Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении профессионального стандарта "Техническое обслуживание и ремонт диспетчерского оборудования и телеавтоматики"

Бұйрық · № 441 · қабылданған 26.12.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-77985/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
Об утверждении профессионального стандарта "Техническое обслуживание и ремонт диспетчерского оборудования и телеавтоматики" Күшін жойған 30.01.2023 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении профессионального стандарта "Техническое обслуживание и ремонт диспетчерского оборудования и телеавтоматики"

Күшін жойған Бұйрық № 441 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении профессионального стандарта "Техническое обслуживание и ремонт диспетчерского оборудования и телеавтоматики"
Атауы (қаз.)
"Диспетчерлік жабдықтарға және телеавтоматикаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу" кәсіби стандартты бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
441
Қабылданған күні
26.12.2013
Көрсетілген редакция
30.01.2023 77985_618614.kaz
Соңғы өзгеріс
30.01.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1300009160
ЭКБ идентификаторы
77985
Редакция идентификаторы
77985_618614
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 21:18
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 "Диспетчерлік жабдықтарға және телеавтоматикаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу" кәсіби стандартты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған «Диспечерлік жабдықтарға және телеавтоматикаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіби стандарты бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті (С.Қ. Есімханов) заңнамада белгіленген тәртіпте мыналарды:

1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Б.М. Жақсалиевке жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау
министрі
____________ Т. Дүйсенова
2013 жылғы «___»__________

1 «Диспетчерлік жабдықтарға және телеавтоматикаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіби стандарты

Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа технологиялар
Министрінің міндетін атқарушының
2013 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 441 бұйрығымен
бекітілген
«Диспетчерлік жабдықтарға және телеавтоматикаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіби стандарты

1. Жалпы ережелер

1. «Диспетчерлік жабдықтарға және телеавтоматикаға

техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) «Диспетчерлік жабдықтарға және телеавтоматикаға
техникалық қызмет көрсету және жөндеу» кәсіби қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды және

1) еңбек саласы мен кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеуге;

2) даярлау, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу талаптарын регламенттеуге;

3) персоналды аттестаттау және сертификаттау кезінде жұмысшылардың құзыреттерін бағалау талаптарын регламенттеуге арналған.

2. КС негізгі пайдаланушылары:

1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;

2) ұйымдардың басшылары, ұйымдардың персоналын басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;

3) білім берудің мемлекеттік бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;

4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар болып табылады.

3. КС негізінде біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтар, ұйымдардың үлгілік оқыту бағдарламалары, үлгілік оқыту жоспарлары, ұжымдық стандарттар әзірленеді.

4. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) біліктілік – қызметкердің еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;

2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметтерінің стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі параметрлері бойынша жүктелетін қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;

3) еңбек заттары – белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталған зат;

4) еңбек құралдары – жұмысшының еңбек заттарын бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдар;

5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажетті құзыреттіктердің тұтас жиынымен құралған кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі;

6) еңбек функциясы – бизнес-үдеріспен анықталатын және оларды орындауға қажетті құзыреттердің болуын болжамайтын еңбек қызметінің біріктірілген және дербес жиынтығын көрсететін еңбек қызметі түрлерінің бір бөлігі;

7) кәсіби қызмет саласы – жалпы интеграциялық негізі (міндеті, нысандары, технологиялары, соның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттіктерінің болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;

8) кәсіби стандарттың бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, қатысымды дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасы тұратын кәсіби стандарттың құрылымдық элементі;

9) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;

10) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі және тәжірибесін қолдану қабілеті;

11) лауазым – лауазымдық уәкілеттіктер және лауазымдық міндеттер шеңберін жүктейтін жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;

12) міндет – нақты бір еңбек заттары мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;

13) сала – өндіретін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс жасаушылардың кәсіби біліктері ортақ ұйымдар жиынтығы;

14) салалық біліктілік шеңбері – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

15) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

16) функционалдық карта – сол немесе өзге де кәсіби қызмет саласы шеңберінде белгілі бір қызмет түрін орындайтын жұмысшының еңбек функциялары мен міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы.

2. КС паспорты

5. КС паспорты келесіні анықтайды:

1) экономикалық қызмет түрі (кәсіптік қызмет саласы):

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (бұдан әрі - 03-2007 ҚР МЖ) 35.11 «Электр энергиясын өндіру», 35.12 «Электр энергиясын беру», 35.13 «Электр энергиясын тарату», 35.14 Электр энергиясын тұтынушыға сату.

2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіптік қызмет саласының) негізгі мақсаты: Диспетчерлік жабдықтарға және телеавтоматикаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу.

3) осы КС 1-қосымшасына сәйкес біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері.

3. Еңбек қызметі түрлерінің (кәсіптің) карточкалары

1-параграф «Диспетчерлік жабдық және телеавтоматиканың электр монтері»

6. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:

1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша –1-4, СБШ бойынша – 1-4;

2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 8283 «Диспетчерлік жабдық және телеавтоматиканың электр монтері»;

3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: диспетчерлік жабдық және телеавтоматиканың электр монтері;

4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы – субъектінің диспетчерлік жабдық пен телеавтоматиканы пайдалану кезінде олардың сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында оларға техникалық қызмет көрсету және жөндеуді жүзеге асыруы;

5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Диспетчерлік жабдық және телеавтоматиканың электр монтерінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 1-кестесінде келтірілген.

4. КС бірліктерінің тізімі

7. КС бірліктерінің тізімі осы КС 3-қосымшасының 1-кестесінде келтірілген және шифр мен КС бірліктері атауларынан тұрады.

5. КС бірліктерінің сипаттамасы

8. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасында келтірілген.

6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері

9. Осы КС негізінде мамандардың кәсіптік дайындығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен сертификаттар беріледі.

10. Осы КС негізінде берілетін сертификаттың түрлері сертификат алу үшін игеру қажет болатын осы КС 3-қосымшасында қарастырылған КС бірліктерінің тізіміне сәйкес анықталады.

7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркеуі

11. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі.

12. КС келісу парағы осы КС 5-қосымшасында келтірілген.

1.1 Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері

«Диспетчерлік жабдықтарға және телеавтоматикаға
техникалық қызмет көрсету және жөндеу»
кәсіби стандартына
1-қосымша
Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері
№ р/с
Қыз­мет тү­рі­нің ата­уы
Ең­бек на­ры­ғы­ның үр­ді­сі ес­ке­рі­л­ген кә­сіп ата­уы
ҚР МЖ 01-2005 сәй­кес кә­сіп ата­уы
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гей­ле­рі
БТ­БА бой­ын­ша раз­ря­ды
1
Дис­пет­чер­лік жаб­дық­тар­ға және те­ле­ав­то­ма­ти­ка­ға тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту және жөн­деу бой­ын­ша жұ­мыстар
Дис­пет­чер­лік жаб­дық және те­ле­ав­то­ма­ти­ка­ның электр мон­те­рі
Дис­пет­чер­лік жаб­дық және те­ле­ав­то­ма­ти­ка­ның электр мон­те­рі
1-4
1-6

1.2 Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Диспетчерлік жабдық және телеавтоматиканың электр монтерінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар

«Диспетчерлік жабдықтарға және телеавтоматикаға
техникалық қызмет көрсету және жөндеу»
кәсіби стандартына
2-қосымша
1-кесте
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Диспетчерлік жабдық және телеавтоматиканың электр монтерінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кә­сі­бі бой­ын­ша ық­ти­мал жұ­мыс орын­да­ры (ұй­ым­дар)
Энер­гия өн­ді­ре­тін ұй­ым­дар, энер­ги­я­мен қам­та­ма­сыз ете­тін ұй­ым­дар, энер­гия шы­ға­ра­тын ұй­ым­дар
Зи­ян­ды және қа­уіп­ті ең­бек жағ­дай­ла­ры
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стрі­нің м.а. 2007 жы­л­ғы 31 шіл­де­де­гі № 182-п бұй­ы­ры­ғы­на сәй­кес. Үй-жай­да жұ­мыс ке­зін­де: қа­уіп­ті және зи­ян­ды фак­тор­лар­дың әсе­рі
Жұ­мыс іс­те­у­ге рұқ­сат бе­ру­дің ерекше жағ­дай­ла­ры
Ме­ди­ци­на­лық шек­те­улер: Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес
Жұ­мыс іс­те­у­ге рұқ­сат: ме­ди­ци­на­лық тек­се­ру­ден кей­ін, кірі­спе және ал­ғаш­қы нұс­қа­ма­лық­ты ал­ған­нан кей­ін, оқы­ту мен тек­се­ру­ден өт­кен­нен кей­ін, сы­нақ
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
Кә­сі­би бі­лі­мі мен оқу дең­гейі
Та­лап еті­ле­тін жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі
1
Жал­пы ор­та бі­лі­мі болған жағ­дай­да прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе және/неме­се кә­сі­би дай­ын­дық (бі­лім бе­ру ба­за­сын­да қыс­қа­мер­зім­ді кур­стар неме­се кә­сі­по­рын­да оқы­ту)
Ең­бек өті­лі та­лап етіл­мей­ді
2
Жал­пы ор­та бі­лі­мі, бі­рақ негіз­гі ор­та­дан тө­мен емес бі­лі­мі болған жағ­дай­да ең­бек тә­жі­ри­бе­сі және/неме­се кә­сі­би дай­ынды­ғы (бі­лім бе­ру ұй­ы­мы ба­за­сы­н­ла қыс­қа­мер­зім­ді кур­стар неме­се кә­сі­по­рын­да оқы­ту)
Ең­бек өті­лі та­лап етіл­мей­ді
3
Прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе­сіз негіз­гі ор­та бі­лім неме­се жал­пы ор­та бі­лім ба­за­сын­да жал­пы ор­та бі­лі­мі неме­се тех­ни­ка­лық және кә­сі­би бі­лі­мі болған жағ­дай­да прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе және/неме­се кә­сі­би дай­ын­дық (бір жы­л­ға дей­ін кә­сі­би дай­ын­дық­ты ұй­ым­да­сты­ру ба­за­сын­да­ғы кур­стар неме­се кә­сі­по­рын­да оқы­ту).
Ең­бек өті­лі ке­мін­де 1 жыл
4
Жо­ға­ры дең­гей­де­гі тех­ни­ка­лық және кә­сі­би бі­лім (қо­сым­ша кә­сі­би дай­ын­дық), прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе
Ең­бек өті­лі ке­мін­де 1 жыл

1.3 КС бірліктерінің тізімі

«Диспетчерлік жабдықтарға және телеавтоматикаға
техникалық қызмет көрсету және жөндеу»
кәсіби стандартына
3-қосымша
КС бірліктерінің тізімі
1-кесте
«Диспетчерлік жабдық және телеавтоматиканың электр монтері» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі
Шифр
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның (кә­сі­би стан­дарт бір­лі­гі­нің) ата­уы
1 Ф
Тоқ­сыздан­ды­ры­л­ған дис­пет­чер­лік жаб­дық пен те­ле­ав­то­ма­ти­ка­ның ап­па­ра­ту­ра­сы­на тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту мен жөн­деу ке­зін­де бөл­шек­те­рін та­зар­ту және жуу, ауы­сты­ру бой­ын­ша қа­ра­пай­ым қо­сым­ша жұ­мыстар­ды ат­қа­ру. Ба­қы­лау ма­ши­на­сы неме­се вольт­метр­дің кө­ме­гі­мен кер­не­удің бар-жо­ғын тек­се­ру. Ка­бель­ден кен­дір­ді алу
2 Ф
Дис­пет­чер­лік жаб­дық­тар мен те­ле­ав­то­ма­ти­ка­ның ап­па­ра­ту­ра­сы­на экс­плу­а­та­ци­я­лық-тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту, бөл­шек­теу, жөн­деу және құ­ра­с­ты­ру
3 Ф
Дис­пет­чер­лік жаб­дық­тың ка­бель­ді және сызық­ты құ­ры­лым­да­ры­на, жо­ғар­ғы жи­і­лік­ті ка­нал­дар­ға, те­ле­ав­то­ма­ти­ка ап­па­ра­ту­ра­сы­на экс­плу­а­та­ци­я­лық-тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту және он­да­ғы та­ғай­ын­дал­ған ре­жим­ді ұстау
4 Ф
Жо­ғар­ғы жи­і­лік­те­гі тығ­ы­здау жүй­е­ле­ріне, те­ле­ав­то­ма­ти­ка ап­пар­ту­ра­сы­на, ре­ле­лік ком­му­та­тор­ла­ры­на, қа­ра­пай­ым және ор­та­ша қиын­дық­та­ғы ка­бель­ді тіз­бек­тер­дің шта­тив­ті құ­ры­л­ғы­ла­ры­на, жер астын­да­ғы құ­ры­лым­дар­дың те­ле­ав­то­ма­ти­ка­ның ка­нал­да­ры­на экс­плу­а­та­ци­я­лық-тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту және жөн­деу, қа­те­лік­тер­ді та­бу және олар­ды жою, ка­бель­ді бай­ла­ны­стар­ды мон­таж­дау мен бөл­шек­теу
5 Ф
Жо­ғар­ғы жи­і­лік­те­гі тығ­ы­здау жүй­е­ле­рі­нің жар­ты­лай өт­кіз­гіш ап­па­ра­ту­ра­ла­ры­на, өзді­гі­нен жа­за­тын және эле­крон­ды-тір­кей­тін құ­ры­л­ғы­лар­дың те­ле­ав­то­ма­ти­ка­сы­на, ка­бель­ді тіз­бек­тің күр­де­лі шта­тив­ті құ­ры­л­ғы­ла­ры­на экс­плу­а­та­ци­я­лық-тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту және жөн­деу
6 Ф
Ап­па­ра­ту­ра­лар­дың бар­лық түр­ле­рі­нің элек­тр­лік және ме­ха­ни­ка­лық рет­те­ле­тін жа­ңа ор­на­ты­л­ған және зерт­теу жаб­дық­та­ры­на экс­плу­а­та­ци­я­лық-тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту
7 Ф
Мик­ро­про­цес­сор­лар­дың негі­зін­де те­ле­ме­ха­ни­ка құ­ры­л­ғы­ла­ры­на және энер­го­та­сы­мал­да­уы­штар­ды есеп­ке алу бой­ын­ша ақ­па­рат­тық-есеп­теу жүй­е­сіне экс­плу­а­та­ци­я­лық-тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту және жөн­деу. Ақ­па­рат­тық, бас­қа­ру есеп­теу ке­шен­де­ріне және же­ке элек­трон­ды-есеп­теу ма­ши­на­ла­ры­на қыз­мет көр­се­ту. Бағ­дар­ла­ма­лық жа­сақ­та­ма кө­ме­гі­мен аса күр­де­лі құ­ры­л­ғы­ла­рын тек­се­ру және ди­а­гно­сти­ка жүр­гі­зу
Ескертпе: Ф – функция.

1.4 КС бірліктерінің сипаттамасы

«Диспетчерлік жабдықтарға және телеавтоматикаға
техникалық қызмет көрсету және жөндеу»
кәсіби стандартына
4-қосымша
КС бірліктерінің сипаттамасы
1-кесте

1. СБШ 1-деңгейіндегі «Диспетчерлік жабдық және телеавтоматиканың электр монтері» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі

Шифр
Ең­бек затта­ры
Ең­бек құ­рал­да­ры
Мін­дет­тер
Ше­бер­лі­гі және дағ­ды­ла­ры
Бі­лі­мі
Ф 1
Дис­пет­чер­лік жаб­дық пен те­ле­ав­то­ма­ти­ка ап­па­ра­ту­ра­сы
Қа­жет­ті оқ­ша­у­ла­ғыш және өт­кіз­гіш ма­те­ри­ал­дар, жұ­мыс және өл­ше­гіш құ­рал­дар, қор­ғау­шы ки­ім­дер, ре­зең­ке қол­ғап­тар, қол ең­бе­гі
1-1 М Тоқ­сыздан­ды­ры­л­ған дис­пет­чер­лік жаб­дық пен те­ле­ав­то­ма­ти­ка­ның ап­па­ра­ту­ра­сы­на тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту мен жөн­деу ке­зін­де бөл­шек­те­рін та­зар­ту және жуу, ауы­сты­ру бой­ын­ша қа­ра­пай­ым қо­сым­ша жұ­мыстар­ды ат­қа­ру
Үл­гі­лі, қа­ра­пай­ым прак­ти­ка­лық тап­сыр­ма­лар­ды орын­дау бі­лік­ті­лі­гі, өзін ба­қы­лау және өзін ұстай бі­лу дағ­ды­ла­рын көр­се­ту
Ең­бек за­ты, оның өзге­ріс үр­ді­сі мен сәй­кес орын­да­ла­тын әре­кет­тер цик­лы ту­ра­лы ба­за­лық бі­лім. Қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сы және ең­бек­ті қор­ғау қа­ғи­да­ла­ры
Ф 2
Дис­пет­чер­лік жаб­дық пен те­ле­ав­то­ма­ти­ка ап­па­ра­ту­ра­сы
Қа­жет­ті оқ­ша­у­ла­ғыш және өт­кіз­гіш ма­те­ри­ал­дар, жұ­мыс және өл­ше­гіш құ­рал­дар, қор­ғау­шы ки­ім­дер, ре­зең­ке қол­ғап­тар, қол ең­бе­гі
2-1 М Ба­қы­лау ма­ши­на­сы неме­се вольт­метр­дің кө­ме­гі­мен кер­не­удің бар-жо­ғын тек­се­ру. Ка­бель­ден кен­дір­ді алу
Жұ­мыс іс­теу әді­сін таң­дау, ба­қы­лау-өл­шеу ас­пап­та­ры­мен жұ­мыс іс­теу ке­зін­де өзін-өзін ба­қы­лау және өзін-өзі тү­зе­ту дағдысы
Көп та­рал­ған қа­ра­пай­ым құ­ры­л­ғы­лар мен ба­қы­лау-өл­шеу ас­пап­та­рын қол­да­ну шар­тта­ры мен мақ­са­ты; қа­ра­пай­ым тек­се­ру және өл­ше ап­па­ра­ту­ра­сы­ның ата­уы мен мақ­са­ты
Ф 3
Дис­пет­чер­лік жаб­дық пен те­ле­ав­то­ма­ти­ка ап­па­ра­ту­ра­сы
Қа­жет­ті оқ­ша­у­ла­ғыш және өт­кіз­гіш ма­те­ри­ал­дар, жұ­мыс, сле­сар­лық және өл­ше­гіш құ­рал­дар, қор­ғау­шы ки­ім­дер, ре­зең­ке қол­ғап­тар, қол ең­бе­гі
3-1 М Те­мір то­ғын мен бұ­ран­да­ма­лар­ды дай­ын­дау. Құй­ма­дан кей­ін өл­ше­міне кел­ті­ру үшін қа­ра­пай­ым бөл­шек­тре­ді сле­сар­лық өң­деу. Сырт­қы кел­бе­тіне қа­рай өнім­дер мен ма­те­ри­ал­дар­ды сұ­рып­тау және бөл­шек­теу. Электр өл­шеу ас­пап­та­ры мен ап­па­ра­ту­ра­сын та­сы­мал­дау үшін орам­дау және та­сы­мал­дау
Сле­сар­лық құ­рал­мен прак­ти­ка­лық жұ­мыс іс­теу дағдысы
Ме­талл­ды тот ба­су­дан сақ­тау әді­сте­рі; бо­лат, мыс, жез, алю­ми­ний, оқ­ша­у­ла­ғыш ма­те­ри­ал­дар, ора­ма сым, май­лау ма­те­ри­ал­да­ры­ның қа­си­ет­те­рі жай­лы жал­пы мә­лі­мет
2-кесте

2. СБШ 2-деңгейіндегі «Диспетчерлік жабдық және телеавтоматиканың электр монтері» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі

Шифр
Ең­бек затта­ры
Ең­бек құ­рал­да­ры
Мін­дет­тер
Ше­бер­лі­гі және дағ­ды­ла­ры
Бі­лі­мі
Ф 1
Дис­пет­чер­лік жаб­дық пен те­ле­ав­то­ма­ти­ка ап­па­ра­ту­ра­сы
Қа­жет­ті оқ­ша­у­ла­ғыш және өт­кіз­гіш ма­те­ри­ал­дар, жұ­мыс, сле­сар­лық және өл­ше­гіш құ­рал­дар, қор­ғау­шы ки­ім­дер, ре­зең­ке қол­ғап­тар, қол ең­бе­гі
1-1 М Дис­пет­чер­лік жаб­дық­тар мен те­ле­ав­то­ма­ти­ка­ның ап­па­ра­ту­ра­сы­на экс­плу­а­та­ци­я­лық-тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту, бөл­шек­теу, жөн­деу және құ­ра­с­ты­ру. Бі­лік­ті­лі­гі жо­ға­ры электр мон­тер­дің бас­шы­лы­ғы­мен ас­пап­тар­ды қал­қан­дар­ға ор­на­ту, жұ­мысын тек­се­ру үшін олар­ды қо­су, қат­ты және жұм­сақ дәне­кер­мен дәне­кер­леу және қа­лай­ы­лау, па­нель­дер­де­гі те­же­гіш­тер­дің бар­лық түр­ле­рін мон­таж­дау
Жұм­сақ және қат­ты дәне­кер­леу мен қа­лай­ы­лау бі­лік­ті­лі­гі. Бі­лік­ті­лі­гі жо­ға­ры электр мон­тер­дің бас­шы­лы­ғы­мен ас­пап­тар­ды қал­қан­дар­ға ор­на­ту. Дис­пет­чер­лік жаб­дық­тар мен те­ле­ав­то­ма­ти­ка­ның ап­па­ра­ту­ра­сы­на экс­плу­а­та­ци­я­лық-тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту, бөл­шек­теу, жөн­деу және құ­ра­с­ты­ру. Дис­пет­чер­лік жаб­дық­тың ка­бель­ді және сызық­ты құ­ры­лым­да­ры­на, жо­ғар­ғы жи­і­лік­ті ка­нал­дар­ға, те­ле­ав­то­ма­ти­ка ап­па­ра­ту­ра­сы­на экс­плу­а­та­ци­я­лық-тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту және он­да­ғы та­ғай­ын­дал­ған ре­жим­ді ұстау
Ка­бель­ді және сызық­ты құ­ры­лым­да­ры­на қыз­мет көр­се­ту және жөн­деу бой­ын­ша қа­ра­пай­ым жұ­мыстар­ды орын­дау қа­ғи­да­ла­ры; қыз­мет көр­се­ті­ле­тін ка­бель­дер, оқ­ша­у­ла­ғыш ма­те­ри­ал­дар, орам­дау және мон­таж­дау сым­да­ры­ның түр­ле­рі мен құ­ры­лым­да­ры; көп та­рал­ған әм­бе­бап және ар­найы күр­де­лі­лі­гі ор­та­ша құ­ры­л­ғы­лар мен ба­қы­лау-өл­шеу ас­пап­та­рын қол­да­ну шар­тта­ры мен мақ­са­ты
Ф 2
Дис­пет­чер­лік жаб­дық пен те­ле­ав­то­ма­ти­ка ап­па­ра­ту­ра­сы
Қа­жет­ті оқ­ша­у­ла­ғыш және өт­кіз­гіш ма­те­ри­ал­дар, жұ­мыс, сле­сар­лық және өл­ше­гіш құ­рал­дар, қор­ғау­шы ки­ім­дер, ре­зең­ке қол­ғап­тар, қол ең­бе­гі
1-2 М Дис­пет­чер­лік жаб­дық­тың ка­бель­ді және сызық­ты құ­ры­лым­да­ры­на, жо­ғар­ғы жи­і­лік­ті ка­нал­дар­ға, те­ле­ав­то­ма­ти­ка ап­па­ра­ту­ра­сы­на экс­плу­а­та­ци­я­лық-тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту және он­да­ғы та­ғай­ын­дал­ған ре­жим­ді ұстау
Дис­пет­чер­лік жаб­дық­тың ка­бель­ді және сызық­ты құ­ры­лым­да­ры­на, жо­ғар­ғы жи­і­лік­ті ка­нал­дар­ға, те­ле­ав­то­ма­ти­ка ап­па­ра­ту­ра­сы­на экс­плу­а­та­ци­я­лық-тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту және он­да­ғы та­ғай­ын­дал­ған ре­жим­ді ұстау
Элек­тр­тех­ни­ка және ра­дио­тех­ни­ка негіз­де­рі; жо­ға­ры жи­і­лік­ті бай­ла­ныс және көп ка­нал­ды жүй­е­лер мен электр бе­ру же­лі­ле­рі бой­ын­ша те­ле­ав­то­ма­ти­ка­ның негіз­де­рі; қыз­мет көр­се­ті­ле­тін жаб­дық­тың, жо­ға­ры жи­і­лік­ті бай­ла­ныс, те­ле­ме­ха­ни­ка және ра­дио­бай­ла­ныс ка­нал­да­ры­ның блок-сыз­ба­ла­ры, но­ми­нал­ды қу­а­ты бой­ын­ша те­же­гіш­тер­ді таң­дау; тұ­рақ­ты және ай­ны­ма­лы тоқ­пен қо­рек­те­ну сұл­ба­ла­ры мен көз­де­рі ту­ра­лы мә­лі­мет
3-кесте

3. СБШ 3-деңгейіндегі «Диспетчерлік жабдық және телеавтоматиканың электр монтері» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі

Шифр
Ең­бек затта­ры
Ең­бек құ­рал­да­ры
Мін­дет­тер
Ше­бер­лі­гі және дағ­ды­ла­ры
Бі­лі­мі
Ф 1
Дис­пет­чер­лік жаб­дық пен те­ле­ав­то­ма­ти­ка ап­па­ра­ту­ра­сы
Қа­жет­ті оқ­ша­у­ла­ғыш және өт­кіз­гіш ма­те­ри­ал­дар, жұ­мыс, сле­сар­лық және өл­ше­гіш құ­рал­дар, қор­ғау­шы ки­ім­дер, ре­зең­ке қол­ғап­тар, қол ең­бе­гі
1-1 М Жо­ғар­ғы жи­і­лік­те­гі тығ­ы­здау жүй­е­ле­ріне, те­ле­ав­то­ма­ти­ка ап­пар­ту­ра­сы­на, ре­ле­лік ком­му­та­тор­ла­ры­на, қа­ра­пай­ым және ор­та­ша қиын­дық­та­ғы ка­бель­ді тіз­бек­тер­дің шта­тив­ті құ­ры­л­ғы­ла­ры­на, жер астын­да­ғы құ­ры­лым­дар­дың те­ле­ав­то­ма­ти­ка­ның ка­нал­да­ры­на экс­плу­а­та­ци­я­лық-тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту және жөн­деу, қа­те­лік­тер­ді та­бу және олар­ды жою, ка­бель­ді бай­ла­ны­стар­ды мон­таж­дау мен бөл­шек­теу. Те­ле­ав­то­ма­ти­ка­ның ре­ле-сыз­ба­нұс­қа­ла­ры мен кі­лт­тер­ді бөл­шек­теу және құ­ра­с­ты­ру
Жо­ғар­ғы жи­і­лік­те­гі тығ­ы­здау жүй­е­ле­ріне, те­ле­ав­то­ма­ти­ка ап­пар­ту­ра­сы­на, ре­ле­лік ком­му­та­тор­ла­ры­на, қа­ра­пай­ым және ор­та­ша қиын­дық­та­ғы ка­бель­ді тіз­бек­тер­дің шта­тив­ті құ­ры­л­ғы­ла­ры­на, жер астын­да­ғы құ­ры­лым­дар­дың те­ле­ав­то­ма­ти­ка­ның ка­нал­да­ры­на экс­плу­а­та­ци­я­лық-тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту және жөн­деу, қа­те­лік­тер­ді та­бу және олар­ды жою, ка­бель­ді бай­ла­ны­стар­ды мон­таж­дау мен бөл­шек­теу дағдысы
Электр та­ра­ту же­лі­ле­рі, көп ка­нал­ды жүй­е­лер бой­ын­ша ақ­па­рат­ты жі­бе­рі және қа­был­дау қа­ғи­дат­та­ры; дис­пет­чер­лік жаб­дық пен те­ле­ав­то­ма­ти­ка ап­па­ра­ту­ра­сы­ның негіз­гі және мон­таж­дау сұл­ба­ла­ры, электр қу­а­тын бе­ру және та­ра­ту сұл­бы­ла­ры және сиг­нал бе­ру сұл­бы­ла­ры; қыз­мет көр­се­ті­ле­тін жаб­дық­ты, ка­бель тіз­бек­те­рін, те­ле­ав­то­ма­ти­ка ка­нал­да­рын күй­ге кел­ті­ру­дің негіз­гі элек­тр­лік нор­ма­ла­ры, тек­се­ру және өл­шеу әді­сте­рі
Ф 2
Дис­пет­чер­лік жаб­дық пен те­ле­ав­то­ма­ти­ка ап­па­ра­ту­ра­сы
Қа­жет­ті оқ­ша­у­ла­ғыш және өт­кіз­гіш ма­те­ри­ал­дар, жұ­мыс, сле­сар­лық және өл­ше­гіш құ­рал­дар, қор­ғау­шы ки­ім­дер, ре­зең­ке қол­ғап­тар, қол ең­бе­гі
1-2 М Жо­ғар­ғы жи­і­лік­те­гі тығ­ы­здау жүй­е­ле­рі­нің жар­ты­лай өт­кіз­гіш ап­па­ра­ту­ра­ла­ры­на, өзді­гі­нен жа­за­тын және элек­трон­ды-тір­кей­тін құ­ры­л­ғы­лар­дың те­ле­ав­то­ма­ти­ка­сы­на, ка­бель­ді тіз­бек­тің күр­де­лі шта­тив­ті құ­ры­л­ғы­ла­ры­на экс­плу­а­та­ци­я­лық-тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту және жөн­деу. Қыз­мет көр­се­ті­ле­тін жаб­дық­тың ақа­у­ла­рын та­бу және жою. Қыз­мет көр­се­ті­ле­тін дис­пет­чер­лік жаб­дық пен те­ле­ав­то­ма­ти­ка ап­па­ра­ту­ра­сы­ның элек­тр­лік си­патта­ма­сын өл­шеу
Жо­ғар­ғы жи­і­лік­те­гі тығ­ы­здау жүй­е­ле­рі­нің жар­ты­лай өт­кіз­гіш ап­па­ра­ту­ра­ла­ры­на, өзді­гі­нен жа­за­тын және эле­крон­ды-тір­кей­тін құ­ры­л­ғы­лар­дың те­ле­ав­то­ма­ти­ка­сы­на, ка­бель­ді тіз­бек­тің күр­де­лі шта­тив­ті құ­ры­л­ғы­ла­ры­на экс­плу­а­та­ци­я­лық-тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту және жөн­деу бі­лі­гі. Қыз­мет көр­се­ті­ле­тін жаб­дық­тың ақа­уын анық­тау және жою. Қыз­мет көр­се­ті­ле­тін дис­пет­чер­лік жаб­дық пен те­ле­ав­то­ма­ти­ка ап­па­ра­ту­ра­сы­ның элек­тр­лік си­патта­ма­сын өл­шеу
Қыз­мет көр­се­ті­ле­тін жаб­дық­тың тех­ни­ка­лық си­патта­ма­сы жай­лы бі­лім; көп ка­нал­ды жо­ға­ры жи­і­лік­ті тығ­ы­здау жүй­е­ле­рі­нің, те­ле­ав­то­ма­ти­ка­ның және ком­му­та­тор­лар­дың негіз­гі және мон­таж­дау сұл­ба­ла­ры; топ­тық ге­не­ра­тор және жал­пы стан­ци­я­лық жаб­дық­тың негіз­гі сұл­ба­ла­ры мен жұ­мыс іс­теу қа­ғи­дат­та­ры; те­ле­ав­то­ма­ти­ка мен те­ле­сиг­нал бе­ру тіз­бек­те­рі­нің негіз­гі сұл­ба­ла­ры
4-кесте

4. СБШ 4-деңгейіндегі «Диспетчерлік жабдық және телеавтоматиканың электр монтері» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі

Шифр
Ең­бек затта­ры
Ең­бек құ­рал­да­ры
Мін­дет­тер
Ше­бер­лі­гі және дағ­ды­ла­ры
Бі­лі­мі
Ф 3
Дис­пет­чер­лік жаб­дық пен те­ле­ав­то­ма­ти­ка ап­па­ра­ту­ра­сы
Қа­жет­ті оқ­ша­у­ла­ғыш және өт­кіз­гіш ма­те­ри­ал­дар, жұ­мыс, сле­сар­лық және өл­ше­гіш құ­рал­дар, қор­ғау­шы ки­ім­дер, ре­зең­ке қол­ғап­тар, қол ең­бе­гі
3-1 М Мик­ро­про­цес­сор­лар­дың негі­зін­де те­ле­ме­ха­ни­ка құ­ры­л­ғы­ла­ры­на және энер­го­та­сы­мал­да­уы­штар­ды есеп­ке алу бой­ын­ша ақ­па­рат­тық-есеп­теу жүй­е­сіне, ап­па­ра­ту­ра­лар­дың бар­лық түр­ле­рі­нің элек­тр­лік және ме­ха­ни­ка­лық рет­те­ле­тін жа­ңа ор­на­ты­л­ған және зерт­теу жаб­дық­та­ры­на экс­плу­а­та­ци­я­лық-тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту және жөн­деу тығ­ы­здау жүй­е­ле­рін рет­теу және күй­ге кел­ті­ру. Жа­ңа ор­на­ты­л­ған жаб­дық­ты жөн­деу және сы­нақ­тан өт­кі­зу
Элек­тр­лік және ме­ха­ни­ка­лық рет­те­ле­тін жа­ңа ор­на­ты­л­ған және зерт­теу жаб­дық­та­ры­на экс­плу­а­та­ци­я­лық-тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де­гі прак­ти­ка­лық жұ­мыс іс­теу дағдысы. Тығ­ы­здау жүй­е­ле­рін рет­теу мен жөн­деу. Жа­ңа ор­на­ты­л­ған жаб­дық­ты жөн­деу және сы­нақ­тан өт­кі­зу
Ат­қа­ры­ла­тын жұ­мыс ая­сын­да элек­тро­ни­ка мен жар­ты­лай өт­кіз­гіш тех­ни­ка­сы­ның негіз­де­рі; дис­пет­чер­лік жаб­дық пен те­ле­ав­то­ма­ти­ка ап­па­ра­ту­ра­сын тек­се­ру және жөн­деу қа­ғи­да­ла­ры мен әді­сте­рі; жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге қа­жет­ті ма­те­ри­ал­дар но­мен­кла­ту­ра­сы мен қа­си­ет­те­рі; ком­му­та­ция сұл­ба­ла­ры, те­ле­ав­то­ма­ти­ка ап­па­ра­ту­ра­сы­ның, электр та­ра­ту же­лі­ле­рі­нің және учас­ке­нің бас­қа да жабды­ғы­ның жұ­мыс іс­теу ре­жим­де­рі мен си­патта­ма­сы
Ескертпе: М – мақсат.

1.5 Келісу парағы

«Диспетчерлік жабдықтарға және телеавтоматикаға
техникалық қызмет көрсету және жөндеу»
кәсіби стандартына
5-қосымша
Келісу парағы
Ұй­ым ата­уы
Ке­лі­су кү­ні
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ин­ду­стрия және жа­ңа тех­но­ло­ги­я­лар ми­ни­стр­лі­гі­нің Са­ла­лық ке­ңе­сі
29.11.2013 жыл
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стр­лі­гі
2013 жы­л­ғы жел­тоқ­сан
Бо­лат Нұр­жа­нов атын­да­ғы «Екі­ба­стұз мем­ле­кет­тік аудан­дық электр стан­ци­я­сы 1-МА­ЭС» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
2013 жы­л­ғы қа­ра­ша
«Ал­ма­ты электр стан­ци­я­ла­ры» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы
2013 жы­л­ғы қа­ра­ша
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ин­ду­стрия және жа­ңа тех­но­ло­ги­я­лар ми­ни­стр­лі­гі Өнер­к­ә­сіп ко­ми­те­ті «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ми­не­рал­ды ши­кі­затты ке­шен­ді қай­та өң­деу жө­нін­де­гі ұлт­тық ор­та­лы­ғы» рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік кә­сі­пор­ны­ның «Ж. Әбі­шев атын­да­ғы хи­мия-ме­тал­лур­гия ин­сти­ту­ты» фи­ли­а­лы
2013 жы­л­ғы қа­ра­ша
«Ор­га­ни­ка­лық син­тез және кө­мiр хи­ми­я­сы ин­сти­ту­ты» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
2013 жы­л­ғы жел­тоқ­сан
«Те­мір­жол­энер­го» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
2013 жы­л­ғы жел­тоқ­сан
Осы КС _________________________________________________ тіркелді.
Кәсіби стандарттардың реестріне № ______________________ тіркелді.
Хат (хаттама) № ___________ Күні ____________________