О выплате единовременной денежной компенсации на приобретение топлива для отопления жилых помещений педагогическим работникам образования, работаюшим в сельской местности Талгарского района
Күшін жойған
Өзге акт
·№ 28-149
·
20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О выплате единовременной денежной компенсации на приобретение топлива для отопления жилых помещений педагогическим работникам образования, работаюшим в сельской местности Талгарского района
- Атауы (қаз.)
- Талғар ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға біржолғы ақшалай өтемақы төлеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 28-149
- Қабылданған күні
- 10.02.2014
- Көрсетілген редакция
- 17.11.2014 AI77868_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.11.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14DR002604
- ЭКБ идентификаторы
- 77868
- Редакция идентификаторы
- AI77868_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:56
0 Талғар ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға біржолғы
ақшалай өтемақы төлеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 - бабы 1- тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 53-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Талғар ауданының маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Талғар ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға аудандық бюджет қаражаты есебінен бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы ақшалай өтемақы төленсін.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Халықты әлеуметтік қорғау, еңбек, білім, денсаулық, мәдениет, тіл және спорт жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Талғар аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
Байсбаев Жаден
Смайылұлы
10 ақпан 2014 жыл