Об утверждении Методики расчета расходов по исполнительному производству
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Методики расчета расходов по исполнительному производству
- Атауы (қаз.)
- "Атқарушылық іс жүргізу бойынша шығыстарды есептеу әдістемесін бекіту туралы"
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 58
- Қабылданған күні
- 13.02.2014
- Көрсетілген редакция
- 13.02.2014 AI77958_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.02.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1400009168
- ЭКБ идентификаторы
- 77958
- Редакция идентификаторы
- AI77958_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:53
0 "Атқарушылық іс жүргізу бойынша шығыстарды есептеу әдістемесін бекіту туралы"
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 114-бабының 6-тармағына және «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған атқарушылық іс жүргізу бойынша шығыстарды есептеу әдістемесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті (Ж.Б. Ешмағамбетовке) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны күнтізбелік он күннің ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жолдауды;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Э. Әзімоваға жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Атқарушылық іс жүргізу бойынша шығыстарды есептеу әдістемесі
Әділет министрінің
2014 жылғы 13 ақпандағы
№ 58 бұйрығымен
бекітілді
Атқарушылық іс жүргізу бойынша шығыстарды есептеу әдістемесі
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Атқарушылық іс жүргізу бойынша шығыстарды есептеуәдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Атқарушылық іс жүргізу және соторындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 114-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және атқарушылық іс жүргізу бойынша шығыстарды анықтау үшін қолданылады.
2 2. Атқарушылық іс жүргізу шығыстары оларды ұйымдастыруға және өткізуге жұмсалған бюджеттік қаражат, сот орындаушысы орындау процесінде атқарушылық іс жүргізу тараптарының, өзге адамдар мен ұйымдардың қаражаты болып табылады.
2 2. Атқарушылық іс жүргізу бойынша шығыстардың түрі
3 3. Атқарушылық іс-әрекеттерді жасау шығыстарына:
1 1) борышкердің мүлкін анықтауға, қарап тексеруге, бағалауға;
2 2) борышкердің мүлкіне тізімдеме жасау мен тыйым салуды
ұйымдастыруға және өткізуге, осы мүлікті тасымалдауға және сақтауға;
3 3) тыйым салынған мүлікті өткізуді ұйымдастыруға;
4 4) белгіленген тәртіппен атқарушылық іс-әрекеттер жасауға тартылған аудармашыларға, мамандарға және басқа да адамдарға ақы төлеуге;
5 5) өндіріп алынған сомаларды өндіріп алушыға пошта арқылы аударуға (жіберуге);
6 6) өндіріп алынған соманы қолма-қол ақшаны бақылау шотынан және ағымдағы шоттан беруге байланысты банк шығыстарына;
7 7) борышкерді іздестіруге;
8 8) өндіріп алушының аванстық жарнасына;
9 9) атқарушылық іс-әрекеттерді жасау кезінде сот орындаушысының қалалық, қала маңындағы және жергілікті қатынастағы (таксиден басқа) қоғамдық көліктің барлық түрлерінде жол жүруіне, оның ішінде жеке сот орындаушысының іссапар шығыстарын төлеуге;
10 10) атқарушылық құжатты орындау процесіндегі басқа да қажетті іс-әрекеттерге;
11 11) сот орындаушысы орындау процесінде тартқан адамдардың өзге де сыйақыларына жұмсалған қаражат жатады.
3 3. Атқарушылық іс жүргізу бойынша шығыстарды есептеу
4 4. Сот орындаушысы мынаны есептейді:
1 1) атқарушылық іс жүргізу бойынша хаттарды (хабарламаментапсырысты) және телеграммаларды жіберу кезінде келтірілген шығыстар;
2 2) атқарушылық іс-әрекеттерді жасау орнына сот орындаушысының қалалық, қала маңындағы, жергілікті қатынастағы (таксиден басқа) қоғамдық көліктің барлық түрлерінде жол жүру құны, оның ішінде сот орындаушыларының іссапар шығыстарын төлеу:
атқарушылық іс-әрекеттерді жасау орнына жол жүру құны (жол жүру құжаттарын ресімдеу бойынша көрсетілетін қызметтер төлемі, поездарда төсек жабдықтарын қолдану шығыстарымен қоса) жол жүру құжаттарымен расталған нақты шығыстардың мөлшерінде жүзеге асырылады, бірақ:
теміржол көлігі - жылдам фирмалық поездің купе вагонында;
су көлігімен - тұрақты көлік желісі теңіз кемелерінің және жолаушыларға кешенді қызмет көрсету желісінің V топтағы каютасында, барлық қатынас желісі өзен кемесінің II санаттағы каютасында, паромдық өткізу кемесінің I санаттағы каютасында;
әуе көлігімен - экономикалық класстағы салонда;
автомобиль көлігімен - ортақ қолданыстағы автокөлік құралында (таксиден басқа) жол жүру құнынан жоғары емес.
3 3) борышкердің мүлкін бағалау бойынша шығыстар;
4 4) шақыртылған мамандардың көрсеткен қызметтерінің құны;
5 5) борышкердің мүлкін жеткізу (тасымалдау) құны;
6 6) борышкердің мүлкін сақтау бойынша шығыстар;
7 7) бұқаралық ақпарат құралындарында алдағы аукцион туралы хабарлама құны;
8 8) мүлікті өткізу бойынша сауда-саттықты ұйымдастыруға жұмсалған сомалар;
9 9) өндірілген сомаларды өндіріп алушыға пошта арқылы аудару (жіберу) төлеміне жұмсалған сомалар;
10 10) қолма-қол ақшаны бақылау шотынан және ағымдағы шоттан
өндірілген сомаларды беруге байланысты банк шығыстарын төлеу үшін жұмсалған сомалар;
11 11) борышкерді іздестіруді жүзеге асыратын органдардың шығыстары;
12 12) атқарушылық іс-әрекеттерді жасауға жұмсалған өзге шығыстар;
13 13) өндіріп алушы мен жеке сот орындаушысы арасында қол жеткізілген аванстық шарттарға сәйкес жеке сот орындаушысының атқарушылық іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін қажетті ағымдағы шотына өндіріп алушы енгізген сомалар.
5 5. Шығыстар нақты жұмсалған сомаларға байланысты және оларды жинақтау арқылы есептеледі.
6 6. Атқарушылық іс жүргізу бойынша шығыстар есебі атқарушылық іс-әрекеттерді жасау бойынша шығыстардың туындауы туралы растайтын құжаттардың негізінде жүргізіледі.
7 7. Шығыстардың туындау фактісін растайтын құжаттар төлем
тапсырмалары, түбіртектер, атқарылған жұмыс актілері және тиісті
қызметтерді көрсетуге арналған шарттарда көрсетілген басқа да сомалар және төлем құжаттары болып табылады.