Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Полтавского сельского округа Аккайынского района Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Полтавского сельского округа Аккайынского района Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Полтавка ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 20-11
- Қабылданған күні
- 30.01.2014
- Көрсетілген редакция
- 25.07.2014 77817_148470.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.07.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14SB002588
- ЭКБ идентификаторы
- 77817
- Редакция идентификаторы
- 77817_148470
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:01
0 Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Полтавка ауылдық округінде
бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасын және жергілікті
қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Полтавка ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасы бекітілсін.
2 2. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Полтавка ауылдық округінде жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3 3. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»:
Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданының
Полтавка ауылдық округінің әкімі
________________Семенюк О.Н.
2014 жылғы 30 қаңтар
4 Аққайың ауданы мәслихатының
2014 жылғы 30 қаңтардағы № 20-11
шешіміне қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Полтавка ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Полтавкаауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Полтавка ауылдық округінің Полтавка ауылының тұрғындарына
30
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Полтавка ауылдық округінің Лесные Поляны ауылының тұрғындарына
4
5 Аққайың ауданы мәслихатының
2014 жылғы 30 қаңтардағы № 20-11
шешімімен бекітілген
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Полтавка ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасы
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Полтавка ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің осы қағидасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес әзірленді және Полтавка ауылдық округі ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2 2. Полтавка ауылдық округі аумағында ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3 3. Бөлек жиын Полтавка ауылдық округінің әкімі шақырады.
Аққайың ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4 4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5 5. Полтавка ауылдық округі аумағында бөлек жиынды өткізуді Полтавкаауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
6 6. Бөлек жиынды Полтавка ауылдық округінің ашудың алдында тиісті ауылдың қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7 7. Бөлек жиынды Полтавка ауылдық округінің әкімімен немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Полтавка ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.