Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества Карагандинского сельского округа района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества Карагандинского сельского округа района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Қарағанды ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 21-22
- Қабылданған күні
- 23.12.2013
- Көрсетілген редакция
- 18.02.2020 77240_445352.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.02.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13SI002538
- ЭКБ идентификаторы
- 77240
- Редакция идентификаторы
- 77240_445352
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:26
0 Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Қарағанды ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Қарағанды ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.
2 2. Жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Қарағанды ауылдық округі ауылдары тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданы
мәслихатының 2013 жылғы
23 желтоқсандағы № 21-22
шешіміне қосымша
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Қарағанды ауылдық округі тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Қарағанды ауылдық округі ауылы тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Қарағанды ауылының тұрғындары үшін
52
5 Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданы
мәслихатының 2013 жылғы
23 желтоқсандағы
№ 21-22 шешімімен
бекітілген
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Қарағанды ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Қарағанды ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Қарағанды ауылдық округі ауылдары тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2 2. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Қарағанды ауылдық округі ауылдарының аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3 3. Бөлек жиын Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Қарағанды ауылдық округінің әкімі шақырады.
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4 4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы аудандық «Вести», «Мағжан жұлдызы» газеттері арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5 5. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Қарағанды ауылдық округі ауылдарының шегінде бөлек жиынды өткізуді Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Қарағанды ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
6 6. Бөлек жиынды ашудың алдында Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Қарағанды ауылдық округі ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7 7. Бөлек жиынды Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Қарағанды ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Қарағанды ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.