Құжат мәтініне өту

Об утвержденииПоложении о награждении Почетной грамотой Мангистауской области

Ереже · № 14/218 · қабылданған 05.02.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-77774/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утвержденииПоложении о награждении Почетной грамотой Мангистауской области Қолданыста Ереже ·№ 14/218 ·05.02.2014
27.09.2023 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утвержденииПоложении о награждении Почетной грамотой Мангистауской области

Қолданыста Ереже ·№ 14/218 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утвержденииПоложении о награждении Почетной грамотой Мангистауской области
Атауы (қаз.)
Маңғыстау облысының Құрмет грамотасымен марапаттаудың Ережесі туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
14/218
Қабылданған күні
05.02.2014
Көрсетілген редакция
27.09.2023 77774_657063.kaz
Соңғы өзгеріс
27.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14M0002365
ЭКБ идентификаторы
77774
Редакция идентификаторы
77774_657063
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:58

0 Маңғыстау облысының Құрмет грамотасымен наградтау жөніндегі Ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысының Құрмет грамотасымен наградтау жөніндегі Ереже бекітілсін.

2 2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Маңғыстау облыстық мәслихатының
2014 жылғы 5 ақпандағы
№ 14/218 шешімімен
бекітілген
Маңғыстау облысының
Құрмет грамотасымен наградтау жөніндегі Ереже

1 1. Жалпы ереже

1 1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және облыстың Құрмет грамотасымен наградтауға ұсыну мен оны тапсырудың тәртібін айқындайды.

2 2. Маңғыстау облысының Құрмет грамотасымен өңірдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, мәдениетін, білім саласын дамытуда, әскери, сонымен қатар басқа да мемлекеттік және қоғамдық қызметтерде елеулі табыстарға жетіп және үлес қосқан азаматтар наградталады.

3 3. Маңғыстау облысының Құрмет грамотасымен наградтауға ұсыныстарды еңбек, шығармашылық ұжымдар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер ұсынады.

4 4. наградтау бетшесінде наградталушының жеке басын сипаттайтын, оның сол саладағы және еңбек ұжымындағы жалпы еңбек өтілі, нақты сіңірген еңбегі, жұмысының тиімділігі және сапасы туралы мәліметтері көрсетіледі.

наградтау бетшесіне кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, мемлекеттік органның басшысы қол қояды және мөрмен бекітіледі.
Облыс әкімі орынбасарларының, қалалар мен аудандар әкімдерінің, басқармалар басшыларының наградтау бетшесіне облыс әкімі қол қояды.

5 5. Облыс әкімі мен облыстық мәслихат төрағасының атына наградтау бетшесі мен еңбек ұжымының қолдаухаты облыс әкімі аппаратының кадр жұмыстары бөліміне жолданады.

Әрі қарай Маңғыстау облысының Құрмет грамотасымен наградтау жөнінде келіп түскен құжаттар алдын ала қарау үшін және ұсыныстарды дайындау үшін облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жолданады.

6 6. Егер ұсынылған кандидаттар немесе наградтау құжаттары осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес болмаса, онда ұсыныс облыстық мәслихат сессиясының қарауына енгізілмейді.

7 7. Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім Маңғыстау облыстық мәслихатының сессиясында қабылданады.

Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Құрмет грамотасымен қайта наградтау бес жылдан кейін ғана мүмкін болады.

2 2. Маңғыстау облысының Құрмет грамотасының сипаттамасы

8 8. Құрмет грамотасы – беткі жағында Елтаңба бейнеленген және мемлекеттік тілде «Құрмет грамотасы» деп жазылған қосымша бетшемен көгілдір түсті балакроннан жасалған папканы білдіреді. Қосымша бетше типографиялық тәсілмен, ақ түсті тығыз қағаздан дайындалады.

Қосымша бетшенің айқармасының сол жағында Маңғыстау облысының символының бейнесі орналасқан. Қосымша бетшенің оң жағынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік туындағыдай үстінде қыран бүркіт қалықтаған күн сәулесінің аясында марапатталушының тегін, атын, әкесінің атын және еңбегін көрсету үшін орын қалдырылады. Облыс символының бейнесі күн сәулесімен, қыран бүркіт және ұлттық ою – алтын түстес.
Мәтіннің астында қосарланып облыс әкімінің және облыстық мәслихат төрағасының қолдары орналастырылады.

3 3. Маңғыстау облысының Құрмет грамотасын тапсырудың тәртібі

9 9. Маңғыстау облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім кадр қызметімен наградталушының Еңбек кітапшасына, жеке ісіне енгізіледі.

10 10. наградтау туралы мәліметтер Маңғыстау облысының Құрмет грамотасын тапсыру журналына тіркеледі. Журнал облыс әкімі аппаратының наградтау мәселесімен айналысатын маманында 5 жыл бойына сақталады, одан әрі облыс әкімі аппаратының мұрағатына сақтауға тапсырылады.

11 11. Құрмет грамотасы салтанатты түрде облыс әкімімен немесе оның орынбасарларымен, облыстық мәслихаттың төрағасымен марапатталушының жұмыс орны бойынша еңбек ұжымдарында, сессияларда, жиындарда және облыс активінің жиналыстарында табыс етіледі.

Қолданыстағы