Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам специальных государственных пособий

Заң · № 130-II · қабылданған 21.12.2000
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-7765/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам специальных государственных пособий Қолданыста 21.12.2000 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменения и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам специальных государственных пособий

Қолданыста Заң № 130-II 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам специальных государственных пособий
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
130-II
Қабылданған күні
21.12.2000
Көрсетілген редакция
21.12.2000 AI7765_0.kaz
Соңғы өзгеріс
21.12.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z000000130_
ЭКБ идентификаторы
7765
Редакция идентификаторы
AI7765_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:06
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

1. "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 8, 238-құжат; N 23, 925-құжат):

1) 4-бапта:

мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлері;";
9) тармақша "Ардақты ана" атағын алған" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған" деген сөздермен толықтырылсын;

2) 7-бапта:

мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
"7-1) Кеңес Одағының Батырларына, Социалистік Еңбек Ерлеріне, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлеріне - 9,0 айлық есептік көрсеткіш;";
12) тармақша "Ардақты ана" атағын алған" деген сөздерден кейін ", І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған" деген сөздермен толықтырылсын.

2. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Заңды күшіне енгізу туралы" 1993 жылғы 1 сәуірдегі Қазақстан Республикасы

Жоғарғы Кеңесінің Қаулысына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің
Жаршысы, 1993 ж., N 8, 158-құжат; 1995 ж., N 23, 143-құжат):
4-тармақтың екiншi, үшiншi және төртiншi абзацтары алып тасталсын.

2-бап. 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн, I және II дәрежелi "Ана даңқы" ордендерiмен марапатталған адамдарға арнаулы мемлекеттiк жәрдемақылар төлеуге қатысты нормаларды қоспағанда, осы Заң 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi.