Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил служебной этики государственных служащих местных исполнительных органов Актогайского района

Қаулы · № 34 · қабылданған 30.01.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-77878/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об утверждении Правил служебной этики государственных служащих местных исполнительных органов Актогайского района Күшін жойған Қаулы ·№ 34 ·30.01.2014
21.01.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил служебной этики государственных служащих местных исполнительных органов Актогайского района

Күшін жойған Қаулы ·№ 34 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил служебной этики государственных служащих местных исполнительных органов Актогайского района
Атауы (қаз.)
Ақтоғай ауданының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
34
Қабылданған күні
30.01.2014
Көрсетілген редакция
21.01.2016 77878_278798.kaz
Соңғы өзгеріс
21.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14PD003724
ЭКБ идентификаторы
77878
Редакция идентификаторы
77878_278798
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:01

0 Ақтоғай ауданының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31–бабының 2 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы № 651 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Жарлығын орындау үшін, Ақтоғай ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Ақтоғай ауданының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына міндеттелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Ақтоғай ауданының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидалары

Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2014 жылғы "30" қаңтардағы
№ 34 қаулысымен бекітілген
Ақтоғай ауданының жергілікті атқарушы органдары
мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Ақтоғай ауданының жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері қызмет этикасының осы қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 қазандағы "Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы" № 1567 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" № 651 Жарлығына сәйкес әзірленді.

2 2. Осы Қағидалардың әрекеті жергілікті бюджеттен қаржыландыратын Ақтоғай ауданының жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне қолданылады.

3 3. Ақтоғай ауданының жергілікті атқарушы органдардың басшылары мемлекеттiк қызметшiлердің Қағидалармен таныстырылуын, Қағидалар нормаларының сақталуын, Қағидалар мәтінінің Ақтоғай ауданының жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық стендтерінде орналастырылуын қамтамасыз етеді.

2 2. Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының жалпы қағидалары

4 4. Мемлекеттiк қызметшiлері:

қызметтік міндеттерін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, мораль мен ар-ұяттың жалпы қабылданған қағидаттарына сәйкес жауапкершілікпен және адал атқаруға, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі мен осы Қағидалардың нормаларын мүлтіксіз сақтауға;
мемлекеттiк билiктiң беделiн, мемлекет институттарға азаматтардың сенімін нығайтуға жәрдемдесуге, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын сақтауға, мемлекеттің мүддесін қорғауға;
өзіне талап қойғыш, принципшіл, шыншыл және турашыл болуға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне және басқа құқық бұзушылықтарға төзімсіз болуға;
өздерінің құзыреттері шегінде шығарған басшылықтың бұйрықтары мен тапсырмаларын, жоғары тұрған лауазымды тұлғалардың шешімдері мен нұсқауларын сапалы және уақтылы орындауға;
қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау нормаларын ескере отырып, жұмыс уақытын еңбек өнімділігі үшін тиімді пайдалануға, денсаулығына және жеке басының немесе жұмыстағы әріптестерінің қауіпсіздігі үшін қауіп-қатерлі болуы мүмкін кез келген оқиға туралы хабардар етіп отыруға;
мемлекеттік қызметшілер ретінде өзінің, сондай-ақ мемлекеттік органның беделін түсіретін іс-әрекеттер жасамауға;
өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезеңiнде киiмнiң iскерлiк қалпын ұстануға;
қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстануға, қоғамға жат мiнез-құлық жағдайларына жол бермеуге тиіс.

3 3. Жеке және заңды тұлғалармен өзара қарым-қатынас

5 5. Мемлекеттік қызметшілері:

егер мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамамен көзделген тәртіпте мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысса, жеке және заңды тұлғаларға нақты, уақтылы, тиімді қызмет көрсету бойынша шаралар қабылдауға;
жеке және заңды тұлғаларға ұсынылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырып отыруға;
жеке және заңды тұлғаларға төзімділікпен және құрметпен қарауға;
жеке және заңды тұлғаларға қатысты немқұрайлыққа және ұқыпсыздыққа жол бермеуге;
шыққан тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатысына, наным-сеніміне, тұрғылықты жеріне қарай немесе кез келген өзге де себептермен жеке және заңды тұлғалардың беделін түсіруге жол бермеуге тиіс.

4 4. Әріптестерімен өзара қарым-қатынас

6 6. Мемлекеттік қызметшілері:

әріптестеріне қатысты сыпайылық және әдептілік танытуы тиіс;
әріптестеріне ресми түрде өтініш білдіруге;
жұмыстағы әріптестерімен қарым-қатынас кезінде қатыгез мінез-құлық танытуға, сондай-ақ балағат сөздерді пайдалануға жол бермеуге;
әріптестерінің және басшылықтың сыны мен ескертулерін дұрыс қабылдауға, сондай-ақ жіберілген қателіктерін дер кезінде мойындай білуге;
шыққан тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатысына, наным-сеніміне, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге де себептерге қарамастан әріптестерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
қажет болған жағдайда әріптестеріне кеңес беру немесе бұзушылыққа жол бермеу туралы ескерту арқылы көмек көрсетуге;
бөтен адамның идеялары мен бастамаларын иеленуден бас тартуға;
қызметтік міндеттерін атқаруға кедергі келтіретін іс-әрекеттерге жол бермеуге;
адами қасиеті мен кәсіптік шеберлігіне нұқсан келтіретін әріптестері туралы ақпарат таратпауға;
әріптестеріне орынсыз мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге тиіс.

5 5. Жергілікті атқарушы органдар басшыларының мінез-құлық қағидаттары

7 7. Басшы:

ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға және сақтауға, қарамағындағылардан жоғары моральдық-психологиялық, адамгершілік және кәсіптік шеберлік қасиеттерін тәрбиелеуге;
қарамағындағылардың адами қасиетін құрметтеуге, оларға қатысты әділдік танытуға;
функционалдық міндеттерді атқаратыны және тиісінше атқармайтыны үшін бірдей талаптар қоюға;
ұжымдағы еңбек тәртібінің, моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін жүйелі түрде талдап отыруға;
жоғары тұрған басшыға қарамағындағылар жасаған қылмыстар, құқық бұзушылықтар және еңбек тәртібін бұзу туралы дереу баяндап отыруға тиіс.

Қолданыстағы