Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил присвоения звания «Почетный гражданин Мангистауской области (города, района)

Ереже · № 14/216 · қабылданған 05.02.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-77773/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил присвоения звания «Почетный гражданин Мангистауской области (города, района) Қолданыста Ереже ·№ 14/216 ·05.02.2014
28.12.2023 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил присвоения звания «Почетный гражданин Мангистауской области (города, района)

Қолданыста Ереже ·№ 14/216 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил присвоения звания «Почетный гражданин Мангистауской области (города, района)
Атауы (қаз.)
"Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру Қағидалары туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
14/216
Қабылданған күні
05.02.2014
Көрсетілген редакция
28.12.2023 77773_679495.kaz
Соңғы өзгеріс
28.12.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14M0002364
ЭКБ идентификаторы
77773
Редакция идентификаторы
77773_679495
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:58

0 Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағын беру Қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса беріліп отырған «Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағын беру Қағидалары бекітілсін.

2 2. Облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 6 мамырдағы № 14/179 «Маңғыстау облысының Құрметті азаматы» атағын беру Ережесі туралы» шешімі жойылсын.

3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Маңғыстау облысының ішкі саясат
басқармасы басшысының міндетін атқарушы
Р. Жұмағалиева
05 ақпан 2014 ж.

4 Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағын беру Қағидалары

Облыстық мәслихаттың
2014 жылғы 5 ақпандағы
№ 14/216 шешімімен бекітілген
Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағын беру Қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағын беру Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес әзірленді және «Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағын беру тәртібін реттейді.

2 2. «Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағы Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) алдында ерекше сіңірген еңбектерін бағалауын:

еңбек өтілі 20 жылдан кем емес, облыстың (қаланың, ауданның) экономика, ғылым және мәдениет, өнер, білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік салаларының дамуына қосқан зор үлесі үшін;
заңдылықты, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде қосқан зор үлесі үшін;
облыста тұратын халықтар арасында ұлтаралық келісімді және қоғамдық тұрақтылықты, бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайтуда қосқан зор үлесі үшін;
ел ішінде және шет елде Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) беделін көтерудегі қосқан зор үлесі үшін;
мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі, демократияның, жариялылықтың және әлеуметтік ілгерілеудің, рухани және зияткерлік әлеуеттің дамуындағы, бизнестегі, шығармашылықтағы, спорттағы, мемлекеттік және әскери қызметтегі жетістіктері үшін;
азаматтардың құқығын және заңды мүдделерін қорғау бойынша белсенді қызметі; бұл ретте жоғары беделге және облыс тұрғындарының құрметіне ие болған қайырымдылық қызметі және мейірімділігі қызметі үшін беріледі.

3

3. «Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағы Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетел азаматтарына, сондай-ақ облыс аумағында тұрмайтын «Социалистік Еңбек Ері», «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған немесе Қазақстан Республикасының басқа да наградаларымен аталып өткен тұлғаларға беріледі.

2 2-тарау. Атақты беру тәртібі

4

5

6 6. «Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағын беру туралы қолдаухатқа облыстық, аудандық және қалалық мәслихаттар мен әкімдіктер, еңбек және шығармашылық ұжымдар, қоғамдық және діни бірлестіктер, жеке және заңды тұлғалар, өзге де ынталы топтар бастамашы болуы мүмкін.

«Маңғыстау облысының Құрметті азаматы» атағын беруге ұсыну туралы қолдаухат қалалық, аудандық мәслихаттармен, қалалардың және аудандардың әкімдерімен қабылданады.
Қолдаухатқа тиісті басшылармен қол қойылады.
Қолдаухатта кандидаттың негізгі өмірбаян деректері, облыстың (қаланың, ауданның) алдында сіңірген еңбектері мен жетістіктері сипаттала отырып көрсетіледі.

7 7. Қолдаухатқа тиісті негіздемелері мен мінездемелерін, растайтын құжаттарымен қоса отырып, кандидат туралы келесідей мәліметтер ұсынуы тиіс:

1 1) кандидаттың өмірбаяны;

2 2) 13х18 көлемдегі 2 данада фотосурет;

3 3) кандидаттың марапаттау күні көрсетілген мемлекеттік және басқа да наградаларының тізімі және сіңірген еңбегі көрсетілген толықтай мінездемесі;

4 4) кандидатурасын қолдаған кәсіпорындардың және мекемелердің еңбек ұжымдарының жалпы жиналысының, қоғамдық ұйымдардың, азаматтарының жиналысының хаттамасының немесе шешімінің түпнұсқасы.

8 8. Қолдаухатпен және оған қоса берілген құжаттарымен бірге ұсыныс «Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағын беру мәселелерін қарау жөніндегі комиссияға жолданады.

9 9. Атақ беру туралы өз кандидатурасын ұсынған тұлғалардан түскен қолдаухаттар қарастырылмайды.

Бір ғана сол кандидатқа қолдаухат өкілді органның бір шақырылымы кезеңінде екі реттен артық енгізілмейді.

9-1 9-1. «Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағы заңнамамен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алып тасталмаған соттылығы бар тұлғаларға берілмейді.

10 10. Комиссия шешімі көпшілік дауыспен қабылданады.

11 11. Дауыстар тең түскен жағдайда Комиссия төрағасының пікірі шешуші болып есептеледі.

12 12. Комиссия шешімі ұсыныс сипатында болады және оның барлық мүшелерімен қол қойылған хаттамамен ресімделеді.

13 13. Комиссия келесі шешімдердің бірін қабылдауы мүмкін:

қолдаухат қанағаттандырылсын және атақ беру туралы тиісті мәслихатқа ұсыныс енгізуге облыстың (қаланың,ауданның) әкіміне ұсынылсын;
қолдаухат қабылданбасын;
құжаттардағы кемшіліктерді жою үшін қолдаухат кері қайтарылсын.

14 14. «Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағы облыс (қала, аудан) әкімінің ұсынысымен тиісті мәслихаттың шешімімен беріледі.

15 15. Атақ беру туралы тиісті мәслихаттың шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

3 3-тарау. «Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» куәлігінің сипаттамасы

16

16. «Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» куәлігі қою көк түсті қатты қаптамадан жасалады, айқара ашылған күйдегі көлемі 6,5х18,5 сантиметр, куәліктің сыртқы бетінде облыстың эмблемасы бейнеленіп, «Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» сөздері баспалық қаріппен мемлекеттік тілде жазылған.
17. Куәліктің ішкі жағы көгілдір түсті, сол жағында «Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» медалі бейнеленген, оң жағында куәлік нөмірі, тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, мәслихат шешімінің күні мен нөмірі және берілген күні көрсетіледі. Мәтіннің астында мәслихат төрағасының қолы орналастырылады және елтаңбалы мөрмен куәландырылады.

4 4-тарау. «Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» медалінің сипаттамасы

18

18. «Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» медалі төменгі температурада балқитын металл қорытпасынан дайындалады, алтын түсті жіңішке латунь қабатымен қапталған және екі элементтен тұрады. Жоғарғы бөлігі - қалыбы 22х26х20 мм мөлшерінде жылтыр сары түсті (латунь) металл шегімен жасалып, ортасына көгілдір түсті муар лентасы тартылған.
Реверс-күңгірт аяда визорлы бекіткіші бар түйреуіш.
Екінші бөлігі - дөңгелек пішінді диаметрі 32 мм алқа, негізі СрМ925 маркалы күміс қорытпасынан жасалған. Аверс - жылтырақ, астары алтындалмаған күн сәулелері, алтынданған жылтырақ әріптермен бедерлі «Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» сөздері жазылған және ортасында ұлттық өрнек үстіне Маңғыстау облысының логотипі салынған.

5 5-тарау. Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматын тіркеу, куәлігі мен медалін табыс ету тәртібі

19 19. Құрметті азаматы куәлігі мен медалі салтанатты түрде облыстың (қаланың, ауданның) әкімімен, облыстық (қалалық, аудандық) мәслихат төрағасымен қоғамдық іс-шараларда табыс етіледі.

20 20. Құрметті азаматтардың есімдері, облыстық (қалалық, аудандық) өлкетану мұражайында сақталатын Құрмет кітабына хронологиялық тәртіпте енгізіледі.

Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматының есімі Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген тәртіпте, жұртшылықтың ұсынысы бойынша қалалардың, кенттердің, ауылдардың көшелеріне берілуі мүмкін.

21 21. Атақты беру, медальдарын мен куәліктерді дайындау, Құрмет кітабын күтіп ұстау мәселелері бойынша құжаттаманың жүргізілуі және есепке алынуы облыстық (қалалық, аудандық) бюджетің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

6 6-тарау. «Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағынан айыру

22 22. «Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматының» иегерлері атағынан, облыс әкімінің ұсынысы бойынша мына жағдайларда облыстық (қалалық, аудандық) мәслихаттың шешімімен айрылады:

1 1) жасаған қылмысы үшін соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгенде;

2 2) жағымсыз қоғамдық пікір туғызған, атаққа нұқсан келтіретін әрекеттер жасағанда.

23 23. «Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы» атағынан айырылған тұлға Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) «Құрметті азаматы» куәлігін және медалін облыстық (қалалық, аудандық) мәслихатқа қайтарады.

7 7-тарау. Қорытынды

24 24. Маңғыстау облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматтары салтанатты жиналыстарға және аудандық, қалалық және облыстық мерекелік іс-шараларға құрметті қонақ ретінде қатыса алады.

Қолданыстағы