О ратификации Конвенции о применении принципов права на организацию и на ведение коллективных переговоров
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О ратификации Конвенции о применении принципов права на организацию и на ведение коллективных переговоров
- Атауы (қаз.)
- Ұжымдық келіссөздерді ұйымдастыру және жүргізу құқығы принциптерін қолдану туралы конвенцияны бекіту туралы
- Акт түрі
- Заң
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 118-II
- Қабылданған күні
- 14.12.2000
- Көрсетілген редакция
- 14.12.2000 AI7792_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.12.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- Z000000118_
- ЭКБ идентификаторы
- 7792
- Редакция идентификаторы
- AI7792_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:07
0 Ұжымдық келіссөздерді ұйымдастыру және жүргізу құқығы принциптерін қолдану туралы конвенцияны бекіту туралы
Женевада 1949 жылғы 1 шілдеде Халықаралық еңбек ұйымы Бас конференциясының 32-сессиясы қабылдаған Ұжымдық келіссөздерді ұйымдастыру және жүргізу құқығы принциптерін қолдану туралы конвенция (98-конвенция) бекітілсін.
Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық Конвенцияның мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық Конвенциясының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық Конвенцияларды тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
98-КОНВЕНЦИЯ
"Ұжымдық келiссөздердi ұйымдастыруға және жүргiзуге
құқық қағидаттарын қолдану туралы" Конвенция
(2002 жылғы 18 мамырда күшіне енді - ҚР СІМ-нің ресми сайты)
Женевада Халықаралық Еңбек Бюросының Әкiмшiлiк Кеңесi шақырған және 1949 жылғы 8 маусымда өзiнiң отыз екiншi сессиясына жиналған,
Халықаралық Еңбек Ұйымының Бас Конференциясы
сессияның күн тәртiбiнде төртiншi тармақ болып табылатын ұжымдық келiссөздердi ұйымдастыруға және жүргiзуге құқық қағидаттарын қолдану туралы бiрқатар ұсыныстарды қабылдау туралы қаулы ете отырып,
осы ұсыныстарға халықаралық конвенция нысанын беру керектiгiн шеше отырып,
осы бiр мың тоғыз жүз қырық тоғызыншы жылғы шiлде айының бiрiнде осы Конвенцияны қабылдады, оны ұжымдық келiссөздердi ұйымдастыруға және жүргiзуге құқық қағидаттарын қолдану туралы 1949 жылғы Конвенция деп атауға болады.
1-бап
1. Еңбекшiлер еңбек саласында бiрiгу еркiндiгiне қысым жасауға бағытталған кез келген кемсiтушiлiк әрекеттерiне қарсы тиiстi қорғауды пайдаланады.
2. Мұндай қорғау мақсаты:
а) еңбекшiлердi жұмысқа қабылдауды немесе олардың жұмысын сақтап қалуын кәсiподаққа кiрмеуiн немесе кәсiподақтан шығуын талап ететiн шартқа бағындыру;
b) еңбекшiлердiң кәсiподақ мүшесi болғандығын немесе кәсiподақ қызметiне жұмыстан тыс уақытта немесе кәсiпкердiң келiсiмiмен жұмыс уақытында қатысқандығын негiзге алып, оны жұмыстан шығару немесе басқа тәсiлмен оған зиян келтiру болып табылатын әрекеттерге қатысты қолданылады.
2-бап
1. Еңбекшілер мен кәсiпкерлер ұйымы ұйымдарды құру мен оның қызметiнде және оларды басқаруда бiрiнiң тарапынан немесе олардың агенттерi немесе мүшелерi тарапынан болатын кез келген араласу актiсiне қарсы тиiстi қорғауды пайдаланады.
3-бап
4-бап
5-бап
1. Осы Конвенцияда көзделген кепiлдiктердiң қарулы күштер мен полицияға қандай мөлшерде қолданылатыны елдiң заңдарында белгiленедi.
6-бап
7-бап
8-бап
1. Бекiту туралы құжаттарын Бас директор тiркеген Халықаралық Еңбек Ұйымының Мүшелерi ғана осы Конвенция арқылы өзара байланыста болады.
2. Ол Ұйымның екi Мүшесiнiң бекiту туралы құжаттарын Бас директор тiркегеннен кейiн он екi ай өткен соң күшiне енедi.
3. Бұдан соң Ұйымның әрбiр Мүшесiнiң бекiту туралы құжаты тiркелген күннен кейiн он екi ай өткен соң осы Конвенция Ұйымның сол мүшесiне қатысты күшiне енедi.
9-бап
1. Халықаралық Еңбек Ұйымы Жарғысының 35-бабының 2-тармағының ережелерiне сәйкес Халықаралық Еңбек Бюросының Бас Директорына жiберiлген өтiнiште:
а) Ұйымның мүдделi мүшесi осы Конвенцияның ережелерiн өзгерiссiз қолдануға мiндеттенетiн аумақтарға қатысты нұсқаулар;
b) осы Конвенцияның ережелерiн өзгерiстерiмен қоса қолдануға мiндеттенетiн аумақтарға қатысты нұсқаулар және осы өзгерiстердiң егжей-тегжейi;
с) Конвенция қолданылмайтын аумақтарға қатысты нұсқаулар және бұл жағдайда оның қолданылмау себептерi;
d) өзiнiң шешiмiн ереженi одан әрi қарағанға дейiн кейiнге қалдыратын аумақтарға қатысты нұсқаулар көрсетiледi.
2. Осы баптың 1-тармағының а) және b) тармақшаларында айтылған мiндеттемелер бекiту туралы құжаттың ажырамас бөлiгi болып саналады және нәтижесi онымен бiрдей болады.
3. Ұйымның кез келген Мүшесі жаңа өтiнiш арқылы өзiнiң бұдан бұрынғы өтiнiшiндегi ескертпелерiнiң бәрiнен немесе бiр бөлiгiнен осы баптың 1-тармағының b), с) және d) тармақшаларына орай бас тарта алады.
4. Ұйымның кез келген Мүшесi 11-баптың ережелерiне сәйкес осы Конвенция күшiн жоюы мүмкiн кезең ішiнде Бас Директорға мұның алдындағы кез келген өтiнiшiндегi жағдайларды өзгертетiн және белгiлi бiр аумақтардағы ахуал туралы хабарлайтын жаңа өтiнiш жолдай алады.
10-бап
2. Мүдделi Ұйымның Мүшесi немесе Мүшелерi немесе халықаралық билiк орындары кез келген уақытта жаңа өтiнiш арқылы алдыңғы өтiнiштердiң бiреуiнде айтылған өзгерiстердi пайдалану құқығынан толық немесе ішiнара бас тартуы мүмкiн.
11-бап
12-бап
1. Халықаралық Еңбек Бюросының Бас Директоры Ұйым Мүшелерiнен алған бекiту туралы құжаттарды, күшiн жою туралы өтiнiштер мен актiлердi тiркегенi туралы Халықаралық Еңбек Ұйымының барлық Мүшелерiне хабарлайды.
2. Бекiту туралы өзi алған екiншi құжаттың тiркелгенi туралы Ұйым мүшелерiне хабарлай отырып, Бас Директор олардың назарын осы Конвенцияның күшiне енген күнiне аударады.
13-бап
14-бап
----------------------------------
* - Баптың бұл мәтiнi 1961 жылы қабылданды. 116-Конвенцияны қараңыз.