Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламентов государственных услуг по вопросам нотариальной деятельности

Бұйрық · № 39 · қабылданған 30.01.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-77956/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении регламентов государственных услуг по вопросам нотариальной деятельности Күшін жойған Бұйрық ·№ 39 ·30.01.2014
26.05.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.05.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламентов государственных услуг по вопросам нотариальной деятельности

Күшін жойған Бұйрық ·№ 39 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламентов государственных услуг по вопросам нотариальной деятельности
Атауы (қаз.)
Нотариаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
39
Қабылданған күні
30.01.2014
Көрсетілген редакция
26.05.2015 AI77956_4.kaz
Соңғы өзгеріс
26.05.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400009118
ЭКБ идентификаторы
77956
Редакция идентификаторы
AI77956_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:01

0 Нотариаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабы 2) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет реламенті;

3 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Нотариустардың мөрлерін тіркеу және беру, өтініштерін қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 29 қарашадағы «Электрондық мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы» № 389 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 8133 тіркелді) 1-тармағының 15) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы Б.Ш. Әбішевке жүктелсін.

4 4. Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2014 жылғы 30 қаңтардағы
№ 39 бұйрығына
1-қосымша
«Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсанда № 1557 қаулысымен бекітілген «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткізу» мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарты негізінде (бұдан әрі – Стандарт), аумақтық әділет органдары көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз жүзінде.

3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестациялық комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) аттестаттау туралы не аттестаттамау туралы шешімі. Комиссияның шешімі қағаз жүзінде беріледі.

Комиссиясының аттестаттаудан өткені не өтпегені туралы шешімі Стандарттың 1, 2-қосымшаларымен белгіленген нысандар бойынша аттестаттау өткеннен кейін келесі күннен кешіктірілмей беріледі.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

4 4. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарын алу рәсімдері (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме болып табылады.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):

1 1) өтінішті тіркеу;

2 2) өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қарау;

3 3) өтінішті құқық түсіндіру жұмысы және халыққа заң қызметін көрсету басқармасының басшысы қарау;

4 4) құқық түсіндіру жұмысы және халыққа заң қызметін көрсету бөлімінің маманы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткізуге өтінішті қарау және хабарлама ресімдеу;

5 5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткізу туралы хабарламасына қол қою;

6 6) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткізу туралы хабарламаны жіберу;

7 7) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау комиссиясын өткізу;

8 8) Комиссияның мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдеуі және беруі.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің мына құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады:

1 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3 3) құқық түсіндіру жұмысы және халыққа заң қызметін көрсету бөлімі басшысы;

4 4) құқық түсіндіру жұмысы және халыққа заң қызметін көрсету бөлімінің маманы;

5 5) Комиссия.

7 7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

1

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күн ішінде алынған құжаттарды тіркеуден өткізеді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жібереді, бұл ретте, өтініштің оң жақ төменгі бұрышына түскен күні мен кіріс нөмірі көрсетілген мемлекеттік тілдегі тіркеу мөртаңбасы қойылады;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және құқық түсіндіру жұмысы және халыққа заң көмегін көрсету бөлімінің басшысына нұсқаумен жібереді;

3

3) құқық түсіндіру жұмысы және халыққа заң көмегін көрсету бөлімінің басшысы құжаттар топтамасын түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішінің қойылатын талаптарға сәйкестігін қарайды және құқық түсіндіру жұмысы және халыққа заң көмегін көрсету бөлімінің маманына нұсқау береді;

4 4) құқық түсіндіру жұмысы және халыққа заң көмегін көрсету бөлімінің маманы 5 (бес) жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау өткізілетіні туралы хабарлама ресімдейді;

5 5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күн ішінде нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау өткізу туралы хабарламаға қол қояды;

6 6) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 1 (бір) жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау өткізілетіні туралы хабарламаны жолдайды;

7 7) Комиссия нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау өткізеді;

8 8) мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестат тапсырған сәттен бастап жүзеге асырылады.

8 8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимылдары кезектілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 1-қосымшасында келтірілген.

9

9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимылдары кезектілігінің егжей-тегжейлі сипаттамасы, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзге көрсетілетін қызмет берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.

1.1 Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы

«Нотариаттық қызметпен айналысу
құқығына аттестаттаудан өткізу»
Мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы
1 Кесте. Құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) әрекетінің сипаттамасы
Негіз­гі про­цес­стің іс-қи­мы­лы
Рә­сім­дер­дің (іс-қи­мыл­дар­дың) № ҚФБ-нің ата­уы
1
2
3
4
5
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се­сі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы
Құқық тү­сін­ді­ру жұ­мысы және ха­лық­қа заң қыз­ме­тін көр­се­ту бө­лі­мі­нің бас­шы­сы
Құқық тү­сін­ді­ру жұ­мысы және ха­лық­қа заң қыз­ме­тін көр­се­ту бө­лі­мі­нің ма­ма­ны
Но­та­ри­ат­тық қыз­мет­пен ай­на­лы­су құқы­ғы­на әді­лет ат­те­ста­ци­я­лық ко­мис­си­я­сы
Іс-қи­мыл­дар­дың ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Өті­ніш­ті және қа­жет­ті құ­жат­тар­ды қа­был­дау, өті­ніш­ті тір­кеу жур­на­лын­да тір­кеу, со­ны­мен қо­са өті­ніш­тің оң жақ­та­ғы астың­ғы бұ­ры­шын­да ке­ліп түс­кен кү­ні мен кі­ріс нө­мі­рін көр­се­те оты­рып, мем­ле­кет­тік тіл­де тір­кеу мөр­таң­ба­сы қой­ы­ла­ды
Өті­ніш­ті қа­рау
Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар тіз­бе­сі­нің қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гін қа­рау
Но­та­ри­ат­тық қыз­мет­пен ай­на­лы­су құқы­ғы­на ат­те­ста­ция өт­кі­зі­ле­ті­ні ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны ре­сім­деу
Но­та­ри­ат­тық қыз­мет­пен ай­на­лы­су құқы­ғы­на ат­те­стат­та­удан өт­кі­зу
Аяқ­тау ны­са­ны
Өті­ніш­ті тір­кеу жур­на­лын­да тір­кеу, со­ны­мен қо­са өті­ніш­тің оң жақ­та­ғы астың­ғы бұ­ры­шын­да тір­кеу мөр­таң­ба­сын қою
Орын­дау мер­зі­мі­мен және жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­ны қам­ты­ған бұ­ры­шта­ма­сы­мен құ­жат­тар
Орын­дау мер­зі­мі­мен және бө­лім­де­гі жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­ны қам­ты­ған бұ­ры­шта­ма­сы­мен құ­жат­тар
Но­та­ри­ат­тық қыз­мет­пен ай­на­лы­су құқы­ғы­на ат­те­ста­ция өт­кі­зі­ле­ті­ні ту­ра­лы ре­сім­дел­ген ха­бар­ла­ма
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің ре­сім­дел­ген нәти­же­сі
Орын­дау мер­зі­мі
1 жұ­мыс кү­ні
1 жұ­мыс кү­ні
1 жұ­мыс кү­ні
5 жұ­мыс күн­де­рі
Но­та­ри­ат­тық қыз­мет­пен ай­на­лы­су құқы­ғы­на ат­те­ста­ци­я­ны тап­сыр­ған сәт­тен ба­стап
2 Кесте. Пайдалану түрлері. Негізгі процесс
Негіз­гі про­цесс
Қыз­мет бе­ру­ші­нің кең­се­сі
Қыз­мет бе­ру­ші­нің бас­шы­сы
Құқық тү­сін­ді­ру жұ­мысы және ха­лық­қа заң қыз­ме­тін көр­се­ту бө­лі­мі­нің бас­шы­сы
Құқық тү­сін­ді­ру жұ­мысы және ха­лық­қа заң қыз­ме­тін көр­се­ту бө­лі­мі­нің ма­ма­ны
Но­та­ри­ат­тық қыз­мет­пен ай­на­лы­су құқы­ғы­на әді­лет ат­те­ста­ци­я­лық ко­мис­си­я­сы
1. Өті­ніш­ті және қа­жет­ті құ­жат­тар­ды қа­был­дау, өті­ніш­ті тір­кеу жур­на­лын­да тір­кеу, со­ны­мен қо­са өті­ніш­тің оң жақ­та­ғы астың­ғы бұ­ры­шы­на ке­ліп түс­кен кү­ні мен кі­ріс нө­мі­рін көр­се­те оты­рып, мем­ле­кет­тік тіл­де тір­кеу мөр­таң­ба­сы қой­ы­ла­ды
2. Өті­ніш­ті қа­рау
3. Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар тіз­бе­сі­нің қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гін қа­рау
4. Но­та­ри­ат­тық қыз­мет­пен ай­на­лы­су құқы­ғы­на ат­те­ста­ция өт­кі­зі­ле­ті­ні ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ға хат­ты ре­сім­деу
7. Но­та­ри­ат­тық қыз­мет­пен ай­на­лы­су құқы­ғы­на ат­те­стат­та­удан өт­кі­зу
6. Но­та­ри­ат­тық қыз­мет­пен ай­на­лы­су құқы­ғы­на ат­те­ста­ция өт­кі­зі­ле­ті­ні ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны жі­бе­ру
5. Но­та­ри­ат­тық қыз­мет­пен ай­на­лы­су құқы­ғы­на ат­те­ста­ция өт­кі­зі­ле­ті­ні ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ға қол қою
8. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің нәти­же­сін бе­ру

1.2 «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткізу» Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

«Нотариаттық қызметпен айналысу
құқығына аттестаттаудан өткізу»
Мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша
«Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткізу» Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
*Әділет органдарының аумақтық бөлімшелері арқылы қызмет көрсеткенде
(Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әділет департаменттері)
*ҚФБ - құрылымдық – функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшілерінің (жұмыскерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталығының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қимылдары;
- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;
- көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің (іс-қимылының) және немесе ҚФБ атауы;
- таңдау нұсқасы;
- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту;
- ЭҚАБЖ – мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымы бірыңғай жүйесі.
- «Е-лицензиялау» АЖ- «Е-лицензиялау» Ақпараттық жүйесі;
- ЭҮП - «Электрондық үкімет» Порталы;
- МО - Мемлекеттік орган;
- ҚР БП АЕ АЖ – Бас прокуратураның Арнайы есепке алу ақпараттық жүйесі.

2 «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2014 жылғы 30 қаңтардағы
№ 39 бұйрығына
2-қосымша
«Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі-мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1557 қаулысымен бекітілген «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру (электрондық түрде) не осы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

4

4. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және Стандарттың 9-тармағында көрсетілген өзге де құжаттарын немесе көрсетілетін қызметті алушы электрондық сұратуын алу мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдерді (іс-қимылдарды) бастауға негіздеме болып табылады.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):

1 1) өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу;

2 2) өтінішті заң қызметін көрсету және лицензиялау басқармасының басшысы қарау;

3 3) өтінішті заң қызметін көрсету және лицензиялау басқармасының сарапшысы қарау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдеу;

4 4) көрсетілетін қызметті беруші басшысының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қою;

5 5) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жолдау.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне көрсетілетін қызметті берушінің мына құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатысады:

1 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3 3) заң қызметін көрсету және лицензиялау басқармасының басшысы;

4 4) заң қызметін көрсету және лицензиялау басқармасының сарапшысы.

7 7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

1

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күн ішінде алынған құжаттарды тіркеуден өткізеді және заң қызметін көрсету және лицензиялау басқармасының басшысына қарауға жібереді, бұл ретте, өтініштің оң жақ төменгі бұрышына түскен күні мен кіріс нөмірі көрсетілген мемлекеттік тілдегі тіркеу мөртаңбасы қойылады;

2 2) заң қызметін көрсету және лицензиялау басқармасының басшысы құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күн ішінде заң қызметін көрсету және лицензиялау басқармасының сарапшысына нұсқаумен жібереді;

3

3) заң қызметін көрсету және лицензиялау басқармасының сарапшысы құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезден бастап көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды, содан кейін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді (лицензияны беру және қайта ресімдеу кезінде мерзімі 15 (он бес) жұмыс күні, лицензияның телнұсқасын және (немесе) лицензияға қосымшаларды берген кезде мерзімі 2 (екі) жұмыс күні;

4 4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күн ішінде лицензияға немесе лицензияның телнұсқасына қол қояды;

5 5) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін 1 (бір) жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті алушының мекенжайына пошта арқылы жібереді.

4 4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзара іс-қимыл және ақпараттық жүйені пайдалану тәртібін сипаттау

8

8. Көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру тәртібі мен көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық іс-қимылдар диаграммасы түрінде портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы графикалық нысанда осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті портал арқылы береді, бұл сұрау салу көрсетілетін қызметті берушінің қарауына жіберіледі.
Ескертпе: көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркелуі және авторизациялануы тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алуға өтініш жасауы үшін порталдан «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беруді» таңдайды. Портал көрсетілетін қызметті алушы туралы деректерді автоматты түрде толтыра отырып, сұрау салуды берудің бастапқы адымын қалыптастырады.
Көрсетілетін қызметті алушы жылжымалы терезелердегі деректерді:

1 1) Электрондық үкіметтің төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы ақпарат, түбіртек қағаз жеткізгіте болған жағдайда сұрау салуға электрондық құжаттың көшірмесі түрінде қоса беріледі;

2 2) Қазақстан Республикасы бойынша барлық мәліметтерді көрсете отырып, наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша берілген медициналық анықтамалар (көшірмесі электрондық сұратуға сканерленген түрде қоса беріледі);

3 3) Стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер нысандары;

4 4) тағылымдамадан өткені туралы қорытынды (қорытынды электрондық түрде ресімделген жағдайда ұсынылмайды) толтырады.

Көрсетілетін қызметті алушы оны электронды цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қоя отырып, сұрау салуды сақтайды.
Көрсетілетін қызметті алушы сұрау салуды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген кезде өтініш туралы ақпарат қол жетімді болады, көрсетілетін қызметті берушімен өтінішті өңдеу барысында жаңартылып отырады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қаралғаны не қараудан бас тарту туралы жауап).

9

9. Мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердің функционалдық іс-қимылдар диаграммасы түрінде көрсетілетін қызметті берушінің портал арқылы көрсетілген қызметті алушының жеке өзі жүгінген кезде өтініш тәртібін рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау (осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген):

1 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күн ішінде алынған құжаттарды тіркеуден өткізеді және жүйе арқылы заң қызметін көрсету және лицензиялау басқармасы басшысының қарауына береді;

2 2) заң қызметін көрсету және лицензиялау басқармасы басшысы құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күн ішінде заң қызметін көрсету және лицензиялау басқармасының сарапшысына нұсқаумен жібереді;

3

3) заң қызметін көрсету және лицензиялау басқармасының сарапшысы өтінім портал арқылы алған сәттен бастап көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын қарайды, содан кейін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді (лицензияны беру және қайта ресімдеу кезінде мерзімі 15 (он бес) жұмыс күні, лицензияның телнұсқасын және (немесе) лицензияға қосымшаларды берген кезде мерзімі 2 (екі) жұмыс күні;

4 4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күн ішінде лицензияға қол қояды.

Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне автоматты түрде жолданады.

10

10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдарың) реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентінің 1-қосымшасында келтірілген.

11 11. Мемлекеттік қызмет көрсетуде тартылған графикалық нысанда ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

12 12. Осы Регламенттің 3-қосымшасында электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі ұсынылуы тиіс нысандар, бланкі шаблондары келтірілген.

13

13. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимылдары кезектілігінің егжей-тегжейлі сипаттамасы, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзге көрсетілетін қызмет берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.

2.1 Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы

«Нотариаттық қызметпен
айналысу құқығына лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқасын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы
1-кесте. Құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) әрекетінің сипаттамасы
Рә­сім­дер (іс-қи­мыл­дар) №
1
2
3
4
ҚФБ ата­уы
Кең­се
Заң қыз­ме­тін көр­се­ту және ли­цен­зи­я­лау бас­қар­ма­сы­ның бас­шы­сы
Заң қыз­ме­тін көр­се­ту және ли­цен­зи­я­лау бас­қар­ма­сы­ның са­рап­шы­сы
УО бас­шы­сы
Іс-қи­мыл­дар­дың ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Ли­цен­зия бе­ру­ге, қай­та ре­сім­де­у­ге, ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сын бе­ру­ге өті­ніш­ті және қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сін қа­был­дау,
алын­ған құ­жат­тар­ға тір­кеу жа­сай­ды, бұл рет­те өті­ніш­тің оң жақ тө­мен­гі бұ­ры­шы­на түс­кен кү­ні мен кі­ріс нө­мі­рін көр­се­те оты­рып, мем­ле­кет­тік тіл­де тір­кеу мөр­таң­ба­сын қо­яды
Тір­ке­у­ге ке­лі­се­ді және заң қыз­ме­тін көр­се­ту және ли­цен­зи­я­лау бас­қар­ма­сы­ның са­рап­шы­сы­на нұс­қа­ма жі­бе­ре­ді
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның өті­ні­шін қа­рай­ды, ті­зі­лім­ге ли­цен­зия бе­ру, қай­та ре­сім­деу неме­се ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сын бе­ру ту­ра­лы жа­з­ба ен­гі­зу, ли­цен­зи­я­ны қай­та ре­сім­деу неме­се ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сын ре­сім­деу
Өті­ніш­ті қа­рау, ли­цен­зи­я­ға, қай­та ре­сім­де­у­ге неме­се ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сы­на қол қою.
Аяқ­та­лу ны­са­ны
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің нәти­же­сін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ме­кен­жай­ы­на по­шта ар­қы­лы жі­бе­ре­ді
Орын­дау мер­зі­мі мен бас­қар­ма­ның жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­сы қам­ты­л­ған қа­ра­ры бар құ­жат­тар
Тір­кеу ті­зі­лі­міне жа­з­ба, ли­цен­зи­я­ны ре­сім­деу, қай­та ре­сім­деу неме­се ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сын ре­сім­деу
Ли­цен­зи­я­ға, қай­та ре­сім­де­у­ге неме­се ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сы­на қол қою, элек­трон­дық ли­цен­зия бе­ру
Орын­дау мер­зі­мі
1 жұ­мыс күн
1 жұ­мыс күн
12 жұ­мыс күн
1 жұ­мыс күн
2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы процесс.
Кең­се
Заң қыз­ме­тін көр­се­ту және ли­цен­зи­я­лау бас­қар­ма­сы­ның бас­шы­сы
Заң қыз­ме­тін көр­се­ту және ли­цен­зи­я­лау бас­қар­ма­сы­ның са­рап­шы­сы
УО бас­шы­сы
1. Ли­цен­зия бе­ру­ге, қай­та ре­сім­де­у­ге, ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сын бе­ру­ге өті­ніш және қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сін қа­был­дау, бұл рет­те, өті­ніш­тің тө­мен­гі оң жақ бұ­ры­шы­на түс­кен кү­ні мен кі­ріс нө­мі­рін көр­се­те оты­рып, мем­ле­кет­тік тіл­де тір­кеу мө­ра­таң­ба­сы қой­ы­ла­ды.
2. тір­ке­у­ге ке­лі­се­ді және заң қыз­ме­тін көр­се­ту және ли­цен­зи­я­лау бас­қар­ма­сы­ның са­рап­шы­сы­на нұс­қа­ма жі­бе­ре­ді
3. Ку­ә­лік­ті бе­ру неме­се ку­ә­лік­тің тел­нұс­қа­сын бе­ру­ден бас тар­ту қо­ры­тын­ды­ны ре­сім­дей­ді.
4. Ли­цен­зия бе­ру­ден, қай­та ре­сім­де­уден неме­се ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сын бе­ру­ден бас тар­ту ту­ра­лы қо­ры­тынды­ға қол қо­яды
6. Ли­цен­зия бе­ру­ден, қай­та ре­сім­де­уден неме­се ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сын бе­ру­ден бас тар­ту ту­ра­лы қо­ры­тын­ды­ны көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ме­кен­жай­ы­на жі­бе­ре­ді
5. Ли­цен­зия бе­ру­ден, қай­та ре­сім­де­уден неме­се ли­цен­зи­я­ның тел­нұс­қа­сын бе­ру­ден бас тар­ту ту­ра­лы қо­ры­тын­ды­ны кең­се­ге жі­бе­ре­ді.
3-кесте. Портал арқылы ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы
1
Іс-әре­кет № (жұ­мыс ба­ры­сы, ағы­ны)
1
2
3
4
5
6
2
ҚФБ ата­уы
Алушы
пор­тал
Алушы
«АИС СУ» АЖ
ЭҮТШ
пор­тал
3
Іс-әре­кет ата­уы (про­цес, рә­сім, опе­ра­ци­я­лар) және олар­дың си­патта­ма­сы
Алушы­ның ЭЦҚ тір­кеу ку­ә­лі­гін ком­пью­тер­дің ин­тер­нет-бра­у­зе­ріне бе­кі­ту
Алушы­ның де­ректе­рін­де­гі бұ­зу­шы­лық­тар­мен бай­ла­ны­сты бас тар­ту ха­бар­ла­ма­сын қа­лып­та­сты­ра­ды
Қа­жет­ті құ­жат­тар­ды элек­трон­дық түр­де бе­кі­ту­мен са­у­ал де­ректе­рін қа­лып­та­сты­ра­ды және қыз­мет­ті таң­дай­ды;
сот­ты­лы­ғы ту­ра­лы де­ректер­дің бол­мауы­на бай­ла­ны­сты де­ректер­ді алу­дың мүм­кін еме­сті­гі ту­ра­лы ха­бар­ла­ма қа­лып­та­сты­ра­ды
Қыз­мет тө­ле­ма­қы­сын жа­сау
Тө­ле­ма­қы­ның жоқ­тығ­ы­на бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ра­ды
4
Аяқ­тау ны­са­ны (де­ректер, құ­жат­тар, ұй­ым­да­сты­ру-рет­теу ше­ші­мі)
Сәт­ті қа­лып­та­сты­ру және сұ­рау са­лу ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны көр­се­ту.
Сұ­ра­ты­лып отыр­ған элек­трон­дық мем­ле­кет­тік қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ру.
Сәт­ті қа­лып­та­сты­ру және сұ­рау са­лу ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны көр­се­ту.
Сұ­ра­ты­лып отыр­ған элек­трон­дық мем­ле­кет­тік қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ру
Әре­кет­тің сәт­ті аяқ­тал­ға­ны ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны көр­се­ту.
Сұ­ра­ты­лып отыр­ған элек­трон­дық мем­ле­кет­тік қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ру
5
Орын­дау мер­зі­мі
10–15 сек
20 сек
1,5 мин
20 сек
1,5 мин
20 сек
6
Ке­ле­сі іс-әре­кет нө­мі­рі
2–алушы де­ректе­рін­де бұ­зу­шы­лық­тар болған­да; 3–ав­тор­лан­ды­ру та­бысты өт­кен­де

4
-
5 – тө­ле­ма­қы­сын жа­са­ма­ған­да;
6 – тө­ле­ма­қы­сын жа­са­ған­да

кестенің жалғасы
7
8
9
10
11
12
Алушы
пор­тал
Алушы
«Е-ли­цен­зи­я­лау» АЖ
«Е-ли­цен­зи­я­лау» АЖ
«Е-ли­цен­зи­я­лау» АЖ
Ку­әлан­ды­ру (қол қою) үшін ЭЦҚ таң­да­уы
Алушы­ның ЭЦҚ шы­най­ы­лы­ғы­ның рас­тал­мауы­мен бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ра­ды
ЭЦҚ кө­ме­гі­мен са­у­ал­ды ку­әлан­ды­ру (қол қою)
Элек­трон­дық құ­жат­ты өті­ніш­ті (алушы­ның сұ­рау са­луын және сұ­рау са­лу­ды ) өң­деу
Алушы­ның де­ректе­рін­де­гі бұ­зу­шы­лық­тар­дың бо­луы­мен бай­ла­ны­сты бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ру
Элек­трон­дық құ­жат
Сұ­рау са­лу­ды ба­ғыт­тан­ды­ру
Сұ­ра­ты­лып отыр­ған элек­трон­дық мем­ле­кет­тік қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ру.
Сұ­рау са­лу­ды ба­ғыт­тан­ды­ру
Өті­ніш­тің нө­мі­рін бе­ре оты­рып сұ­рау са­лу­ды тір­кеу.
Сұ­ра­ты­лып отыр­ған элек­трон­дық мем­ле­кет­тік қыз­мет­тен бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны қа­лып­та­сты­ру.
Элек­трон­дық ли­цен­зия
10–15 сек
10–15 сек
1,5 мин
1,5 мин
20 сек
15 жұ­мыс кү­ні
7 – ЭЦҚ-да қа­те­лік болған­да; 9 – ЭЦҚ-да қа­те бол­ма­ған­да
-
-
10 - алушы­ның бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на және ли­цен­зия бе­ру негіз­де­ріне сәй­кест­і­гін қыз­мет бе­ру­ші­нің тек­се­руі
-

2.2 Портал арқылы электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы

«Нотариаттық қызметпен
айналысу құқығына лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқасын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
Регламентіне 2-қосымша
Портал арқылы электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы
Көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру және рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігі тәртібінің сипаттамасы:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен порталда тіркеуді жүзеге асырады, ол көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталады (порталға тіркелмеген тұтынушылар үшін жүзеге асырылады);

2 2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузеріне ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін порталда алушының паролін енгізу процесі (авторизациялау процесі);

3 3) 1-шарт - тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын логин (ЖСН) және пароль арқылы порталда тексеру;

4 4) 2-процесс - порталда көрсетілетін қызметті алушылар деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты авторизациядан бас тарту туралы хабарды қалыптастыру;

5

5) 3-процесс – осы Регламентте көрсетілген қызметті алушының порталда таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып (деректерді енгізу) нысанды алушының толтыруы, сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде тіркеу;

6 6) 4-процесс – ЭҮТШ-де қызметтерді төлеу, содан кейін ол ақпарат порталға түседі;

7 7) 2-шарт – қызмет көрсеткені үшін төлегені туралы фактіні порталда тексеру;

8 8) 5-процесс – қызмет көрсеткені үшін порталда төлемнің болмауына байланысты, сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

9 9) 7-процесс көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдау;

10 10) 3-шарт порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін, тізімде кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру нөмірлерінің сұрау салуда көрсетілген ЖСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасында сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;

11 11) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығын растамауға байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

12 12) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерін) куәландыру (қол қою);

13 13) 9-процесс – порталда электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) тіркеу және сұрау салуды порталда өңдеу;

14 14) 4-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің лицензия беру үшін көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарға және негіздемелерге сәйкестігін тексеру;

15 15) 10-процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталдағы деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

16 Көрсетілетін қызметті беруші арқылы электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы

16) 11-процесс – көрсетілетін қызметті алушы порталда қалыптастырылған қызмет нәтижесін (электрондық лицензияны) алу. Электрондық құжатты көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ қолдана отырып, қалыптастырады.
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы
Көрсетілетін қызметті берушінің өтініш беру және рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігі тәртібінің сипаттамасы:

1 1) 1-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің қызмет көрсету үшін порталда ЖСН және паролін (авторизациялау процесін) енгізуі;

2 2) 2-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізу;

3 3) 3-процесс – ЭҮШ арқылы ЖТ МДҚ-на көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұрау салуды жіберу;

4 4) 1-шарт – ЖТ МДҚ-да «АИС СУ» АЖ-де көрсетілетін қызметті алушының соттылығы туралы деректерін тексеру;

5 5) 4-процесс – ЖТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінің «АИС СУ» АЖ-де соттылығы туралы деректердің болмауына байланысты деректерді алудың мүмкін еместігі туралы хабарлама қалыптастыру;

6

6) 5-процесс – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің сұрау салу нысанын, оның ішінде қағаз түрінде құжаттарының бар екендігі туралы белгісін толтыруы және көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды сканерлеу, оларды сұрау салудың нысанына бекітуі және қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) ЭЦҚ арқылы куәландыру;

7 7) 6 -процесс – порталда электрондық құжатты тіркеу;

8 8) 2-шарт – қоса берілген құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші Стандартта және қызмет көрсету үшін негіздемелерге сәйкес көрсетілгенін тексеру (өңдеу);

9 9) 7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

10 Шартты белгілері:

10) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушы қызмет нәтижесін (нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алу) алу.
Шартты белгілері:

2.3 Шығатын құжаттар Мемлекеттік қызмет көрсеті нәтижесі

«Нотариаттық қызметпен
айналысу құқығына лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқасын беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
Регламентіне 3-қосымша
Шығатын құжаттар Мемлекеттік қызмет көрсеті нәтижесі
ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ ЖТ атауы
[УО Атауы], Сіздің (Өтінім күні) № (өтінім нөмірі) өтінішіңізді қарап шығып, мыналарды хабарлаймыз.
[Бас тартудың себебі]
[Қол қоюшының лауазымы]                         [Қол қоюшының Т.А.Ә.]
Лицензия нысаны
МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ
[толық атауы, заңды тұлғаның деректемелері/жеке тұлғаның тегі, аты,
әкесінің аты толық жазылады]
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының
Заңына сәйкес [қызмет (іс-қимыл) түрінің атауы қызметімен айналысуға берілді. [лицензиялаудың ерекше шарттары]
Басшысы (уәкілетті тұлғаның) уәкілетті орган басшысының тегі мен аты-жөні
(Уәкілетті тұлға)              лийцензияны берген органның атауы
Лицензияны берген күні [күні]
Лицензияның нөмірі [нөмір]
Қаласы [қала]
[Қол қоюшының лауазымы]                    [Қол қоюшының Т.А.Ә.]

2.4 «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

«Нотариаттық қызметпен
айналысу құқығына лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқасын беру» Мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
регламентіне 4-қосымша
«Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
*Қызмет алушының мемлекеттік органға жүгінген кезінде,
қызметті көрсету тәртібі;
**Қызметті «Е-лицензиялау» АЖ арқылы электрондық түрде көрсеткенде
*ҚФБ - құрылымдық – функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшілерінің (жұмыскерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталығының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қимылдары;
- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;
- көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің (іс-қимылының) және немесе ҚФБ атауы;
- таңдау нұсқасы;
- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту;
- ЭҚАБЖ – мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымы бірыңғай жүйесі.
- «Е-лицензиялау» АЖ- «Е-лицензиялау» Ақпараттық жүйесі;
- ЭҮП - «Электрондық үкімет» Порталы;
- МО - Мемлекеттік орган;
- ҚР БП АЕ АЖ – Бас прокуратураның Арнайы есепке алу ақпараттық жүйесі.

3 «Нотариустардың мөрлерін тіркеу және беру, өтініштерін қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2014 жылғы 30 қаңтардағы
№ 39 бұйрығына
3-қосымша
«Нотариустардың мөрлерін тіркеу және беру, өтініштерін қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1

1. «Нотариустардың мөрлерін тіркеу және беру, өтініштерін қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсанда № 1557 қаулысымен бекітілген «Нотариустардың мөрлерін тіркеу және беру, өтініштерін қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты негізінде (бұдан әрі – Стандарт) облыстардың, Астана, Алматы қалаларының Әділет департаменттері көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Стандарттың 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нотариустардың мөрлерді беру. Көрсетілетін қызметті беруші Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша мөрді беру журналында қол қою арқылы береді.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

4 4. Көрсетілетін қызметті берушінің Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыдан алуы мемлекеттік қызмет көрсету үшін рәсімдерді (іс-қимылдарды) алуына негіздеме болып табылады.

5 5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар):

1 1) өтінішті тіркеу;

2 2) өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қарау;

3 3) өтінішті құқық түсіндіру жұмысы және халыққа заң көмегін көрсету бөлімінің басшысы қарау;

4 4) құқық түсіндіру жұмысы және халыққа заң көмегін көрсету бөлімінің маманы өтінішті қарау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін рәсімдеуі;

5 5) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қою;

6 6) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға жолдау.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процессіне көрсетілетін қызметті берушінің мынадай құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) қатыстырылған:

1 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3 3) құқық түсіндіру жұмысы және халыққа заң көмегін көрсету бөлімінің басшысы;

4 4) құқық түсіндіру жұмысы және халыққа заң көмегін көрсету бөлімінің маманы;

7 7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

1

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күн ішінде алынған құжаттарды тіркеуден өткізеді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жібереді, бұл ретте, өтініштің оң жақ төменгі бұрышына түскен күн мен кіріс нөмірі көрсетілген мемлекеттік тілдегі тіркеу мөртаңбасы қойылады;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және құқық түсіндіру жұмысы және халыққа заң көмегін көрсету бөлімінің басшысына нұсқаумен жібереді;

3

3) құқық түсіндіру жұмысы және халыққа заң көмегін көрсету бөлімінің басшысы құжаттар топтамасын түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішінің қойылатын талаптарға сәйкестігін қарайды, және құқық түсіндіру жұмысы және халыққа заң көмегін көрсету бөлімінің маманына нұсқау береді;

4 4) құқық түсіндіру жұмысы және халыққа заң көмегін көрсету бөлімінің маманы 3 (үш) жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және нотариустардың мөрін дайындауға аккредиттелген мекемелерге тапсырыс хат ресімдейді;

5 5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күн ішінде нотариустарға мөрді дайындауға аккредиттелген мекемелерге тапсырыс хатқа қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жібереді;

6 6) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері 1 (бір) жұмыс күн ішінде нотариустарға мөрді дайындауға тапсырыс хатты аккредиттелген мекемелерге жолдайды;

7 7) аккредиттелген мекемелер 3 (үш) жұмыс күн ішінде нотариустардың дайын мөрлерін көрсетілетін қызметті берушіге жібереді;

8 8) мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беруді құқық түсіндіру жұмысы және халыққа заң көмегін көрсету бөлімінің маманы мөрді беруді Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мөрді беру журналында қол қою арқылы жүзге асырады.

8

8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимылдары кезектілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы әр рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 1-қосымшасында келтірілген.

9

9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі рәсімдерінің (іс-қимылдарының), өзара іс-қимылдары кезектілігінің егжей-тегжейлі сипаттамасы, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзге көрсетілетін қызмет берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.

3.1 Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін, көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимылдары мәтіндік кестелік сипаттамасы

«Нотариустардың мөрлерін тіркеу
және беру, өтініштерін қабылдау»
Мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін, көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимылдары мәтіндік кестелік сипаттамасы
1 Кесте. Құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) әрекетінің сипаттамасы
Рә­сім­дер (іс-қи­мыл­дар­дың) № ҚФБ-нің ата­уы
1
2
3
4
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет бе­ру­ші­нің кең­се­сі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет бе­ру­ші­нің бас­шы­сы
Құқық тү­сін­ді­ру жұ­мысы және ха­лық­қа заң қыз­ме­тін көр­се­ту бө­лі­мі­нің бас­шы­сы
Құқық тү­сін­ді­ру жұ­мысы және ха­лық­қа заң­ды қыз­ме­тін көр­се­ту бө­лі­мі­нің ма­ма­ны
Әре­кет­тің ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
Өті­ніш­ті және но­та­ри­устар­дың мөр­ле­рін бе­ру­ге қа­жет­ті құ­жат­тар­ды қа­был­дау, өті­ніш­ті тір­кеу жур­на­лын­да тір­кеу, со­ны­мен бір­ге өті­ніш­тің оң жақ­та­ғы астың­ғы бұ­ры­шы ке­ліп түс­кен кү­ні мен кі­ріс нө­мі­рі көр­се­те оты­рып мем­ле­кет­тік тіл­де тір­кеу мөр­та­бан қой­ы­ла­ды
Но­та­ри­устар­дың мөр­ле­рін бе­ру өті­ні­шін қа­рау
Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар тіз­бе­сі­нің қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гін қа­рау
Мөр­лер­ді бе­ру жур­на­лын­да жа­зу мөр­лер­ді дай­ын­дау тап­сы­ры­сы­на хат­ты ре­сім­деу
Аяқ­та­лу­дың ны­са­ны
өті­ніш­ті тір­кеу жур­на­лын­да тір­кеу, со­ны­мен бір­ге өті­ніш­тің оң жақ­та­ғы астың­ғы бұ­ры­шы тір­кеу мөр­та­бан­ды қою
Орын­дау мер­зі­мі­мен жа­у­ап­ты орын­да­у­шы ту­ра­лы жа­зы­л­ған бұ­ры­шта­ма­сы­мен құ­жат­тар
Бө­лі­мін­де­гі орын­дау мер­зі­мі­мен жа­у­ап­ты орын­да­у­шы ту­ра­лы жа­зы­л­ған бұ­ры­шта­ма­сы­мен құ­жат­тар
мөр­лер­ді дай­ын­дау тап­сы­рыс ту­ра­лы рә­сім­дел­ген ха­ты, дай­ын мөр­ді алу
Орын­дау мер­зі­мі
1 жұ­мыс кү­ні
1 жұ­мыс кү­ні
1 жұ­мыс кү­ні
3 жұ­мыс күн­де­рі
2 Кесте. Пайдаланудың түрлері. Негізгі процессі
Негіз­гі про­цес­сі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет бе­ру­ші­нің кең­се­сі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет бе­ру­ші­нің бас­шы­сы
Құқық тү­сін­ді­ру жұ­мысы және ха­лық­қа заң­ды қыз­ме­тін көр­се­ту бө­лі­мі­нің бас­шы­сы
Құқық тү­сін­ді­ру жұ­мысы және ха­лық­қа заң­ды қыз­ме­тін көр­се­ту бө­лі­мі­нің ма­ма­ны
1. Өті­ніш­ті және қа­жет­ті құ­жат­тар­ды қа­был­дау, өті­ніш­ті тір­кеу жур­на­лын­да тір­кеу, со­ны­мен қо­са өті­ніш­тің оң жақ­та­ғы астың­ғы бұ­ры­шы­на ке­ліп түс­кен кү­ні мен кі­ріс нө­мі­рін көр­се­те оты­рып, мем­ле­кет­тік тіл­де тір­кеу мөр­таң­ба­сы қой­ы­ла­ды
2. Но­та­ри­устар­дың мөр­ле­рін бе­ру өті­ні­шін қа­рау
3. Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар тіз­бе­сі­нің қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гін қа­рау, но­та­ри­устар­дың мөр­ле­рін бе­ру­ді ке­лі­су
4. Мөр­лер­ді бе­ру жур­на­лын­да жа­зу, мөр­лер­ді дай­ын­дау тап­сы­ры­сы­на хат­ты ре­сім­деу
6. Мөр­лер­ді дай­ын­дау тап­сы­ры­сы­на хат жол­дау
5. Мөр­лер­ді дай­ын­дау тап­сы­ры­сы­на хат­қа қол қою
7. Но­та­ри­устың дай­ын мө­рін алу. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет бе­ру­ші­нің стан­дарт­тар­дың 2 қо­сым­ша­сы­на сәй­кес ны­са­нын­да­ғы мөр­лер­ді бе­ру жур­на­лын­да қол қой­ы­л­ған­нан кей­ін но­та­ри­устың мө­рін бе­ру

3.2 «Нотариустардың мөрлерін тіркеу және беру, өтініштерін қабылдау» Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

«Нотариустардың мөрлерін тіркеу
және беру, өтініштерін қабылдау»
Мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша
«Нотариустардың мөрлерін тіркеу және беру, өтініштерін қабылдау» Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
*Әділет органдарының аумақтық бөлімшелері арқылы қызмет көрсеткенде
(Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әділет департаменттері)
*ҚФБ - құрылымдық – функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшілерінің (жұмыскерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталығының, «электрондық үкімет» веб-порталының өзара іс-қимылдары;
- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы немесе аяқталуы;
- көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің (іс-қимылының) және немесе ҚФБ атауы;
- таңдау нұсқасы;
- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту;
- ЭҚАБЖ – мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымы бірыңғай жүйесі.
- МО – Мемлекеттік орган

Қолданыстағы