Об установлении размера арендной платы в государственных арендных домах Темирского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении размера арендной платы в государственных арендных домах Темирского района
- Атауы (қаз.)
- Темір ауданының мемлекеттік жалдау үйлерінде жалдау ақысының мөлшерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 27
- Қабылданған күні
- 03.02.2014
- Көрсетілген редакция
- 17.06.2020 77828_468907.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.06.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14CJ003788
- ЭКБ идентификаторы
- 77828
- Редакция идентификаторы
- 77828_468907
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:00
0 Темір ауданының мемлекеттік жалдау үйлерінде жалдау ақысының мөлшерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Темір ауданы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Темiр ауданының мемлекеттiк тұрғын үй қорынан жалға берiлетiн үйлерінде үй-жайды пайдаланғаны үшiн ай сайынғы жалдау ақы мөлшерi 1 шаршы метрге жалдау ақысынан есеп айырысудан шығып, қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Б. Ізбасовқа жүктелсiн.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
4 Аудан әкімдігінің
2014 жылғы 03 ақпандағы
№ 27 қаулысына
қосымша
Темір ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға берілген үйлерінде үй-жайды пайдаланғаны үшін белгіленген ай сайынғы жалдау ақы мөлшері
Мемлекеттік жалдау үйлерінде тұрғаны үшін алынатын жалдау ақы есебінде келесі көрсеткіштер қолданылады:
1 1) 2011 жылы салынған 1 үйдің сметалық құны - 4 034 111 тг
Ц - 2011 жылғы салынған тұрғын үйдің 1 шаршы
метрінің құны - 70 000 тг
Е - тұрғын үйдің жалпы аумағы - 75 ш.м.
Т - ғимараттың есептік пайдалану мерзімі - 100 жыл
Г - 2011 жылы салынған тұрғын үйдің бір жылға
1 шаршы метрін пайдаланудың, күрделі және
ағымдағы жөндеудің шығын сомасы - 40 341 тг
Р - тұрғын үйдің күтіп-ұстауға қажетті төлемдер
сомасы (айына 1 шаршы метр үшін теңге) - 3 361,75 тг
А - үй-жайды пайдаланғаны үшін жалдау ақы мөлшері
(айына 1 шаршы метр үшін теңге) - 103,1 тг
Есептеу формуласы:
2011 жылы салынған жалға берілетін үйлер үшін:
Р=Г/12/Е
Р=40 341 /12/75=44,8
А=Ц/Т/12+Р
А=70 000/100/12+44,8=103, 1 теңге
2 2) 2012 жылы салынған 1 үйдің сметалық құны - 5 100 000 тг
Ц - 2012 жылғы салынған тұрғын үйдің 1 шаршы
метрінің құны - 70 000 тг
Е - тұрғын үйдің жалпы аумағы - 75 ш.м.
Т - ғимараттың есептік пайдалану мерзімі - 100 жыл
Г - 2012 жылы салынған тұрғын үйдің бір жылға
1 шаршы метрін пайдаланудың, күрделі және
ағымдағы жөндеудің шығын сомасы - 51 000 тг
Р - тұрғын үйдің күтіп-ұстауға қажетті төлемдер
сомасы (айына 1 шаршы метр үшін теңге) - 4 250 тг
А – үй-жайды пайдаланғаны үшін жалдау ақы мөлшері
(айына 1 шаршы метр үшін теңге) - 115 тг
Есептеу формуласы:
2012 жылы салынған жалға берілетін үйлер үшін:
Р=Г/12/Е
Р=5 1000/12/75=56,7
А=Ц/Т/12+Р
А=70 000/100/12+56,7=115 теңге
3 3) 2013 жылы салынған 1 үйдің сметалық құны - 5 200 000 тг
Ц - 2013 жылғы салынған тұрғын үйдің 1 шаршы
метрінің құны - 70 000 тг
Е - тұрғын үйдің жалпы аумағы - 75 ш.м.
Т - ғимараттың есептік пайдалану мерзімі - 100 жыл
Г - 2013 жылы салынған тұрғын үйдің бір жылға
1 шаршы метрін пайдаланудың, күрделі және ағымдағы
жөндеудің шығын сомасы - 52 000 тг
Р - тұрғын үйдің күтіп-ұстауға қажетті төлемдер
сомасы (айына 1 шаршы метр үшін теңге) - 4 333 тг
А – үй-жайды пайдаланғаны үшін жалдау ақы мөлшері
(айына 1 шаршы метр үшін теңге) - 116, 13 тг
Есептеу формуласы:
2013 жылы салынған жалға берілетін үйлер үшін:
Р=Г/12/Е
Р=5 2000/12/75=57,8
А=Ц/Т/12+Р
А=70 000/100/12+57,8=116 теңге 13 тиын