Об улучшении работы по обеспечению занятостью населения области Күшін жойған
Басқа 0
Облыс халқын жұмыспен қамтамасыз етуді жақсарту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 19.12.2004 № 3С-9-19 шешімімен.
Облыстық еңбек, еңбекпен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы Ә.С. Мадияровтың баяндамасын тыңдап, талқылай отырып облыстық мәслихат халықты жұмыспен қамтуды, жұмыссыздарды әлеуметтік қорғауды, кедейшілікті жоюды қамтамасыз етудің мемлекеттік саясатын іске асыру жөнінде нақты жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтеді.
2000-2002 жылдарға арналған кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес жөніндегі облыстық бағдарлама жасалып, жүзеге асырылуда, осы мәселелерді шешумен айналысатын басқару органдарында құрылымдық қайта құру жұмысы жүргізілді.
Халықты жұмыспен қамтуды қамсыздандыруға облыс экономикасындағы оң өзгерістер, өнеркәсіп секторындағы кәсіпорындарды реанимациялау, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қайта құрудың аяқталуы, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері санының үздіксіз өсуі ықпал етеді.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізуде, қоғамдық жұмысты ұйымдастыруда, жұмыссыздарды даярлау және қайта даярлауда жаңа әдістеме тәжірибесі қолданылуда. Жұмыссыздарды жеке есептеу жөніндегі деректер базасын құру, кәсіпорындардағы бос орындар туралы мағлұматтарды жинақтау мақсатында отбасылары тексерілді.
Десек те, облыс халқын жұмыспен қамтуда елеулі кемшіліктер бар. Жағдай мұнда бұрынғыдай күрделі түрде қалыптасып отыр. 2000 жылдың 10 айында 15508 адам жұмыспен қамту орталығына өтініш жасап үстіміздегі жылғы 1-қарашадағы жағдай бойынша жұмыссыздардың саны 16769 адам; ресми тіркелген жұмыссыздықтың деңгейі 4,6 пайыз құрады.
Егіндікөл және Еңбекшілдер аудандарында жұмысқа орналастыру жөніндегі жоспарлар орындалмаған. Бұланды, Қорғалжын, Целиноград, Щучье, Астрахан аудандарында жұмыс орындарын квоталандыру жоспарлары орындалмаған. 93 шаруашылық субъектілерінде жасырын жұмыссыздық орын алды.
Халықты уақытша жұмыспен қамсыздандыру жеткіліксіз жүргізіледі.
Мәселен, Сандықтау, Бұланды, Қорғалжын және Целиноград аудандарында 10 ай жоспарының орындалуы 50 пайыздан 80 пайызға дейін ғана құрап отыр.
Аршалы, Жарқайың, Саңдықтау, Шортанды аудандарында жұмыссыздарды даярлау, қайта даярлау жоспарының орындалу пайызы төмен деңгейде қалып отыр, оларда тек бір адамнан жеті адамға дейін ғана оқып шыққан.
Бүгінгі күні қаржының жоқтығынан Атбасар, Бұланды, Есіл, Ерейментау, Сандықтау, Целиноград аудандарының қоғамдық жұмыспен айналысуға мүмкіндіктері жоқ.
«Кәсіби даярлық және қайта даярлық» кіші бағдарламасы бойынша қаржы бөлу мәселесі осындай жағдайда қалып отыр. Оны орындау үшін аудандық бюджеттерде қосымша 7 миллион теңгеге жақын қаржы көздеу қажет.
2000 жылғы 1-қазандағы жағдай бойынша кредиторлық берешек қоғамдық жұмыстар бойынша 7792,4 мың теңгені, жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау бойынша 1060,0 мың теңгені құрап отыр.
Бұдан басқа 1999 жыл бойынша қоғамдық, кәсіби даярлау және қайта даярлау жұмыстары бойынша берешек бар.
Жұмыс берушілердің жағынан жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату кезінде заң бұзушылықтың, өндірістік жарақат, зақым алудың орын алуы жалғасуда.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары үстіміздегі жылдың 10 айында 5004 еңбек туралы және 5686 еңбекті қорғау туралы заңдарды бұзушылық оқиғаларын ашқан. Өндірісте 79 бақытсыздық оқиғалары болып, 17 адам қаза тапты. Есіл ауданында өлімге әкеп соққан ең көп бақытсыздық оқиғасына жол берілген, мұнда 5 адам жаза тапты.
Жұмыспен қамту қызметін материалдық-техникалық жағынан жабдықтауға тиісті көңіл бөлінбейді, олардың көпшілігінде компьютер, автокөлік, телефон байланысы жоқ.
Жергілікті өкілді және атқарушы органдар, барлық билік түрлеріндегі кәсіпорындардың басшылары кедейлікпен күресудің, халықты жұмыспен қамтуды қамсыздандырудың жалпы мемлекеттік міндет екендігіне әлі тиісті мән бермей отыр.
Облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Облыс, қалалар мен аудандардың әкімдеріне, қалалық және аудандық мәслихаттарға барлық күш-жігерін облыс халқын жұмыспен қамтамасыз етуді жақсартуға жинақтау ұсынылып, бұл аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың басым бағыты деп есептелсін. Осы өмірлік маңызы бар мәселе бойынша облыстық және аймақтық бағдарлама мен іс-шараларды жүзеге асыруға жіті бақылау қамтамасыз етіп, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» және «Еңбек туралы» Заңдарын орындауда барлық мүдделі жақтардың іс-әрекетін жедел, ұйымдасқан түрде үйлестіріп және біріктіріп, қалалар мен аудандар, облыстық басқармалар мен ведомстволар басшыларының жауапкершілігін арттырсын.
Тармақ 2
2. Облыстық қаржы басқармасы (Савицкий Д.Е.) халықты жұмыспен қамту, жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау бағдарламасын дер кезінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының, қалалық және аудандық жұмыспен қамту орталықтарының жұмыссыздыққа қарсы күресудің аймақтық бағдарламасын сөзсіз орындау басты міндеті деп есептелсін.
Тармақ 4
4. Қалалар мен аудандардың әкімдеріне, облыстың барлық билік нысандарындағы кәсіпорындардың басшыларына:
-әлеуметтік қорғауға мұқтаж адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орны үлесі туралы шешімдерді орындаудың айқын тетігін әзірлеу;
-ақылы қоғамдық жұмысты ұйымдастыруды белсендіру;
-жаңадан және қайта құрылған жұмыс орындары бойынша халықты жұмыспен қамту қызметі органдарының алдында есеп беру тәртібін анықтап, қатаң бақылау жасау ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (Ә.С. Мадияров), аудандар мен Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдері жұмыссыздықтың деңгейін үлгілеп, бағдарлауға себепші болатын жұмыссыздарды жеке есептеудің деректер базасын құруды, кәсіпорындардағы бос орындар туралы мағлұматты жинауды қысқа мерзім ішінде, аяқтасын. Облыстың барлық елді мекендеріндегі отбасылардың әлеуметтік карталары енгізілсін.
Тармақ 6
6. Жергілікті атқарушы органдарға, облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына:
-аудандық жұмыспен қамту орталықтары мен әлеуметтік қорғау бөлімдерін еңбек және әлеуметтік қорғау Министрлігінің ақпараттық-аналитикалық орталығының бас компьютеріне қосылуға мүмкіндік беретін жоғары деңгейлі компьютерлермен қамсыздандару;
-жұмыспен қамтудың аудандық және қалалық орталықтары қызметкерлерінің штаттық саны мен оларға еңбекақы төлеуді істеген жұмыс көлеміне сәйкестендіріп, олардың жұмыс істеуі үшін тиісті материалдық-техникалық жағдайды қамсыздандыру ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Облыстық телерадиокомпания, облыстық газеттердің редакциялары, еңбек, жұмыспең қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес проблемаларын, облыс аймақтарында осы өмірлік маңызы бар мәселелерді шешудегі оң тәжірибені жүйелі түрде жариялап отырсын.
Тармақ 8
8. Шешімнің орындалуына бақылау жасау облыстық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика, әлеуметтік даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі комиссиясына жүктелсін.