Об утверждении Перечня материально–технического оснащения территориальных органов, подведомственных государственных учреждений Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан, применяемого для дооснащения за счет средств местного бюджета
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Перечня материально–технического оснащения территориальных органов, подведомственных государственных учреждений Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан, применяемого для дооснащения за счет средств местного бюджета
- Атауы (қаз.)
- Жергілікті бюджет қаражаты есебінен қосымша жарақтандырылатын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарын, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерін материалдық-техникалық жарақтандыру тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 595
- Қабылданған күні
- 27.12.2013
- Көрсетілген редакция
- 19.05.2014 AI77494_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.05.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1300009130
- ЭКБ идентификаторы
- 77494
- Редакция идентификаторы
- AI77494_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:16
0 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен қосымша жарақтандырылатын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарын, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерін материалдық-техникалық жарақтандыру тізбесін бекіту туралы
«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» 1996 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса берілген Жергілікті бюджет қаражаты есебінен қосымша жарақтандырылатын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарын, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерін материалдық-техникалық жарақтандыру тізбесін бекіту туралы.
2
2. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Республикалық бюджеттік комиссияда қолдау таппаған шығыстарды ескере отырып, Тиістілік нормасына жеткізу мақсатында уәкілетті орган бөлген қаржы шегінде тиісті жоспарлы кезеңге арналған жергілікті бюджетті орындау бойынша аталған бұйрықты іске асыру шараларын қабылдасын.
3 3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Құқықтық қамтамасыз ету департаменті Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаментімен бірге:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуден өтуін және оның ресми жариялануын;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрықты басшылыққа алу үшін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне жеткізсін.
5 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен қосымша жарақтандырылатын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарын, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерін материалдық-техникалық жарақтандыру тізбесін бекіту туралы
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2013 жылғы «29» желтоқсандағы
№ 595 бұйрығына
қосымша
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен қосымша жарақтандырылатын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарын, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерін материалдық-техникалық жарақтандыру тізбесін бекіту туралы
1 1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі облыстар, Астана және Алматы қалаларының Төтенше жағдайлар департаменттері үшін Жедел топтар үшін Азаматтық қорғаныс мүліктері
1 1. Автокөлік:
2 2) Кезекші автомобильдер;
3 3) Арнайы автомобильдер.
2 2. Радиациялық, химиялық барлау және бақылау құралдары:
1 1) доза қуатын өлшеуіш (тасымалданатын);
2 2) доза қуатын өлшеуіш (стационарлық);
3 3) жеке дозиметр;
4 4) дозиметр-радиометр;
5 5) газды сигнализаторлар;
6 6) химиялық барлау аспабы;
7 7) іздеуші өлшеуіш-сигнализатор.
3 3. Жеке қорғау құралдары:
1 1) оқшаулаушы химиялық (радиациялық) қорғау костюмі;
2 2) жеке сүзгіш қорғау костюмі;
3 3) сүзгіш газқағар;
4 Азаматтық қорғаныс инженерлік мүлкі және оқу сыныптарын қамтамасыз етуге арналған мүлік:
4) газқағарға сүзгіш қораптар.
Азаматтық қорғаныс инженерлік мүлкі және оқу сыныптарын қамтамасыз етуге арналған мүлік:
1 1. Инженерлік мүлік:
1 1) қарапайым құрал-саймандар (күректер, сүймендер, балталар, балғалар, аралар, қармақтар);
2 2) шағын жаяу әскер күрегі;
3 3) үлкен сапер күрегі;
2 2. Оқу сыныптарын қамтамасыз етуге арналған мүлік:
1 1) плазмалық панель;
2 2) интерактивті тақта;
3 3) CD және DVD көрсете алатын компьютер;
4 4) көрнекі оқу материалдары (макеттер);
5 5) стендтер;
6 6) манекендер;
7 7) оқыту жинағы.
2 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі облыстар, Астана және Алматы қалалары Төтенше жағдайлар департаменттерінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметтері үшін
1 1. Негізгі өрт сөндіру автомобильдері:
1 1) су сыйымдылығы 2 м3 дейін жеңіл автоцистерна;
2 2) су сыйымдылығы 4 м3 дейін орташа автоцистерна;
3 3) су сыйымдылығы 14 м3 дейін ауыр автоцистерна;
4 4) көп мақсатты өрт сөндіру автомобилі;
5 5) алғашқы көмек автомобилі;
6 6) тез ден қою автомобилі;
7 7) сорғы-жеңді автомобиль;
8 8) жоғары қысымды сорғысы бар автомобиль;
9 9) әуе-көбікпен сөндіру автомобилі;
10 10) ұнтақты сөндіру автомобилі;
11 11) ұнтақты сөндірудің автомобильдік модулі;
12 12) газдық сөндіру автомобилі;
13 13) газ-сумен сөндіру автомобилі;
14 14) аралас сөндіру автомобилі (АСА);
15 15) өрт сөндіру-сорғы станциясы;
16 16) жеңді автомобиль;
17 17) сатылы өрт сөндіру автоцистернасы;
18 18) әртүрлі үлгі қатардағы өрт сөндіру-құтқару автомобилі;
19 19) автопойыз;
20 20) өрт сөндіру мотоциклі;
21 21) өрт сөндіру квадроциклі.
2 2. Арнайы өрт сөндіру автомобильдері:
1 1) автосаты;
2 2) компрессиялық көбік алу жүйесі бар автосаты;
3 3) кері қозғалысты өрт сөндіру-құтқару автомобилі;
4 4) иінді автокөтергіш;
5 5) өрт сөндіру ұнтақты көтергіш;
6 6) авариялық-құтқару автомобилі;
7 7) байланыс және жарықтандыру автомобилі;
8 8) техникалық қызмет автомобилі;
9 9) газ-түтіннен қорғау қызметінің автомобилі;
10 10) штабтық автомобилі;
11 11) түтінді шығару автомобилі;
12 12) орманды патрульдеу техникасы.
3 3. Қосымша өрт сөндіру автомобильдері:
1 1) сұйық отын құйғыштар;
2 2) бульдозер;
3 3) жаппай тиегіш;
4 4) өзі аударғыш;
5 5) сүйрегіш, трейлер;
6 6) экскаватор;
7 7) автокран;
8 8) ауыз суға арналған автомобиль-цистерна (тіркеме);
9 9) жылжымалы байланыс және жарықтандыру торабы автомобилі;
10 10) жүк автомобилі;
11 11) шағын автобус;
12 12) автобус;
13 13) дала жағдайларында автокөлікке техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшін жабдықталған автошеберхана;
14 14) жеңіл жедел автомобиль;
15 15) құрамдас өтімділігі жоғары автокөлік;
16 16) екі түйінді автотіркеме;
17 17) әмбебап, герметикалық шанағы бар автомобиль;
18 18) роторлы қар тазалағыш;
19 19) жол талғамайтын-қарда жүргіш;
20 20) сүңгуір-құтқару жабдығы бар автомобиль;
21 21) дала асханасы;
22 22) өрт сөндіру роботтары;
23 23) өздігінен басқарылатын ұшақ;
24 24) шынжыртабанды техника.
Ескертпе: көрсетілген көлік құралдары беттерінің бояу түстері, түстіграфикалық схемалары, жазулары, оларды арнайы жарықтық және дыбыстық сигналдармен жабдықтау «Жедел және арнайы қызметтер автомобильдері, автобустары мен мотоциклдер. Түстіграфикалық схемалар, танымдық белгілер, жазулар, арнайы жарықтық және дыбыстық сигналдар. Жалпы талаптар» 1863-2008 ҚР СТ талаптарына қатаң сәйкестікте жүргізіледі. Бұдан басқа, жоғары өтімділіктегі шассиі болуы тиіс.
4 4. Өрт сөндіру кемелері:
1 1) көліктік тіркемесі бар катер;
2 2) үрленетін қайық.
5 5. Өрт сөндіретін мотопомпалар:
1 1) тіркемелі мотопомпа;
2 2) тасымалданатын мотопомпа;
3 3) лайда жүретін мотопомпа.
6 6. Өрт сөндіру жабдығы:
1 1) өрт сөндіру оқпандары;
2 2) өрт сөндіру жеңдері;
3 3) өрт сөндіру қосу ұштары;
4 4) авариялық-құтқару жабдығы;
5 5) өрт сөндіру қол сатылары;
6 6) құтқару өрт сөндіру құрылғылары;
7 7) тепловизорлар;
8 8) қол өрт сөндіру құрал-сайманы;
9 9) өрт сөндіру, оның ішінде қол, модульді, аспалы, импульстік құрылғы;
10 10) аспалы орман өртсөндіргіші.
7 7. Оқу-жаттығу-машықтану жабдығы:
1 1) жылы түтін камерасы;
2 2) оқу мұнарасы;
3 3) көрсетілім қондырғысы;
4 4) мобильді машықтану кешендері;
5 5) үйрететін компьютерлендірілген стендтер;
6 6) оқу-машықтану тренажерлары.
8 8. Жең шаруашылығына арналған жабдық:
1 1) өрт сөндіру жеңдерін сынақтан өткізуге арналған жабдық;
2 2) өрт сөндіру жеңдерін орауға арналған станок;
3 3) өрт сөндіру жеңдерін кептіруге арналған жабдық;
4 4) өрт сөндіру жеңдерін жуу машинасы;
9 9. Тыныс алу органдарын қорғаудың жеке құралдары мен жабдығы:
1 1) тығыздалған ауадағы тыныс алу аппараты;
2 2) сынау жабдық кешені бар 4 сағаттық әрекет ететін позитивті қысымды рециркулярлық тыныс алу аппараты;
3 3) компрессор;
4 4) тыныс алу аппараттарын тексеруге арналған тестор;
5 5) әуе баллондарын сынауға арналған стенд;
6 6) тыныс алу аппараттарына қызмет көрсетуге арналған жабдық жиынтығы;
7 7) газ-түтіннен қорғану қызметі бөліміне арналған бағыттаушы темір арқанды катушка;
8 8) өрт сөндіру каскалары мен дулығалары;
9 9) өрт сөндіру белдігі;
10 10) өрт сөндіру белдік карабині;
11 11) арнайы қорғалған өрт сөндірушілер аяқ киімі;
12 12) қозғалмайтын жағдайдағы сигнализатор.
10 10. Арнайы қорғалған өрт сөндірушілер киімі:
1 1) жоғары жылу әсерінен қорғау киімі;
2 2) өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімі.
11 11. Плакатты-стенд өнімі, оқу әдебиеті, жаднама құралдары:
1 1) Плакатты-стенд өнімін жасау;
2 2) Оқу әдебиеті;
3 3) Жаднамалар;
4 4) Әдістемелік құралдар;
5 5) Өртке қарсы тақырыптағы бейнероликтер әзірлеу және ротациялау;
6 6) Өртке қарсы қызметтің жұмысы туралы имидждік фильмдер құру.
3 3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі жедел құтқару бөлімшелері (жедел құтқару жасақтары мен суда құтқару қызметтері) үшін
1 1. Автокөлік:
1 1) ілесе жүру автомобилі;
2 2) жедел техникалық автомобиль;
3 3) сүңгуірлік жабдық жиынтығы бар жедел автомобиль;
4 4) жедел құтқару автомобилі;
5 5) авариялық құтқару автомобилі;
6 6) радиациялық, химиялық және биологиялық барлау автомобилі;
7 7) 25 орынға арналған автобус;
8 8) жол талғамайтын-батпақта жүргіш;
9 9) жедел техникалық автомобиль;
10 10) қарда жүргіш;
11 11) үлкен жүкті автомобильдерге автотіркеме;
12 12) шағын автомашиналарға автотіркеме;
13 13) санитарлық автокөлік.
2 2. Жүзу құралдары:
1 1) сүңгуір бот;
2 2) құтқару катері;
3 3) аспалы моторы бар металл қайық;
4 4) ескекті қайық;
5 5) 6,8,30-орынды үрлемелі қайық;
6 6) құтқару салы;
7 7) аспалы қайық моторы 15-25-30-40 л/с;
8 8) ескектер.
3 3. Авариялық-құтқару құрал-саймандары, сүңгуір жарақтары, инженерлік жабдықтар:
1 1) тыныс алу аппараты;
2 2) гидрокостюм (құрғақ және дымқыл үлгідегі);
3 3) гидрокомбинезон;
4 4) сүңгуір помпасы;
5 5) тасымалданатын компрессор;
6 6) бетті толық жабатын сүңгуір маскасы;
7 7) эхолот;
8 8) ультрадыбысты жүйе;
9 9) қалқымалық компенсатор;
10 10) су астын жарықтандыру құрылғысы;
11 11) су асты компасы;
12 12) құтқару шеңбері;
13 13) «Александрова» жібі;
14 14) сигнал жібі;
15 15) түсіру жібі;
16 16) құтқару жилеті;
17 17) жеке сүңгуір компьютері;
18 18) сүңгуір етігі;
19 19) ескекаяқ;
20 20) сүңгуір ішкиімі;
21 21) сүңгуір пышағы;
22 22) жүзу жилет – компенсаторымен тыныс алу аппараты;
23 23) тереңдікті өлшейтін қол құралы;
24 24) арнайы құрал-саймандардың жиынтығы;
25 25) тыныс алу түтікшесі бар бетті толық жабатын сүңгуір маскасы;
26 26) су асты фонары;
27 27) гидравликалық сорғы;
28 28) гидравликалық шланг;
29 29) жақ кеңейткіш;
30 30) жақ кескіш;
31 31) жақ құрамдас шапқы;
32 32) теміржол домкраты;
33 33) домкрат тіреуі;
34 34) бетон сынықтары;
35 35) шағын шапқы;
36 36) қолда ұстайтын шапқы;
37 37) қолда ұстайтын аралас шапқы;
38 38) қолда ұстайтын гидросына;
39 39) аккумуляторлық аралас шапқы;
40 40) аккумуляторлық шапқы;
41 41) А жиынтықтағы сыналар мен блоктар;
42 42) қауіпсіздік жастықтарына арналған тыс;
43 пневматикалық жастықтар;
44 44) резервуарларды бекітуге арналған жиынтық;
45 45) ағуды бекітуге арналған жабдық (вакуумдық сору);
46 46)( бензинмен жұмыс істейтін ара;
47 47) дискілерді шапқыш;
48 48) темір арқан мен арматураларды шапқыш;
49 49) электр тойтарғыш (кем дегенде 25 Дж бірлі-жарым соққы энергиясы бар);
50 50) электр перфоратор (кем дегенде 18 Дж бірлі-жарым соққы энергиясы бар);
51 51) автономды жетегі бар сорғы станциясы;
52 52) басқару пульті бар жоғары қысымдағы пневматикалық жастықтар;
53 53) токарлық бұрандалы шапқы станогы (шынжырды егеуге арналған);
54 54) аксессуарлары бар құтқару сөмкесі (жиынтықта);
55 55) тасымалданатын электр дәнекерлеу агрегаты (автомобильдік);
56 56) электр станциясы (7-10 кВТ);
57 57) генераторы бар жарық мұнарасы;
58 58) жоғары қысымдағы компрессор (8-10 атм, бір фазалы, 2.2. кВТ/220В);
59 59) автономды жетегі бар компрессор (мотопомпа);
60 60) аккумуляторларды зарядтауға арналған далада зарядтау құрылғысы;
61 61) калорифер;
62 62) темір арқан шығыры;
63 63) көліктік сүңгуір барокамерасы;
64 64) желдетілетін сүңгуір құралы;
65 65) су астында теле және бейнежүйе;
66 66) қысқы құтқару құрылғысы;
67 67) индикаторлық түтікше жинағы бар портативті (әуе) газ талдағыш;
68 68) жүктер.
4 4. Байланыс құралдары:
1 1) навигациялық құрал-сайман;
2 2) цифрлі радиостанция (алып жүретін);
3 3) цифрлі радиостанция (стационарлық).
5 5. Арнайы мақсаттағы жабдық:
1 1) өздігінен басқарылатын ұшу аппараты;
2 2) робототехникалық кешен;
3 3) зардап шегушілерді іздестіру аспабы;
4 4) тепловизор;
5 5) метеостанция.
6.Ұйымдастыру техникасы: