Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества Золотонивского сельского округа района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области

Ереже · № 21-21 · қабылданған 23.12.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-77224/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества Золотонивского сельского округа района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области Күшін жойған Ереже ·№ 21-21 ·23.12.2013
18.02.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.02.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества Золотонивского сельского округа района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области

Күшін жойған Ереже ·№ 21-21 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества Золотонивского сельского округа района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Золотонив ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
21-21
Қабылданған күні
23.12.2013
Көрсетілген редакция
18.02.2020 77224_445348.kaz
Соңғы өзгеріс
18.02.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13SI002522
ЭКБ идентификаторы
77224
Редакция идентификаторы
77224_445348
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:26

0 Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Золотонив ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Золотонив ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.

2 2. Жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Золотонив ауылдық округі ауылдары тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Солтүстік Қазақстан облысы

Мағжан Жұмабаев ауданы
мәслихатының 2013 жылғы
23 желтоқсандағы № 21-21
шешіміне қосымша
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Золотонив ауылдық округі тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Золотонив ауылдық округі ауылы тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Золотонив ауылының тұрғындары үшін
26

5 Солтүстік Қазақстан облысы

Мағжан Жұмабаев ауданы
мәслихатының 2013 жылғы
23 желтоқсандағы
№ 21-21 шешімімен
бекітілген
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Золотонив ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Золотонив ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Золотонив ауылдық округі ауылдары тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2 2. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Золотонив ауылдық округі ауылдарының аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

3 3. Бөлек жиын Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Золотонив ауылдық округінің әкімі шақырады.

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

4 4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы аудандық «Вести», «Мағжан жұлдызы» газеттері арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

5 5. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Золотонив ауылдық округі ауылдарының шегінде бөлек жиынды өткізуді Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Золотонив ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

6 6. Бөлек жиынды ашудың алдында Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Золотонив ауылдық округі ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

7 7. Бөлек жиынды Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Золотонив ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Золотонив ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

8 8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Золотонив ауылдық округі ауылдары тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

9 9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

10 10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Золотонив ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

Қолданыстағы