Об утверждении Правил служебной этики государственных служащих местных исполнительных органов города Павлодара
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил служебной этики государственных служащих местных исполнительных органов города Павлодара
- Атауы (қаз.)
- Павлодар қаласының жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 22/1
- Қабылданған күні
- 14.01.2014
- Көрсетілген редакция
- 19.01.2016 77458_278646.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14PA003693
- ЭКБ идентификаторы
- 77458
- Редакция идентификаторы
- 77458_278646
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:08
0 Павлодар қаласының жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы
"Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы № 651 Жарлығының 2-тармағына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса берілген Павлодар қаласының жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері қызмет этикасының қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Ш. А. Шегеновке жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Павлодар қаласының жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері қызмет этикасының қағидалары
Павлодар қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 14 қаңтардағы
№ 22/1 қаулысымен бекітілді
Павлодар қаласының жергілікті атқарушы органдардың
мемлекеттік қызметшілері қызмет этикасының қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Павлодар қаласының жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері қызмет этикасының осы қағидалары (бұдан әрi – Кағидалар) Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы "Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы" № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" № 651 Жарлығына сәйкес әзірленді.
2 2. Осы Қағидалардың әрекеті, қалалық бюджеттен қаржыландырылатын, Павлодар қаласының жергілікті атқарушы органдарын мемлекеттік қызметшілеріне қатысы бар.
3 3. Павлодар қаласының жергілікті атқарушы органдардың басшылары мемлекеттiк қызметшiлердің Қағидалармен таныстырылуын, Қағидалар нормаларының сақталуын, Қағидалар мәтінінің Павлодар қаласының жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық стендтерінде орналастырылуын қамтамасыз етеді.
2 2. Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының жалпы қағидалары
4 4. Мемлекеттiк қызметшiлері:
қызметтік міндеттерін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, мораль мен ар-ұяттың жалпы қабылданған қағидаттарына сәйкес жауапкершілікпен және адал атқаруға, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі мен осы Қағидалардың нормаларын мүлтіксіз сақтауға;
мемлекеттiк билiктiң беделiн, мемлекет институттарға азаматтардың сенімін нығайтуға жәрдемдесуге, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын сақтауға, мемлекеттің мүддесін қорғауға;
өзіне талап қойғыш, принципшіл, шыншыл және турашыл болуға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне және басқа құқық бұзушылықтарға төзімсіз болуға;
өздерінің құзыреттері шегінде шығарған басшылықтың бұйрықтары мен тапсырмаларын, жоғары тұрған лауазымды тұлғалардың шешімдері мен нұсқауларын сапалы және уақтылы орындауға;
қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау нормаларын ескере отырып, жұмыс уақытын еңбек өнімділігі үшін тиімді пайдалануға, денсаулығына және жеке басының немесе жұмыстағы әріптестерінің қауіпсіздігі үшін қауіп-қатерлі болуы мүмкін кез келген оқиға туралы хабардар етіп отыруға;
мемлекеттік қызметшілер ретінде өзінің, сондай-ақ мемлекеттік органның беделін түсіретін іс-әрекеттер жасамауға;
өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезеңiнде киiмнiң iскерлiк қалпын ұстануға;
қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануға, қоғамға жат мiнез-құлық жағдайларына жол бермеуге тиіс.
3 3. Жеке және заңды тұлғалармен өзара қарым-қатынас
5 5. Мемлекеттік қызметшілері:
егер мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамамен көзделген тәртіпте мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысса, жеке және заңды тұлғаларға нақты, уақтылы, тиімді қызмет көрсету бойынша шаралар қабылдауға;
жеке және заңды тұлғаларға ұсынылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырып отыруға;
жеке және заңды тұлғаларға төзімділікпен және құрметпен қарауға;
жеке және заңды тұлғаларға қатысты немқұрайлыққа және ұқыпсыздыққа жол бермеуге;
шыққан тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатысына, наным-сеніміне, тұрғылықты жеріне қарай немесе кез келген өзге де себептермен жеке және заңды тұлғалардың беделін түсіруге жол бермеуге тиіс.
4 4. Әріптестерімен өзара қарым-қатынас
6 6. Мемлекеттік қызметшілері:
әріптестеріне қатысты сыпайылық және әдептілік танытуы тиіс;
әріптестеріне ресми түрде өтініш білдіруге;
жұмыстағы әріптестерімен қарым-қатынас кезінде қатыгез мінез-құлық танытуға, сондай-ақ балағат сөздерді пайдалануға жол бермеуге;
әріптестерінің және басшылықтың сыны мен ескертулерін дұрыс қабылдауға, сондай-ақ жіберілген қателіктерін дер кезінде мойындай білуге;
шыққан тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатысына, наным-сеніміне, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге де себептерге қарамастан әріптестерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
қажет болған жағдайда әріптестеріне кеңес беру немесе бұзушылыққа жол бермеу туралы ескерту арқылы көмек көрсетуге;
бөтен адамның идеялары мен бастамаларын иеленуден бас тартуға;
қызметтік міндеттерін атқаруға кедергі келтіретін іс-әрекеттерге жол бермеуге;
адами қасиеті мен кәсіптік шеберлігіне нұқсан келтіретін әріптестері туралы ақпарат таратпауға;
әріптестеріне орынсыз мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге тиіс.
5 5. Басшыларының мінез-құлық қағидалары
7 7. Басшылар:
ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға және сақтауға, қарамағындағылардан жоғары моральдық-психологиялық, адамгершілік және кәсіптік шеберлік қасиеттерін тәрбиелеуге;
қарамағындағылардың адами қасиетін құрметтеуге, оларға қатысты әділдік танытуға;
функционалдық міндеттерді атқаратыны және тиісінше атқармайтыны үшін бірдей талаптар қоюға;
ұжымдағы еңбек тәртібінің, моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін жүйелі түрде талдап отыруға;
жоғары тұрған басшыға қарамағындағылар жасаған қылмыстар, құқық бұзушылықтар және еңбек тәртібін бұзу туралы дереу баяндап отыруға тиіс.