Құжат мәтініне өту

О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов

Өзге акт · № 3 · қабылданған 05.02.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-77840/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов Күшін жойған Өзге акт ·№ 3 ·05.02.2014
09.02.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.02.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов

Күшін жойған Өзге акт ·№ 3 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов
Атауы (қаз.)
Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
3
Қабылданған күні
05.02.2014
Көрсетілген редакция
09.02.2015 77840_56957.kaz
Соңғы өзгеріс
09.02.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14NH004469
ЭКБ идентификаторы
77840
Редакция идентификаторы
77840_56957
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:58

0 Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі - кемтар балалар) үйде оқытуға жұмсаған шығындары (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) жеке оқыту жоспары бойынша ай сайын алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріп алынсын.

2 2. Мыналар:

1 1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу "Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүргізіледі;

2 2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі - алушы) ұсынылады;

3 3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы мынадай құжаттарды:

өтінішті;
алушының, заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжатты;
тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысын;
мүгедектігі туралы анықтаманы;
банктегі шоттың болуы туралы құжатты;
мүгедек баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасын ұсынады;

4 4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тиісті оқу жылы ағымында жүргізіледі, әрбір кемтар балаға (балаларға) ай сайын көрсетіледі деп белгіленсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратады.

КЕЛІСІЛДІ:
"Денисов ауданы әкімдігінің
экономика және қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_____________________ С.Ф. Рахметова
2014 жыл "05" ақпан
"Денисов ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________ Д.Т. Мұсылманқұлова
2014 жыл "05" ақпан

Қолданыстағы