Құжат мәтініне өту

О введении временного запрета на вывоз с территории Республики Казахстан отходов и лома черных металлов

Қаулы · № 107 · қабылданған 19.02.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-77443/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О введении временного запрета на вывоз с территории Республики Казахстан отходов и лома черных металлов Қолданыста Қаулы ·№ 107 ·19.02.2014
19.02.2014 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.02.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О введении временного запрета на вывоз с территории Республики Казахстан отходов и лома черных металлов

Қолданыста Қаулы ·№ 107 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О введении временного запрета на вывоз с территории Республики Казахстан отходов и лома черных металлов
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының аумағынан қара металдардың қалдықтары мен сынықтарын әкетуге уақытша тыйым салу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
107
Қабылданған күні
19.02.2014
Көрсетілген редакция
19.02.2014 AI77443_0.kaz
Соңғы өзгеріс
19.02.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1400000107
ЭКБ идентификаторы
77443
Редакция идентификаторы
AI77443_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:49

0 Қазақстан Республикасының аумағынан қара металдардың қалдықтары мен сынықтарын әкетуге уақытша тыйым салу туралы

2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары туралы келісімнің 9-бабына және 2009 жылғы 9 маусымдағы Үшінші елдерге қатысты бірыңғай кедендік аумақта тауарлармен жасалатын сыртқы сауданы қозғайтын шараларды енгізу және қолдану тәртібі туралы келісімнің 8-бабына сәйкес, қара металдардың қалдықтары мен сынықтарының ішкі нарығындағы күрделі жетіспеушілікті болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Легирленген болаттың қалдықтары мен сынықтарын, оның ішінде тотығуға төзімді болатты (ҚО СЭҚ ТН кодтары 7204 21 100 0, 7204 21 900 0) және басқасын (ҚО СЭҚ ТН коды 7204 29 000 0) қоспағанда, қара металдардың қалдықтары мен сынықтарын (КО СЭҚ ТН коды 7204) әкетуге екі ай мерзімге тыйым салынсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағының орындалуын қамтамасыз етсін.

3 3. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

4 4. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген тыйым салудың енгізілгені туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар етсін;

2 2) Еуразиялық экономикалық комиссияның қарауына Кеден одағына қатысушы басқа мемлекеттердің осы қаулының 1-тармағында көрсетілген шараларды қолдануы туралы ұсыныстарды енгізсін.

5

5. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі осы қаулы қолданысқа енгізілген күнінен бастап күнтізбелік он төрт күннің ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу жөніндегі шаралар туралы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінің Хатшылығын хабардар етсін.

6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы