О дальнейшем совершенствовании системы государственного управления Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О дальнейшем совершенствовании системы государственного управления Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 761
- Қабылданған күні
- 07.03.2014
- Көрсетілген редакция
- 07.03.2014 AI77794_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.03.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U1400000761
- ЭКБ идентификаторы
- 77794
- Редакция идентификаторы
- AI77794_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:33
0 Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1 1. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган ретінде құрылып, оған:
1 1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінен байланыс, ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру саласындағы;
2 2) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінен ақпарат, мұрағат ісі және құжаттама саласындағы функциялар мен өкілеттіктер берілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
3 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1 1) мыналарды:
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетін;
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитетін;
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетін таратуды;
2 2) осы Жарлықтың 1-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының штат санын қайта бөлуді;
3 3) осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4 4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1-тармақта:
«Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі;» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі;»;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі.».
5 5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
6 6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев