Құжат мәтініне өту

Об утверждении стандартов государственных услуг, оказываемых Министерством финансов Республики Казахстан, в сфере учета государственного имущества

Қаулы · № 177 · қабылданған 04.03.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-77787/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об утверждении стандартов государственных услуг, оказываемых Министерством финансов Республики Казахстан, в сфере учета государственного имущества Күшін жойған Қаулы ·№ 177 ·04.03.2014
20.10.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.10.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении стандартов государственных услуг, оказываемых Министерством финансов Республики Казахстан, в сфере учета государственного имущества

Күшін жойған Қаулы ·№ 177 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении стандартов государственных услуг, оказываемых Министерством финансов Республики Казахстан, в сфере учета государственного имущества
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
177
Қабылданған күні
04.03.2014
Көрсетілген редакция
20.10.2015 AI77787_2.kaz
Соңғы өзгеріс
20.10.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1400000177
ЭКБ идентификаторы
77787
Редакция идентификаторы
AI77787_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:36

0 Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1

1) «Мемлекеттiк мүлік тiзiлiмінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

2

2) «Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға мемлекеттік мүлік тізілімінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

3 3) «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

2 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1 1) «Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қазандағы № 1373 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 75-76, 1120-құжат);

2

2) «Мемлекеттік мүлікті есепке алу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 391 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 8-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 28, 425-құжат).

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 «Мемлекеттiк мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 4 наурыздағы
№ 177 қаулысымен
бекітілген
«Мемлекеттiк мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Мемлекеттiк мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)» мемлекеттік көрсетілетін қызметі.

2 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3 3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1 1) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің www.gosreestr.kz «мемлекеттік мүлік тізілімі» веб-порталы (бұдан әрі – мемтізілім) арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4 4. Көрсетілетін қызметті алушы порталға және мемтізілімге деректерді ұсынған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері – 10 минуттан аспайды.

5 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (толығымен автоматтандырылған).

6

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес электрондық түрдегі мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар.

7 7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

8 8. Жұмыс кестесі:

1 1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

2 2) портал және мемтізілім – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9 9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды ұсынуы талап етілмейді.

3 3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

10 10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым:

1 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына не 010000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Жеңіс даңғылы, 11-үй, № 105 кабинет мекенжайы бойынша, байланыс телефоны: (87172) 71-77-60;

2 2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша нысанда беріледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, Министрліктің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Портал арқылы өтініш білдірген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Портал арқылы шағымды жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» көрсетілетін қызметті берушінің өтініштерді өңдеу барысында (жеткізілу, тіркелу, орындалу туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отыратын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

11 11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4 4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

12 12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1 1) Министрліктің www.minfin.gov.kz интернет-ресурстарында;

2 2) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталында орналастырылған.

13 13. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар.

14 14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

15 15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.minfin.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

1 Ұйымдардың тізбесін қарап шығу кезінде көрсетілетін көрсеткіштер

«Мемлекеттiк мүлік тізілімінен ақпарат беру
(мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар
мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің,
сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі;
мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа
қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік
туралы ақпарат пен материалдар)»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Ұйымдардың тізбесін қарап шығу кезінде көрсетілетін көрсеткіштер
БСН
Ата­уы
Объ­ек­ті­нің ме­кен­жайы
МНК
Мәр­те­бе­сі
1
2
3
4
5
Ескертпе:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
МНК – меншік нысанының коды

2 «Мемлекеттiк мүлік тізілімінен ақпарат беру

(мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар
мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің,
сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі;
мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа
қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік
туралы ақпарат пен материалдар)»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша

1 1. Жекешелендіру объектісін қарап шығу кезінде

1 1. Объекті бойынша мынадай ақпарат көрсетіледі:

1 1) объектінің ID нөмірі:

2 2) жекешелендіру объектісінің түрі:

акциялар (АҚ);
үлес (ЖШС);
мүліктік кешен;
машиналар мен жабдық;
жылжымайтын мүлік;
жылжымайтын мүлік (аяқталмаған құрылыс);
өзгелер;
көлік;

3 3) сатушы;

4 4) жекешелендіру объектісін сату кезеңі;

5 5) объектінің мәртебесі:

жекешелендірілуде;
белсенді емес;
жекешелендірілген;
сауда-саттықтан алынған;

6 6) объектіні бұғаттау:

еркін;
алып тастауға жатады;

7 7) меншік нысаны:

республикалық;
коммуналдық облыстық (республикалық маңызы бар қаланың,

астананың астананың);

коммуналдық аудандық (облыстық маңызы бар қаланың);

8 8) қосымша деректер (жекешелендіру объектісінің түріне қарай).

2 2. Объектіні бағалау туралы ақпарат көрсетіледі:

1 1) бағалаушының атауы;

2 2) бағалау туралы есептің нөмірі мен күні;

3 3) бағалау құны, теңге;

4 4) бағалау күні.

3 3. Объекті бойынша құжаттар беттерге таратылған, «объектінің

электрондық деректеріне» енгізілген, сканерленген түрде көрсетіледі:

1 1) объектінің құжаттары;

2 2) жер бойынша құжаттар;

3 3) фотоальбом.

2 2. Мерзімді баспа басылымдарында (бұдан әрі – МББ) жарияланған, жекешелендіру объектілерін сату бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарлама бойынша ақпаратты қарап шығу кезінде

1 1. МББ-ның атауы.

2 2. Жарияланымның нөмірі мен күні.

3 3. Сауда-саттық өткізудің уақыты мен күні.

4 4. Сауда-саттық нысаны.

5 5. Сауда-саттық түрі.

6 6. Кепілдік жарна мөлшері.

7 7. МББ-да жарияланған хабарландырудың толық мәтіні:

1 1) мемлекеттік тілде;

2 2) орыс тілінде.

3 3. Сауда-саттық туралы деректерді қарап шығу кезінде

1 1. Сауда-саттық нысаны мен әдісі:

1 1) аукцион (ағылшын немесе голландиялық);

2 2) тікелей атаулы сатылым;

3 3) тендер (инвестициялық немесе коммерциялық);

4 4) қор биржасы.

3 3. Сауда-саттықтың күні және уақыты.

4 4. Кепілдік жарна, теңге.

5 5. Бастапқы баға, теңге.

6 6. Ең төмен баға, теңге.

7 7. Сауда-саттық мәртебесі:

1 1) өткізілген жоқ;

2 2) болмайды;

3 3) өткізілді;

4 4) сауда-саттық күтілуде.

Ескертпе:
ID – сәйкестендіру нөмірі;
АҚ – акционерлік қоғамдар;
ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер.

3 «Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға мемлекеттік мүлік тізілімінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 4 наурыздағы
№ 177 қаулысымен
бекітілген
«Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға мемлекеттік мүлік тізілімінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға мемлекеттік мүлік тізілімінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі.

2 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3 3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1 1) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің www.gosreestr.kz «мемлекеттік мүлік тізілімі» веб-порталы (бұдан әрі – мемтізілім) арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4 4. Порталға және мемтізілімге жүгінген сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері – 10 минуттан аспайды.

5 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (толығымен автоматтандырылған).

6 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес республикалық мүлікті жалға (сенімгерлік басқаруға) беру туралы шарт бойынша анықтама.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

7 7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

8 8. Жұмыс кестесі:

1 1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

2 2) портал және мемтізілім – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9 9. Көрсетілетін қызметті алушы порталға және мемтізілімге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі – республикалық мүлікті жалға (сенімгерлік басқаруға) беру туралы шарттың нөмірі.

3 3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

10 10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым:

1 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына не 010000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Жеңіс даңғылы, 11-үй, № 105 кабинет мекенжайы бойынша, байланыс телефоны: (87172) 71-77-60;

2 2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша нысанда беріледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін қызмет берушінің басшысына, Министрліктің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Портал арқылы өтініш білдірген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Портал арқылы шағымды жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» көрсетілетін қызметті берушінің өтініштерді өңдеу барысында (жеткізілу, тіркелу, орындалу туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отыратын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

11 11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4 4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

12 12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1 1) Министрліктің www.minfin.gov.kz интернет-ресурстарында;

2 2) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталында орналастырылған.

13 13. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар.

14 14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

15 15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.minfin.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

4 Мәліметтер болған жағдайда Республикалық мүлікті жалға (сенімгерлік басқаруға) беру туралы шарт бойынша анықтама

«Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен
(сенімгерлік басқарушылармен) жасалған
жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары
бойынша оларға мемлекеттік мүлік
тізілімінен шарт бойынша есептеулер,
өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен
төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын
анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
қосымша
Нысан
Мәліметтер болған жағдайда Республикалық мүлікті жалға (сенімгерлік басқаруға) беру туралы шарт бойынша анықтама
Құжат мемлекеттік мүлік тізілімімен қалыптастырылған
Бірегей нөмірі:
Сұрау салынған күні мен уақыты:
Анықтаманы алатын күні мен уақыты:
Құрметті www.gosreestr.kz веб-порталының мемлекеттік көрсетілетін
қызметін тұтынушы!
Сіз тапсырған іздестіру критерийлері бойынша: шарттың № – ____
және БСН/ЖСН – _______, мемлекеттік мүлік тізілімінің дерекқорында
мыналар тіркелген:

1 1) шарт және республикалық мүлік бойынша мәліметтер:

Шарт тү­рі: мү­лік­тік жал­ға алу (жал­дау)/се­нім­гер­лік бас­қа­ру
Жал­ға бе­ру­ші (се­нім­гер­лік бас­қа­ру­дың құ­ры­л­тай­шы­сы)
БСН, то­лық ата­уы, ме­кен­жайы, бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры
Ба­ланс ұста­у­шы:
БСН, то­лық ата­уы, ме­кен­жайы, бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры
Жал­да­у­шы (се­нім­гер­лік бас­қа­ру­шы):
БСН/ЖСН, то­лық ата­уы, ме­кен­жайы, бай­ла­ныс де­ректе­рі
Шар­ттың нө­мі­рі мен кү­ні:
Мем­ле­кет­тік мү­лік тү­рі:
кө­лік неме­се ғи­ма­рат­та­ғы үй-жай неме­се ғи­ма­рат неме­се жаб­дық неме­се бас­қа­лар
Жал­ға алу (се­нім­гер­лік бас­қа­ру) ке­зе­ңі:
Жал­ға алу (се­нім­гер­лік бас­қа­ру) ны­са­ны:
мем­ле­кет­тік мү­лік­тің ор­на­лас­қан ор­ны, си­па­ты мен си­патта­ма­сы

2 Мәліметтер болмаған кезде

2) шарт бойынша есептеулер, өсімпұл және мемлекеттік бюджетке
түсімдер:
Есеп­теу кү­ні
Есеп­тел­ді, тең­ге
Мер­зі­мі өт­кен күн­дер са­ны
Уақ­ты­лы тө­лен­бе­ге­ні үшін өсім­пұл, тең­ге (бір күн­гі өсім­пұл со­ма­сы х мер­зі­мі өт­кен күн­дер са­ны)
Мем­бюд­жет­ке тү­сті, тең­ге
Тө­лем кү­ні
Барлығы есептелді:
жалға алу төлемі, теңге: ___________________
өсімпұл, теңге: ____________________________
Мемлекеттік бюджетке түсті, теңге: _________
Жиыны төлемге, теңге: ______________________
Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба
туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы
7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.
штрих-кодта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15
шілдедегі № 802 қаулысымен мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы
бірыңғай оператор болып айқындалған «Ақпараттық-есептеу орталығы»
акционерлік қоғамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған
деректер қамтылған.
Мәліметтер болмаған кезде
Республикалық мүлікті жалға (сенімгерлік басқаруға) беру туралы шарт бойынша анықтама
Құжат мемлекеттік мүлік тізілімімен қалыптастырылған
Бірегей нөмірі:
Сұрау салынған күні мен уақыты:
Анықтаманы алатын күні мен уақыты:
Құрметті www.gosreestr.kz веб-порталының мемлекеттік көрсетілетін
қызметін тұтынушы!
Сіз тапсырған іздестіру критерийлері бойынша: шарттың № – ____
және БСН/ЖСН – _______, мемлекеттік мүлік тізілімінің дерекқорында
мәліметтер табылған жоқ.
Осы құжат «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба
туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы
7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз жеткізгіштегі құжатпен бірдей.
штрих-кодта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15
шілдедегі № 802 қаулысымен мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы
бірыңғай оператор болып айқындалған «Ақпараттық-есептеу орталығы»
акционерлік қоғамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған
деректер қамтылған.
Ескертпе:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі.

5 «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 4 наурыздағы
№ 177 қаулысымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1 1. Жалпы ережелер

1 1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызметі.

2 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3 3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1 1) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 3 (үш) ай ішінде;

болашақта сыйға тарту шартына қол қою үшін – 2 (екі) ай ішінде;

2 2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты– 30 минут;

3 3) көрсетілетін қызметті алушыға рұқсат берілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 30 минуттан аспайды.

5 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз жүзінде.

6 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес сыйға тарту шарты және мүлікті қабылдау-беру актісі (табыстау актісі) қағаз жеткізгіште.

7 7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

8

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында, көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

9 9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1 1) жеке тұлғалар:

сыйға тарту шарты бойынша мүлік құқықтарын мемлекетке беру туралы ұсыныс;
құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері (жер пайдалану құқығы актісі (жалдау, меншік шарттарында), техникалық паспорт (жылжымайтын мүлік, автомашиналар), меншік құқығын тіркеу туралы деректер);
берілетін мүлікке құны туралы деректер (баланстан үзінді немесе бағалау туралы есеп);

2 2) мемлекеттік емес заңды тұлғалар:

сыйға тарту шарты бойынша мүлік құқықтарын мемлекетке беру туралы ұсыныс;
құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері (жер пайдалану құқығы актісі (жалдау, меншік шарттарында), техникалық паспорт (жылжымайтын мүлік, автомашиналар), меншік құқығын тіркеу туралы деректер);
берілетін мүлікке құны туралы деректер (баланстан үзінді немесе бағалау туралы есеп);
құзыретіне Жарғыға сәйкес мүлікті иеліктен шығару, оның ішінде оны мемлекеттік меншікке беру мәселелері жататын мемлекеттік емес заңды тұлға органының шешімі.

3 3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

10 10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым:

1 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына не 010000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Жеңіс даңғылы, 11-үй, № 105 кабинет мекенжайы бойынша, байланыс телефоны: (87172) 71-77-60;

2 2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша нысанда беріледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, Министрліктің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

11 11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4 4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

12 12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minfin.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

13 13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

14 14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің www.minfin.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

6 Сыйға тартудың үлгі шарты

«Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын
тәртіппен сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік
емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың
мүлік құқықтарын Қазақстан Республикасының қабылдауы»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша
1-нысан
Сыйға тартудың үлгі шарты
________ қ.                       «___» ___________ 201__ ж. № ______
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, күні және
нөмірі,
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
кім тіркеді, ЖСН; жеке тұлғаның Т.А.Ә., жеке куәлігінің нөмірі және
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
күні, тұрғылықты жері, ЖСН)
бұдан әрі «сыйға тартушы» деп аталатын _______________________ атынан
_____________________________________________ негізінде әрекет ететін
(«___» _____________ 201__ ж. жарғының, ереженің, сенімхаттың № ____)
_____________________________________________________________________
(шартқа қол қоятын адамның Т.А.Ә., лауазымы)
және бұдан әрі «сыйды алушы» деп аталатын
______________________________________________________________ атынан
(ҚР Қаржыминінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті немесе
Комитеттің тиісті аумақтық бөлімшелері)
_____________________________________________________________________
(«___» _________________ ___ ж. № ____ ереже) негізінде әрекет ететін
_____________________________________________________________________
(шартқа қол қоятын адамның Т.А.Ә., лауазымы) Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің
«___» __________ 201__ ж. № ____ бұйрығына сәйкес төмендегілер туралы
осы шартты жасасты.

1 1. Шарттың нысанасы

1 1. Сыйға тартушы ____________________________________________________

(мүліктің атауы)
(бұдан әрі – мүлік) мемлекеттік республикалық меншікке өтеусіз беруге
міндеттенеді.

2 2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

1 1. Сыйға тартушы осы шартқа қол қойылған сәттен бастап он бес

жұмыс күні ішінде сыйды алушыға қабылдау-беру актісі бойынша мүлікті
беруге міндеттенеді.

2 2. Сыйды алушы мүлікті мемлекеттік меншікке бергенге дейін

сыйға тартушыға тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, одан кез
келген уақытта бас тартуға құқылы. Мұндай жағдайда сыйға тарту шарты
бұзылған болып есептеледі.
Сыйға тарту шарты тіркелген жағдайда, сыйды қабылдаудан бас
тарту да мемлекеттік тіркеуге жатады.

3 3. Егер шартты жасасқаннан кейін сыйға тартушының мүліктік

немесе отбасылық жағдайы не денсаулығының жай-күйі өзгергені
соншалықты, тіпті жаңа жағдайларда шартты орындау оның өмір сүру
деңгейінің елеулі төмендеуіне әкеп соқтырса, сыйға тартушы осы шартты
орындаудан бас тартуға құқылы.

4 4. Сыйды алушы сыйға тартылған затқа сыйға тартушы үшін үлкен

мүліктік емес құндылықты білдіретін оны қайтарымсыз жоғалту қаупін
тудырса, сыйға тартушы сот тәртібінде сыйға тартуды жоюды талап етуге
құқылы.

3 3. Өзге де шарттар

1 1. Осы шарт оған тараптар қол қойған сәтінен бастап күшіне

енеді және оның тиісінше орындалуы бойынша тоқтатылады.

2 2. Осы шарт заңдық күші бірдей қазақ және орыс тілдерінде төрт

түпнұсқалық данада, сыйға тарту шарты тарапының әрқайсысы үшін екі
данада жасалған.

3 3. Осы шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар тараптар қол

қоятын және осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша
келісімдер жасасу арқылы енгізіледі.

4 4. Осы шартқа тараптар қол қойғаннан кейін он бес жұмыс күні

ішінде мүліктің қабылдау-беру актісіне (табыстау актісіне) қол
қойылады.

5 5. Осы шартпен реттелмеген бөлігінде тараптар Қазақстан

Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.

4 4. Тараптардың заңды мекенжайлары және банктік деректемелері

сый­ды алушы
сый­ға тар­ту­шы
_______________________________
Мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­нің ата­уы
_______________________________
ММ ор­на­лас­қан же­рі
ЖСК ___________________________
БСК ___________________________
ЖСН ___________________________
БСН ___________________________
___________________________
Мем­ле­кет­тік емес заң­ды
неме­се же­ке тұл­ға­ның ата­уы
___________________________
Мү­лік­тің мен­шік ие­сі­нің
ор­на­лас­қан же­рі неме­се
тұр­ғы­лық­ты же­рі
___________________________
Мем­тір­кеу нө­мі­рі және кү­ні,
же­ке ку­ә­лік­тің нө­мі­рі және
кү­ні
ЖСН _______________________
Ла­у­а­зы­мы
__________________ Т.А.Ә.
м.о.
Ла­у­а­зы­мы
__________________ Т.А.Ә.
м.о.
2-нысан
Болашақта сыйға тартудың үлгі шарты
________ қ.                       «___» ___________ 201__ ж. № ______
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, күні және
нөмірі,
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
кім тіркеді, ЖСН; жеке тұлғаның Т.А.Ә., жеке куәлігінің нөмірі және
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
күні, тұрғылықты жері, ЖСН)
бұдан әрі «сыйға тартушы» деп аталатын
______________________________________________________________ атынан
_____________________________________________ негізінде әрекет ететін
(«___» _____________ 201__ ж. жарғының, ереженің, сенімхаттың № ____)
_____________________________________________________________________
(шартқа қол қоятын адамның Т.А.Ә., лауазымы)
және бұдан әрі «сыйды алушы» деп аталатын
______________________________________________________________ атынан
(ҚР Қаржыминінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті немесе
Комитеттің тиісті аумақтық бөлімшелері)
_____________________________________________________________________
(«___» _________________ ___ ж. № ____ ереже) негізінде әрекет ететін
_____________________________________________________________________
(шартқа қол қоятын адамның Т.А.Ә., лауазымы)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және
жекешелендіру комитетінің «___» __________ 201__ ж. № ____ бұйрығына
сәйкес төмендегілер туралы осы шартты жасасты.

1 1. Шарттың нысанасы

1 1. Сыйға тартушы ______________________________________________

(мүліктің атауы)
(бұдан әрі – мүлік) болашақта мемлекеттік республикалық меншікке
өтеусіз беруге міндеттенеді.

2 2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

1 1. Сыйды алушы мүлікті мемлекеттік меншікке бергенге дейін

сыйға тартушыға тиісті жазбаша хабарлама жібере отырып, одан кез
келген уақытта бас тартуға құқылы. Мұндай жағдайда сыйға тарту шарты
бұзылған болып есептеледі.
Сыйға тарту шарты тіркелген жағдайда, сыйды қабылдаудан бас
тарту да мемлекеттік тіркеуге жатады.

2 2. Егер шартты жасасқаннан кейін сыйға тартушының мүліктік

немесе отбасылық жағдайы не денсаулығының жай-күйі өзгергені
соншалықты, тіпті жаңа жағдайларда шартты орындау оның өмір сүру
деңгейінің елеулі төмендеуіне әкеп соқтырса, сыйға тартушы осы шартты
орындаудан бас тартуға құқылы.

3 3. Сыйды алушы сыйға тартылған затқа сыйға тартушы үшін үлкен

мүліктік емес құндылықты білдіретін оны қайтарымсыз жоғалту қаупін
тудырса, сыйға тартушы сот тәртібінде сыйға тартуды жоюды талап етуге
құқылы.

3 3. Өзге де шарттар

1 1. Осы шарт оған тараптар қол қойған сәтінен бастап күшіне

енеді және оның тиісінше орындалуы бойынша тоқтатылады.

2 2. Осы шарт заңдық күші бірдей қазақ және орыс тілдерінде төрт

түпнұсқалық данада, сыйға тарту шарты тараптарының әрқайсысы үшін екі
данада жасалған.

3 3. Осы шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар тараптар қол

қоятын және осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша
келісімдер жасасу арқылы енгізіледі.

4 4. Сыйға тартушы мемлекеттік меншікке мүлікке құқықтарын нақты

бергеннен кейін тараптар он бес жұмыс күні ішінде мүліктің
қабылдау-беру актісіне (табыстау актісіне) қол қойылады.

5 5. Осы шартпен реттелмеген бөлігінде тараптар Қазақстан

Республикасының заңнамасын басшалыққа алады.

4 4. Тараптардың заңды мекенжайлары және банктік деректемелері

сый­ды алушы
сый­ға тар­ту­шы
______________________________
Мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­нің ата­уы
______________________________
ММ ор­на­лас­қан же­рі
ЖСК __________________________
БСК __________________________
ЖСН __________________________
БСН __________________________
___________________________
Мем­ле­кет­тік емес заң­ды
неме­се же­ке тұл­ға­ның ата­уы
___________________________
Мү­лік­тің мен­шік ие­сі­нің
ор­на­лас­қан же­рі неме­се
тұр­ғы­лық­ты же­рі
___________________________
Мем­тір­кеу нө­мі­рі және кү­ні,
же­ке ку­ә­лік­тің нө­мі­рі және
кү­ні
ЖСН _______________________
Ла­у­а­зы­мы
__________________ Т.А.Ә.
м.о.
Ла­у­а­зы­мы
__________________ Т.А.Ә.
м.о.
3-нысан
Үлгілік қабылдау-беру актісі
БЕКІТЕМІН:
__________________________________
(ҚР Қаржыминінің Мемлекеттік мүлік
және жекешелендіру комитеті немесе
оның аумақтық бөлімшелері)
__________________________________
__________________________________
«___» ___________________ 201_ жыл
М.О.
Қабылдау-беру актісі
«___» _____ 201_ жыл                                  ________ қаласы
Біз, төменде қол қойғандар, ___________________________________
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік емес заңды немесе жеке адамның атауы)
атынан ________________________________________________ бір тараптан
(қабылдау-беру актісіне қол қоюшы тұлғаның Т.А.Ә.)
және ________________________________________________________________
(мемлекеттік мекеменің атауы) атынан
_____________________________________________________________________
(қабылдау-беру актісіне қол қоюшы адамның Т.А.Ә.)
екінші тараптан, № ___ «___» _______ 201 _ жылғы сыйға тарту шарты
негізінде мемлекеттік меншікке
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________.
қабылдау-беру жүргізілгендігі туралы осы актіні жасадық.
Акт заңдық күші бірдей 4 (төрт) данада қазақ және орыс
тілдерінде, тараптардың әрқайсысы үшін екі данада жасалды.
Тараптар осы актіге қол қою арқылы бір-біріне
кінәрат-талаптардың жоқ екендігін растайды.
қолдар:
бер­ді:
__________________________________
__________________________________
Мем­ле­кет­тік емес заң­ды неме­се
же­ке тұл­ға­ның ата­уы
Ла­у­а­зы­мы
__________________________________
Т.А.Ә.
«___» __________ 201_ жыл
қа­был­да­ды:
__________________________________
__________________________________
Мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­нің ата­уы
Ла­у­а­зы­мы
__________________________________
Т.А.Ә.
«___» _____________ 201_ жыл

Қолданыстағы