Құжат мәтініне өту

Об утверждении профессионального стандарта "Контроль за техническим состоянием автомобильного транспорта"

Бұйрық · № 905 · қабылданған 20.11.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-77270/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении профессионального стандарта "Контроль за техническим состоянием автомобильного транспорта" Күшін жойған Бұйрық ·№ 905 ·20.11.2013
25.02.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении профессионального стандарта "Контроль за техническим состоянием автомобильного транспорта"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 905 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении профессионального стандарта "Контроль за техническим состоянием автомобильного транспорта"
Атауы (қаз.)
"Автомобиль көлігінің техникалық жағдайын бақылау" кәсіби стандартын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
905
Қабылданған күні
20.11.2013
Көрсетілген редакция
25.02.2016 AI77270_2.kaz
Соңғы өзгеріс
25.02.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300008969
ЭКБ идентификаторы
77270
Редакция идентификаторы
AI77270_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:51

0 "Автомобиль көлігінің техникалық жағдайын бақылау" кәсіби стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған «Автомобиль көлігінің техникалық жағдайын бақылау» кәсіби стандарты бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Кадр және әкімшілік жұмыс департаменті (Е.Е. Хасенов):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, бұқаралық ақпараттар құралдарында ресми жариялануын, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының интранет-порталында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
_____________ Т. Дүйсенова
2013 жылғы 26 қараша

9 «Автомобиль көлігінің техникалық жай-күйін бақылау» кәсіби стандарты

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2013 жылғы «20» қараша № 905
бұйрығымен бекітілген
«Автомобиль көлігінің техникалық жай-күйін бақылау» кәсіби стандарты

1 1. Жалпы бөлім

1 1. «Автомобиль көлігінің техникалық жай-күйін бақылау» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) «Автокөліктік құралдарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету» кәсіби қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды және:

1 1) еңбек саласы мен кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеуге;

2 2) даярлау, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу талаптарын регламенттеуге;

3 3) персоналды аттестаттау және сертификаттау кезінде қызметкерлердің құзыреттерін бағалау талаптарын регламенттеуге арналған.

2 2. КС негізгі пайдаланушылары:

1 1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;

2 2) ұйымдардың басшылары, ұйымдардың персоналын басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;

3 3) білім берудің мемлекеттік бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;

4 4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар болып табылады.

3 3. КС негізінде біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтар, ұйымдардың үлгілік оқыту бағдарламалары, үлгілік оқыту жоспарлары, ұжымдық стандарттар әзірленеді.

4 4. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1 1) біліктілік – қызметкердің еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;

2 2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметтерінің стандартты еместігі, жауапкершілігі мен дербестігі параметрлері бойынша жіктелетін қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы

3 3) еңбек мәні – белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталатын зат;

4 4) еңбек құралдары – қызметкердің еңбек мәнін бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдары;

5 5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажеттi құзыреттiлiктердiң тұтас жиынымен құралған кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі;

6 6) еңбек функциясы – бизнес-үдеріспен анықталатын және оларды орындауға қажетті құзыреттердің болуын болжамайтын еңбек қызметінің біріктірілген және дербес жиынтығын көрсететін еңбек қызметі түрлерінің бір бөлігі;

7 7) кәсіби қызмет саласы – ортақ интеграциялық негiзi (мiндетi, нысандары, технологиялары, соның iшiнде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттiлiктерiнiң болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметi түрлерiнiң жиынтығы;

8 8) кәсіби стандарттың бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, қатысымды дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасы тұратын кәсіби стандарттың құрылымдық элементі;

9 9) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;

10 10) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі және тәжірибесін қолдану қабілеті;

11 11) лауазым – қызметтік өкілеттіктер және қызметтік міндеттер шеңберін жүктейтін жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;

12 12) міндет – нақты бір еңбек мәндері мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;

13 13) сала – өндіретін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс істейтіндердің кәсіби біліктері ортақ ұйымдар жиынтығы;

14 14) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ)– салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

15 15) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ)– еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

16 16) функционалдық карта – бiр немесе өзге де кәсiби қызмет саласы шеңберінде белгілі бір қызмет түрiн орындайтын қызметкердің еңбек функциялары мен мiндеттерiнiң құрылымдық сипаттамасы.

2 2. КС паспорты

5 5. КС паспорты мынаны анықтайды:

1 1) экономикалық қызмет түрі (кәсіптік қызмет саласы):

Экономикалық қызметтің түрін жалпы сыныптаушы (бұдан әрі - 03-2007 ҚР МС) «45.20 Автокөліктік құралдарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету»;

2 2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіптік қызмет саласының) негізгі мақсаты:

автокөліктік құралдардың техникалық күйін қадағалау;

3 3) осы КС 1-қосымшасына сәйкес біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері.

3 3. Еңбек қызметі түрілерінің (кәсіптің) карточкалары

1 1-параграф «Автокөлік құралдарының техникалық жай-күйін бақылаушы»

6 6. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:

1 1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 3, СБШ бойынша – 3;

2 2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптауышы базалық тобы бойынша (бұдан әрі – ҚР МС 01-2005): 7231 «Слесарь-құрастырушылар және мотокөлік құралдарын жөндеуші слесарьлер»;

3 3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: қадағалаушы-механик, бақылау бекетінде жолға шығарушы механик;

4 4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - субъектімен автокөлік құралдарының техникалық жай-күйін жүйелі бақылау процесін жүзеге асыру;

5

5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Автокөлік құралдарының техникалық жай-күйін бақылаушының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 1-кестесінде келтірілген.

2 2-параграф «Автокөлік құралдарын жолға шығарушы инженер»

7 7. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы тұрады:

1 1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 4, 5, СБШ бойынша – 4,5;

2 2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптауышы базалық тобы бойынша (бұдан әрі – ҚР МС 01-2005): 2145 «Инженерлер-механиктер және машина жасаудың технологтары»;

3 3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: жолға шығарудың қадағалау бекеттерінің басты механигі, автокөліктің техникалық күйін қадағалау бойынша инженер-механик, автокөлік бойынша инженер-механик;

4 4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - субъектімен автокөліктік құралдарының техникалық күйін системалық қадағалаудың үдерісін бақылау және басқаруды ұйымдастыру;

5

5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Автокөлік құралдарын жолға шығарушы инженерінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 2-кестесінде келтірілген.

4 4. КС бірліктерінің тізбесі

8 8. КС бірліктерінің тізбесі осы КС 3-қосымшасының 1,2-кестелерінде келтірілген және шифр мен КС бірліктері атауларынан тұрады.

5 5. КС бірліктерінің сипаттамасы

9 9. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасында келтірілген.

6 6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері

10 10. Осы КС негізінде мамандардың кәсіптік дайындығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен сертификаттар беріледі.

11 11. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері сертификат алу үшін игеру қажет болатын осы КС 3-қосымшасында көзделген КС бірліктерінің тізбесіне сәйкес анықталады.

7 7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркелуі

12 12. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі болып табылады.

13 13. КС келісу парағы осы КС 5-қосымшасында келтірілген.

1 Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері

«Автомобиль көлігінің
техникалық жай-күйін бақылау»
кәсіби стандартына
1-қосымша
Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері
р/с

Қыз­мет тү­рі­нің ата­уы
Ең­бек на­ры­ғы­ның про­це­сте­рін ес­ке­ру­мен кә­сіп­тің ата­уы
ҚР 01-2005 МС сәй­кес кә­сіп ата­уы
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
БТ­БА бой­ын­ша раз­ряд
1
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның тех­ни­ка­лық жай-күй­ін ди­а­гно­сти­ка­лық жаб­дық­тар мен құ­рал­дар­дың кө­ме­гі­мен ба­қы­ла­уды жүр­гі­зу
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның тех­ни­ка­лық жай-күй­ін ба­қы­ла­у­шы
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның тех­ни­ка­лық жай-күй­ін ба­қы­ла­у­шы
3
-
2
Тех­ни­ка­лық жай-күй­ді ди­а­гно­сти­ка­лық жаб­дық­тар­дың кө­ме­гі­мен ба­қы­ла­уды ұй­ым­да­сты­ру және тех­ни­ка­лық жа­рам­ды ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын жол­ға шы­ға­ру­ды қам­та­ма­сыз ету
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын жол­ға жі­бе­ру­ші ин­же­нер
Кө­лік ин­же­не­рі
4-5
-
Ескертпе: БТБА – Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы, 52 шығарылым «Автомобиль және қалалық электрлік көлік».

2 «Автомобиль көлігінің

техникалық жай-күйін бақылау»
кәсіби стандартына
2-қосымша
1-кесте

1 1. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Автокөлік құралдарының техникалық жай-күйін бақылаушының еңбек жағдайларына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кә­сі­бі бой­ын­ша бо­луы мүм­кін жұ­мыс орын­да­ры (ұй­ым­дар)
Жүк және жо­ла­у­шы­лар та­сы­мал­дай­тын ав­то­кө­лік ұй­ым­да­ры
Зи­ян­ды және қа­уіп­ті ең­бек жағ­дай­ла­ры
Ав­то­кө­лік­тік құ­рал­да­рын кө­тер­гіш­тің астын­да­ғы жұ­мыстар, ком­пью­тер­лік ди­а­гно­сти­ка­лық стен­ді­лер­мен жұ­мыс, зи­ян­ды заттар­дың неме­се га­з­дар­дың шек­ті рұқ­сат еті­л­ген шо­ғыр­ла­нуы­нан мүм­кін ар­тық бо­луы
Жұ­мысқа рұқ­сат бе­ру­дің ерекше жағ­дай­ла­ры
-
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
Кә­сі­би бі­лім алу және оқы­ту дең­гейі
Та­лап еті­ле­тін жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі
3
Ор­тақ ор­та бі­лі­мі, кә­сі­би да­яр­лы­ғы (кә­сі­би да­яр­лық бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша бі­лім бе­ру­ді ұй­ым­да­сты­ру ба­за­ла­ры­ның кур­ста­ры бір жы­л­ға дей­ін­гі неме­се кә­сі­по­рын­да оқы­ту)
Жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сіз
Ти­іс­ті ма­манды­ғы бой­ын­ша ти­іс­ті бі­лім алу ма­манды­ғы бой­ын­ша тех­ни­ка­лық бі­лі­мі (ор­та ар­найы неме­се ор­та кә­сі­би)
2-кесте

2 2. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Автокөлік құралдарын жолға шығарушы инженерінің еңбек жағдайларына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кә­сі­бі бой­ын­ша бо­луы мүм­кін жұ­мыс орын­да­ры (ұй­ым­дар)
Жүк пен жо­ла­у­шы­лар мен та­сы­мал­дау бой­ын­ша ав­то­кө­лік ұй­ым­да­ры
Зи­ян­ды және қа­уіп­ті ең­бек жағ­дайы
-
Жұ­мысқа рұқ­сат бе­ру­дің ерекше жағ­дай­ла­ры
-
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
Кә­сіп­тік бі­лім алу және оқы­ту дең­гейі
Та­лап еті­ле­тін жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі
4 (ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын жол­ға шы­ға­ру­шы ин­же­нер)
Ти­іс­ті ма­манды­ғы­на бой­ын­ша тех­ни­ка­лық бі­лі­мі (ор­та ар­найы неме­се ор­та кә­сіп­тік) және прак­ти­ка­лық жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі
СБШ 3 дең­гей­ін­де 3 жыл
5 (II са­нат­ты ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын жол­ға шы­ға­ру­шы ин­же­нер)
Ти­іс­ті ма­манды­ғы­на бой­ын­ша тех­ни­ка­лық бі­лі­мі (ор­та ар­найы неме­се ор­та кә­сіп­тік) және прак­ти­ка­лық жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі
СБШ 4 дең­гей­ін­де 3 жыл
Ти­іс­ті ма­манды­ғы­на бой­ын­ша тех­ни­ка­лық бі­лі­мі (жо­ға­ры неме­се жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі)
Жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сіз
5 (I са­нат­ты ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын жол­ға шы­ға­ру­шы ин­же­нер)
Ти­іс­ті ма­манды­ғы­на бой­ын­ша тех­ни­ка­лық бі­лі­мі (жо­ға­ры неме­се жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі) және прак­ти­ка­лық жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі, ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның қа­уіп­сіз­ді­гіне сай ке­ле­тін қа­зір­гі за­ман­ғы жүй­е­лер­ді қо­сым­ша оқы­ту (ан­тиб­л­ок­тау те­же­гіш жүй­е­сі, элек­трон­ды те­же­гіш жүй­е­сі, пнев­мо­под­вес­ка элек­трон­ды жүй­е­сі)
СБШ 5 дең­гей­ін­де 2 жыл

3 КС бірліктерінің тізімі

«Автомобиль көлігінің
техникалық жай-күйін бақылау»
кәсіби стандартына
3-қосымша
КС бірліктерінің тізімі
1-кесте

1 1. «Автокөлік құралдарының техникалық жай-күйін бақылаушы» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі

Шиф­рі
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның (кә­сі­би стан­дарт бір­лі­гі­нің) ата­уы
Ф 1
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның тех­ни­ка­лық жай-күй­ін жол­ға шы­ғар­дың ал­дын­да және тұ­рақ ор­ны­на қай­та кел­ген­де ба­қы­лау мен тек­се­ру
Ф 2
Отын және пай­да­ла­ну ма­те­ри­ал­да­ры­ның бел­гі­лен­ген шы­ғыс нор­ма­ла­ры­ның сақ­та­луын ба­қы­лау
Ф 3
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­на тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту­ді және жөн­де­уді орын­да­ған­нан кей­ін жұ­мыс са­па­сын ба­қы­лау
Ф 4
Бел­гі­лен­ген тәр­тіп­те тап­сы­ры­л­ған тех­ни­ка­лық және нор­ма­тив­тік құ­жат­та­ма­ны рә­сім­деу
2-кесте

2 2. «Автокөлік құралдарын жолға шығарушы инженер» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі

Шиф­рі
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның (кә­сі­би стан­дарт бір­лі­гі­нің) ата­уы
Ф 1
Жол­да­ғы ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын ава­ри­я­сыз және се­нім­ді жұ­мысын қам­та­ма­сыз ету
Ф 2
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын дұ­рыс тех­ни­ка­лық пай­да­ла­нуын ба­қы­ла­уды ұй­ым­да­сты­ру
Ф 3
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның күй­ін тех­ни­ка­лық қа­да­ға­ла­уды ұй­ым­да­сты­ру
Ф 4
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын жол­ға шы­ға­ру және олар­дың жол­дан қай­ту ке­зін­де ба­қы­лау по­ст­та­ры­ның жұ­мыс са­па­сын тек­се­ру
Ескертпе: Ф – функция.

4 КС бірліктерінің сипаты

«Автомобиль көлігінің
техникалық жай-күйін бақылау»
кәсіби стандартына
4-қосымша
КС бірліктерінің сипаты
1-кесте

1 1. «Автокөлік құралдарының техникалық жай-күйін бақылаушы» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі

Шиф­рі
Ең­бек затта­ры
Ең­бек құ­рал­да­ры
Мін­дет­тер
Ше­бер­лі­гі және дағ­ды­ла­ры
Бі­лім
Ф1
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры
Элек­тр­лік фо­нарь, га­за­на­ли­за­тор неме­се тү­тін өл­ше­гіш, ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын руль­дік бас­қа­ру люф­тін тек­се­ру­ге ар­нал­ған ас­пап, де­се­ле­ро­метр, ме­талл сыз­ғы­шы, дөң­ге­лек­тер­дің қиы­лы­су бұ­ры­шта­рын тек­се­ру­ге ар­нал­ған ас­пап, ұзын тұт­қы­шы бар бал­ға, фа­ра­лар­дың дұ­рыс ор­на­ты­луын тек­се­ру­ге ар­нал­ған ас­пап, ши­на ма­но­мет­рі, штан­ген­цир­куль, та­хо­метр, ав­то­кө­лік құ­ра­лын жол­ға шы­ға­ру­дың ал­дын­да және қай­та кел­ген­де тех­ни­ка­лық жай-күй­ін ба­қы­лау жур­на­лы
М 1-1 «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Жол қоз­ға­лы­сы­ның ере­же­лерiн, Көлiк құ­рал­да­рын пай­да­ла­ну­ға жi­бе­ру жөнiн­де­гi негiз­гi ере­же­лер мен жол қоз­ға­лы­сы­ның қа­уiп­сiздi­гiн қам­та­ма­сыз ету бой­ын­ша ла­у­а­зым­ды адам­дар мен жол қоз­ға­лы­сы­на қа­ты­су­шы­лар­дың мiн­дет­терiн және Ар­найы тү­стiк-гра­фи­ка­лық схе­ма­лар бой­ын­ша ар­найы тү­стiк және ды­быст­ық бел­гiлер­мен жаб­дық­та­лу­ға және бо­я­лу­ға жа­та­тын же­дел және ар­найы қыз­мет­тер­дiң, көлiк­тiң тiз­бесiн бекiту ту­ра­лы»
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 1997 жы­л­ғы 25 қа­ра­ша­да­ғы № 1650 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген Жол қоз­ға­лы­сы ере­же­ле­рі­нің та­лап­та­ры­на сәй­кес ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын тех­ни­ка­лық жа­рам­ды жағ­дай­да жол­ға шы­ғуын қа­рау, тек­се­ру
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын қа­рау, тех­ни­ка­лық жай-күй­ін тек­се­ру және ақа­улық­тар­ды анық­тау дағ­ды­ла­ры
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын пай­да­ла­ну, ба­қы­ла­у­шы­ның ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын тех­ни­ка­лық қа­рау бой­ын­ша бі­луі, жол­ға ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын шы­ға­ру тәр­ті­бін, тех­ни­ка­лық дұ­рыс жа­рам­ды ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның құ­ры­лы­мын, кон­струк­тив­тік ерекше­лік­те­рі мен та­лап­та­рын, ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның тех­ни­ка­лық күй­ін ба­қы­лау әді­сте­рі мен құ­рал­да­рын, ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның анық­та­у­ға жа­та­тын ақа­улық тип­те­рін, ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның тех­ни­ка­лық жай-күй­і­нің жол қоз­ға­лы­сы қа­уіп­сіз­ді­гі және эко­ло­ги­я­ға әсер ете­тін көр­сет­кіш­те­рін, ең­бек қа­уіп­сіз­ді­гі­нің нор­ма­ла­рын, тех­ни­ка қа­уіп­сіз­ді­гін, өн­ді­рі­стік са­ни­та­рия және өрт­ке қар­сы қор­ға­ны­сты бі­лу
М 1-2 Тех­ни­ка­лық ақа­улық­та­ры, са­ни­тар­лық нор­ма­лар­ды бұ­зу­шы­лық­та­ры бар ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын жол­ға шы­ға­ру­ға тый­ым са­лу
М 1-3 Жол­дан қай­тып ке­ле жа­тқан ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның тех­ни­ка­лық жай-күй­ін қа­рау және тек­се­ру
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын жөн­де­у­ге жі­бе­ру
Есеп­теу тех­ни­ка­сы, ком­му­ни­ка­ция және бай­ла­ныс құ­рал­да­ры, кең­се қа­жет­ті­лік­те­рі
М 1-4 Жол­дан бұ­зы­л­ған күй­де қай­тқан ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын жөн­де­у­ге жі­бе­ру­ді рә­сім­деу
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын жөн­де­у­ге жі­бе­ру­ді рә­сім­деу дағ­ды­ла­ры
«Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын тех­ни­ка­лық пай­да­ла­ну ере­же­сін бе­кі­ту ту­ра­лы» ҚР Үкі­ме­ті­нің 2008 жы­л­ғы 28 ақ­пан­да­ғы № 203 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын өн­ді­рі­стік және тех­ни­ка­лық пай­да­ла­ну ере­же­ле­рін, ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын жөн­де­у­ге жі­бе­ру мә­се­ле­ле­рін, ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын жөн­де­у­ге жі­бе­ру­ді рә­сім­деу тәр­ті­бін бі­лу
Ф 2
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның оты­ны
Щуп, отын ба­гын­да­ғы отын мөл­ше­рін анық­та­у­ға ар­нал­ған ас­пап­тар
М 2-1 Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның отын ба­гын­да­ғы отын мөл­ше­рі­нің бо­луын тек­се­ру және өл­шеу
Өл­ше­уіш ас­пап­та­ры­ның кө­ме­гі­мен отын бак­та­рын-да отын­ның бар бо­луы және отын мөл­ше­рі­нің өл­ше­уін анық­тау дағ­ды­лар
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын тех­ни­ка­лық пай­да­ла­ну­да жа­нар-жа­ғар май ма­те­ри­ал­да­ры­ның шы­ғыс нор­ма­ла­рын бі­лу
Ав­то­кө­лік құ­рал­дар пар­кін шы­ғыс ма­те­ри­ал­да­ры­мен, қо­сал­қы бөл­шек­тер­мен және аг­ре­гат­тар­мен жаб­дық­тау
Есеп­тен шы­ға­ру ак­ті­ле­рі­нің, аг­ре­гат­тар­ды жөн­де­у­ге және қо­сал­қы бөл­шек­тер­ді са­тып алу­ға ар­нал­ған өті­нім­дер үл­гі­ле­рі, кең­се қа­жет­ті­лік­те­рі
М 2-2 Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­на қо­сал­қы бөл­шек­тер­ді са­тып алу­ға қа­ты­су, жөн­деу нор­ма­ла­ры бой­ын­ша олар­ды есеп­тен шы­ға­ру, сон­дай-ақ аг­ре­гат­тар­ды, ши­на­лар­ды, ак­ку­му­ля­тор­лар­ды және т.б. жөн­де­у­ге тап­сы­ру
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры үшін қо­сал­қы бөл­шек­тер­ді са­тып алу­ға қа­ты­су, олар­ды жөн­деу нор­ма­ла­ры бой­ын­ша есеп­тен шы­ға­ру, сон­дай-ақ аг­ре­гат­тар­ды жөн­де­у­ге тап­сы­ру дағ­ды­ла­ры
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гі­зу­де және тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту­ін­де шы­ғыс ма­те­ри­ал­да­ры­на, қо­сал­қы бөл­шек­тер­ге, жа­нар-жа­ғар май ма­те­ри­ал­да­ры­на және т.б. өті­нім жа­сау тәр­ті­бін бі­лу
Жүр­гі­зу­ші­лер­ге өн­ді­рі­стік нұс­қа­улық
Ком­му­ни­ка­ция және бай­ла­ныс құ­рал­да­ры
М 2-3 Жүр­гі­зу­ші­лер­ге өн­ді­рі­стік нұс­қа­улық жүр­гі­зу
Нұс­қа­улық жүр­гі­зу дағ­ды­ла­ры
«Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын тех­ни­ка­лық пай­да­ла­ну ере­же­сін бе­кі­ту ту­ра­лы» ҚР Үкі­ме­ті­нің 2008 жы­л­ғы 28 ақ­пан­да­ғы № 203 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның тех­ни­ка­лық си­патта­ма­ла­рын, кон­струк­тив­тік ерекше­лік­те­рін, қыз­ме­ті мен жұ­мыс ре­жим­де­рін, өн­ді­рі­стік және тех­ни­ка­лық пай­да­ла­ну ере­же­ле­рін, іш­кі ең­бек тәр­ті­бін, ең­бек қор­ғауды, қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сын, өн­ді­рі­стік са­ни­та­рия мен өрт­ке қар­сы қор­ға­ну­ды бі­лу
Ф 3
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның бір­лік­те­рі мен аг­ре­гат­та­рын жөн­деу және жи­нау са­па­сы
Тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту­ден өту кесте­сі, элек­тр­лік фо­нарь, га­з­на­ли­за­тор неме­се тү­тін өл­ше­гіш, ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын руль­дік бас­қа­ру люф­тін тек­се­ру­ге ар­нал­ған ас­пап, де­се­ле­ро­метр, ме­талл сыз­ғы­шы, дөң­ге­лек­тер­дің қиы­лы­су бұ­ры­шта­рын тек­се­ру­ге ар­нал­ған ас­пап, ұзын тұт­қы­шы бар бал­ға, фа­ра­лар­дың дұ­рыс ор­на­ты­луын тек­се­ру­ге ар­нал­ған ас­пап, ши­на ма­но­мет­рі, штан­ген­цир­куль, та­хо­метр
М 3-1 Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын жөн­де­уден және нақ­ты жи­на­удан кей­ін­гі бір­лік­тер мен аг­ре­гат­тар­ды жи­на­уды қа­был­дау ке­зін­де тех­ни­ка­лық та­лап­тар­да көз­дел­ген жұ­мыс са­па­сын тек­се­ру
Жөн­деу мен соң­ғы жи­на­удан кей­ін­гі ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның құ­рам­дас бір­лік­те­рі мен аг­ре­гат­та­рын қа­был­дау ке­зін­де жұ­мыс са­па­сын тек­се­ру дағ­ды­ла­ры
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның тех­ни­ка­лық жай-күй­ін және қыз­мет ету­ін ба­қы­лау жүр­гі­зу әді­сте­рін, жөн­де­уден кей­ін ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын қа­был­да­уды, ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту, олар­дың құ­рам­дас бір­лік­те­рі мен аг­ре­гат­та­рын жөн­деу са­па­сы­на ре­кла­ма­ци­я­лық құ­жат­тар­ды рә­сім­деу тәр­ті­бін бі­лу
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры
М 3-2 Қо­сым­ша жұ­мыс кө­ле­мін анық­тау үшін тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту­ге жі­бе­рі­л­ген ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын тек­се­ру
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын жос­пар­лы тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту­ге жі­бе­ру ке­зін­де
жұ­мыстың қо­сым­ша кө­ле­мін анық­тау дағ­ды­ла­ры
Тех­ни­ка­лық жа­рам­ды ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның құ­ры­лы­сын, кон­струк­тив­тік ерекше­лік­те­рі мен та­лап­та­рын, ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның тех­ни­ка­лық жай-күй­і­нің жол қоз­ға­лы­сы қа­уіп­сіз­ді­гіне және эко­ло­ги­я­ға әсер ете­тін көр­сет­кіш­те­рін бі­лу
Ф 4
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры жүр­гі­зу­ші­ле­рі­нің жол құ­жат­та­ма­сы
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның жүр­гі­зу­ші­ле­рі­нің жол құ­жат­та­ма­сы­ның үл­гі­сі, кең­се қа­жет­ті­лік­те­рі, ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның жол­ға шы­ғу және жол­дан қай­ту­да­ғы тех­ни­ка­лық күй­і­нің ба­қы­лау жур­на­лы
М 4-1 Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын жол­ға шық­қан­да­ғы тап­сы­ры­л­ған құ­жат­та­ма­сы және жол құ­жат­та­ма­сын рә­сім­деу
Жол құ­жат­та­ма­сын рә­сім­деу дағ­ды­ла­ры
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын же­лі­ге шы­ға­ру және же­лі­ден қа­был-дау тәр­ті­бін, жол па­рақ­та­рын рә­сім­деу, бе­ру, қа­был­дау және өң­деу тәр­ті­бін бі­лу
М 4-2 Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын жол­дан қай­тқан­да­ғы қа­был­да­удың тап­сы­ры­л­ған құ­жат­та­ма­сы және жол құ­жат­та­ма­сын рә­сім­деу
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның бұ­зы­луы ту­ра­лы құ­жат­та­ма және жөн­де­у­ге өті­нім­дер
Есеп­теу тех­ни­ка­сы құ­рал­да­ры, ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын жөн­де­у­ге ар­нал­ған өті­нім­дер­ді тір­кеу жур­на­лы
М 4-3 Ти­іс­ті тір­ке­уі бар ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның бұ­зы­луы­на ар­нал­ған бел­гі­лен­ген құ­жат­та­ма­ны және ақа­улық­та­рын жөн­деу мен жо­ю­ға ар­нал­ған өті­нім­дер­ді рә­сім­деу
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның бұ­зы­луы­на құ­жат­тар­ды және ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның ақа­улық­та­рын жөн­деу мен жо­ю­ға ар­нал­ған өті­нім­дер­ді тір­кеу мен рә­сім­деу дағ­ды­ла­ры
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның бү­лі­ну жағ­дай­ын­да құ­жат­тар­ды рә­сім­деу тәр­ті­бін, шы­ғыс ма­те­ри­ал­да­ры­на, қо­сал­қы бөл­шек­тер­ге, ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның ақа­улық­та­рын жөн­деу мен жо­ю­ға ар­нал­ған өті­нім­дер­ді жа­сау тәр­ті­бін, өті­нім­дер­ді тір­кеу тәр­ті­бін бі­лу
2-кесте

2 2. «Автокөлік құралдарын жолға шығарушы инженер» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі

Шиф­рі
Ең­бек затта­ры
Ең­бек құ­рал­да­ры
Мін­дет­тер
Ше­бер­лі­гі және дағ­ды­ла­ры
Бі­лім
Ф1
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын жол­ға шы­ға­ру­ды ұй­ым­да­сты­ру
Ба­ғы­ны­шты қыз­мет­кер­лер­ге мін­дет­тер қою, ком­му­ни­ка­ция және бай­ла­ныс құ­рал­да­ры, ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын жол­ға шы­ға­ру жө­нін­де­гі ба­қы­лау по­ст­та­ры
М 1-1 Тех­ни­ка­лық жа­рам­ды ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын жол­ға шы­ға­ру­ды ұй­ым­да­сты­ру
Же­лі­ге шы­ға­ру­дың ал­дын­да ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның тех­ни­ка­лық күй­ін ұй­ым­да­сты­ру және бас­қа­ру дағ­ды­ла­ры
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын же­лі­ге шы­ға­ру тәр­ті­бін, ҚР «Ав­то­мо­биль кө­лі­гі ту­ра­лы» За­нын, «Ав­то­мо­биль кө­лі­гі­мен жо­ла­у­шы­лар мен ба­гаж­ды та­сы­мал­дау қа­ғи­да­сын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2011 жы­л­ғы 2 шіл­де­де­гі қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген ав­то­мо­биль кө­лі­гі­мен жо­ла­у­шы­лар мен ба­гаж­ды та­сы­мал­дау қа­ғи­да­сын, «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Жол қоз­ға­лы­сы­ның ере­же­лерiн, Көлiк құ­рал­да­рын пай­да­ла­ну­ға жi­бе­ру жөнiн­де­гi негiз­гi ере­же­лер мен жол қоз­ға­лы­сы­ның қа­уiп­сiздi­гiн қам­та­ма­сыз ету бой­ын­ша ла­у­а­зым­ды адам­дар мен жол қоз­ға­лы­сы­на қа­ты­су­шы­лар­дың мiн­дет­терiн және Ар­найы тү­стiк-гра­фи­ка­лық схе­ма­лар бой­ын­ша ар­найы тү­стiк және ды­быст­ық бел­гiлер­мен жаб­дық­та­лу­ға және бо­я­лу­ға жа­та­тын же­дел және ар­найы қыз­мет­тер­дiң, көлiк­тiң тiз­бесiн бекiту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 1997 жы­л­ғы 25 қа­ра­ша­да­ғы № 1650 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген Жол қоз­ға­лы­сы ере­же­ле­рін ұй­ым­да­сты­ру әді­сте­рін және ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры тех­ни­ка­лық жай-күйі мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша бас­қа да бас­қа­ру­шы ма­те­ри­ал­дар­ды, ең­бек­ті қор­ғау, қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сы, өн­ді­рі­стік са­ни­та­рия және өрт­ке қар­сы қор­ға­ныс нор­ма­ла­рын бі­лу бі­лу
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын жол­дан қа­был­да­уды ұй­ым­да­сты­ру
М 1-2 Жұ­мыс со­ңын­да ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның жол­дан қа­был­дау ке­зін­де ақа­улық­тар­ды анық­та­уды ұй­ым­да­сты­ру
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын жұ­мыс біт­кен­де же­лі­ден қа­был­дау ке­зін­де ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның ақа­улы­ғын анық­тау про­це­сін ұй­ым­да­сты­ру және бас­қа­ру дағ­ды­ла­ры
Жол­да­ғы ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның ақа­улық­та­ры
Есеп­теу тех­ни­ка­сы, ком­му­ни­ка­ция және бай­ла­ныс құ­рал­да­ры, анық­тал­ған ақа­улық­тар­ға есеп бе­ру, жол­да­ғы ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның ақа­улық се­беп­те­рін жою ша­ра­ла­ры
М 1-3 Жол­да­ғы ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры ақа­у­ла­ры­ның се­беп­те­рін анық­тау және олар­ды жою ша­ра­ла­рын қа­был­дау
Же­лі­де анық­тал­ған және же­лі­де қа­был­да­удан кей­ін ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның анық­тал­ған ақа­у­ла­ры бой­ын­ша ста­ти­сти­ка­лық де­ректер­ді тал­дау, ақа­у­лар­дың пай­да бо­лу се­беп­те­рін анық­тау, олар­ды жою ша­ра­ла­рын әзір­леу мен қа­был­дау дағ­ды­ла­ры
Тех­ни­ка­лық жа­рам­ды ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның құ­ры­лы­сын, кон­струк­тив­тік ерекше­лік­те­рі мен та­лап­та­рын, ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның анық­та­лу­ға жа­та­тын ақа­улық­та­ры­ның тип­те­рін, өл­шеу құ­рал­дар­дың тех­ни­ка­лық си­патта­ма­ла­рын, кон­струк­тив­тік ерекше­лік­те­рін, қыз­ме­ті мен жұ­мыс прин­ципте­рін, ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның ком­пью­тер­лік ди­а­гно­сти­ка­лау құ­рал­да­ры­ның жұ­мыс прин­ципте­рін, «Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын тех­ни­ка­лық пай­да­ла­ну ере­же­сін бе­кі­ту ту­ра­лы» ҚР Үкі­ме­ті­нің 2008 жы­л­ғы 28 ақ­пан­да­ғы № 203 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның өн­ді­рі­стік және тех­ни­ка­лық пай­да­ла­ну ере­же­ле­рін, мет­ро­ло­ги­я­лық және бас­қа өл­ше­улер­дің орын­дау әді­сте­рін, ең­бек­ті қор­ғаудың ере­же­ле­рі мен нор­ма­ла­рын, қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сын, өн­ді­рі­стік са­ни­та­рия және өрт­ке қар­сы қор­ға­ны­сты бі­лу
Ф 2
«Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын тех­ни­ка­лық пай­да­ла­ну ере­же­сін бе­кі­ту ту­ра­лы» ҚР Үкі­ме­ті­нің 2008 жы­л­ғы 28 ақ­пан­да­ғы № 203 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын тех­ни­ка­лық және өн­ді­рі­стік пай­да­ла­ну ере­же­ле­рін сақ­тау
Ба­ғы­ны­шты қыз­мет­кер­лер­ге мін­дет­тер қою, ком­му­ни­ка­ция және бай­ла­ныс құ­рал­да­ры
М 2-1 «Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын тех­ни­ка­лық пай­да­ла­ну ере­же­сін бе­кі­ту ту­ра­лы» ҚР Үкі­ме­ті­нің 2008 жы­л­ғы 28 ақ­пан­да­ғы № 203  қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген кө­лік құ­рал­да­рын өн­ді­рі­стік және тех­ни­ка­лық пай­да­ла­ну ере­же­ле­рі­нің сақ­та­луын ба­қы­ла­уды ұй­ым­да­сты­ру
«Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын тех­ни­ка­лық пай­да­ла­ну ере­же­сін бе­кі­ту ту­ра­лы» ҚР Үкі­ме­ті­нің 2008 жы­л­ғы 28 ақ­пан­да­ғы № 203 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын тех­ни­ка­лық және өн­ді­рі­стік пай­да­ла­ну ере­же­ле­рін, сақ­та­уды ба­қы­ла­у­ын ұй­ым­да­сты­ру дағ­ды­ла­ры
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын тех­ни­ка­лық пай­да­ла­ну ере­же­сін бе­кі­ту ту­ра­лы» ҚР Үкі­ме­ті­нің 2008 жы­л­ғы 28 ақ­пан­да­ғы № 203 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын тех­ни­ка­лық және өн­ді­рі­стік пай­да­ла­ну ере­же­ле­рін, жүр­гі­зу­ші­лер­дің ме­ха­ник­тер­дің, ба­қы­ла­у­шы­лар­дың ла­у­а­зым­дық нұс­қа­улық­та­рын, ұй­ым­ның ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын пай­да­ла­ну нұс­қа­у­ла­рын, іш­кі ең­бек тәр­ті­бін бі­лу
Отын шы­ғы­сы­ның, пай­да­ла­ну ма­те­ри­ал­да­ры мен қо­сал­қы бөл­шек­тер­дің бел­гі­лен­ген нор­ма­ла­рын сақ­тау
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын пай­да­ла­ну ке­зін­де­гі отын және пай­да­ла­ну ма­те­ри­ал­да­ры­ның шы­ғы­сы бой­ын­ша есеп бе­ру, ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту­де­гі және жөн­де­уде жа­нар-жа­ғар май ма­те­ри­ал­да­ры, қо­сал­қы бөл­шек­тер мен шы­ғыс ма­те­ри­ал­да­ры­ның шы­ғы­сы бой­ын­ша есеп бе­ру
М 2-2 Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын пай­да­ла­ну және тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту және жөн­деу ке­зін­де отын және пай­да­ла­ну ма­те­ри­ал­да­ры­ның, қо­сал­қы бөл­шек­тер­дің бел­гі­лен­ген шы­ғыс нор­ма­ла­ры­ның сақ­та­луын ба­қы­ла­уды ұй­ым­да­сты­ру
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын пай­да­ла­ну, тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту және жөн­деу про­це­сін­де отын, жа­нар-жа­ғар май ма­те­ри­ал­да­ры­ның және бас­қа ма­те­ри­ал­дық ре­сур­стар­дың шы­ғы­сын ба­қы­лау про­це­сін ұй­ым­да­сты­ру және бас­қа­ру дағ­ды­ла­ры
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын пай­да­ла­ну, жөн­деу және тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де ма­те­ри­ал­дық ре­сур­стар­дың шы­ғы­сын, ма­те­ри­ал­дар, қо­сал­қы бөл­шек­тер, жа­нар-жа­ғар май ма­те­ри­ал­да­ры­ның және т.б. шы­ғыс нор­ма­ла­рын жүй­е­лі ба­қы­ла­уды ұй­ым­да­сты­ру әді­сте­рін бі­лу
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын жөн­де­у­ге жет­кі­зу мер­зім­де­рі
Ком­му­ни­ка­ция және бай­ла­ныс құ­рал­да­ры, ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын жос­пар­лы ес­кер­ту жөн­де­улер­ден өт­кі­зу гра­фик­та­ры
М 2-3 Бас­қа ма­ман­дар­мен бір­ле­сіп ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның тех­ни­ка­лық жай-күй­ін және жөн­деу жұ­мыста­ры­на жет­кі­зу мер­зі­мін анық­тау
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры тех­ни­ка­лық жай-күй­ін және жөн­де­у­ге жет­кі­зу мер­зім­де­рін анық­тау дағ­ды­ла­ры
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын жос­пар­лы ал­дын алу жөн­де­удің бі­рың­ғай жүй­е­сін, ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның тех­ни­ка­лық жай-күй­ін ба­қы­ла­удың әді­сте­рі мен құ­рал­да­рын, ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры тех­ни­ка­лық жай-күй­і­нің са­па­сы мен қыз­мет ету­ін ба­қы­лау әді­сте­рін, ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның тех­ни­ка­лық си­патта­ма­ла­рын, кон­струк­тив­тік ерекше­лік­те­рін, қыз­ме­ті мен жұ­мыс ре­жим­де­рін, ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның жол қоз­ға­лы­сы қа­уіп­сіз­ді­гі мен эко­ло­ги­я­ға әсер ете­тін тех­ни­ка­лық жай-күй­і­нің көр­сет­кіш­те­рін бі­лу
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­на тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту бой­ын­ша жұ­мыс са­па­сы мен уақ­ты­лы­ғы
Ба­ғы­ны­шты қыз­мет­кер­лер­ге мін­дет­тер қою, ком­му­ни­ка­ция және бай­ла­ныс құ­рал­да­ры, ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­на тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту гра­фик­та­ры, тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту­ді өт­кізу­ге есеп бе­ру
М 2-4 Тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту гра­фик­та­ры­на сәй­кес ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­на тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту бой­ын­ша жұ­мысты орын­дау са­па­сы мен уақ­ты­лы­ғы­на ба­қы­ла­уды ұй­ым­да­сты­ру
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту бой­ын­ша жұ­мыстар­дың са­па­лы және мер­зім­ді орын­да­луын ба­қы­лау про­це­сін бас­қа­ру дағ­ды­ла­ры
Эко­но­ми­ка негіз­де­рін, өн­ді­рі­стің, ең­бек­тің және бас­қа­ру­дың ұй­ым­да­сты­ры­луын, ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту және жөн­деу ке­зін­де ақау түр­ле­рін, оның ал­дын алу мен бол­дыр­мау әді­сте­рін, ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын жөн­деу жұ­мыста­рын және тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту­ін ұй­ым­да­сты­ры­луы мен өт­кі­зу тех­но­ло­ги­я­сын, ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын жөн­де­у­ге тап­сы­ру және жөн­де­уден кей­ін қа­был­дау тәр­ті­бін, ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту және олар­дың құ­рам­дас бір­лік­те­рі мен аг­ре­гат­та­ры­ның жөн­деу са­па­сы­на ре­кла­ма­ци­я­лық құ­жат­тар­ды рә­сім­деу тәр­ті­бін бі­лу
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын жөн­де­уден кей­ін жұ­мыс са­па­сын ба­қы­ла­у­мен бір­ге қа­был­дау
Ба­ғы­ны­шты қыз­мет­кер­лер­ге мін­дет­тер қою, ком­му­ни­ка­ция және бай­ла­ныс құ­рал­да­ры
М 2-5 Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын жөн­де­уден кей­ін жұ­мыс са­па­сын ба­қы­ла­у­мен бір­ге қа­был­да­уды ұй­ым­да­сты­ру
Орын­дал­ған жұ­мысты ба­қы­ла­у­мен жөн­де­уден кей­ін­гі ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын пай­да­ла­ну­ға қа­был­да­уын ұй­ым­да­сты­ру мен бас­қа­ру дағ­ды­ла­ры
Ф 3
Ұй­ым­ның ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның мін­дет­ті тех­ни­ка­лық тек­се­ру­ден өтуі
Ұй­ым­ның ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­на ме­ха­ни­ка­лық кө­лік құ­рал­да­ры­ның және тір­ке­ме­лер­дің мін­дет­ті тех­ни­ка­лық тек­се­ру­ден өту гра­фик­та­ры
М 3-1 Ұй­ым­ның ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның мін­дет­ті тех­ни­ка­лық тек­се­ру­ден өту­ін ба­қы­ла­уды ұй­ым­да­сты­ру
Ұй­ым­ның ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның ме­ха­ни­ка­лық кө­лік құ­рал­да­ры­ның мін­дет­ті тех­ни­ка­лық тек­се­ру­ден уа­қы­ты­лы өт­кі­зу­ін ұй­ым­да­сты­ру дағ­ды­ла­ры
Ме­ха­ни­ка­лық кө­лік құ­рал­да­рын және олар­дың тір­ке­ме­ле­рін мін­дет­ті тех­ни­ка­лық тек­се­ру­ден өт­кі­зу­ді, мін­дет­ті тех­ни­ка­лық тек­се­ру­ді өт­кі­зу ке­зең­ді­лі­гін, сон­дай-ақ тех­ни­ка­лық тек­се­ру­дің ди­а­гно­сти­ка­лық кар­та­сы­ның фор­ма­сын, ҚР «Ав­то­мо­биль кө­лі­гі ту­ра­лы» За­ңын, «Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның қа­уіп­сіз­ді­гіне қой­ы­ла­тын та­лап­тар» Тех­ни­ка­лық ре­гла­мен­тін бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­ме­ті­нің 2008 жы­л­ғы 9 шіл­де­де­гі № 675 қа­улы­сы­мен бе­кі­ті­л­ген «Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның қа­уіп­сіз­ді­гіне қой­ы­ла­тын та­лап­тар» тех­ни­ка­лық ре­гла­мен­тін, ең­бек­ті қор­ғау нор­ма­ла­рын, қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сын, өн­ді­рі­стік са­ни­та­рия және өрт­ке қар­сы қор­ға­ны­сты бі­лу
М 3-2 Ұй­ым­ның ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын мін­дет­ті тех­ни­ка­лық тек­се­ру­ді өт­кі­зу ке­зін­де ұсы­ну­ға ті­ке­лей қа­ты­сты­ру
Мін­дет­ті тех­ни­ка­лық тек­се­ру­ді өт­кі­зу ке­зін­де ұй­ым­ның ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын көр­се­ту­ге ті­ке­лей қа­ты­сты­ру дағ­ды­ла­ры, мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­мен жұ­мыс іс­теу дағ­ды­ла­ры
Ұй­ым­ның ав­то­кө­лік құ­рал­дар пар­кін жи­нақ­тау мен жаң­ғыр­ту про­це­сі
Жа­ңа ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын қа­был­дау ак­ті­ле­рі, ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын және жи­нақ­та­у­шы­ны есеп­тен шы­ға­ру ак­ті­ле­рі, ба­ғы­ны­шты қыз­мет­кер­лер­ге тап­сыр­ма­лар қою, ком­му­ни­ка­ция және бай­ла­ныс құ­рал­да­ры, көз­бен қа­рау
М 3-3 Жа­ңа ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын қа­был­да­у­ға, сон­дай-ақ ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын және жи­нақ­та­у­шы­ны есеп­тен шы­ға­ру­ға және аг­ре­гат­тар­ды, ши­на­лар­ды және ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын жөн­де­у­ге тап­сы­ру­ға қа­ты­су
Жа­ңа ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын қа­был­дау, сон­дай-ақ ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын есеп­тен шы­ға­ру және аг­ре­гат­тар­ды, ши­на­лар­ды және ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын жөн­де­у­ге жі­бе­ру дағ­ды­ла­ры
Эко­но­ми­ка негіз­де­рін, өн­ді­рі­сті, ең­бек­ті және бас­қа­ру­ды ұй­ым­да­сты­ру, жөн­де­уді жүр­гізу­ге сме­та құ­ра­с­ты­ру тәр­ті­бін, жаб­дық­тар­ға, ма­те­ри­ал­дар­ға, қо­сал­қы бөл­шек­тер­ге және т.б. тап­сы­рыс бе­ру, жа­ңа­ны қа­был­дау және ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын және жи­нақ­та­у­шы­ның іс­тен шық­қан ре­сур­сын есеп­тен шы­ға­ру­ды, ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын жөн­де­у­ге жі­бе­ру және жөн­де­уден кей­ін қа­был­да­уды бі­лу
Ава­ри­я­лық си­патта за­қым­дал­ған ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын жөн­де­у­ге құ­жат­та­ма
Есеп­теу тех­ни­ка­сы, ком­му­ни­ка­ция және бай­ла­ныс құ­рал­да­ры, кең­се қа­жет­ті­лік­те­рі, ава­ри­я­лық си­патта за­қым­дал­ған ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын жөн­де­у­ге ар­нал­ған құ­жат­та­ма­ны тол­ты­ру үл­гі­ле­рі
М 3-4 Ава­ри­я­лық си­патта за­қым­дал­ған ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын жөн­де­у­ге құ­жат­та­ма­ны рә­сім­деу
Ава­ри­я­лық си­патта­ғы за­қым­да­ну­ла­ры бар ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын жөн­де­у­ге ар­нал­ған құ­жат­та­ма­ны рә­сім­деу дағ­ды­ла­ры
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын жөн­де­у­ге тап­сы­ру және жөн­де­уден кей­ін қа­был­дау, ава­ри­я­лық си­патта­ғы за­қым­да­ну­ла­ры бар ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын жөн­де­у­ге ар­нал­ған құ­жат­та­ма­ны рә­сім­деу тәр­ті­бін бі­лу
Ф4
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын жол­ға шы­ға­ру бой­ын­ша ба­қы­лау по­ст­та­ры­ның жұ­мыс про­це­сі
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын жол­ға шы­ға­ру бой­ын­ша ба­қы­лау по­ст­та­ры­ның жұ­мысы ту­ра­лы есеп бе­ру, ба­қы­лау по­ст­та­ры­ның жұ­мысын қа­да­ға­лау
М 4-1 Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын жол­ға шы­ға­ру­да­ғы ба­қы­лау по­ст­та­ры­ның са­па­сыз жұ­мыста­ры­ның се­беп­те­рін анық­тау
Ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын жол­ға шы­ға­ру жө­нін­де­гі ба­қы­лау по­ст­та­ры­ның са­па­сыз жұ­мыста­рын және олар­дың са­па­сыз жұ­мыс се­беп­те­рін анық­тау дағ­ды­ла­ры
Ба­қы­лау по­ст­та­ры­ның жұ­мыс тәр­ті­бін және ав­то­кө­лік құ­рал­да­рын же­лі­ге шы­ға­ру прин­ципте­рін же­тік бі­лу
Есеп­теу тех­ни­ка­сы, ком­му­ни­ка­ция және бай­ла­ныс құ­рал­да­ры
М 4-2 Ба­қы­лау по­ст­та­ры­ның са­па­сыз жұ­мысын жою ша­ра­ла­рын әзір­леу мен іс­ке асы­ру
Ба­қы­лау по­ст­та­ры­ның са­па­сыз жұ­мысын жою жө­нін­де­гі ша­ра­лар­ды әзір­леу дағ­ды­ла­ры
Эко­но­ми­ка негіз­де­рін, өн­ді­ріс пен ең­бек­ті ұй­ым­да­сты­ру, қа­зір­гі тех­но­ло­ги­я­лар мен жаб­дық­тар­ды жаң­ғыр­ту түр­ле­рі мен тә­сіл­де­рін бі­лу
Ескертпе: М – міндет.

5 Келісу парағы

«Автомобиль көлігінің
техникалық жай-күйін бақылау»
кәсіби стандартына
5-қосымша
Келісу парағы
Ұй­ым ата­уы
Ке­лі­су кү­ні
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стр­лі­гі
Осы КС ____________________________________________________ тіркелді.
Кәсіптік стандарттардың реестріне № _______________________ тіркелді.
Хат (хаттама) № ___________ Күні __________________

Қолданыстағы