О мерах по рациональному использованию земель, повышению плодородия почв, охране земельных ресурсов области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О мерах по рациональному использованию земель, повышению плодородия почв, охране земельных ресурсов области
- Атауы (қаз.)
- Облыстың жерді тиімді пайдалану, топырақтың құнарлылығын арттыру, жер ресурстарын қорғау жөніндегі шаралары туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 8-254
- Қабылданған күні
- 28.08.2000
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2000 7734_283274.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V00D000224_
- ЭКБ идентификаторы
- 7734
- Редакция идентификаторы
- 7734_283274
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:18
0 Облыстың жерді тиімді пайдалану, топырақтың құнарлылығын арттыру, жер ресурстарын қорғау жөніндегі шаралары туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 30.07.2004 № 7-82 шешімімен.
"Қазақстан Республикасында Жерге құқықтарды қамтамасыз етудің 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 16 ақпандағы N 253 Қаулысына сәйкес, ауыл шаруашылығы айналымына егістікке жарамды жерлерді барынша қатыстыру мақсатында, облыс Әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық комитет (Н.А. Таубаев), облыстық мемлекеттік жер инспекциясы (Ғ.А. Қарқынбаев), облыстық ауыл шаруашылығы департаменті (Т.Ұ. Ұзақов), аудандар мен қалалар әкімдері:
- 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін шартты жер үлестерін заттық дербестендіруді аяқтасын;
- Алматы мемлекеттік "Жер.МҒӨО" ("Гос.НПЦзем") кәсіпорынымен бірге егістік жерлерді тізімге алуына, оның пайдалануына тексеру жүргізсін. Облыстың жерді тиімді пайдалану, топырақтың құнарлығын арттыру, жер ресурстарын қорғау жөніндегі аймақтық және облыстық бағдарламаларын дайындасын және облыстық бағдарламаларын дайындасын және 2000 жылдың желтоқсан айына дейін облыс Әкімінің бекітуіне ұсынсын.
2. Аудандар мен қалалар әкімдері, облыстық мемлекеттік жер инспекциясы:
- жерлері өңделмеген әрбір жерді пайдаланушылардың жеке мәселелерін қарау;
📌 Ескерту. 3 абзац алынып тасталды - Алматы облысы Әкімінің 2000 жылғы 20 қыркүйектегі N 9-274 шешімімен .
- жер пайдалану құқығына мемлекеттiк актiге сәйкес бөлiнген жерлердi басқа жеке және заңды тұлғаларға жалға және субарендаға беру тәсiлiне шек қою мiндеттелсiн.