Об утверждении Правил обжалования действий и решений государственных органов или должностных лиц государственными служащими, привлекаемыми к дисциплинарной ответственности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил обжалования действий и решений государственных органов или должностных лиц государственными служащими, привлекаемыми к дисциплинарной ответственности
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың іс-әрекеттеріне мен шешімдеріне тәртіптік жауапқа тартылушы мемлекетік қызметшілерімен шағым беру Ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 06-7/188
- Қабылданған күні
- 25.12.2013
- Көрсетілген редакция
- 11.12.2014 AI77338_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.12.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1300009096
- ЭКБ идентификаторы
- 77338
- Редакция идентификаторы
- AI77338_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:22
0 Мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың іс-әрекеттеріне мен шешімдеріне тәртіптік жауапқа тартылушы мемлекетік қызметшілерімен шағым беру Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 29-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы № 321 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану Ережесінің 65-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса берілген Мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың іс-әрекеттеріне мен шешімдеріне тәртіптік жауапқа тартылушы мемлекеттік қызметшілермен шағым беру Ережесі бекітілсін;
2
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Инспекция және бақылау бөлімі (Қ.А. Жапақов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді және кейіннен оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3 Мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың іс-әрекеттері мен шешімдеріне тәртіптік жауаптылыққа тартылушы мемлекеттік қызметшілермен шағым беру Ережесі
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет iстерi агенттігі
Төрағасының 2014 жылғы 25 қаңтардағы
№ 06-7/188 бұйрығымен бекітілді
Мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың іс-әрекеттері мен шешімдеріне тәртіптік жауаптылыққа тартылушы мемлекеттік қызметшілермен шағым беру Ережесі
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың іс-әрекеттері мен шешімдеріне тәртіптік жауаптылыққа тартылушы мемлекеттік қызметшілермен шағым беру Ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы № 321 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 65-тармағының талаптарын іске асыру мақсатында әзірленген.
2
2. Ереже мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың іс-әрекеттері мен шешімдеріне тәртіптік жауаптылыққа тартылушы мемлекеттік қызметшілермен (бұдан әрі - қызметші) жоғары тұрған мемлекеттік органдарға, жоғары тұрған лауазымды адамдарға, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) шағым беру тәртібін белгілейді.
2 2. Мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың іс-әрекеттері мен шешімдеріне тәртіптік жауаптылыққа тартылушы қызметшілермен шағым беру тәртібі
3 3. Қызметші мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың іс-әрекеттері мен шешімдеріне жоғары тұрған мемлекеттік органдарға, жоғары тұрған лауазымды адамдарға, уәкілетті органға шағым береді, егерде:
1 1) қызметші оған қолданылған тәртіптік жазамен келіспегенде;
2 2) қызметшінің құқығы, бостандығы және заңмен қорғалатын мүдделерi бұзылса;
3 3) қызметші мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың бұзылуымен тәртіптік жауаптылыққа тартылса.
4 4. Жоғары тұрған мемлекеттік органға, жоғары тұрған лауазымды адамға, уәкілетті органға қызметшінің өтініші «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіпте қарастырылады.
5 5. Қызметшінің өтінішінде оның аты-жөні, сондай-ақ тілегі бойынша әкесінің аты, пошталық мекен-жайы, субъектінің атауы немесе лауазымы, лауазымды адамдардың аты-жөндері, кімнің іс-әрекеттері, шешімдері шағымданып жатқандығы, өтініштің себептері және талаптары көрсетіледі.
Өтiнiшке арыз иесi қол қояды не ол электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады.