Об утверждении правил служебной этики государственных служащих местных исполнительных органов Качирского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении правил служебной этики государственных служащих местных исполнительных органов Качирского района
- Атауы (қаз.)
- Качир ауданының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этикасының қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 60/2
- Қабылданған күні
- 14.02.2014
- Көрсетілген редакция
- 15.01.2016 77648_278536.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14PH003713
- ЭКБ идентификаторы
- 77648
- Редакция идентификаторы
- 77648_278536
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:53
0 Качир ауданының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этикасының қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" № 651 Жарлығының 2-тармағына сәйкес Качир ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса берілген Качир ауданының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этикасының қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Качир ауданының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этикасының қағидалары
Качир ауданы әкімдігінің
2014 жылғы "14" ақпандағы
N 60/2 қаулысымен бекітілді
Качир ауданының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этикасының қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Качир ауданының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этикасының осы қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы "Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы" № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" № 651 Жарлығына сәйкес әзірленді.
2 2. Осы Қағидалардың әрекеті аудандық бюджеттен қаржыландырылатын Качир ауданының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілеріне қатысы бар.
3
3. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын Качир ауданының жергілікті атқарушы органдары басшылары мемлекеттiк қызметшiлердің Қағидалармен таныстырылуын, Қағидалар нормаларының сақталуын, Қағидалар мәтінінің Качир ауданының жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық стендтерінде орналастырылуын қамтамасыз етеді.
2 2. Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының жалпы қағидалары
4 4. Мемлекеттiк қызметшiлер:
қызметтік міндеттерін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, мораль мен ар-ұяттың жалпы қабылданған ережелеріне сәйкес жауапкершілікпен және адал атқаруға, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі мен осы Қағидалардың нормаларын мүлтіксіз сақтауға;
мемлекеттiк билiктiң беделiн, мемлекет институттарға азаматтардың сенімін нығайтуға жәрдемдесуге, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын сақтауға, мемлекеттің мүддесін қорғауға;
өзіндеріне талап қойғыш, принципшіл, шыншыл және турашыл болуға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне және басқа құқық бұзушылықтарға төзімсіз болуға;
өздерінің құзыреттері шегінде шығарған басшылықтың бұйрықтары мен тапсырмаларын, жоғары тұрған лауазымды тұлғалардың шешімдері мен нұсқауларын сапалы және уақтылы орындауға;
қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау нормаларын ескере отырып, жұмыс уақытын еңбек өнімділігі үшін тиімді пайдалануға, денсаулығына және жеке басының немесе жұмыстағы әріптестерінің қауіпсіздігі үшін қауіп-қатерлі болуы мүмкін кез келген оқиға туралы хабардар етіп отыруға;
мемлекеттік қызметші ретінде өздерінің, сондай-ақ мемлекеттік органның беделін түсіретін іс-әрекеттер жасамауға;
өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезеңiнде киiмнiң iскерлiк қалпын ұстануға;
қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануға, қоғамға жат мiнез-құлық жағдайларына жол бермеуге тиіс.
3 3. Жеке және заңды тұлғалармен өзара қарым-қатынас
5 5. Мемлекеттік қызметшілер:
егер мемлекеттік қызметші мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамамен көзделген тәртіпте мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысса, жеке және заңды тұлғаларға нақты, уақтылы, тиімді қызмет көрсету бойынша шаралар қабылдауға;
жеке және заңды тұлғаларға ұсынылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырып отыруға;
жеке және заңды тұлғаларға төзімділікпен және құрметпен қарауға;
жеке және заңды тұлғаларға қатысты немқұрайлыққа және ұқыпсыздыққа жол бермеуге;
шыққан тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатысына, наным-сеніміне, тұрғылықты жеріне қарай немесе кез келген өзге де себептермен жеке және заңды тұлғалардың беделін түсіруге жол бермеуге тиіс.
4 4. Әріптестерімен өзара қарым-қатынас
6 6. Мемлекеттік қызметшілер:
әріптестеріне қатысты сыпайылық және әдептілік танытуы тиіс;
әріптестеріне ресми түрде өтініш білдіруге;
жұмыстағы әріптестерімен қарым-қатынас кезінде қатыгез мінез-құлық танытуға, сондай-ақ балағат сөздерді пайдалануға жол бермеуге;
әріптестерінің және басшылықтың сыны мен ескертулерін дұрыс қабылдауға, сондай-ақ жіберілген қателіктерін дер кезінде мойындай білуге;
шыққан тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатысына, наным-сеніміне, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге де себептерге қарамастан әріптестерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
қажет болған жағдайда әріптестеріне кеңес беру немесе бұзушылыққа жол бермеу туралы ескерту арқылы көмек көрсетуге;
бөтен адамның идеялары мен бастамаларын иеленуден бас тартуға;
қызметтік міндеттерін атқаруға кедергі келтіретін іс-әрекеттерге жол бермеуге;
адами қасиеті мен кәсіптік шеберлігіне нұқсан келтіретін әріптестері туралы ақпарат таратпауға;
әріптестеріне қатысты орынсыз мінез-құлықтарға жол бермеуге тиіс.
5 5. Басшылардың мінез-құлық қағидалары
7 7. Басшылар:
ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға және сақтауға, қарамағындағылардан жоғары моральдық-психологиялық, адамгершілік және кәсіптік шеберлік қасиеттерін тәрбиелеуге;
қарамағындағылардың адами қасиетін құрметтеуге, оларға қатысты әділдік танытуға;
функционалдық міндеттерді атқаратыны және тиісінше атқармайтыны үшін бірдей талаптар қоюға;
ұжымдағы еңбек тәртібінің, моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін жүйелі түрде талдап отыруға;
жоғары тұрған басшыға қарамағындағылар жасаған қылмыстар, құқық бұзушылықтар және еңбек тәртібін бұзу туралы дереу баяндап отыруға тиіс.