Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения Аккольского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения Аккольского района
- Атауы (қаз.)
- Ақкөл ауданындағы халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-1/19
- Қабылданған күні
- 23.01.2014
- Көрсетілген редакция
- 23.01.2014 77427_212858.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.01.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14BC004004
- ЭКБ идентификаторы
- 77427
- Редакция идентификаторы
- 77427_212858
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:04
0 Ақкөл ауданындағы халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2-тармақшасына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ақкөл ауданындағы халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1 1) 12 айдан артық жұмыс істемейтін тұлғалар;
2 2) 21 жастан 29 жасқа дейінгі жастар;
3 3) бірде-бір жұмысшысы жоқ отбасылар;
4 4) маусымдық жұмыс мерзімдердің аяқталуына байланысты жұмыстан шыққан адамдар;
5 5) 50 жастан жоғары адамдар.
2 2. «Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, қосымша нысаналы топтарға жататын адамдары жұмыспен қамтуға көмек көрсету және әлеуметтік қорғау шараларын уақытында қамтамасыз етсін.
3 3. Ақкөл ауданы әкімдігінің келесі қаулылары күштері жойылған деп танылсын:
«Ақкөл ауданындағы халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» 2013 жылғы 23 қаңтардағы № А-1/50 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3652 тіркелген, 2013 жылғы 1 наурызда аудандық «Ақкөл өмірі» және «Знамя Родины KZ» аудандық газеттерінде жарияланған);
«Ақкөл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 23 қаңтардағы № А-1/50 «Ақкөл ауданындағы халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № А-9/405 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3862 тіркелген, 2013 жылғы 22 қарашада «Ақкөл өмірі» және «Знамя Родины KZ» аудандық газеттерінде жарияланған).