О недопущении ящура и других особо опасных инфекционных болезней сельскохозяйственных животных на территории области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О недопущении ящура и других особо опасных инфекционных болезней сельскохозяйственных животных на территории области
- Атауы (қаз.)
- Облыс аумағында ауыл және ауыл шаруашылығы малдарының басқа да қауіпті жұқпалы ауруларын болдырмау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3-88
- Қабылданған күні
- 24.03.2000
- Көрсетілген редакция
- 24.03.2000 7730_283285.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.03.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V00D000207_
- ЭКБ идентификаторы
- 7730
- Редакция идентификаторы
- 7730_283285
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:35
0 Облыс аумағында ауыл және ауыл шаруашылығы малдарының басқа да қауіпті жұқпалы ауруларын болдырмау туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 30.07.2004 № 7-82 шешімімен.
Көрші Шығыс Қазақстан облысында аусыл ауруының пайда болуына, сондай-ақ облыс аумағына Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарынан және Қырғызстан, Өзбекстан республикаларынан ет өнімдерін тиісті малдәрігерлік құжаттарсыз жасырын түрде әкелу жағдайларының жиілеуіне байланысты облыс Әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Облыс аумағы аусыл ауруы қауіп төндіріп тұрған аймақ деп жариялансын.
2. Облыстың ауыл шаруашылығы департаменті (Т. Ұзақов), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық басқармасы (Н. Айтуғанов) малды жұқпалы аурудан сақтаудың малдәрігерлік - алдын-алу кешенді шараларын жүргізсін.
3. Аудан әкімдері:
- селолық (поселкелік) округтер әкімдерін, меншіктің барлық түріндегі ауылшаруашылық құрамалар басшыларын өз аумақтарын аусылдан және басқа да қауіпті жұқпалы мал ауруларынан сақтауды қамтамасыз етуге міндеттенсін;
- ауылшаруашылық малдарды, құстарды және мал өнімдерін малдәрігерлік заңда көзделген тиісті құжатсыз облыс аумағына әкелуге және әкетуге, малды бір орыннан екінші орынға көшіруге тыйым салсын.