Об утверждении Правил служебной этики государственных служащих исполнительных органов, финансируемых из областного бюджета
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил служебной этики государственных служащих исполнительных органов, финансируемых из областного бюджета
- Атауы (қаз.)
- Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 7
- Қабылданған күні
- 23.01.2014
- Көрсетілген редакция
- 27.01.2016 77838_47776.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14N0004466
- ЭКБ идентификаторы
- 77838
- Редакция идентификаторы
- 77838_47776
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:04
0 Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы № 651 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Жарлығының 2-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Қостанай облысы әкімі аппаратының
басшысы
__________ А. Әбенов
4 Әкімдіктің
2014 жылғы 23 қаңтардағы
№ 7 қаулысымен
бекітілген
Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қадиғалары
1 1. Жалпы ережелері
1
1. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қадиғалары (бұдан әрі – Қағида ) Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы № 651 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Жарлығына сәйкес әзірленген.
2 2. Қағиданың іс-әрекеті Қостанай облысының облыстық бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне (бұдан әрі- мемлекеттік қызметшілер) таратылады.
Мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке кіргеннен кейін үш күн ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексімен (бұдан әрі – Ар-намыс кодексі) және Қағидамен жазбаша түрде таныстырылуы тиіс.