Құжат мәтініне өту

Об утверждении профессионального стандарта "Экспедирование грузовых автомобильных перевозок"

Бұйрық · № 902 · қабылданған 20.11.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-77211/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении профессионального стандарта "Экспедирование грузовых автомобильных перевозок" Күшін жойған Бұйрық ·№ 902 ·20.11.2013
25.02.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении профессионального стандарта "Экспедирование грузовых автомобильных перевозок"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 902 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении профессионального стандарта "Экспедирование грузовых автомобильных перевозок"
Атауы (қаз.)
"Автомобильдік жүк тасымалын экспедиторлау" кәсіби стандартын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
902
Қабылданған күні
20.11.2013
Көрсетілген редакция
25.02.2016 AI77211_2.kaz
Соңғы өзгеріс
25.02.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008973
ЭКБ идентификаторы
77211
Редакция идентификаторы
AI77211_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:51

0 "Автомобильдік жүк тасымалын экспедиторлау" кәсіби стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Автомобильдік жүк тасымалын экспедиторлау» кәсіби стандарты бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Кадр және әкімшілік жұмыс департаменті (Е.Е. Хасенов):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, бұқаралық ақпараттар құралдарында ресми жариялануын, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының интранет-порталында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік мекемесінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға көшірмесін жолдауды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
_____________ Т. Дүйсенова
2013 жылғы 26 қараша

0 «Жүк автомобиль тасымалдарын экспедиторлау» кәсіби стандарты

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2013 жылғы 20 қарашадағы № 902
бұйрығымен бекітілген
«Жүк автомобиль тасымалдарын экспедиторлау» кәсіби стандарты

1 1. Жалпы бөлім

1 1. «Жүк автомобиль тасымалдарын экспедиторлау» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) «Тасымалдау кезіндегі басқа да ілеспе қызметтер» кәсіби қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды және:

1 1) еңбек саласы мен кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеуге;

2 2) даярлау, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу талаптарын регламенттеуге;

3 3) персоналды аттестаттау және сертификаттау кезінде қызметкерлердің құзыреттерін бағалау талаптарын регламенттеуге арналған.

2 2. КС негізгі пайдаланушылары:

1 1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;

2 2) ұйымдардың басшылары, ұйымдардың персоналын басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;

3 3) білім берудің мемлекеттік бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;

4 4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар болып табылады.

3 3. КС негізінде біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтар, ұйымдардың үлгілік оқыту бағдарламалары, үлгілік оқыту жоспарлары, ұжымдық стандарттар әзірленеді.

4 4. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1 1) біліктілік – қызметкердің еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;

2 2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметтерінің стандартты еместігі, жауапкершілігі мен дербестігі параметрлері бойынша жіктелетін қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;

3 3) еңбек мәні – белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталатын зат;

4 4) еңбек құралдары – қызметкердің еңбек мәнін бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдары;

5 5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажеттi құзыреттiлiктердiң тұтас жиынымен құралған кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі;

6 6) еңбек функциясы – бизнес-үдеріспен анықталатын және оларды орындауға қажетті құзыреттердің болуын болжамайтын еңбек қызметінің біріктірілген және дербес жиынтығын көрсететін еңбек қызметі түрлерінің бір бөлігі;

7 7) кәсіби қызмет саласы – ортақ интеграциялық негiзi (мiндетi, нысандары, технологиялары, соның iшiнде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттiлiктерiнiң болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметi түрлерiнiң жиынтығы;

8 8) кәсіби стандарттың бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, қатысымды дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасы тұратын кәсіби стандарттың құрылымдық элементі;

9 9) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;

10 10) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі және тәжірибесін қолдану қабілеті;

11 11) лауазым – қызметтік өкілеттіктер және қызметтік міндеттер шеңберін жүктейтін жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;

12 12) міндет – нақты бір еңбек мәндері мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;

13 13) сала – өндіретін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс істейтіндердің кәсіби біліктері ортақ ұйымдар жиынтығы;

14 14) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ)– салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

15 15) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ)– еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

16 16) функционалдық карта – бiр немесе өзге де кәсiби қызмет саласы шеңберінде белгілі бір қызмет түрiн орындайтын қызметкердің еңбек функциялары мен мiндеттерiнiң құрылымдық сипаттамасы.

2 2. КС паспорты

5 5. КС паспорты мынаны анықтайды:

1 1) экономикалық қызмет түрі (кәсіптік қызмет саласы):

Экономикалық қызметтің түрін жалпы сыныптауышы (бұдан әрі - 03-2007 ҚР МЖ) «52.29 Тасымалдау кезіндегі басқа да ілеспе қызметтер»;

2 2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіптік қызмет саласының) негізгі мақсаты:

жүк автомобиль тасымалдарын экспедиторлау;

3 3) осы КС 1-қосымшасына сәйкес біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері.

3 3. Еңбек қызметі түрлерінің (кәсіптің) карточкалары

1 1-параграф «Жүктерді тасымалдау экспедиторы»

6 6. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:

1 1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 3, СБШ бойынша – 3;

2 2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптауышы базалық тобы бойынша (бұдан әрі – ҚР МС 01-2005): 4131 «Тауарларды кабылдау және тапсыру, есепке алумен шұғылданатын жұмысшылар»;

3 3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: автотасымалдар экспедиторы, көліктік-логистикалық қызметтердің экспедиторы;

4 4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - субъектімен жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау кезіндегі жүктерді экспедиторлау үдерісін жүзеге асыру;

5

5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Жүктерді тасымалдау экспедиторының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 1-кестесінде келтірілген.

2 2-параграф «Көлік экспедиторы»

7 7. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:

1 1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 4, СБШ бойынша – 4;

2 2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптауышы базалық тобы бойынша (бұдан әрі – ҚР МС 01-2005): 4131 «Тауарлық-коммерциялық агенттер және экспедиторлар»;

3 3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: жүктерді автотасымалдар бойынша менеджер, қалааралық және халықаралық автотасымалдар бойынша агент;

4 4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - субъектімен автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау кезіндегі жүктерді экспедиторлау процесін ұйымдастыруды, бақылау мен басқаруды жүзеге асыру;

5

5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Көлік экспедиторының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 2-кестесінде келтірілген.

4 4. КС бірліктерінің тізбесі

8 8. КС бірліктерінің тізбесі осы КС 3-қосымшасының 1, 2-кестелерінде келтірілген және шифр мен КС бірліктері атауларынан тұрады.

5 5. КС бірліктерінің сипаттамасы

9 9. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасының 1, 2-кестелерінде келтірілген.

6 6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері

10 10. Осы КС негізінде мамандардың кәсіптік дайындығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен сертификаттар беріледі.

11 11. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері сертификат алу үшін игеру қажет болатын осы КС 3-қосымшасында көзделген КС бірліктерінің тізбесіне сәйкес анықталады.

7 7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркелуі

12 12. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі болып табылады.

13 13. КС келісу парағы осы КС 5-қосымшасында келтірілген.

1 Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері

«Жүк автомобиль
тасымалдарын экспедиторлау»
кәсіби стандартына
1-қосымша
Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері

р/с
Қыз­мет тү­рі­нің ата­уы
Ең­бек на­ры­ғы­ның про­це­сте­рін ес­ке­ру­мен кә­сіп­тің ата­уы
ҚР 01-2005 МС сәй­кес кә­сіп ата­уы
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
БТ­БА бой­ын­ша раз­ря­ды
1
Жүк ав­то­мо­биль та­сы­мал­да­рын экс­пе­ди­тор­лау
Жүк­тер­ді та­сы­мал­дау экс­пе­ди­то­ры
Жүк­тер­ді та­сы­мал­дау экс­пе­ди­то­ры
3
-
2
Жүк ав­то­мо­биль та­сы­мал­да­рын экс­пе­ди­тор­лау жө­нін­де­гі қыз­мет­тер­ді ұй­ым­да­сты­ру және ке­ден­дік - баж рә­сім­де­рін орын­дау
Кө­лік экс­пе­ди­то­ры
Экс­пе­ди­тор
4
-
Ескертпе: БТБА – Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы.

2 «Жүк автомобиль

тасымалдарын экспедиторлау»
кәсіби стандартына
2-қосымша
1-кесте

1 1. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Жүктерді тасымалдау экспедиторының еңбек жағдайларына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кә­сі­бі бой­ын­ша бо­луы мүм­кін жұ­мыс орын­да­ры (ұй­ым­дар)
Ұй­ым­дар­дың жүк­тер­ді ав­то­кө­лік­пен экс­пе­ди­ци­я­лау қыз­мет­те­рі, кө­лік­тік-экс­пе­ди­ци­я­лық аген­тіктер
Зи­ян­ды және қа­уіп­ті ең­бек жағ­дайы
-
Жұ­мысқа рұқ­сат бе­ру­дің ерекше жағ­дай­ла­ры
-
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
Кә­сі­би бі­лім алу және оқы­ту дең­гейі
Та­лап еті­ле­тін жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі
3
Ор­тақ ор­та бі­лі­мі, кә­сі­би да­яр­лы­ғы (кә­сі­би да­яр­лық бағ­дар­ла­ма­ла­ры бой­ын­ша бі­лім бе­ру­ді ұй­ым­да­сты­ру ба­за­ла­ры­ның кур­ста­ры бір жы­л­ға дей­ін неме­се ұй­ым­да оқы­ту)
Жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сіз
Ти­іс­ті ма­манды­ғы бой­ын­ша тех­ни­ка­лық бі­лі­мі (ор­та ар­найы неме­се ор­та кә­сі­би)
2-кесте

2 2. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Көлік экспедиторының еңбек жағдайларына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кә­сі­бі бой­ын­ша бо­луы мүм­кін жұ­мыс орын­да­ры (ұй­ым­дар)
Ав­то­кө­лік ұй­ым­да­ры­ның жүк­тер­ді экс­пе­ди­ци­я­лау қыз­мет­те­рі, кө­лік­тік-экс­пе­ди­ци­я­лық агент­тіктер
Зи­ян­ды және қа­уіп­ті ең­бек жағ­дайы
-
Жұ­мысқа рұқ­сат бе­ру­дің ерекше жағ­дай­ла­ры
-
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
Кә­сі­би бі­лім алу және оқы­ту дең­гейі
Та­лап еті­ле­тін жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі
4
Ти­іс­ті ма­манды­ғы бой­ын­ша тех­ни­ка­лық бі­лім (ор­та ар­найы неме­се ор­та кә­сі­би) және прак­ти­ка­лық жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі
СБШ 3 дең­гей­де 3 жыл

3 КС бірліктерінің тізімі

«Жүк автомобиль
тасымалдарын экспедиторлау»
кәсіби стандартына
3-қосымша
КС бірліктерінің тізімі
1-кесте

1 1. «Жүктерді тасымалдау экспедиторы» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі

Шиф­рі
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның (кә­сі­би стан­дарт бір­лі­гі­нің) ата­уы
Ф 1
Ав­то­мо­биль кө­лі­гі­мен та­сы­мал­дау ке­зін­де­гі жүк­тер­ді алып жү­ру
Ф 2
Ти­еп-тү­сі­ру жұ­мыста­ры және ав­то­мо­биль кө­лі­гі­мен та­сы­мал­да­уда ке­зін­де жүк­тер­дің сақ­та­луын қам­та­ма­сыз ету
2-кесте

2 2. «Көлік экспедиторы» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі

Шиф­рі
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның (кә­сі­би стан­дарт бір­лі­гі­нің) ата­уы
Ф 1
Ав­то­мо­биль кө­лі­гі­мен жүк­тер­ді жет­кі­зу қыз­мет­те­рін көр­се­ту­ді ұй­ым­да­сты­ру
Ф 2
Ав­то­мо­биль кө­лі­гі­мен жүк­тер­ді жет­кі­зу­дің бар­лық қа­ты­су­шы­ла­ры­мен қа­рым-қа­ты­на­сты үй­ле­сті­ру
Ф 3
Кө­лік­тік-экс­пе­ди­ци­я­лық құ­жат­та­ма­ны ре­сім­деу және жүр­гі­зу
Ескертпе: Ф – функция.

4 КС бірліктерінің сипаты

«Жүк автомобиль
тасымалдарын экспедиторлау»
кәсіби стандартына
4-қосымша
КС бірліктерінің сипаты
1-кесте

1 1. «Жүктерді тасымалдау экспедиторы» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі

Шиф­рі
Ең­бек затта­ры
Ең­бек құ­рал­да­ры
Мін­дет­тер
Ше­бер­лі­гі және дағ­ды­ла­ры
Бі­лі­мі
Ф 1
Ав­то­мо­биль кө­лі­гі­мен та­сы­мал ке­зін­де жүк­тер­ді алып жү­ру про­це­сі
Іле­с­пе құ­жат­та­ма­сы
М 1-1 Іле­с­пе құ­жат­та­ма­ға сәй­кес жүк­тер­ді қой­ма­дан қа­был­дау
Жүк­тер­ді есеп­ке алу, қа­был­дау және сан­дық пен са­па­лық  көр­сет­кіш­те­рін іле­с­пе құ­жат­тар­мен са­лы­сты­ру дағ­ды­ла­ры
Іш­кі ең­бек тәр­ті­бін, жүк­тер­ді қа­был­дау тәр­ті­бін,  жүк­тер­дің негіз­гі жет­кі­зу­ші­ле­рі­нің және олар­дың қой­ма­ла­ры­ның ме­кен-жай­ла­рын, жүк­тер­ді қа­был­дау мен жі­бе­ру­ге ар­нал­ған құ­жат­тар ны­сан­да­рын және олар­ды ре­сім­деу, ең­бек­ті қор­ғау, тех­ни­ка қа­уіп­сіз­ді­гі, өн­ді­рі­стік са­ни­та­рия және өрт­ке қар­сы қор­ға­ныс нор­ма­ла­рын бі­лу
Ав­то­кө­лік­тік құ­ра­лын­да та­сы­мал­дау ке­зін­де қа­жет­ті қор­ғау мен сақ­тау ре­жи­мін қам­та­ма­сыз ете­тін жаб­дық­ты ор­на­ту
М 1-2 Та­сы­мал­дау ке­зін­де қа­жет­ті сақ­тау мен қор­ғау ре­жи­мін қам­та­ма­сыз ете оты­рып жүк­тер­ді жет­кі­зу ор­ны­на дей­ін алып жү­ру
Та­сы­мал­дау ке­зін­де сақ­та­луын қам­та­ма­сыз ету­мен жүк­тер­ді алып жү­ру дағ­ды­ла­ры
Экс­пе­ди­ци­я­ла­на­тын жүк­тер­ді та­сы­мал­дау мен сақ­тау шар­тта­рын, жүк­тер­ді та­сы­мал­дау марш­рут­та­рын бі­лу.
Іле­с­пе құ­жат­та­ма­сы
М 1-3 Жет­кі­зі­л­ген жүк­ті тап­сы­ру
Жүк­тер­ді есеп­ке алу, тап­сы­ру және сан­дық пен са­па­лық  көр­сет­кіш­те­рін іле­с­пе құ­жат­тар­мен са­лы­сты­ру дағ­ды­ла­ры
Жүк­тер­ді қа­был­дау тәр­ті­бін,  жүк­тер­дің негіз­гі жет­кі­зу­ші­ле­рі­нің және олар­дың қой­ма­ла­ры­ның ме­кен­жай­ла­рын, жүк­тер­ді тап­сы­ру­ға ар­нал­ған құ­жат­тар ны­сан­да­рын және олар­ды ре­сім­де­уді бі­лу
Қа­был­дау-тап­сы­ру құ­жат­та­ма­сын ре­сім­деу
Есеп­теу тех­ни­ка­сы, ком­му­ни­ка­ция және бай­ла­ныс құ­рал­да­ры
М 1-4 Қа­был­дау-тап­сы­ру құ­жат­та­ма­сын ре­сім­деу
Қа­был­дап-тап­сы­ру құ­жат­та­ма­ны ре­сім­деу дағ­ды­ла­ры
Жүк­тер­ді қа­был­дау және жі­бе­ру­ге ар­нал­ған құ­жат­тар­ды ре­сім­деу тәр­ті­бін бі­лу.
Ф 2
Жүк­тер­дің бу­ма­сы (ыдыс)
Бу­ма­ның (ыдыс­тың) бү­т­ін­ді­гін көз­бен тек­се­ру неме­се тек­се­ру құ­рал­да­ры
М 2-1 Бу­ма­ның бү­т­ін­ді­гін тек­се­ру (ыдыс)
Ав­то­мо­биль кө­лі­гі­мен жүк­тер­ді та­сы­мал­дау та­лап­та­ры­на және іле­с­пе құ­жат­та­ма­ға сәй­кес жүк­тер ора­мы­ның (ыдыс­тың) жай-күй­ін тек­се­ру дағ­ды­ла­ры.
Ав­то­мо­биль кө­лі­гі­мен жүк­тер­ді та­сы­мал­дау нор­ма­ла­рын, жүк­тер ора­мы­ның бү­лі­ну және ақау бо­луы­ның негіз­гі тип­те­рін бі­лу
Жүк­тер­ді та­сы­мал­да­у­ға ар­нал­ған құ­рал­дар
Жүк­тер­ді та­сы­мал­да­у­ға ар­нал­ған құ­рал­дар­дың жа­рам­ды­лы­ғын көз­бен қа­рау неме­се тек­се­ру құ­рал­да­ры
М 2-2 Жүк­тер­ді та­сы­мал­да­у­ға ар­нал­ған құ­рал­дар­дың бо­луы мен жа­рам­ды­лы­ғын ба­қы­лау
Ав­то­мо­биль кө­лі­гі­мен жүк­тер­ді та­сы­мал­дау та­лап­та­ры­на және іле­с­пе құ­жат­та­ма­ға сәй­кес жүк­тер­ді та­сы­мал­да­у­ға ар­нал­ған құ­ры­л­ғы­лар­дың бо­луы мен жа­рам­ды­лы­ғын тек­се­ру дағ­ды­ла­ры
Ав­то­мо­биль кө­лі­гі­мен жүк­тер­ді та­сы­мал­да­уды, экс­пе­ди­ци­я­ла­на­тын жүк­тер­ді та­сы­мал­дау мен сақ­тау тех­но­ло­ги­я­ла­рын, жүк­тер­ді та­сы­мал­да­у­ға ар­нал­ған құ­ры­л­ғы­лар­дың жа­рам­ды­лық көр­сет­кіш­те­рін бі­лу.
Жүк­тер­ді та­сы­мал­да­у­ға ар­нал­ған ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның са­ни­тар­лық жағ­дай­ын көз­бен тек­се­ру неме­се тек­се­ру құ­рал­да­ры
М 2-3 Жүк­тер­ді та­сы­мал­да­у­ға ар­нал­ған ти­іс­ті ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның са­ни­тар­лық жағ­дай­ын ба­қы­лау
Ав­то­мо­биль кө­лі­гі­мен жүк­тер­ді та­сы­мал­дау та­лап­та­ры­на сәй­кес  та­сы­мал­да­на­тын жүк­тер­ге ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры тү­рі­нің са­ни­тар­лық жай-күйі мен сәй­кест­і­гін тек­се­ру дағ­ды­ла­ры.
Ав­то­мо­биль кө­лі­гі­мен жүк­тер­ді та­сы­мал­да­уды, ең­бек­ті қор­ғау,  қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сы, өн­ді­рі­стік са­ни­та­рия және өрт­ке қар­сы қор­ға­ну  нор­ма­ла­рын бі­лу.
Ти­еп-тү­сі­ру жұ­мыста­ры, жүк­тер­ді ор­на­ла­сты­ру мен са­лу
Көз­бен тек­се­ру
М 2-4 Ти­еп-тү­сі­ру жұ­мыста­рын, жүк­тер­ді ор­на­ла­сты­ру мен са­лу­ды ба­қы­лау
Ав­то­мо­биль кө­лі­гі­мен жүк­тер­ді та­сы­мал­дау та­лап­та­ры­на және іле­с­пе құ­жат­та­ма­ға сәй­кес  ти­еп-тү­сі­ру  жұ­мыста­ры­ның дұ­ры­стығ­ын, жүк­тер­ді ор­на­ла­сты­ру мен са­лу­ды тек­се­ру дағ­ды­ла­ры
Ти­еп-тү­сі­ру  жұ­мыста­ры­ның тех­но­ло­ги­я­сы мен ұй­ым­да­сты­ры­луын, ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры мен ти­еп-тү­сі­ру опе­ра­ци­я­ла­ры­на ар­нал­ған кон­тей­нер­лер­дің бос тұ­ру нор­ма­тив­те­рін, ти­еп-тү­сі­ру жұ­мыста­рын орын­дау, жүк­тер­ді ор­на­ла­сты­ру мен са­лу нор­ма­ла­рын, ең­бек­ті ұй­ым­да­сты­ру негіз­де­рін және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сын  бі­лу.
Жүк­тер­дің же­тіс­пе­у­ші­лі­гі, бұ­зы­луы ту­ра­лы ак­ті­лер­ді және бас­қа да құ­жат­тар­ды жа­сау және т.б.
Есеп­теу тех­ни­ка­сы, ком­му­ни­ка­ция және бай­ла­ныс құ­рал­да­ры, жүк­тер­дің же­тіс­пе­у­ші­лі­гі, бұ­зы­луы ту­ра­лы ак­ті­лер­ді және бас­қа да құ­жат­тар­ды тол­ты­ру ны­сан­да­ры
М 2-5 Жүк­тер­дің же­тіс­пе­у­ші­лі­гі, бұ­зы­луы  ту­ра­лы ак­ті­лер­ді және бас­қа да құ­жат­тар­ды жа­са­у­ға қа­ты­су
Жүк­тер­дің же­тіс­пе­у­ші­лі­гі, бұ­зы­луы ту­ра­лы ак­ті­лер­ді және бас­қа да құ­жат­тар­ды жа­са­у­ға қа­ты­су дағ­ды­ла­ры
Ұй­ым­ның экс­пе­ди­ция жұ­мыста­ры­на қа­ты­сты нор­ма­тив­тік құ­жат­тар­ды қа­жет­ті кө­лем­де, жүк­тер­дің же­тіс­пе­у­ші­лі­гі, бұ­зы­луы ту­ра­лы ак­ті­лер­дің және бас­қа да құ­жат­тар­дың және т.б. ны­сан­да­рын бі­лу
2-кесте

2 2. «Көлік экспедиторы» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі

Шиф­рі
Ең­бек затта­ры
Ең­бек құ­рал­да­ры
Мін­дет­тер
Ше­бер­лі­гі және дағ­ды­ла­ры
Бі­лі­мі
Ф 1
Жүк­тер­ді жет­кі­зу
Есеп­теу тех­ни­ка­сы, ком­му­ни­ка­ция және бай­ла­ныс құ­рал­да­ры, жүк ие­сі­мен шарт
М 1-1 Жүк­тер­ді жет­кі­зу­ді, олар­ды қай­та ти­е­уді ұй­ым­да­сты­ру, сақ­тау, кө­лік­тік экс­пе­ди­ция шар­тын­да, жүк­тер­ді та­сы­мал­дау шар­тын­да, жүк ие­ле­рі­мен бас­қа да шар­ттар­да анық­тал­ған мер­зім­дер­де жүк­тер­мен бас­қа да жұ­мыстар­ды орын­дау және сақ­та­луы (жүк­тің тұ­ты­ну­шы­лық қа­си­ет­те­рін на­шар­ла­ту­сыз және нор­ма­тив­тен жо­ға­ры жо­ға­луын­сыз)
Бел­гі­лен­ген мер­зім­де жүк­пен жұ­мыс орын­да­уды ұй­ым­да­сты­ру және ба­қы­лау дағ­ды­ла­ры, ба­ғы­ны­шты қыз­мет­кер­лер­ге мін­дет­тер­ді қою дағ­ды­ла­ры
Ұй­ым экс­пе­д­ци­я­сы жұ­мысы­на қа­ты­сты Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нын бас­қа­ру және нор­ма­тив­тік құ­жат­та­рын,
Кө­лік­тік-ло­ги­сти­ка­лық марш­рут­тар және жүк­тер­ді жет­кі­зу схе­ма­ла­ры
Есеп­теу тех­ни­ка­сы, ком­му­ни­ка­ция және бай­ла­ныс құ­рал­да­ры, ло­ги­сти­ка бой­ын­ша әді­сте­ме­лік және нор­ма­тив­тік әде­би­ет
М 1-2 Жүк ие­сі­нің ті­лек­те­рі мен та­лап­та­рын ес­ке­ре оты­рып кө­лік­тік-ло­ги­сти­ка­лық марш­рут­тар және жүк­тер­ді жет­кі­зу схе­ма­ла­ры­ның тех­но­ло­ги­я­лық және эко­но­ми­ка­лық негіз­де­ме­ле­рін жа­сау
Жүк ие­сі­нің ті­лек­те­рі мен та­лап­та­рын ес­ке­ріп, жүк­тер­ді жет­кі­зу марш­рут­та­ры мен схе­ма­ла­ры­ның тех­но­ло­ги­я­лық және эко­но­ми­ка­лық негіз­де­ме­сін жа­сау дағ­ды­ла­ры.
Эко­но­ми­ка негіз­де­рін ав­то­мо­биль кө­лі­гі­мен жүк­тер­ді та­сы­мал­дау нор­ма­ла­рын, кө­лік­тік- эскпе­ди­ци­я­лық қыз­мет көр­се­ту­дің тех­но­ло­ги­я­сы мен ұй­ым­да­сты­ры­луын, кө­лік­тік жол­дар мен тер­ми­нал­дық жүй­е­лер­дің пай­да­ла­ну­шы­лық мүм­кін­дік­те­рін, кө­лік­тік ин­фра­құ­ры­лым­ның ұй­ым­да­сты­ры­луын (жол­дар­дың өт­кі­зу және та­сы­мал­дау мүм­кін­дік­те­рін) бі­лу
Экс­пе­ди­ци­я­ла­на­тын жүк
Ком­му­ни­ка­ция және бай­ла­ныс құ­рал­да­ры
М 1-3 Бел­гі­лен­ген тәр­тіп­те жүк­тер­ді қа­был­дау, олар­ды та­сы­мал­дау және тап­сы­ру бой­ын­ша қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ді ұй­ым­да­сты­ру
Жүк­тер­ді қа­был­дау, олар­ды та­сы­мал­дау және бе­ру бой­ын­ша қыз­мет көр­се­ту­лер­ді ұй­ым­да­сты­ру және бас­қа­ру дағ­ды­ла­ры
Жүк­тер­дің жік­те­лу­ін және орау тә­сіл­де­рін, же­ке­ле­ген жүк­тер­дің таң­ба­ла­нуын іш­кі ең­бек тәр­ті­бін, ең­бек­ті қор­ғау, қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка, ең­бек­ті ұй­ым­да­сты­ру негіз­де­рін бі­лу
Экс­пе­ди­ци­я­ла­на­тын жүк
Ком­му­ни­ка­ция және бай­ла­ныс құ­рал­да­ры, жүк­тер­дің таң­ба­ла­нуын көз­бен қа­рау, кө­лік­тік құ­жат­та­ма
М 1-4 Жүк­тер­ді қа­был­дау ке­зін­де кө­лік­тік құ­жат­та­ма­да көр­се­ті­л­ген нақ­ты алын­ған орын­дар са­ны мен таң­ба­ла­нуын жүк орын­да­ры са­ны мен таң­ба­ла­нуы­на сәй­кест­і­гін тек­се­ру­ді ұй­ым­да­сты­ру
Іле­с­пе құ­жат­та­ма­мен қа­был­да­на­тын жүк­тер­ді есеп­ке алу және са­лы­сты­ру про­це­сін ұй­ым­да­сты­ру және бас­қа­ру дағ­ды­ла­ры.
Та­у­ар-іле­с­пе, кө­лік­тік-экс­пе­ди­ци­я­лық тө­лем­дік, сақ­тан­ды­ру және ша­ғым­дық құ­жат­тар­дың ре­сім­де­лу тәр­ті­бін, та­у­ар жүр­гі­зу негіз­де­рін бі­лу.
Та­сы­мал­дау тө­лем­де­рі мен алым­дар
Есеп­теу тех­ни­ка­сы, ком­му­ни­ка­ция және бай­ла­ныс құ­рал­да­ры, ло­ги­сти­ка бой­ын­ша әді­сте­ме­лік және нор­ма­тив­тік әде­би­ет
М 1-5 Та­сы­мал­дау тө­лем­де­рі мен алым­дар­ды есеп­теу
Та­сы­мал­дау тө­лем­де­рі мен алым­да­рын есеп­теу бой­ын­ша дағ­ды­лар
Та­сы­мал­да­у­ға та­риф­тер­дің, са­лық­тар­дың және же­ңіл­дік­тер­дің қол­да­ны­с­та­ғы жүй­е­сін, жүк­тер­ді жет­кі­зу ба­ға­сын анық­тау әді­сте­рін, жүк­тер­ді жет­кі­зу­дің кө­лік­тік- тех­но­ло­ги­я­лық схе­ма­ла­рын оң­тай­лан­ды­ру әді­сте­рін бі­лу.
Жүк ие­сіне жүк қоз­ға­лы­сы ту­ра­лы ха­бар­лау
Ком­му­ни­ка­ция және бай­ла­ныс құ­рал­да­ры
М 1-6 Жүк ие­сіне жүк қоз­ға­лы­сы ту­ра­лы ха­бар­лау
Ком­му­ни­ка­ция және бай­ла­ныс құ­рал­да­ры­ның кө­ме­гі­мен жүк­тер­ді та­сы­мал­дау ту­ра­лы жүк ие­ле­рін же­дел ха­бар­лау дағ­ды­ла­ры
Кө­лік­тік ин­фра­құ­ры­лы­мын (жол­дар­дың өт­кі­зу және та­сы­мал­дау мүм­кін­дік­те­рін, те­ңіз, өзен порт­та­рын және ке­ме­жай­ла­рын, әу­е­жай­ла­рын, кө­лік­тік түй­ін­де­рін) жүк­тер­дің ор­на­ла­су ор­нын анық­тау әді­сте­рін бі­лу
Ф 2
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын жал­дау
Ком­му­ни­ка­ция және бай­ла­ныс құ­рал­да­ры, жүк­тер­ді таң­ба­ла­уды және та­сы­мал­дау ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын, сақ­тау бөл­ме­ле­рін плом­ба­ла­уды көз­бен тек­се­ру
М 2-1 Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын жал­да­уды ұй­ым­да­сты­ру, жүк­тер­ді экс­пе­ди­тор­лық (жө­нел­ту) таң­ба­ла­нуын және та­сы­мал­дау ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын, кон­тей­нер­лер, суыт­қыш ка­ме­ра­лар, бун­кер­лер және бас­қа да сақ­тау бөл­ме­ле­рін плом­ба­ла­уды ба­қы­лау
Жүк­тер­ді та­сы­мал­дау үшін ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын жал­да­уды ұй­ым­да­сты­ру дағ­ды­ла­ры, жүк­тер­дің таң­ба­ла­нуы мен та­сы­мал­да­на­тын ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның плом­ба­ла­нуын ба­қы­ла­уды ұй­ым­да­сты­ру дағ­ды­ла­ры
Ав­то­мо­биль құ­рал­да­ры­ның түр­ле­рін, жүк­тер­дің жік­те­луі мен же­ке­ле­ген жүк­тер­дің орау тә­сіл­де­рін, таң­ба­ла­нуын, та­сы­мал­да­на­тын ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын плом­ба­лау тә­сіл­де­рі мен тәр­ті­бін бі­лу
Экс­пе­ди­ци­я­ла­на­тын жүк
Ком­му­ни­ка­ция және бай­ла­ныс құ­рал­да­ры
М 2-2 Ти­еп-тү­сі­ру, қай­та ти­еу, жүк­ті ауы­сты­рып ти­еу, қой­ма­лық және бу­ма­лық жұ­мыстар­ды орын­дау ба­ры­сын, жүк­тер­ді сақ­тау мер­зім­де­рі мен шар­тта­рын, жи­нақ­та­луын және тап­сы­ры­сын қа­да­ға­ла­уды қам­та­ма­сыз ету
Ти­еп-тү­сі­ру, қай­та ти­еу, ауы­сты­рып ти­еу, қой­ма­лық және орау жұ­мыста­ры ба­ры­сын ұй­ым­да­сты­ру мен бас­қа­ру, жүк­тер­ді сақ­тау, жи­нақ­тау және бе­ру мер­зі­мін сақ­та­уды ба­қы­лау дағ­ды­ла­ры
Ти­еп-тү­сі­ру жұ­мыста­ры­ның тех­но­ло­ги­я­сы мен ұй­ым­да­сты­ры­луын, ти­еп-тү­сі­ру жұ­мыста­рын орын­дау, жүк­тер­ді ор­на­ла­сты­ру мен са­лу нор­ма­ла­рын, жүк­тер­ді сақ­тау шар­тта­ры мен мер­зім­де­рін, ең­бек­ті ұй­ым­да­сты­ру негіз­де­рін және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сын бі­лу
Кө­лік­тік-экс­пе­ди­ци­я­лық қыз­мет көр­се­ту­дің про­це­сі
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның нор­ма­тив­ті-құқық­тық құ­жат­та­ма­сы және жүк­тер­ді ав­то­мо­биль кө­лі­гі­мен та­сы­мал­дау са­ла­сын­да­ғы ха­лы­қа­ра­лық шар­ттар
М 2-3 Кө­лік­тік-экс­пе­ди­ци­я­лық қыз­мет көр­се­ту­дің про­це­сін­де шар­ттар та­лап­та­рын, та­сы­мал­дау және кө­лік­тік-экс­пе­ди­тор­лық қыз­мет мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша нор­ма­тив­тік-құқық­тық ак­ті­лер мен ха­лы­қа­ра­лық шар­ттар та­лап­та­рын, ең­бек қа­уіп­сіз­ді­гі, өрт, са­ни­тар­лық, эко­ло­ги­я­лық және бас­қа да қа­уіп­сіз­дік та­лап­та­рын сақ­та­уды қам­та­ма­сыз ету
Кө­лік­тік-экс­пе­ди­ци­я­лық қыз­мет көр­се­ту про­це­сін­де нор­ма­тив­тік-құқық­тық ак­ті­лер та­лап­та­ры­ның орын­да­луын қам­та­ма­сыз ету дағ­ды­ла­ры
Кө­лік­те эко­ло­гия мен қоз­ға­лыс қа­уіп­сіз­ді­гі нор­ма­ла­рын, ұй­ым­ның экс­пе­ди­ция жұ­мысы­на қа­ты­сты Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бас­қа­ру­шы және нор­ма­тив­тік құ­жат­та­рын, кө­лік бой­ын­ша ха­лы­қа­ра­лық ке­лі­сім­дер мен кон­вен­ци­я­лар­ды бі­лу
Ке­ден­дік де­кла­ра­ция, кө­лік­тік-та­у­ар­лық құ­жат­тар
М 2-4 Кө­лік­тік-тех­но­ло­ги­я­лық марш­рут­тар мен жүк­ті жет­кі­зу схе­ма­ла­ры­ның бар­лық іс­ке асы­ру ке­зең­де­рін­де та­у­ар­лық-кө­лік­тік және бас­қа да іле­с­пе құ­жат­та­рын, бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес жүк­тер­ді ке­ден­дік та­за­лау үшін қа­жет­ті жүк ке­ден­дік де­кла­ра­ци­я­лар және бас­қа да құ­жат­тар­ды ре­сім­деу
Іле­с­пе және ке­ден-баж құ­жат­та­рын ре­сім­деу дағ­ды­ла­ры, жүк­тер­ді ке­ден­дік та­за­ла­уды жү­зе­ге асы­ру дағ­ды­ла­ры, көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар­ды ре­сім­де­у­ге қа­жет­ті мөл­шер­де шет ті­лін бі­лу
Ке­мін­де бір шет ті­лін, ке­ден­дік тө­лем жүй­е­сін, та­у­ар-сүй­е­мел­деу, кө­лік­тік-экс­пе­ди­ци­я­лық және тө­лем­дік құ­жат­тар­ды ре­сім­деу тәр­ті­бін бі­лу
Ф 3
Экс­пе­ди­ци­я­ла­на­тын жүк­ке ар­нал­ған сақ­тан­ды­ру құ­жат­та­ры
Жүк­тер­ді сақ­тан­ды­ру са­ла­сын­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­лық және нор­ма­тив­ті-құқық­тық ак­ті­ле­рі және ха­лы­қа­ра­лық ке­лі­сім­де­рі
М 3-1 Жүк­тер мен та­сы­мал­да­на­тын ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның бү­лін­ген күй­де ке­лу жағ­дай­ла­рын­да (жүк­тер мен жүк орын­да­ры­ның бү­лі­нуі және (неме­се) жет­кі­лік­сіз бо­луы, плом­ба­ның, плом­ба бе­кіт­кіш құ­ры­л­ғы­ла­ры­ның бү­лі­нуі неме­се бол­мауы) бел­гі­лен­ген ны­сан­дар­ға сәй­кес жүк­тер­ді сақ­тан­ды­ру­мен бай­ла­ны­сты құ­жат­тар­ды, ком­мер­ци­я­лық және бас­қа ак­ті­лер­ді ре­сім­деу
Жүк­тер­дің және жүк орын­да­ры­ның бұ­зы­л­ған және (неме­се) же­тіс­пеу жағ­дай­да­ғы сақ­тан­ды­ру құ­жат­та­рын ре­сім­деу дағ­ды­ла­ры, плом­ба­ның, плом­ба бе­кіт­кіш құ­ры­л­ғы­ла­ры­ның бұ­зы­л­ға­ны неме­се олар­дың бол­мауы
Кө­лік бой­ын­ша ха­лы­қа­ра­лық ке­лі­сім­дер мен кон­вен­ци­я­лар­ды, жүк бұ­зы­л­ған жағ­дай­да сақ­тан­ды­ру және ша­ғым құ­жат­та­рын рә­сім­деу тәр­ті­бін бі­лу
Кө­лік­тік-экс­пе­ди­ци­я­лық қыз­мет­ті есеп­ке алу
Есеп­те­уіш тех­ни­ка, ком­му­ни­ка­ция және бай­ла­ныс құ­рал­да­ры
М 3-2 Кө­лік­тік-экс­пе­ди­ци­я­лық қыз­мет ту­ра­лы қа­жет­ті ком­мер­ци­я­лық құ­жат­та­ма­ны есеп­ке алу­ды жүр­гі­зу және бел­гі­лен­ген ста­ти­сти­ка­лық есеп бе­ру ны­сан­да­рын тол­ты­ру
Қа­жет­ті ком­мер­ци­я­лық құ­жат­та­ма­ны есеп­ке алу және ста­ти­сти­ка­лық есеп бе­ру ны­сан­да­рын жүр­гі­зу дағ­ды­ла­ры
Ұй­ым­ның экс­пе­ди­ция жұ­мысы­на қа­ты­сты Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның са­лық заң­на­ма­сы­ның, бас­қа да бас­қа­ру­шы және нор­ма­тив­тік құ­жат­тар­дың негіз­де­рін бі­лу
Ша­ғым­дық іс­тер
М 3-3 Ша­ғым­дық іс­тер­ді жүр­гі­зу
Жүк­тің және жүк­тік орын­да­ры бұ­зы­л­ған және (неме­се) же­тіс­пеу, жет­кі­зу мер­зім­де­рін және шар­ттың бас­қа да та­лап­та­рын бұ­зу жағ­дай­ын­да ша­ғым­дық іс­тер­ді жүр­гі­зу дағ­ды­ла­ры
Шар­ттар­ды жа­са­су, жүк-жол­да­ма, кө­лік­тік-экс­пе­ди­ци­я­лық, тө­лем, сақ­тан­ды­ру және ша­ғым­дық құ­жат­тар­ды тол­ты­ру тәр­ті­бін бі­лу

5 Келісу парағы

«Жүк автомобиль
тасымалдарын экспедиторлау»
кәсіби стандартына
5-қосымша
Келісу парағы
Ұй­ым ата­уы
Ке­лі­су кү­ні
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ең­бек  және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стр­лі­гі
Осы КС ________________________________________________ тіркелді.
Кәсіптік стандарттардың реестріне № _____________________ тіркелді.
Хат (хаттама) № ___________ Күні _________________

Қолданыстағы