Об утверждении Правил служебной этики государственных служащих исполнительных органов Акмолинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил служебной этики государственных служащих исполнительных органов Акмолинской области
- Атауы (қаз.)
- Ақмола облысы атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидасын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-2/31
- Қабылданған күні
- 03.02.2014
- Көрсетілген редакция
- 26.01.2016 77739_45061.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14B0004025
- ЭКБ идентификаторы
- 77739
- Редакция идентификаторы
- 77739_45061
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:00
0 Ақмола облысы атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидасын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы № 651 Жарлығының 2-тармағына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ақмола облысы атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 Ақмола облысы әкімдігінің
2014 жылғы 3 ақпандағы № А-2/31
қаулысымен бекітілді
Ақмола облысы атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидасы
1. Ақмола облысы атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының осы қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы № 651 Жарлығының 2-тармағына сәйкес әзірленді және жалпы қоғамдық моральдық-этикалық нормаларға негізделген жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Ақмола облысы атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің мінез-құлқының тәртібін белгілейді.