Құжат мәтініне өту

О неотложных мерах по борьбе с бешенством

Өзге акт · № 9 · қабылданған 17.01.1996
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-777/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О неотложных мерах по борьбе с бешенством Күшін жойған Өзге акт ·№ 9 ·17.01.1996
17.01.1996 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.01.1996. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О неотложных мерах по борьбе с бешенством

Күшін жойған Өзге акт ·№ 9 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О неотложных мерах по борьбе с бешенством
Атауы (қаз.)
Құтыру ауруымен күрес жөніндегі шұғыл шаралар туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
9
Қабылданған күні
17.01.1996
Көрсетілген редакция
17.01.1996 777_265263.kaz
Соңғы өзгеріс
17.01.1996
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V96U0000029
ЭКБ идентификаторы
777
Редакция идентификаторы
777_265263
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 02:27

0 Құтыру ауруымен күрес жөніндегі шұғыл шаралар туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 28.11.2001 № 225 шешімімен.
1995 жылы облыста құтыру ауыруы бойынша эпидемиологиялық және эпизоотикалық жағдай күрт күрделеніп кетті. Адамдардың арасында 7 өлім жағдайы тіркелген. Қауып алған және сілекей жұқтырғаннан кейін дәрігерлік көмек сұрағандардың саны 6986-ға жетті, оның 95% проценті иттен, 244-і құтырған жануарлардан зардап шегіп отыр. Бұл орайдағы жағдай 1996 жылдың қаңтарында да тұрақтанған жоқ.
Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында бұдан әрі қарай құртыру ауруына жол бермеу мақсатында:

1 1. Қала және аудан әкімдері:

- он күндік мерзім ішінде адамдар мен малдардың арасындағы құтыру ауруына қарсы күрестің жағдайы туралы мәселені қарасын, көрілген шаралар жөнінде облыс әкімшілігінің әлеуметтік сала бөліміне баяндасын;
- елді мекендерде арнаулы бригадалар құрылсын, аңшылар мен балық аулаушылар қоғамының мүшелерін тарта отырып қаңғыған иттер мен мысықтарды аулау мен құрту үшін оларды көлікпен және қажетті құралдармен жабдықтасын;
- елді мекендерде арнаулы бригадалар құрылсын, аңшылар мен балық аулаушылар қоғамының мүшелерін тарта отырып қаңғыған иттер мен мысықтарды аулау мен құрту үшін оларды көлікпен және қажетті құралдармен жабдықтасын;
- аудандық және қалалық мәслихаттардың қарауына үй жануарларын ұстаудың ережелерін белгілеу туралы мәселе енгізсін;
- жергілікті бюджеттің есебінен ит және мысықтарды жоюға күрес жүргізген адамдарға берілетін ақшалай сыйлыққа қаражат бөлінсін;
- қаңғыған және жабайы аңдарды аулау кезеңінде арнаулы бригадаларға учаскелік инспекцияларды бекітсін.

2 2. Облыс әкімшілігінің денсаулық сақтау департаменті /Момынов/ облыс әкімшілігінің ауыл шаруашылығы басқармасы /Тұрсынқұлов/, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы /Торғауытов/:

- құтыру ауруына қарсы малдәрігерлік-санитарлық шараларды орындауға қатаң бақылауды жүзеге асырсын, қауып алудан зардап шеккендерді тез арада анықтасын және малдәрігерлік, дәрігерлік көмек көрсетсін;
- халықтың арасындағы санитарлық-ағарту жұмыстары кенінен қамтамасыз етсін.

3 3. Облыстық экология және биоресурстар басқармасы /Арыстанов/:

- табиғатты қорғау қорының шығысын есептегенде қасқыр мен шиебөріні ату үшін жұмсалатын арнайы қаржы қаратылсын.

4 4. Облыстық аңшылар мен балық аулаушылар қоғамы /Троценко/:

- экологиялық теңдік сақтауды, ескере отырып, жер-жерлерде етпен азықтанатын жабайы аңдарды / қасқыр, шиебөрі/ атуды, елді мекендерде қаңғыған иттер мен мысықтарды аулауды ұйымдастыруға ықпал етсін;
- аңшыларды материалдық ынталандыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 қыркүйектегі № 1230 "Республикада жекелеген жыртқыш аңдардың түрлерін реттеу жөніндегі шаралар туралы" Қаулысына сәйкес әрбір атылып алынған жыртқыш пен ауланған аң үшін
адамдарды ақшалай сыйлықтау ұйымдастырсын.

5 5. Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі комитет /Нұрмадиева/:

- бір апталық мерзім ішінде әрбір ауланған ит пен мысық үшін
берілетін ақшаның мөлшері анықтасын.

6 6. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары С.Ж.

Бараховаға жүктелсін.

Қолданыстағы