Құжат мәтініне өту

Об установлении норматива отчисления части чистого дохода районных коммунальных государственных предприятий

Қаулы · № 18 · қабылданған 29.01.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-77410/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об установлении норматива отчисления части чистого дохода районных коммунальных государственных предприятий Қолданыста Қаулы ·№ 18 ·29.01.2014
29.01.2014 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.01.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении норматива отчисления части чистого дохода районных коммунальных государственных предприятий

Қолданыста Қаулы ·№ 18 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении норматива отчисления части чистого дохода районных коммунальных государственных предприятий
Атауы (қаз.)
Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
18
Қабылданған күні
29.01.2014
Қолданысқа енгізілген күні
05.03.2014
Көрсетілген редакция
29.01.2014 AI77410_0.kaz
Соңғы өзгеріс
29.01.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14GC002115
ЭКБ идентификаторы
77410
Редакция идентификаторы
AI77410_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:02

0 Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір

бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 140 бабына сәйкес Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативі қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2

2. Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың уәкілетті органдары жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 мамырына дейінгі мерзімде «Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне алдағы үшжылдық кезеңге арналған аудандық бюджетке аударылуы тиіс таза табыстың бір бөлігінің болжамды сомаларын, сондай-ақ есепті жылы аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың аудандық бюджетке аударған таза табысының мөлшерін берсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Самат Елепбайұлы Қабылбековке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативі

Жамбыл ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 29 қаңтардағы
№ 18 қаулысына қосымша
Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативі
Аудандық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудандық бюджетке аудару нормативі былайша айқындалады:
Таза табыс 3 000 000 теңгеге дейін
Таза табыс сомасынан 5 пайыз
Таза табыс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін
150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 10 пайыз
Таза табыс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін
4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 15 пайыз
Таза табыс 250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін
34 850 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 25 пайыз
Таза табыс 500 000 001 теңгеден 1 000 000 000 теңгеге дейін
97 350 000 теңге + 500 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 30 пайыз
Таза табыс 1 000 000 001 теңге және одан жоғары
247 350 000 теңге + 1 000 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 50 пайыз

Қолданыстағы