Об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима на территории Восточно-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима на территории Восточно-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облысының аумағында карантиндік режим енгізумен карантин аймағын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 29
- Қабылданған күні
- 12.02.2014
- Көрсетілген редакция
- 14.02.2018 77926_298025.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.02.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14V0003197
- ЭКБ идентификаторы
- 77926
- Редакция идентификаторы
- 77926_298025
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:54
0 Шығыс Қазақстан облысының аумағында карантиндік режим енгізумен карантин аймағын белгілеу туралы
«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 9-1 бабының 3) тармақшасына, 14-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының 2013 жылғы 6 тамыздағы № 03/13-22 ұйғарымы негізінде, карантин объектілері – жұпсыз жібек көбелегі (Lymantria dispar L. (asian race) және сібір жібек көбелегі (Dendrolimus sibiricus Tschetw) анықталған таралу ошақтарын оқшаулау және жою мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес жұпсыз жібек көбелегі (Lymantria dispar L. (asian race) және сібір жібек көбелегімен (Dendrolimus sibiricus Tschetw) зақымдалған алаңдар көлемінде Шығыс Қазақстан облысының аумағында карантиндік режим енгізумен карантин аймағы белгіленсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы (А. Ш. Жакупбаев) өз құзыры шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3 3. Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай (Д. Ә. Тлеубаев), Үржар (С. З. Зайнулдин) аудандарының әкімдері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облысы әкімінің бірінші орынбасары Е. Б. Көшербаевқа жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция комитетінің
Шығыс Қазақстан облыстық
аумақтық инспекциясының бастығы
______________ А. Жакупбаев
2014 жылғы « 12 » ақпан
6 Жұпсыз жібек көбелегі (Lymantria dispar L. (asian race) және сібір жібек көбелегімен (Dendrolimus sibiricus Tschetw) зақымдалған алаңдар көлемінде Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік режим енгізілетін карантинді аймақ
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2014 жылғы 12 ақпандағы
№ 29 қаулысына қосымша
Жұпсыз жібек көбелегі (Lymantria dispar L. (asian race) және
сібір жібек көбелегімен (Dendrolimus sibiricus Tschetw)
зақымдалған алаңдар көлемінде Шығыс Қазақстан облысы аумағында
карантиндік режим енгізілетін карантинді аймақ
№ р/с
Аумақтар иелерінің атауы
Карантинді объект
Зақымдалу алаңы, гектар
Үржар ауданы
1
«Семей Орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесі
Жұпсыз жібек көбелегі (Lymantria dispar L. (asian race)
29,9
Катонқарағай ауданы
2
«Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі
Сібір жібек көбелегі (Dendrolimus sibiricus Tschetw)
127,7
БАРЛЫҒЫ:
157,6