Кіру
Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел и аула для участия в сходе местного сообщества сельского округа Шагалалы Аккайынского района Северо-Казахстанской области

Ереже · № 20-15 · қабылданған 30.01.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-77821/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел и аула для участия в сходе местного сообщества сельского округа Шагалалы Аккайынского района Северо-Казахстанской области Күшін жойған Ереже ·№ 20-15 ·30.01.2014
22.09.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел и аула для участия в сходе местного сообщества сельского округа Шагалалы Аккайынского района Северо-Казахстанской области

Күшін жойған Ереже ·№ 20-15 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел и аула для участия в сходе местного сообщества сельского округа Шагалалы Аккайынского района Северо-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Шағалалы ауылдық округінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
20-15
Қабылданған күні
30.01.2014
Көрсетілген редакция
22.09.2023 77821_656596.kaz
Соңғы өзгеріс
22.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14SB002592
ЭКБ идентификаторы
77821
Редакция идентификаторы
77821_656596
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:02

0 Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Шағалалы ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Шағалалы ауылдық округінде жергілікті қоғамдастық бөлек жиындарын өткізудің қағидасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Шағалалы ауылдық округінде жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

3. Осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»:
Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданының
Шағалалы ауылдық округінің әкімі
Добромирова Г.О.
2014 жылғы 30 қаңтар

1 Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Шағалалы ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидасы

Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы мәслихатының
2014 жылғы ​​​ 30 қаңтардағы
№ 20-15 шешімімен
бекітілген
Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданының Шағалалы ауылдық округінде
жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің
қағидасы

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Шағалалы ауылдық округінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің осы қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және Шағалалы ауылдық округі ауыл тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін Шағалалы ауылдық округі аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – Шағалалы ауылдық округінің ауыл тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Шағалалы ауылдық округінің аумағы учаскелерге (ауылдарға) бөлінеді.

4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Шағалалы ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Шағалалы ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

7. Ауыл шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Шағалалы ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Шағалалы ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Шағалалы ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Шағалалы ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Аққайың ауданы мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және Шағалалы ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.

2 Солтүстік Қазақстан облысы

Аққайың ауданы мәслихатының
2014 жылғы 30 қаңтардағы
№ 20-15 шешіміне
қосымша
Елді мекеннің атауы
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Шағалалы ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарына қатысатын ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Шағалалы ауылдық округінің Степное ауылының тұрғындарына
2
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Шағалалы ауылдық округінің Шағалалы ауылының тұрғындарына
3
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының Шағалалы ауылдық округінің Южное ауылының тұрғындарына
1

Қолданыстағы