Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Таджикистан о сотрудничестве в области науки, техники и информации

Қаулы · № 1931 · қабылданған 29.12.2000
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-7748/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Таджикистан о сотрудничестве в области науки, техники и информации Қолданыста 29.12.2000 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Таджикистан о сотрудничестве в области науки, техники и информации

Қолданыста Қаулы № 1931 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Республики Таджикистан о сотрудничестве в области науки, техники и информации
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Ғылым, техника және ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1931
Қабылданған күні
29.12.2000
Көрсетілген редакция
29.12.2000 AI7748_0.kaz
Соңғы өзгеріс
29.12.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P000001931_
ЭКБ идентификаторы
7748
Редакция идентификаторы
AI7748_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:04
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Ғылым, техника және ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. 2000 жылғы 13 маусымда Душанбе қаласында жасалған Қазақстан

Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы
Ғылым, техника және ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы келісім
бекітілсін.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметінің арасындағы ғылым, техника және ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасы
Үкіметінің арасындағы ғылым, техника және ақпарат саласындағы
ынтымақтастық туралы
Келісім
(2001 жылғы 22 қаңтарда күшіне енді - ҚР халықаралық шарттары
бюллетені, 2002 ж., N 1, 2-құжат)
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы ғылым, техника және ақпарат саласындағы ынтымақтастықтың екі жақты ақпарат саласындағы және өзара тиімді экономикалық барлық кешенді байланыстардың құрамдас бөлігі болып табылатынын ескере отырып
төмендегілер туралы келісті

1-бап

Тараптар тең құқықты және өзара пайдалы принциптер негізінде ғылым, техника және ақпарат саласындағы ынтымақтастықтың дамуына мүмкіндік туғызады.

2-бап

Тараптар жаратылыстану, гуманитарлық және техникалық ғылымдар, озық технологиялар, ғылыми кадрлар дайындау, өнеркәсіп және санаткерлік меншікті қорғау саласындағы ынтымақтастықты дамытады.
Ынтымақтастықтың нақты нысандары мен шарттары Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңдарына сәйкес мемлекеттік органдар, ғылыми-зерттеу ұйымдары, жоғары оқу орындары, мемлекеттік ассоциациялар мен қорлар арасында олардың біліктілігі шеңберінде жеке келісімдермен реттеледі.

3-бап

Осы Келісім шеңберіндегі ынтымақтастық мынадай нысандарда іске асырылады:
ғылыми қажет ететін технологияларды құру мен игеру жөніндегі бірлескен ғылыми-техникалық бағдарламаларды жүзеге асыру;
Тараптар мемлекеттерінің ғылыми-зерттеу ұйымдарындағы, жоғары оқу орындарындағы, құжатжайлар және кітапханалардағы, бірлескен далалық зерттеу мен экспедицияларды қоса алғандағы ғылыми жұмыстар;
ғылыми-техникалық ақпаратпен, құжаттармен, әдебиет және кітапнама басылымдармен алмасу;
ғылыми конференциялар, кеңестер, семинарлар және жұмысшы кездесулер өткізу;
ғалымдармен, мамандармен, докторанттар және аспиранттармен алмасу, олардың біліктілігін көтеру, тағылымдамалар ұйымдастыру;
өзара мүдделі ғылыми еңбектер жасау, оқулықтар мен ғылыми-әдістемелік оқу құралдарын жазу жөніндегі бірлескен туындыгерлік ұжымдар құру;
мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды Мемлекеттік сараптаудан өткізуге тарту үшін ғылым, техника және ғылымды қажет ететін технологиялардың басым бағыттарының жетекші ғалымдар мен мамандар туралы банктер мәліметтерімен алмасу;
ғылыми ақпаратты өте тиімді және жедел пайдалану мақсатында байланыстың компьютерлік желісі саласындағы ынтымақтастықты дамыту.

4-бап

Ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру кезінде алынған бірлескен ғылыми зерттеу және басқа ақпарат нәтижелерін пайдалану тәртібі, сондай-ақ өнеркәсіптік меншіктің объектілерін және санаткерлік меншікке туындыгер құқықтарын қорғауға байланысты мәселелер Тараптар мемлекеттерінің тиісті органдары арасында әрбір нақты жағдайда жеке келісімдер жасау жолымен келісіледі.

5-бап

Тараптар қажетті жағдайда осы Келісімді жүзеге асыру үшін және Тараптардың өзара әрекеттестігі бойынша ұсыныстар дайындау мақсатында бірлескен комиссия құруына болады;
Осы келісімді жүзеге асыруға жауапты Тараптар мемлекеттерінің уәкілетті органдары мыналар болып табылады:
қазақстан Жағынан - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы;
тәжікстан Жағынан - Тәжікстан Республикасының Ғылым академиясы, Тәжікстан Республикасының Білім министрлігі.

6-бап

Тараптардың өзара уағдаласуы бойынша осы Келісімге өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар осы Келісімнің ажырамас бөлегі болып табылатын хаттамалармен ресімделеді. Осы Келісімді жүзеге асыру барысында дау-дамай немесе келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды өзара келіссөздер және консультациялар жолымен шешеді.

7-бап

Осы Келісім оның күшіне енуі қажетті ішкі мемлекеттік процедураларды
Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған
күнінен
бастап күшіне енеді.
Осы Келісім бес жылдық мерзімге жасалады және егер Тараптардың
ешқайсысы да шарттың қолданыс мерзімі біткенге дейін алты ай бұрын оның
күшін тоқтатқысы келетіні туралы мәлімдемейтін болса, өздігінен келесі бес
жылға ұзартылады.
2000 жылдың 13 маусымда Душанбе қаласында екі данада, әрқайсысы
қазақ, тәжік және орыс тілдерінде жасалды, сондай-ақ барлық мәтіндердің де
күші бірдей.
Осы Келісімнің ережелердің түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған
жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді ұстанады.
Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін