О неотложных мерах по борьбе с бешенством
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О неотложных мерах по борьбе с бешенством
- Атауы (қаз.)
- Құтыру ауруымен күрес жөніндегі шұғыл шаралар туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 9
- Қабылданған күні
- 17.01.1996
- Көрсетілген редакция
- 17.01.1996 777_265263.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.01.1996
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V96U0000029
- ЭКБ идентификаторы
- 777
- Редакция идентификаторы
- 777_265263
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 02:27
0 Құтыру ауруымен күрес жөніндегі шұғыл шаралар туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 28.11.2001 № 225 шешімімен.
1995 жылы облыста құтыру ауыруы бойынша эпидемиологиялық және эпизоотикалық жағдай күрт күрделеніп кетті. Адамдардың арасында 7 өлім жағдайы тіркелген. Қауып алған және сілекей жұқтырғаннан кейін дәрігерлік көмек сұрағандардың саны 6986-ға жетті, оның 95% проценті иттен, 244-і құтырған жануарлардан зардап шегіп отыр. Бұл орайдағы жағдай 1996 жылдың қаңтарында да тұрақтанған жоқ.
Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында бұдан әрі қарай құртыру ауруына жол бермеу мақсатында:
1. Қала және аудан әкімдері:
- он күндік мерзім ішінде адамдар мен малдардың арасындағы құтыру ауруына қарсы күрестің жағдайы туралы мәселені қарасын, көрілген шаралар жөнінде облыс әкімшілігінің әлеуметтік сала бөліміне баяндасын;
- елді мекендерде арнаулы бригадалар құрылсын, аңшылар мен балық аулаушылар қоғамының мүшелерін тарта отырып қаңғыған иттер мен мысықтарды аулау мен құрту үшін оларды көлікпен және қажетті құралдармен жабдықтасын;
- елді мекендерде арнаулы бригадалар құрылсын, аңшылар мен балық аулаушылар қоғамының мүшелерін тарта отырып қаңғыған иттер мен мысықтарды аулау мен құрту үшін оларды көлікпен және қажетті құралдармен жабдықтасын;
- аудандық және қалалық мәслихаттардың қарауына үй жануарларын ұстаудың ережелерін белгілеу туралы мәселе енгізсін;
- жергілікті бюджеттің есебінен ит және мысықтарды жоюға күрес жүргізген адамдарға берілетін ақшалай сыйлыққа қаражат бөлінсін;
- қаңғыған және жабайы аңдарды аулау кезеңінде арнаулы бригадаларға учаскелік инспекцияларды бекітсін.
2. Облыс әкімшілігінің денсаулық сақтау департаменті /Момынов/ облыс әкімшілігінің ауыл шаруашылығы басқармасы /Тұрсынқұлов/, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы /Торғауытов/:
- құтыру ауруына қарсы малдәрігерлік-санитарлық шараларды орындауға қатаң бақылауды жүзеге асырсын, қауып алудан зардап шеккендерді тез арада анықтасын және малдәрігерлік, дәрігерлік көмек көрсетсін;
- халықтың арасындағы санитарлық-ағарту жұмыстары кенінен қамтамасыз етсін.
3. Облыстық экология және биоресурстар басқармасы /Арыстанов/:
- табиғатты қорғау қорының шығысын есептегенде қасқыр мен шиебөріні ату үшін жұмсалатын арнайы қаржы қаратылсын.
4. Облыстық аңшылар мен балық аулаушылар қоғамы /Троценко/:
- экологиялық теңдік сақтауды, ескере отырып, жер-жерлерде етпен азықтанатын жабайы аңдарды / қасқыр, шиебөрі/ атуды, елді мекендерде қаңғыған иттер мен мысықтарды аулауды ұйымдастыруға ықпал етсін;
- аңшыларды материалдық ынталандыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 қыркүйектегі № 1230 "Республикада жекелеген жыртқыш аңдардың түрлерін реттеу жөніндегі шаралар туралы" Қаулысына сәйкес әрбір атылып алынған жыртқыш пен ауланған аң үшін
адамдарды ақшалай сыйлықтау ұйымдастырсын.
5. Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі комитет /Нұрмадиева/:
- бір апталық мерзім ішінде әрбір ауланған ит пен мысық үшін
берілетін ақшаның мөлшері анықтасын.
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары С.Ж.
Бараховаға жүктелсін.