Құжат мәтініне өту

Об утверждении требований к рыбозащитным устройствам водозаборных сооружений

Бұйрық · № 398-Ө · қабылданған 31.12.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-77402/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении требований к рыбозащитным устройствам водозаборных сооружений Күшін жойған Бұйрық ·№ 398-Ө ·31.12.2013
27.06.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.06.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении требований к рыбозащитным устройствам водозаборных сооружений

Күшін жойған Бұйрық ·№ 398-Ө · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении требований к рыбозащитным устройствам водозаборных сооружений
Атауы (қаз.)
Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
398-Ө
Қабылданған күні
31.12.2013
Көрсетілген редакция
27.06.2014 AI77402_2.kaz
Соңғы өзгеріс
27.06.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300009131
ЭКБ идентификаторы
77402
Редакция идентификаторы
AI77402_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:11

0 Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарын бекіту туралы

2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 9-бабы 1-тармағының 29) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде

мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімдік баспа басылымдарына және

«Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және

су ресурстары министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының

Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптары

Қазақстан Республикасының
Қоршаған орта және су ресурстары
министрінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 398-ө бұйрығымен
Бекітілген
Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптары

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптары (бұдан әрі - Талаптар) 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 9-бабы 1-тармағының 29) тармақшасына сәйкес әзірленген.

2 2. Талаптар да келесі анықтамалар қолданылады:

1 1) балық қорғайтын құрылғы (бұдан әрі - БҚҚ) - балық ресурстары мен басқа да су жануарларының су жинайтын және гидротехникалық құрылыстарға түсуін болдырмауға арналған құрылғы;

2 2) су тарту құрылғысы - су объектілерінен су тартуға арналған құрылғылар кешені;

3 3) уәкілетті орган - жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы басшылықты, сондай-ақ өз өкілеттіктері шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

3 3. БҚҚ қойылатын басты талаптар:

тиімді балық қорғау;
суды кепілді (үздіксіз) жіберу;
пайдаланудың қол жетімді құралдарында сенімді әсер ету (конструкцияның қарапайымдылығы, автоматтық әрекет).

4 4. Балық шаруашылығы су айдындарында орналасқан су тарту

құрылғыларын БҚҚ-сыз құру және пайдалану жіберілмейді.

2 2. Су бөгеттері үшін балық қорғау құрылғыларын жобалауға қойылатын талаптар

5 5. БҚҚ жобалау кезінде ҚШжЕ 2.06.07-87 «Тіреуіш қабырғалар, кеме қатынасты шлюздері, балық қорғау және былық жіберу құрылғылары» (бұдан әрі - ҚШжЕ) талаптары сақталуы қажет.

6 6. БҚҚ жобалау сондай-ақ ғылыми зерттеу және жобалық-ізденіс жұмыстары негізінде орындалады.

3 3. Бөгеттердегі пайдаланылатын БҚҚ қойылатын талаптар

7 7. Орнатуы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен келісілген БҚҚ ғана пайдалануға жіберіледі.

Келісімде БҚҚ түрі және оның техникалық сипаттамалары көрсетіледі.

8 8. БҚҚ пайдалану ҚШжЕ сәйкес жүргізіледі.

9 9. БҚҚ жеткіліксіз тиімділігі анықталған кезде пайдаланушы ұйыммен өкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісілген құрылыс жобасы құрастырылады. Құрылысты қайта жобалау ғылыми зерттеулер мен ұсыныстар негізінде жүзеге асырылады.

10 10. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің келісімісіз БҚҚ қондырғының бір түрінен екінші түріне рұқсат етілмейді.

11 11. БҚҚ өзінің техникалық сипаттамаларына сәйкес және барлық құрылыстық тораптары мен элементтері жұмысқа жарамды жағдайда болуы керек.

12 12. БҚҚ тиімділігі ҚШжЕ сәйкес анықталады.

Қолданыстағы