік құралдарын тіркеу және есепке алу журналы

Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдарында
әкімшілік құқық бұзушылықтар
туралы істер өндірісі
жөніндегі нұсқаулыққа
8-қосымша
Нысан
Ұсталған көлік құралдарын тіркеу және есепке алу журналы
Басталды: 20 ___ жылғы «___»________
Аяқталды: 20 ___ жылғы «___»________

р/с
Ұстал­ған кү­ні және уа­қы­ты
КҚ мар­ка­сы
МТНБ
КҚ ти­е­сі­лі­гі
Ұста­у­ға негіз­де­ме
(ӘҚ­БтК ба­бы және бас­қа­лар)
Хат­та­ма №
КҚ ұста­ған адам­ның ла­у­а­зы­мы, те­гі, аты-жө­ні
Кестенің жалғасы
КҚ алу­ға рұқ­сат бе­ру кү­ні
КҚ алу­ға рұқ­сат бе­ру­ге негіз­де­ме
КҚ алу­ға рұқ­сат ал­ған адам­ның те­гі, аты-жө­ні
Рұқ­сат алу ту­ра­лы қо­лы
КҚ алу­ға рұқ­сат бер­ген адам­ның ла­у­а­зы­мы, те­гі, аты-жө­ні
Ес­керт­пе

9 Ұсталған көлік құралын беруге рұқсат № ______

Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдарында
әкімшілік құқық бұзушылықтар
туралы істер өндірісі
жөніндегі нұсқаулыққа
9-қосымша
Нысан
Ұсталған көлік құралын беруге рұқсат № ______
_______________________________ көлік құралын беруді сұраймын.
(маркасы)
Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі _________________________________
Құжаттың атауы ________________ сериясы ______ нөмірі _______________
Алушының тегі, аты жөні _____________________________________________
Ұстау себебі ________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(рұқсат берген лауазымды адамның лауазымы, атағы, тегі, аты жөні)
20___ жылғы «____»____________ ____________________________ М.О.
(лауазмды адамның қолы)
20 ___ жылғы «____» ___________ № _______ акті бойынша ұсталған көлік
құралы 20 ___ жылғы «____» ____________ берілді.
_____________________________________________ тұрақ бойынша кезекші
(тегі, аты-жөні)
_____________
(қолы)

10 Алынған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерді тіркеу журналы

Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдарында
әкімшілік құқық бұзушылықтар
туралы істер өндірісі
жөніндегі нұсқаулыққа
10-қосымша
Нысан
Алынған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерді тіркеу журналы
Басталды: 20 ___ жылғы «___»__________
Аяқталды: 20 ___ жылғы «___»__________

р/с
МТНБ
Алын­ған кү­ні
МТНБ ал­ған қыз­мет­кер­дің те­гі, аты-жө­ні, ла­у­а­зы­мы ата­ғы
Алу се­бе­бі (ӘҚ­БтК)
Хат­та­ма­ның № тол­ты­ры­л­ған кү­ні
Қа­был­дан­ған ше­шім
МТНБ ал­ға­ны ту­ра­лы жүр­гі­зу­ші­нің қо­лы

11 Басқа ІІО келіп түскен әкімшілік істерді тіркеу журналы

Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдарында
әкімшілік құқық бұзушылықтар
туралы істер өндірісі
жөніндегі нұсқаулыққа
11-қосымша
Нысан
Басқа ІІО келіп түскен әкімшілік істерді тіркеу журналы
Басталды: 20 ___ жылғы «___»________
Аяқталды: 20 ___ жылғы «___»________

р/с
Ке­ліп түс­кен кү­ні
Қай­дан ке­ліп тү­сті
Хат­та­ма­ның № және се­ри­я­сы
Қо­са бе­рі­л­ген құ­жат­тар
Құқық бұ­зу­шы­лық тү­рі (ӘҚ­БтК ба­бы)
Ма­те­ри­ал­ды ал­ған адам­ның ла­у­а­зы­мы, те­гі, қо­лы

12 Әкімшілік істерді тарату кітабы

Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдарында
әкімшілік құқық бұзушылықтар
туралы істер өндірісі
жөніндегі нұсқаулыққа
12-қосымша
Нысан
Әкімшілік істерді тарату кітабы
Басталды: 20 ___ жылғы «___»________
Аяқталды: 20 ___ жылғы «___»________

Р/с
Кү­ні
Хат­та­ма №
Қо­са бе­рі­л­ген құ­жат­тар
Әкім­ші­лік іс­ті ал­ған адам­ның ла­у­а­зы­мы, ата­ғы, те­гі, аты-жө­ні
Әкім­ші­лік іс­ті ал­ған адам­ның қо­лы
Ес­керт­пе

13 Көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені ұстау, жеткізу және пайдалануға тыйым салу туралы АКТІ

Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдарында
әкімшілік құқық бұзушылықтар
туралы істер өндірісі
жөніндегі нұсқаулыққа
13-қосымша
Нысан
Көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені ұстау,
жеткізу және пайдалануға тыйым салу туралы
АКТІ
20__ года "___" _______ уақыт «___» сағ. «____» мин. ________________________
(толтырылған орны)
________________________________________________________________________________________
(лауазымды адамның лауазымы, атағы, тегі және аты-жөні)
ӘҚБтК 797-бабына сәйкес, куәлердің қатысуымен:
1)______________________________________________________________________________________
(ТАЖ, т.ж., тұрғылықты мекен-жайы, жеке басын куәландыратын құжат, байланыс тел. нөмірі)
2)______________________________________________________________________________
(ТАЖ, т.ж., тұрғылықты мекен-жайы, жеке басын куәландыратын құжат, байланыс тел. нөмірі)
Құқықтары мен міндеттері түсіндірілді: 1)________________ 2)______________________
(қолы) (қолы)
______________________________________________________________________________қатысуымен
(көлік құралының, кеменің немесе шағын кеменің иесі, өзге де тұлғалар)
құқықтары мен міндеттері түсіндірілді __________________________________________________
(қолы)
Көлік құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені ұстау, жеткізу және пайдалануға
тыйым салу туралы актіні толтырды, оларды арнайы алаңдарға уақытша сақтау үшін жеткізу
жолымен, оның ішінде басқа көлік құралын (эвакуаторды), кемені немесе шағын көлемді
кемені пайдалана отырып; мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерді алу.
(қажетінің асты сызылсын)
Көлік құралы, кеме, оның ішінде шағын көлемді кеме туралы мәлімет:
Маркасы, моделі:_________________________________,
МТНБ_____________________________________________,
КҚТК ___________________________________________________________________________________
(сериясы, нөмірі, берілген күні)
Көлік құралының, кеменің, оның ішінде шағын көлемді кеменің меншік иесі туралы мәлімет
________________________________________________________________________________________
(ТАЖ, тұрғылықты мекен жайы)
Көлік құралы, кеме, оның ішінде шағын көлемді кеме жүргізушісі жол берген құқық бұзушылық
мәні ___________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________
Көлік құралының, кеменің, оның ішінде шағын көлемді кеменің техникалық жай-күйі________
________________________________________________________________________________________
(ақаусыз/ақаулы, ішкі бүлінулері)
Жабдықталуы, жүктің және т.б. бар болуы_________________________________________________
________________________________________________________________________________________
Актіге қоса беріледі:___________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________
Куәлер: 1)__________________________ 2)______________________________
(қолы, тегі және аты-жөні) (қолы, тегі және аты-жөні)
Көлік құралының, кеменің, оның ішінде шағын көлемді кеменің иесі
________________________________________________________________________________________
(қолы, тегі және аты-жөні)
Өзге адамдар:___________________________________________________________________________
(қолы, тегі және аты-жөні)
Актіні толтырған лауазымды адам_________________________________________________________
(қолы, тегі және аты-жөні)

14 Қатаң есептіліктегі бланкілердің бар болуын және ІІО бөліністерінің дұрыс шығыстауын салыстыра тексеру

Қазақстан Республикасы
ішкі істер органдарында
әкімшілік құқық бұзушылықтар
туралы істер өндірісі
жөніндегі нұсқаулыққа
14-қосымша
Нысан
Қатаң есептіліктегі бланкілердің бар болуын және ІІО бөліністерінің дұрыс шығыстауын салыстыра тексеру
АКТІСІ
№ р/с
Қа­таң есеп­ті­лік­те­гі блан­кі­лер­дің се­ри­я­сы, нө­мі­рі
___ ба­стап _____­дей­ін
Ал­ған кү­ні
Қа­таң есеп­ті­лік­те­гі блан­кі­лер­ді ал­ған адам­ның ла­у­а­зы­мы, те­гі және аты-жө­ні
Пай­да­ла­ныл­ма­ған қа­таң есеп­ті­лік­те­гі блан­кі­лер­дің се­ри­я­сы, нө­мі­рі
Бү­лін­ген қа­таң есеп­ті­лік­те­гі блан­кі­лер­дің се­ри­я­сы, нө­мі­рі
Ес­керт­пе
Медициналық мекемелерге куәландыруға жеткізілген адамдар бойынша салыстыра тексеру
АКТІСІ
№ р/с
Жет­кі­зу кү­ні, уа­қы­ты
Ку­әлан­ды­ру­ға жет­кі­зі­л­ген адам­ның
те­гі және аты-жө­ні
(бар болған жағ­дай­да)
Жет­кі­зу се­бе­бі
Жол­да­ма бер­ген адам­ның ла­у­а­зы­мы, те­гі және аты-жө­ні
Қо­ры­тын­ды нө­мі­рі, ку­әлан­ды­ру нәти­же­сі
Қа­был­дан­ған ша­ра­лар (әкімш.хат­та­ма, АЕК, СДТ­БТ нө­мі­рі)
Ес­керт­пе
Сотқа жолданған және келіп түскен істерді салыстыра тексеру
АКТІСІ
№ р/с
Құқық бұ­зу­шы­ның
ТАЖ
Хат­та­ма нө­мі­рі, тол­ты­ры­л­ған кү­ні
Құқық бұ­зу­шы­лық­тың са­ра­ла­нуы (ӘҚ­БтК ба­бы, бө­лі­гі)
Жол­дау кү­ні, шы­ғыс №
Сот­қа ке­ліп түс­кен кү­ні, кі­ріс №
Іс бой­ын­ша қа­был­дан­ған ше­шім
Қамаққа алу түрінде әкімшілік жазалау туралы соттың енгізілген және орындалған қаулылары бойынша салыстыра тексеру
АКТІСІ
№ р/с
Әкім­ші­лік қа­м­ақ­қа алу­ға тар­ты­л­ған адам­ның ТАЖ
Сот­тың ата­уы, қа­улы­ның ен­гі­зі­л­ген кү­ні, қа­м­ақ­қа алу мер­зі­мі
Құқық бұ­зу­шы­лық­тың са­ра­ла­нуы (ӘҚ­БтК ба­бы, бө­лі­гі)
Қа­м­ақ­қа алу кү­ні және уа­қы­ты
Боса­ты­л­ған кү­ні және уа­қы­ты
Ес­керт­пе
Жауапкершілікке тартылған адамның жалақысынан немесе өзге де кірістерінен мәжбүрлеу тәртібінде айыппұл сомасын ұстап қалу үшін ол сыйақы, зейнетақы, стипендия алатын жұмыс орны немесе ұйымға жолданған қаулыларды орындау бойынша салыстыра тексеру
АКТІСІ
№ р/с
Құқық бұ­зу­шы­ның
ТАЖ
Хат­та­ма нө­мі­рі, тол­ты­ры­л­ған кү­ні
Құқық бұ­зу­шы­лық­тың са­ра­ла­нуы (ӘҚ­БтК ба­бы, бө­лі­гі), са­лын­ған ай­ып­пұл со­ма­сы
Жұ­мыс ор­ны неме­се ұй­ым ата­уы
Хат­та­ма­ны жол­да­ған күн, шы­ғыс №
Орын­дал­ға­ны ту­ра­лы мә­лі­мет
Жолданған және мәжбүрлі тәртіпте орындалған қаулылар бойынша атқарушылық іс жүргізу органдарымен салыстары тексеру
АКТІСІ
№ р/с
Құқық бұ­зу­шы­ның
ТАЖ
Хат­та­ма нө­мі­рі, тол­ты­ры­л­ған кү­ні
Құқық бұ­зу­шы­лық­тың са­ра­ла­нуы (ӘҚ­БтК ба­бы, бө­лі­гі), са­лын­ған ай­ып­пұл со­ма­сы
Хат­та­ма­ны жол­да­ған күн, шы­ғыс №
Ат­қа­ру­шы­лық іс жүр­гі­зу ор­га­ны қа­был­да­ған ше­шім
Орын­дал­ға­ны ту­ра­лы мә­лі­мет
ІІО-да тіркелген әкімшілік істерді ҚСжАЕАК деректерімен салыстыра тексеру
АКТІСІ
№ р/с
ІІО де­ректе­рі бой­ын­ша
ҚСжА­ЕК де­ректе­рі бой­ын­ша
Ай­ыр­ма­шы­лы­ғы +/-
Тір­кел­ген әкімш. іс­тер са­ны
Са­лын­ған ай­ып­пұл­дар со­ма­сы
Өн­ді­рі­л­ген ай­ып­пұл­дар со­ма­сы
Тір­кел­ген әкімш. іс­тер са­ны
Са­лын­ған ай­ып­пұл­дар со­ма­сы
Өн­ді­рі­л­ген ай­ып­пұл­дар со­ма­сы

Қолданыстағы