Об утверждении правил служебной этики государственных служащих местных исполнительных органов Успенского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении правил служебной этики государственных служащих местных исполнительных органов Успенского района
- Атауы (қаз.)
- Успен ауданының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этикасының қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 48/2
- Қабылданған күні
- 14.02.2014
- Көрсетілген редакция
- 29.01.2016 77708_278714.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14PL003715
- ЭКБ идентификаторы
- 77708
- Редакция идентификаторы
- 77708_278714
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:53
0 Успен ауданының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этикасының қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" № 651 Жарлығын орындау үшін Успен ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген Успен ауданының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этикасының қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Успен аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Успен ауданының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидалары
Успен ауданы әкімдігінің
2014 жылғы "14" ақпан
№ 48/2 қаулысымен бекітілді
Успен ауданының жергілікті атқарушы органдары
мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Успен ауданының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының осы қағидалары (бұдан әрi – Қағида) Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы "Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы" № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" № 651 Жарлығына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағиданың әрекеті аудандық бюджеттен қаржыландырылатын Успен ауданының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілеріне қатысты.
3. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын Успен ауданының жергілікті атқарушы органдары басшылары мемлекеттiк қызметшiлердің Қағидалармен таныстырылуын, Қағидалар нормаларының сақталуын, Қағида мәтінінің Успен ауданының жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық стендтерінде орналастырылуын қамтамасыз етеді.
2. Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының жалпы қағидалары
4. Мемлекеттiк қызметшiлер:
1) қызметтік міндеттерін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, мораль мен ар-ұяттың жалпы қабылданған қағидаттарына сәйкес жауапкершілікпен және адал атқаруға, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі мен осы қағида нормаларын мүлтіксіз сақтауға;