Құжат мәтініне өту

Об утверждении профессионального стандарта "Содержание и ремонт локомотивного парка"

Бұйрық · № 940 · қабылданған 26.11.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-77172/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении профессионального стандарта "Содержание и ремонт локомотивного парка" Күшін жойған Бұйрық ·№ 940 ·26.11.2013
25.02.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении профессионального стандарта "Содержание и ремонт локомотивного парка"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 940 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении профессионального стандарта "Содержание и ремонт локомотивного парка"
Атауы (қаз.)
"Локомотив паркін күтіп ұстау және жөндеу" кәсіби стандартын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
940
Қабылданған күні
26.11.2013
Көрсетілген редакция
25.02.2016 AI77172_2.kaz
Соңғы өзгеріс
25.02.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008981
ЭКБ идентификаторы
77172
Редакция идентификаторы
AI77172_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:49

0 "Локомотив паркін күтіп ұстау және жөндеу" кәсіби стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Локомотив паркін күтіп ұстау және жөндеу» кәсіби стандарты бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Кадр және әкімшілік жұмыс департаменті (Е.Е. Хасенов):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, бұқаралық ақпараттар құралдарында ресми жариялануын, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік органдарының интранет-порталында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
міндетін атқарушы
_____________ Қ. Әбсаттаров
2013 жылғы 04 қараша

0 «Локомотив паркін күтіп ұстау және жөндеу» кәсіби стандарты

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2013 жылғы 26 қарашадағы
№ 940 бұйрығымен
бекітілген
«Локомотив паркін күтіп ұстау және жөндеу» кәсіби стандарты

1 1. Жалпы бөлім

1 1. «Локомотив паркін күтіп ұстау және жөндеу» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) «Әр түрлі көлік жабдықтарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу» кәсіби қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды және:

1 1) еңбек саласы мен кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеуге;

2 2) даярлау, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу талаптарын регламенттеуге;

3 3) персоналды аттестаттау және сертификаттау кезінде жұмысшылардың құзыреттерін бағалау талаптарын регламенттеуге арналған.

2 2. КС негізгі пайдаланушылары:

1 1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;

2 2) ұйымдардың басшылары, ұйымдардың персоналын басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;

3 3) білім берудің мемлекеттік бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;

4 4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар болып табылады.

3 3. КС негізінде біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтар, ұйымдардың үлгілік оқыту бағдарламалары, үлгілік оқыту жоспарлары, ұжымдық стандарттар әзірленеді.

4 4. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1 1) біліктілік – қызметкердің еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;

2 2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметтерінің стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі параметрлері бойынша жүктелетін қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;

3 3) еңбек заттары – белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталған зат;

4 4) еңбек құралдары – жұмысшының еңбек заттарын бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдар;

5 5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажетті құзыреттіктердің тұтас жиынымен құралған кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі;

6 6) еңбек функциясы – бизнес-үдеріспен анықталатын және оларды орындауға қажетті құзыреттердің болуын болжамайтын еңбек қызметінің біріктірілген және дербес жиынтығын көрсететін еңбек қызметі түрлерінің бір бөлігі;

7 7) кәсіби қызмет саласы – жалпы интеграциялық негізі (міндеті, нысандары, технологиялары, соның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттіліктерінің болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;

8 8) кәсіби стандарттың бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, қатысымды дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасы тұратын кәсіби стандарттың құрылымдық элементі;

9 9) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;

10 10) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі және тәжірибесін қолдану қабілеті;

11 11) лауазым – лауазымдық уәкілеттіктер және лауазымдық міндеттер шеңберін жүктейтін жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;

12 12) міндет – нақты бір еңбек заттары мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;

13 13) сала – өндіретін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс жасаушылардың кәсіби біліктері ортақ ұйымдар жиынтығы;

14 14) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

15 15) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

16 16) функционалдық карта – сол немесе өзге де кәсіби қызмет саласы шеңберінде белгілі бір қызмет түрін орындайтын жұмысшының еңбек функциялары мен міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы.

2 2. КС паспорты

5 5. КС төлқұжаты мынаны анықтайды:

1 1) экономикалық қызмет түрі (кәсіптік қызмет саласы): Экономикалық қызмет түрінің жалпы жіктеушісі (әрі қарай- ҚР МС 03-2007) «33.17 Әр түрлі көлік жабдықтарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу».

2 2. экономикалық қызмет түрінің (кәсіптік қызмет саласының) негізгі мақсаты: локомотивтер жиынтығын қамсыздандыру және жөндеу.

3 3. осы КС 1-қосымшасына сәйкес біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері.

3 3. Еңбек қызмет түрлерінің (кәсіптің) карточкалары

1 1-параграф «Техникалық қызмет көрсету бекеттерінде локомотивтерді тексеру және жөндеу жұмыстары слесарі»

6 6. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы:

1 1) біліктілік деңгейі: ҰБШ – 2-4; СБШ – 2-4;

2 2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік сыныптауышы (әрі қарай- ҚР 01-2005 МС) бойынша базалық тобы: 7511 «Теміржол көлігі жол машиналары мен механизмдеріне қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмысшылар кәсіптері»;

3 3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: техникалық қызмет көрсету бекеттерінде локомотивтерді тексеру және жөндеу жұмыстары слесарі;

4 4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - жөндеудің жоспарлы түрлерімен жөнделген жүк вагондарын қабылдау, вагондарды коммерциялық тексеру;

5

5) мүмкін жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша мүмкін жұмыс орындары. Техникалық қызмет көрсету бекеттерінде локомотивтерді тексеру және жөндеу жұмыстары слесарінің еңбек шарттарына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» 1-кестесінде келтірілген.

4 4. КС бірліктерінің тізімі

7 7. КС бірліктері тізімі осы КС 3-қосымшасының 1-кестесінде келтірілген және шифр мен КС бірліктері атауларынан тұрады.

5 5. КС бірліктерінің сипаттамасы

8 8. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасында келтірілген.

6

6 6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері

9 9. Осы КС негізінде мамандардың кәсіптік дайындығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен сертификаттар беріледі.

10 10. Осы КС негізінде берілетін сертификаттың түрлері сертификат алу үшін игеру қажет болатын осы КС 3-қосымшасында қарастырылған КС бірліктерінің тізіміне сәйкес анықталады.

7 7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркеуі

11 11. КС әзірлеуші Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі болып табылады.

12 12. КС келісу парағы осы КС 5-қосымшасында келтірілген.

1 Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметі (кәсіп) түрлері

«Локомотив паркін күтіп ұстау және жөндеу»
кәсіби стандартына
1-қосымша
Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметі (кәсіп) түрлері
№ р/н
Қыз­мет тү­рі ата­уы
Кә­сіп ата­уы, ең­бек на­ры­ғы үр­ді­сте­рі ес­ке­ру­і­мен
ҚР 01-2005 МС сәй­кес кә­сіп ата­уы
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
БТ­БА бой­ын­ша раз­ря­ды
1
Пой­ы­здар қоз­ға­лы­сы қа­уіп­сіз­ді­гін және олар­дың пай­да­ла­ну ке­зін­де­гі дәй­ек­ті­лі­гін қам­та­ма­сыз ету мақ­са­тын­да ло­ко­мо­тив­тер­де­гі бі­ре­гей, экс­пе­ри­мент­тік, ме­ха­ни­ка­лық, элек­тр­лік, пнев­ма­ти­ка­лық жаб­дық­тар, аг­ре­гат­тар, қон­дыр­ғы­лар, ап­па­рат­тар мен ас­пап­тар­ды жөн­деу, ба­қы­лау, тех­ни­ка­лық жағ­дай­ын тек­се­ру, сы­нау және рет­теу.
тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту бе­кет­те­рін­де ло­ко­мо­тив­тер­ді тек­се­ру және жөн­деу жұ­мыста­ры сле­са­рі
тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту бе­кет­те­рін­де ло­ко­мо­тив­тер­ді тек­се­ру және жөн­деу жұ­мыста­ры сле­са­рі
2-4
4-7

2 «Локомотив паркін күтіп ұстау және жөндеу»

кәсіби стандартына
2-қосымша
1-кесте

1 1. Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Техникалық қызмет көрсету бекеттерінде локомотивтерді тексеру және жөндеу жұмыстары слесарінің еңбек жағдайларына, білім және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кә­сіп бой­ын­ша ық­ти­мал жұ­мыс орын­да­ры (ұй­ым­дар)
Ло­ко­мо­тив­тер­ге тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту бе­кет­те­рі
Зи­ян­ды және қа­уіп­ті ең­бек жағ­дай­ла­ры
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек және ха­лық­ты әле­мет­тік қор­ғау Ми­ни­стрі­нің м.а. 2007 жы­л­ғы 31 шіл­де­де­гі № 182-п бұй­ры­ғы­на сәй­кес. Ғи­ма­рат ішін­де: виб­ра­ция, шу, ток кү­ші­нің ар­туы, та­би­ғи жа­рық­тың жоқ­тығы не жет­кі­лік­сіз­ді­гі, элек­тро­маг­нит­тік тол­қын­дар не сел­соқ ток­тар, ең­бек қа­уырт­ты­лы­ғы, жүй­ке-пси­хи­ка­лық ауырт­па­шы­лық
Жұ­мысқа рұқ­сат бе­ру­дің ерекше жағ­дай­ла­ры
Ме­ди­ци­на­лық шек­те­улер: Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Заң­на­ма­сы бой­ын­ша
Жұ­мысқа рұқ­сат: ме­де­ци­на­лық ку­әлан­ды­ры­л­ған­нан кей­ін, кірі­спе және ал­ғаш­қы нұс­қа­ма­лық­тан, оқу­дан өт­кен соң және сы­нақ тап­сы­рып, сы­нақ мер­зі­мі­нен өт­кен соң
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
Кә­сіп­тік бі­лім алу және оқы­ту дең­гейі
Та­лап еті­ле­тін жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі
2
Негіз­гі ор­та бі­лім­нен тө­мен емес, жал­пы ор­та бі­лім­нің бар бо­луы ке­зін­де­гі прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе және/не кә­сіп­тік дай­ын­дық (ұй­ым ба­за­сын­да­ғы қы­сқа мер­зім­ді кур­стар, кә­сі­по­рын­да­ғы бі­лім не оқу)
Жұ­мыс өті­ліне та­лап қой­ыл­май­ды
3
Жал­пы ор­та бі­лім не тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік ор­та бі­лім­нің бар бо­луы ке­зін­де­гі прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе және/не кә­сіп­тік дай­ын­дық (бір жы­л­ға дей­ін­гі кә­сіп­тік дай­ын­дық бағ­дар­ла­ма­ла­ры бой­ын­ша кур­стар неме­се кә­сі­по­рын­да­ғы оқу­лар)
Ке­мін­де 2 жыл
Қо­сым­ша кә­сіп­тік дай­ын­дық­ты тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік бі­лім
Ке­мін­де 1 жыл
4
Жо­ға­ры дең­гей­де­гі тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік бі­лім (қо­сым­ша кә­сіп­тік дай­ын­дық), прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе
3 дең­гей­де ке­мін­де 2 жыл

3 КС бірліктерінің тізімі

«Локомотив паркін күтіп ұстау және жөндеу»
кәсіби стандартына
3-қосымша
КС бірліктерінің тізімі
1-кесте

1 1. «Техникалық қызмет көрсету бекеттерінде локомотивтерді тексеру және жөндеу жұмыстары слесарінің» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі

Шифр
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның (кә­сі­би стан­дарт бір­лі­гі­нің) ата­уы
1 Ф
Пой­ы­здар қоз­ға­лы­сы қа­уіп­сіз­ді­гін және олар­дың пай­да­ла­ну ке­зін­де­гі дәй­ек­ті­лі­гін қам­та­ма­сыз ету мақ­са­тын­да ло­ко­мо­тив­тер­де­гі ме­ха­ни­ка­лық, элек­тр­лік, пнев­ма­ти­ка­лық жаб­дық­тар бөл­шек­те­рі мен түй­ін­де­рі­нің, аг­ре­гат­тар, қон­дыр­ғы­лар, ап­па­рат­тар мен ас­пап­тар­ды жөн­деу, ба­қы­лау, тех­ни­ка­лық жағ­дай­ын тек­се­ру
2 Ф
Түй­ін­дер мен бөл­шек­тер­ді сле­сар­лық жөн­деу және қиы­сты­ру. Ди­стан­ци­я­лық бас­қа­ру­дың элек­тр­лік жүй­е­сін сы­нау және рет­теу. Ло­ко­мо­тив­ті ақыр­ғы рет тек­се­ру
3 Ф
Пой­ы­здар қоз­ға­лы­сы қа­уіп­сіз­ді­гін және олар­дың пай­да­ла­ну ке­зін­де­гі дәй­ек­ті­лі­гін қам­та­ма­сыз ету мақ­са­тын­да ло­ко­мо­тив­тер­де­гі бі­ре­гей, экс­пе­ри­мент­тік, ме­ха­ни­ка­лық, элек­тр­лік, пнев­ма­ти­ка­лық жаб­дық­тар, аг­ре­гат­тар, қон­дыр­ғы­лар, ап­па­рат­тар мен ас­пап­тар­ды сы­нау және рет­теу
Ескертпе: Ф – Функция.

4 КС бірліктерінің сипаттамасы

«Локомотив паркін күтіп ұстау және жөндеу»
кәсіби стандартына
4-қосымша
КС бірліктерінің сипаттамасы
1-кесте

1 1. «СБШ 2-деңгейіндегі техникалық қызмет көрсету бекеттерінде локомотивтерді тексеру және жөндеу жұмыстары слесарінің» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі

Шифр
Ең­бек затта­ры
Ең­бек құ­рал­да­ры
Мін­дет­тер
Ше­бер­лік және дағ­ды­лар
Бі­лім
1 Ф
Қал­қан­ша, теп­ло­воз бен ди­зель-пой­ыз жел­дет­кіш­те­рі, элек­тро­воз және элек­тро­пой­ыз ва­гон­да­ры­ның жа­бу жабды­ғы, отын, май, су жүй­ле­рі­нің, теп­ло­воз бен ди­зель-пой­ыз то­ңа­зыт­қы­шы сек­ци­я­сы­ның пнев­ма­ти­ка­лық және те­же­гіш­тер жабды­ғы, элек­тр­лік ма­ши­на қы­л­шақ ұста­ғы­шы және тар­тым­дық қоз­ғалт­қыш ті­ре­уіш­те­рі, бет­тік, бұ­ран­да­лы се­ріп­пе­гіш­тер, қор­ға­ғыш қап­сыр­ма, соқ­қыш-тір­кеу ас­пап­та­ры, остік ре­дук­тор­лар, кар­дан­ды бі­лік, қы­л­шақ амор­ти­за­то­ры мен ре­ак­тив­ті тар­тым­ның қо­ра­бы
Гид­роп­нев­ма­ти­ка­лық, гид­рав­ли­ка­лық дом­крат, кран, ме­ха­ни­ка­лық со­мын бұ­ра­ғыш, ар­ба­ша-ма­ни­пу­ля­тор­лар, аға­штың бе­рік тү­рі­нен жа­сал­ған 15-20 мм тө­сем­дер, стенд­тер, ар­найы ме­ха­низмдер мен жаб­дық­тар
1.1 М: Пой­ы­здар қоз­ға­лы­сы қа­уіп­сіз­ді­гін және олар­дың пай­да­ла­ну ке­зін­де­гі дәй­ек­ті­лі­гін қам­та­ма­сыз ету мақ­са­тын­да ло­ко­мо­тив­тер­де­гі ме­ха­ни­ка­лық, элек­тр­лік, пнев­ма­ти­ка­лық қа­ра­пай­ым және күр­де­лі­лі­гі ор­та­ша жаб­дық­тар бөл­шек­те­рі мен түй­ін­де­рі жөн­деу, ба­қы­лау, тех­ни­ка­лық жағ­дай­ын тек­се­ру. Тір­ке­ме ішек­тер мен қақ­пақ­тар­ды, мо­тор­лы-ар­қау мой­ын­ті­ре­гі қал­па­ғын, тар­тым­дық қоз­ғалт­қыш іл­ме­гін, ті­сті бе­рі­ліс қап­та­ма­сын бе­кі­ту.
Нұс­қа­ма негі­зін­де жұ­мыстың әр тү­рін жүр­гі­зу үшін жаб­дық­тар және ме­ха­низмдер­мен прак­ти­ка­лық жұ­мыс жа­сау дағдысы. Жа­быдқ­ты бөл­шек­теу, жөн­деу және құ­ра­с­ты­ру ке­зін­де тех­но­ло­ги­я­лық про­це­сті қол­да­ну іс­кер­лі­гі. Қа­ра­пай­ым өн­ді­рі­стік жағ­дай­лар­да­ғы әре­кет­тер­ді өзін­дік ба­қы­лау және өзін­дік тү­зеу дағдысы
Ме­ха­ни­ка­лық, элек­тр­лік және пнев­ма­ти­ка­лық жаб­дық­тар­ды, ма­ши­на­лар­ды, ап­па­рат­тар­ды, ас­пап­тар­ды бөл­шек­теу, жөн­деу және құ­ра­с­ты­ру­дың тех­но­ло­ги­я­лық про­це­сі, құ­ры­лы­мы, тех­ни­ка­лық және пай­да­ла­ну де­ректе­рі ту­ра­лы ба­за­лық бі­лім. Қа­ра­пай­ым тип­тік мін­дет­тер­ді орын­да­уда нәти­же­ге қол жет­кі­зу үшін негіз­гі мон­таж­дық элек­тр­лік сыз­ба­лар, ло­ко­мо­тив то­рап­та­ры мен бөл­шек­те­рі­нің ақа­улық­та­рын ай­қын­дау және жою жол­да­ры мен әді­сте­рін бі­лу қа­жет
2 ф
Ло­ко­мо­тив­тің түй­ін­де­рі мен бөл­шек­те­рі
Ар­найы стенд­тер, дом­крат, кран және бас­қа да жөн­деу қон­дыр­ғы­ла­ры жаб­дық­та­ры
2.1 М: Түй­ін­дер мен бөл­шек­тер­ді 7-10 ква­ли­тет­тер (дәл­дік­тің 2-3 клас­ста­ры) бой­ын­ша сле­сар­лық жөн­деу және қиы­сты­ру
Нұс­қа­ма негі­зін­де жұ­мыс әді­сін таң­дау, сле­сар­лық құ­рал­дар мен ба­қы­лап-өл­шеу құ­рал­да­ры­мен жұ­мыс ке­зін­де өзін­дік ба­қы­лау және өзін­дік тү­зеу дағдысы
Ба­қы­лау-өл­шеу ас­пап­та­ры­ның, шаб­лон­дар­дың, ас­пап­тар мен ай­ла­бұй­ым­дар­дың қыз­ме­ті мен қол­да­ны­луы ту­ра­лы және олар­дың қа­ра­пай­ым тип­тік мін­дет­тер­ді орын­да­уда қол­да­нулыу ке­зін­де нәти­же­ге қол жет­кі­зу үшін ба­за­лық бі­лім
2-кесте

2 2. «СБШ 3-деңгейіндегі техникалық қызмет көрсету бекеттерінде локомотивтерді тексеру және жөндеу жұмыстары слесарінің» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі

Шифр
Ең­бек затта­ры
Ең­бек құ­рал­да­ры
Мін­дет­тер
Ше­бер­лік және дағ­ды­лар
Бі­лім
1 ф
Ап­па­ра­ту­ра жо­ға­ры вольт­ті, тө­мен­гі вольт­ті және най­за­ғай­дан қор­ға­ғыш, элек­тро­воз және элек­тро­пой­ыз ва­гон­да­ры­ның остік ре­дук­тор­лар тарт­па­сы, дөң­ге­лек­ті және жы­л­жы­ма мой­ын­ті­ре­гі тір­ке­ме­сі, дөң­ге­лек жұ­бы, мо­тор­лы-остік мой­ын­ті­ре­гі, тар­тым­дық қоз­ғалт­қыш, қо­сал­қы ма­ши­на­лар, негіз­гі ба­қы­ла­у­шы­лар, ре­вер­сор­лар, жыл­дам әсер ете­тін сөн­дір­гіш­тер, ауа та­рат­қы­штар, элек­тр­лі ауа та­рат­қы­штар, тар­тым­дық ге­не­ра­тор­лар, отын сор­ғыш, отын сор­ғы­ны бас­қы­ла­ғыш сор­ғыш, теп­ло­воз бен ди­зель-пой­ы­здар­дың газ та­рат­қыш ме­ха­низмде­рі, тар­тым­дық қоз­ғалт­қыш, элек­тр­лік ма­ши­на кол­лек­тор­ла­ры, те­же­гіш ма­ги­страль­дар, те­же­гіш және тең ұста­у­шы ци­лин­др­лер, күш ме­ха­низмде­рі, қу­ат­ты таң­дау және жі­бе­ру бі­лі­гі, теп­ло­воз бен ди­зель-пой­ы­здар түй­ін­де­рі­нің сы­на­лы бел­дік­ті тарт­па­сы, жыл­дам­дық өл­ше­гіш, олар­дың тарт­па­сы, қа­да­ға­лар, элек­тро­воз және элек­тро­пой­ыз ва­гон­да­ры­ның ток қа­был­да­ғы­шта­ры
Гид­роп­нев­ма­ти­ка­лық, гид­рав­ли­ка­лық дом­крат, кран, ме­ха­ни­ка­лық со­мын бұ­ра­ғыш, ар­ба­ша-ма­ни­пу­ля­тор­лар, аға­штың бе­рік тү­рі­нен жа­сал­ған 15-20 мм тө­сем­дер, стенд­тер, ар­найы ме­ха­низмдер мен жаб­дық­тар, элек­тр­лік құ­рал­дар
1-2 М Пой­ы­здар қоз­ға­лы­сы қа­уіп­сіз­ді­гін және олар­дың пай­да­ла­ну ке­зін­де­гі дәй­ек­ті­лі­гін қам­та­ма­сыз ету мақ­са­тын­да ло­ко­мо­тив­тер­де­гі ме­ха­ни­ка­лық, элек­тр­лік, пнев­ма­ти­ка­лық күр­де­лі жаб­дық­тар, аг­ре­гат­тар, қон­дыр­ғы­лар, ап­па­рат­тар мен ас­пап­тар­ды жөн­деу, ба­қы­лау, тех­ни­ка­лық жағ­дай­ын тек­се­ру
Жұ­мыстың әр тү­рін жүр­гі­зу үшін жаб­дық­тар және ме­ха­низмдер­мен прак­ти­ка­лық жұ­мыс жа­сау дағдысы. Ло­ко­мо­тив түй­ін­де­рі мен бөл­шек­те­рі ақа­у­ла­рын анық­тау және жою іс­кер­лі­гі
Ме­ха­ни­ка­лық, элек­тр­лік және пнев­ма­ти­ка­лық жаб­дық­тар­дың құ­ры­лы­мы, құ­ры­лым­дық ерекше­лік­те­рі мен өза­ра іс-әре­ке­ті, со­ны­мен қа­тар пай­да­ла­ну және қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сы Ере­же­сі. Тех­ни­ка­лық және пай­да­ла­ну де­ректе­рі, негіз­гі мон­таж­дық элек­тр­лік тә­сім­дер. ло­ко­мо­тив то­рап­та­ры мен бөл­шек­те­рін жөн­деу тех­но­ло­ги­я­сы мен жөн­деу са­па­сы­на қой­ы­ла­тын та­лап­тар ту­ра­лы бі­лім
Бас­қа­ру тақ­та­сы ап­па­ра­ты, элек­тр­лі пнев­ма­ти­ка­лық кла­пан­дар. Топ­тық жұ­ды­рық қо­сқы­шта­ры, ма­ши­нист ба­қы­ла­у­шы­ла­ры, элек­тр­лік ап­па­рат­тар, негіз­гі сөн­дір­гіш, в элек­тро­воз және элек­тро­пой­ыз ва­гон­да­ры­ның тү­зе­ту қон­дыр­ғы­сы, теп­ло­воз бен ди­зель-пой­ы­здар ди­зель­де­рі, ма­ши­нист кра­ны, элек­тр­лі пнев­ма­ти­ка­лық те­же­гіш, теп­ло­воз­дар­дың отын жі­бе­ру­ін бас­қа­ру­шы ме­ха­низм
Ак­ку­му­ля­тор­лы шам, дом­крат, кран және бас­қа да жөн­деу қон­дыр­ғы­ла­ры жаб­дық­та­ры
1-3 М Пой­ы­здар қоз­ға­лы­сы қа­уіп­сіз­ді­гін және олар­дың пай­да­ла­ну ке­зін­де­гі дәй­ек­ті­лі­гін қам­та­ма­сыз ету мақ­са­тын­да ло­ко­мо­тив­тер­де­гі ме­ха­ни­ка­лық, элек­тр­лік, пнев­ма­ти­ка­лық аса күр­де­лі жаб­дық­тар, аг­ре­гат­тар, қон­дыр­ғы­лар, ап­па­рат­тар мен ас­пап­тар­ды жөн­деу, ба­қы­лау, тех­ни­ка­лық жағ­дай­ын тек­се­ру
Жұ­мыстың әр тү­рін жүр­гі­зу үшін жаб­дық­тар және ме­ха­низмдер­мен прак­ти­ка­лық жұ­мыс жа­сау дағдысы. Тек­се­рі­ле­тін және жөн­де­ле­тін ло­ко­мо­тив­тер­дің құ­ра­ма топ­та­рын жи­нақ­тау дұ­ры­стығ­ын анық­тау іс­кер­лі­гі. Ло­ко­мо­тив­тің ме­ха­ни­ка­лық, элек­тр­лік және пнев­ма­ти­ка­лық жаб­дық­та­рын тек­се­ру жіне рет­теу бой­ын­ша прак­ти­ка­лық жұ­мыстар дағдысы
Ме­ха­ни­ка­лық, элек­тр­лік және пнев­ма­ти­ка­лық жаб­дық­тар­дың құ­ры­лы­мы, құ­ры­лым­да­ры мен тек­се­ру және рет­теу тә­сіл­де­рі ту­ра­лы бі­лім. Қыз­мет көр­се­ті­ле­тін жаб­дық­тар­дың, то­рап­тар мен аг­ре­гат­тар­дың өза­ра іс-әре­ке­ті мен жөн­деу. Тек­се­рі­ле­тін және жөн­де­ле­тін ло­ко­мо­тив­тер­дің құ­ра­ма топ­та­рын дұ­рыс жи­нақ­тау
2 ф
Ло­ко­мо­тив­тің түй­ін­де­рі мен бөл­шек­те­рі
Ар­найы стенд­тер, дом­крат, кран және бас­қа да жөн­деу қон­дыр­ғы­ла­ры жаб­дық­та­ры
2-2 М Түй­ін­дер мен бөл­шек­тер­ді 6-7 ква­ли­тет­тер (дәл­дік­тің 1-2 клас­ста­ры) бой­ын­ша сле­сар­лық жөн­деу және қиы­сты­ру
Сле­сар­лық құ­ры­л­ғы мен ба­қы­лау-өл­шеу ас­пап­та­ры­мен прак­ти­ка­лық жұ­мыс жа­сау дағдысы. Түй­ін­дер мен бөл­шек­тер­ді қиы­сты­ру әді­сте­рін өз бе­тін­ше анық­тау
Ба­қы­лау-өл­шеу ас­пап­та­ры­ның, шаб­лон­дар­дың, ас­пап­тар мен ай­ла­бұй­ым­дар­дың қыз­ме­ті мен қол­да­ны­луы ту­ра­лы бі­лім
Элек­тр­лік ап­па­рат­тар. Ба­қы­лап-өл­шеу құ­рал­да­ры.
Ав­то­мат­ты ло­ко­мо­тив­ті сиг­нал бе­ру­дің, ав­то­аял­дың және ра­дои бай­ла­ны­стың бас­қа­ру құ­ры­л­ғы­сы ас­па­бы. Элек­тро­воз бен элек­тро­пой­ыз ва­гон­да­ры­ның элек­тр­лі бас­қа­ру тіз­бек­те­рі сыз­ба­сы
Гид­роп­нев­ма­ти­ка­лық, гид­рав­ли­ка­лық дом­крат, кран, ар­ба­ша-ма­ни­пу­ля­тор­лар, стенд­тер, ар­найы ме­ха­низмдер мен жаб­дық­тар, элек­тр­лік құ­рал­дар
2-3 М Элек­тр­лік тіз­бек­те­гі ақа­у­лар­ды жою. Ди­стан­ци­я­лық бас­қа­ру­дың элек­тр­лік жүй­е­сін сы­нау және рет­теу. Ба­қы­лап-өл­шеу құ­ра­лын тек­се­ру, ап­па­рат­тар­ды рет­теу
Жұ­мыстың әр тү­рін жүр­гі­зу үшін элек­тр­лік сыз­ба­мен прак­ти­ка­лық жұ­мыс жа­сау дағдысы. Ло­ко­мо­тив­тің элек­тр­лік сыз­ба­сын тек­се­ру және рет­теу әді­сте­рін өз бе­тін­ше анық­тау
Ло­ко­мо­тив­тің элек­тр­лік сыз­ба­сы құ­ры­лы­мы мен тек­се­ру және рет­теу тә­сіл­де­рі ту­ра­лы, түй­ін­де­рі­нің ақа­улық­та­рын анық­тау және жою жол­да­ры мен әді­сте­рі ту­ра­лы бі­лім. Элек­тр­лік сыз­ба құ­ры­лы­мы мен қыз­мет ету прин­ципте­рі, со­ны­мен қа­тар олар­ды пай­да­ла­ну және қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сы
3-кесте

3 3. «СБШ 4-деңгейіндегі техникалық қызмет көрсету бекеттерінде локомотивтерді тексеру және жөндеу жұмыстары слесарінің» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі

Шифр
Ең­бек затта­ры
Ең­бек құ­рал­да­ры
Мін­дет­тер
Ше­бер­лік және дағ­ды­лар
Бі­лім
3 Ф
Элек­тро­воз­дың тар­тым­дық қоз­ғалт­қы­шы, жұ­ды­рық түй­і­стір­гі, ай­на­лым­дар са­нын рет­те­гіш, бар­лық тип­ті бас­қа­ру­шы ре­ле, жы­лу ре­ле­сі, ток қа­был­да­ғыш
Ар­найы стенд­тер, дом­крат, кран және бас­қа да жөн­деу қон­дыр­ғы­ла­ры жаб­дық­та­ры
3-1 М. Пой­ы­здар қоз­ға­лы­сы қа­уіп­сіз­ді­гін және олар­дың пай­да­ла­ну ке­зін­де­гі дәй­ек­ті­лі­гін қам­та­ма­сыз ету мақ­са­тын­да ло­ко­мо­тив­тер­де­гі бі­ре­гей, экс­пе­ри­мент­тік, ме­ха­ни­ка­лық, элек­тр­лік, пнев­ма­ти­ка­лық жаб­дық­тар, аг­ре­гат­тар, қон­дыр­ғы­лар, ап­па­рат­тар мен ас­пап­тар­ды жөн­деу, ба­қы­лау, тех­ни­ка­лық жағ­дай­ын тек­се­ру, сы­нау және рет­теу
Жұ­мыстың әр тү­рін жүр­гі­зу үшін бі­ре­гей, экс­пе­ри­мент­тік жаб­дық­тар және ме­ха­низмдер­мен прак­ти­ка­лық жұ­мыс жа­сау дағдысы
Тех­ни­ка­лық пай­да­ла­ну, ло­ко­мо­тив­тер­де­гі бі­ре­гей жаб­дық­тар­дың: ме­ха­ни­ка­лық, элек­тр­лік және пнев­ма­ти­ка­лық, аг­ре­гат­тар­дың, құ­ры­л­ғы­лар­дың, ап­па­рат­тар мен ас­пап­тар­дың құ­ры­лым­дық ерекше­лік­те­рі ту­ра­лы бі­лім. Жаб­дық­тар­ды жөн­деу және қыз­мет көр­се­ту. Бі­ре­гей және тә­жі­ри­бе­лік жаб­дық­тар­ды жөн­де­удің тех­но­ло­ги­я­лық про­це­сі
Ескертпе: М – мақсат.

5 Келісу парағы

«Локомотив паркін күтіп ұстау және жөндеу»
кәсіби стандартына
5-қосымша
Келісу парағы
Ұй­ым ата­уы
Ке­лі­су кү­ні
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стр­лі­гі
Осы КС ___________________________________________________ тіркелді.
Кәсіби стандарттардың реестріне № ________________________ тіркелді.
Хат (хаттама) № ___________ Күні _________________________.

Қолданыстағы